Байзақ ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 206 "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байзақ ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 206 "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Байзақ ауданы Әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" № 206 қаулысы (Байзақ аудандық әділет басқармасынан 2005 жылғы 22 маусымда № 6-2-10 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ауыл жаңалығы" газетінің 29 маусым 2005 жылғы № 40 (7142) нөмерінде жарияланған) 1-1 тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 1.1
1.1. Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар "Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі № 106, Байзақ аудандық байланыс "Пошта" торабы мекемесінде сатылады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.