Об организации и обепечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 2004 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2004 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 11 тармағының 14) тармақшасы мен 29-бабы 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2004 жылғы 30 наурыздағы № 1326 Жарлығын орындауда, Қостанай облыстық мәслихаты мен қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және 1986 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2004 жылғы қазан-желтоқсан айларында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға және облыстық жиналу пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімияттары:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, әскери басқарудың жергілікті органдарына қажетті мөлшерде дәрігер-мамандар, техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдар бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін хабарландыруды және іздестіру тобын құрсын, оларды көлік құралдарымен және жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырушыларды хабарландыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, медициналық комиссияға облыстық жиналу пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің есебінен қарастырылған қаражат шегінде жүргізілсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жиналу пункттерінде жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын;
Тармақша 6
6) әскери бөлімдерге әскерге шақыру пункттеріне жабдықталған орындар және белгіленген талаптарға сәйкес әскери шақыру пункттеріне жөндеу жүргізу және қайта жабдықтау үшін басқа да құралдарды бөлу жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті (Е.М. Fалымжанов):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюоропленкалар және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін 2-қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (Д.К. Жұмабаев) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырылушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссиялардың дәрігер-мамандарының еңбекақысын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде қарастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының Қостанай тасымалдау бөлімшесі (А.Н. Құдайбергенов) Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тапсырыстары бойынша толықтырушылары бар командаларды қызмет орнына жөнелту үшін жолаушылар поездарында қажетті орындар санын бөлсін (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Д.қ. Жұмабаев):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес әскерге шақыру пункттері мен облыстық жиналу пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды және ыстық асты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, ақы төлеу әскерге шақыру кезінде тасымалданғандардың нақты саны туралы тапсырыстар бойынша жүргізсін.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы бойынша ішкі істер бас басқармасы (М.С. Жаманбаев) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін. ұсталғандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) облыстық жиналу пунктінде, қалалық және аудандық әскерге шақырылушылар пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін демалыссыз полиция нарядын бөлсін.
Тармақша 3
3) әскерге шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі жергілікті басқару органдарынан жөнелткен кезде, сондай-ақ қостанай темір жол станциясында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін және әскерге шақырушыларды шығарып салу үшін жергілікті әскери басқару органдарының тапсырыстары бойынша автокөлік бөлсін.
Тармақ 8
8. Қала және аудан әкімияттары әскерге шақыруды ұйымдастыру, жүргізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың»әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша 2004 жылдың бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен дер кезінде жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2005 жылғы 10 қаңтарға дейін берілсін.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2004 жылғы сәуір-маусымдағы азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қостанай облыстық мәслихаты мен қостанай облысы әкімінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 63/4 св шешімінің күші жойылды деп есептелсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2883, «Костанайские новости» № 59, 2004 жылғы 27 сәуір, «Қостанай таңы» № 47, 2004 жылғы 27 сәуір).
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге, жұмылдыру бөлімнің меңгерушісі А.И. Лушниковқа жүктелсін.
Басқа 25. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қостанай облыстық мәслихатының
және Қостанай облысы әкімінің
2004 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 115/6 бр шешіміне
1-қосымша
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Мейстер
Виктор Викторович
облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
Жұмабаев
Дүйсембай Кималиденұлы
Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Куванова
Бибігүл Төлеген қызы
2-ші бөлім бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы
Жайлебаев
Ілияс Алықпаш ұлы
дәрігер-хирург, медициналық қызмет запасындағы аға лейтенант, медициналық комиссиясының төрағасы
Бадыров
Мұрат Даудұлы
Қостанай облысы денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары
Нұрсейітов
Дидар Асатоллаұлы
Қостанай облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары
Травин
Игорь Геннадьевич
Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының әскерге шақыру жөніндегі орынбасары, екінші басқарманың (шақыру) бастығы
Басқа 26. Облыстық жиналу пунктіндегі медициналық комиссия құрамы
Қостанай облыстық мәслихатының
және қостанай облысы әкімінің
2004 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 115/6 бр шешіміне
2-қосымша
Облыстық жиналу пунктіндегі медициналық комиссия құрамы
Жайлебаев
Ілияс Алықпаш ұлы
дәрігер-хирург, медициналық қызмет запасындағы аға лейтенант, медициналық комиссия төрағасы
Абдуллина
Мария Сапарбекқызы
дәрігер-нарколог
Аккулова
Айнагүл Төлешқызы
дәрігер-невропотолог
Бауэр
Эммануил Иванович
дәрігер-хирург
Говорова
Клавдия Ивановна
дәрігер-психиатр
Гончарова
Людмила Константиновна
дәрігер-рентгенолог
Ким
Татьяна Сафроновна
дәрігер-терапевт
Молдахметова
Гүлнар Самұратқызы
дәрігер-терапевт
Мұстафина
Лениана Қаратайқызы
дәрігер-стоматолог
Өтемшина
Гүлмира Кәрімқызы
дәрігер-окулист
Сағындықова
Балдырған Батырханқызы
дәрігер-психиатр
Садуақасов
Болат Нұралыұлы
дәрігер ортопед-травматолог
Садықов
Абылай Садықұлы
дәрігер-фтизиатр
Тараненко
Екатерина Григорьевна
дәрігер-отоларинголог
Хван
Наталья Сергеевна
дәрігер-дерматолог