2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілеріне кредит беру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілеріне кредит беру туралы "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы №38 қаулысы негізінде және облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 желтоқсандағы "2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы" ІІІ сессиясының N 23 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 24 ақпандағы кезектен тыс V сессиясының N 42 шешімін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық бюджетте 2004 жылға ауылшаруашылық тауарлар өндірушілеріне кредит беруге қаралған, сомасы 160 млн.теңгені бөлу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстағы ауылшаруашылық тауарлар өндірушілеріне кредит беру жөніндегі Ережесі 1-қосымшаға және 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ыдырысовқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 800 қаулысына бекітілген 1-қосымша 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылық тауарлары өндірушілеріне кредит беру ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Осы ереже "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекітілген 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит беру ережесіне, "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес әзірленді және 10.1.257.10 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілеріне кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттары мен тәртібін анықтайды және 160000000 (бір жүз алпыс миллион) теңге сомадағы кредиттің (бұдан әрі - Кредит) әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінен облыстық бюджетке 160000000 (бір жүз алпыс миллион) теңге сомадағы кредит сыйақының нөлдік ставкасы бойынша 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімге қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бөлінеді.
Тармақ 3
3. Әкімші Кредиттік келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2004 жылдың ішінде қысқартылмайтын тиісті жергілікті бағдарламаларды айқындай отырып, 2004 жылға арналған облыстық бюджеттерде Кредит бойынша түсімді және өтемді көздейтін тиісті мәслихаттың шешімін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды тапсырады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің барлық нысандары үшін бюджеттік кредит беруге байланысты қол жетімділікті тепе-теңдікті және басқа да мәселелерді бақылауды ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі-қатысушы-банктер) облыстағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілеріне кредит берудегі қаржы операторы қызметін орындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен нормалар мен нормативтерді орындайтын қатысушы-банктер ғана қаржы операторы болады.
Тармақ 6
6. Әкімші "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдерінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысының 10-тарауының 90,91-тармақтарындағы және 18-тарауындағы жағдайлар мен тәртіптерді жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қатысушы-банктерге кредит берген қызметі үшін, осы Ереженің 8 бабының шарттарын орындаған жағдайда, 4 пайыздан аспайтын жылдық сыйақы белгіленеді және 10.1.257.35.00. "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге орналастырғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық сыйақы төлеу" бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен төленеді.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізімін-кредит алуға талапкерлерді бағдарламаның әкімшісі анықтайды. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері қатысушы - банктердің кредит алушыларға қойған стандартты шарттарын орындауға міндетті.
Тармақ 9
9. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер алған кредитті жанар-жағармай материалдарын (кредит ресурстарын кемінде 80%), тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға ғана жұмсайды.
Тармақ 10
10. Қатысушы - банктер бюджет қаражатын алғаннан кейін үш банктік күн ішінде ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге кредитті беруі керек.
Тармақ 11
11. Қатысушы - банктер - қаржы операторлары Кредитті облыстық бюджетке 2004 жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей қайтаруы тиіс. Ауыл шаруашылық тауарлар өндірушілері кредитті белгіленген мерзімнен бұрын қайтарған жағдайда қатысушы - банктер кредитті үш банктік күн ішінде облыстық бюджетке қайтарады. Қайтарылған кредит қаржылар 501603 "Ауылшаруашылық тауарлар өндірушілеріне берілген кредиттерді қайтару" коды бойынша көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Осы Ереженің 10 және 11 тармақтарындағы шартты орындамаған кезде Қатысушы - банктер облыстық бюджет пайдасына ҚР Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе көлемінде бюджет қайтарымының әрбір күніне тұрақсыздығын төлейді.
Тармақ 13
13. Осы Ережедегі міндеттемелерді орындамаған және (немесе) дұрыс орындамаған жағдайда Қатысушы - банктер Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жауап береді.
Тармақ 14
14. Республикалық бюджетке кредиттің қайтарылуын белгіленген мерзім бойынша 2004 жылдың 30 қарашаға дейін Облыстық қаржы басқармасы 16.1.260.06 "Жергілікті атқарушы органдарының борышын өтеу" бағдарламасы бойынша қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Әкімші Қатысушы банктердің алған кредитті пайдалануына бақылау жүргізеді. Берілген несиенің мақсатты пайдалануы Әкімшінің қабылдаған сараптамасы негізінде анықталады.
Тармақ 16
16. Ауылшаруашылық тауарлар өндірушілерінің алған кредитті мақсатты пайдаланғанына тікелей бақылауды Қатысушы - Банктер жүргізеді.
Тармақ 17
17. Облыстық бюджеттен кредит берудің қалған шарттары Әкімші Қатысушы - банктер мен облыс әкімі арасында жасалатын келісім шартта белгіленеді.
Басқа 22
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 800 қаулысына бекітілген 2-қосымша 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Мұхамедов Бағдат Бақтиярұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы - облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Ысқақова Райхан Хусайынқызы - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 4
4. Батырханов Оразбек Әмірәліұлы - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Опабекұлы Жүрсін - облыс әкімі аппаратының бас маманы