Сарқан ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 226 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Сарқан ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 226 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабының 2-тармағына және Сарқан ауданының әділет басқармасы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 29 желтоқсанда 2-17-79 болып енгізілген, Сарқан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" 29-183 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сарқан ауданының әділет басқармасының 2005 жылы 20 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-17-6 нөмірмен енгізілген, 2005 жылдың 8 шілдесінде "Сарқан" аудандық газетінің 30 нөмірінде жарияланған, Сарқан ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 226 қаулысына келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақтағы "5" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 3 тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 6
6) "Оқу орнының үйде оқыту фактісін растайтын анықтама".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа қолданысқа енгізіледі.