2004 жылы Май ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2004 жылы Май ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Ауданның жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға құқығы бар, халықтын нысаналы топтар құрамына кiретiн адамдар тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту бөлiмi әлеуметтiк жұмыс орындарына нысаналы топтардан жұмыссыз азаматтарды жiберсiн.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлiмi жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде әлеуметтiк жұмыс орындарының қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсiн.
Басқа 6. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ
Май аудан әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 12 қаңтардағы
"2004 жылы Май ауданында әлеуметтiк
орындарын қаржыландыру және
ұйымдастыру туралы" № 2/1
қаулысымен бекiтiлдi
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида тұрғындардың мақсатты топтары iшiнен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi, әлеуметтiк жұмыс орындарын және ұйымдармен (меншiк нысанына қарамастан) жасалатын негiзгi шарттар мен есептесу жүйесiн реттейдi.
2.Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға, Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актiлерi қолданылады.
3.Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту жөнiндегi өкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Жұмысшылардың құқығы
2. Жұмысшылардың құқығы
Тармақ 4
4. Жұмысшылардың құқығы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңымен реттелiнедi.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртiбi
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртiбi
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын, кәсiпорындармен және ұйымдармен осы жұмыс орындарына қабылданатын жұмысшылардың еңбекақысын жартылай немесе толықтай төленетiн шарттар негiзiнде берiледi немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Жергiлiктi атқарушы органдардың қаулысымен кәсiпорындармен ұйымдардың тiзiмi, әлеуметтiк жұмыс орындарын беру немесе құру, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен шарттары анықталады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарға жiберу жұмыс берушiлердiң өтiнiмдерi негiзiнде жүргiзiлмейдi және жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыруға кепiлдiк беретiн кәсiпорындар мен ұйымдарға берiледi.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу, жұмыспен қамту жөнiндегi аудандық, аудандық өкiлеттi органдардың келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Кәсiпорындармен және ұйымдармен әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар жұмыспен қамту жөнiндегi өкiлеттi органдардан тiркеуден шығарылады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақы мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi және шарттары
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi және шарттары
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi:
жұмыс берушiлер мен жергiлiктi бюджеттiң қаражаты.
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк жұмыс орындарын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру "Жұмыспен қамту" 030 бағдарламасының Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар 033 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыз азаматтардың еңбек ақысына жұмыс берушiлердiң шығыстары аудандық бюджет қаражатынан, белгiленген жалақыдан 50 пайыз, бiрақ Республика бойынша белгiленген ең төмен жалақыдан артық емес мөлшерiнде төленедi.
Тармақ 14
14. Жергiлiктi аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда мақсатты топтардағы жұмыссыздардың жеке санаттары үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ашу кезiнде, жергiлiктi атқарушы органдардың қаулысымен жұмысқа қабылданған жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кететiн шығын толық өтеулi мүмкiн.
Тармақ 15
15. Жұмыспен қамту жөнiндегi өкiлеттi орган, жұмыс берушiлермен әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа алынған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге кететiн шығындарды жартылай немесе толықтай өтеу жөнiнде келiсiм жасайды.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
Тармақ 16
16. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын сақтауды бақылау, заңнамаларда көрсетiлген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк органдармен жүзеге асырылады.
Басқа 26. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға құқығы бар,халықтың нысаналы топтар құрамына кiретiн адамдар
ТIЗБЕСI
Май аудан әкiмдiгiнiң 2004
жылғы 12 қаңтардағы
"2004 жылы Май ауданында
әлеуметтiк орындарын
қаржыландыру және
ұйымдастыру туралы"
№ 2/1 қаулысына қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға құқығы бар,халықтың нысаналы топтар құрамына кiретiн адамдар
ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейiнгi жастар
Тармақ 3
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейiнгi балалар
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар
Тармақ 5
5. Асырауында күтiмдi қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар
Тармақ 6
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар
Тармақ 8
8. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар
Тармақ 9
9. Оралмандар
Тармақ 10
10. Дәрiгерлiк-консультативтiк комиссия анықтамасы бойынша еңбекте шектеулерi бар адамдар
Тармақ 11
11. 50 жастан асқан адамдар