Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы" Заңынын 37 бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 24 маусымда тіркелген. Тіркеу № 2-7-5, 2005 жылғы 9 шілдедегі №30 (5238) "Атамекен" газетінде ресми жарияланған) "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына толықтырулар енгізілсін: 2 тармақта: "сәттен бастап" деген сөзден кейін "оқу жылына тағайындалып берілетін болып белгіленсін" деген сөздермен толықтырылсын. 3 тармақта: 4 тармақшасында көрсетілген "анықтама" деген сөзден кейін "(тоқсан сайын)" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін колданысқа енеді.