Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 13 қазандағы «Ауданда ойын бизнесі саласындағы тіркелген жиынтық салық және құмар ойын бизнесіне арналған бірыңғай акциз ставкалары туралы» №18-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 13 қазандағы «Ауданда ойын бизнесі саласындағы тіркелген жиынтық салық және құмар ойын бизнесіне арналған бірыңғай акциз ставкалары туралы» №18-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 258-бабы 4 тармағы, 394 баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 «Бір салық салу объектісінен тіркелген жиынтық салық ставкаларының ең жоғары және ең төмен шектері» туралы қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 13 қазандағы №18-3 «Аудан ойын бизнесі саласындағы тіркелген жиынтық салық және құмар ойын бизнесіне арналған бәрыңғай акциз ставкалары туралы» Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-6-12 нөмірмен тіркелген, аудандық «Шұғыла» газетінде 2005 жылғы 4 қарашада жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
«1,24» деген сан «50» деген санмен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енді.