О социальной поддержке отдельных категорий граждан, финансируемых из районного бюджета в 2004 году Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылы аудан бюджетінен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес және аудан азаматтарының жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер туралы Нұсқау (бұдан әрі – Нұсқау) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы және экономика басқармасы (Доскереев Қ.Б.) бюджет қаражатының шектігінде әлеуметтік төлемдер бойынша Бағдарламалардың және Бағдарлама бөлімдерінің іс-шараларын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 24 наурыздағы «2004 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау туралы» № 58/4, 15 шілдедегі 2004 жылғы «24 наурыздағы 2004 жылғы аудан әкімдігінің «2004 жылы аудан азаматтарының жекеленген санаттарын әлеуметтік қолдау туралы» № 58/4 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» № 139/10 қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Мардановаға жүктелсін.
Басқа 5. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер туралы Нұсқау
Железин ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 23 қыркүйектегі «2004 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау туралы № 205/12 қаулысымен» бекітілді Аудан бюджетінен қаржыландырылатын азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер туралы Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірінде заң күші бар «Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы және жеңілдіктері туралы» № 2247 жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы «2002 – 2005 жылдары мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы туралы» қаулысына сәйкесті жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша аудан азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің ретін белгілейді.
Тарау 2. 2. Жеке әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар
2. Жеке әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдер алуға құқы бар:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-жайда қызмет көрсетілетін және үйде оқытылатын мүгедек балалар;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауырғандар және туберкулез індеті жайылған ошақтардағы балалар;
Тармақша 3
3) облыстық тері - венерогиялық және наркологиялық диспансерге зерттелуге, емделуге жолдама алған науқастар;
Тармақша 4
4) өтініш берген мезгілде табыстары бір отбасы мүшесіне шаққанда белгіленген кедейшіліктен аспайтын аз қамсызданған отбасыларынан шыққан онко ауруымен ауырған науқастар;
Тармақша 5
5) тосын жағдайларда (өрт болғанда, табиғат апаттарында, асыраушыдан айрылғанда, жұмыссыздар ұзақ уақыт созылмалы аурамен ауырғанда және басқа да жағдайларда), өмір сүруге қаражатсыз қалған жұмыс істемейтін азаматтар;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектері;
Тармақша 7
7) соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер (жалдамалы құрамыңдағылар, Ленинград тұрғындары, неміс концлагерінде азап шеккендер, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталғандар, қайтыс болғпн мүгедектер мен соғысқа қатысқандардың жалпы ауырларының нәтижесінде мүгедектік атанғандарының әйелдері (қайтадан некеге түспегендер).
Тармақша 8
8) Әскери қызметкерлер, әскери міндетін атқару кезінде мүгедек болғандар және бейбітшілік уақытта әскери қызметін атқару кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің жанұялары.
Тармақша 9
9) Совет үкіметі кезеңінде Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек шебінде ерен еңбектері мен мінсіз қызметі үшін орден, медальдармен марапатталған азаматтар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау реті
3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау реті
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаудың 2 тарауының 2 тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдер келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңына және 016 104 332 бюджет бағдарламасына сәйкесті 1) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін;
Тармақша 2
2) 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және оларға теңестірілгендерге жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 заңды күші бар қаулысына және «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша заматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» 015.00.332 бюджет бағдарламасына сәйкес 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшалардағы көрсетілген санаттағылар үшін.