Кентау қалалық маслихаттың 2005 жылғы 14 ақпандағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау нұсқаулық туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қалалық маслихаттың 2005 жылғы 14 ақпандағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау нұсқаулық туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабының 2-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кентау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 14 ақпандағы №98 «Тұрғын үй көмегін тағайындау нұсқаулық туралы» (Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2005 жылдың 28 ақпанында №1837 тіркелген, 2005 жылғы 26 наурызда, 2 сәуірде "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 бөлімде: 2-тармағы «коммуналдық қызметке төлейтін» деген сөздерден кейін «нақты» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармағы «Тұрғын үй көмегі пәтерді ұстау» деген сөздерден кейін «жеке меншік үйді ұстау есепке алынбайды» деген сөздермен толықтырылсын, «және коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін» деген сөздерден кейін «қалада» деген сөз және «Оңаша жылытылатын жеке меншік пәтер тұратындарға тұрғын үй көмегі бір рет беріледі» деген сөйлем алып тасталсын. 2 бөлімде: 10-тармағы «бұл мақсаттарға» деген сөзден кейін «нақты» деген сөзбен және мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Тұрғын үй көмегі төленбей тұрып тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтің тарифтері және «Тұрғын үй көмегін тағайындау нұсқаулық» өзгерген жағдайда көмек мөлшері қайта есентелінеді». 5 бөлімде: 19-тармағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде төмендегі мөлшерлер есепке алынады» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды, алайда, мөлшері жалпы тұрғын үй алаңынан аспауға тиіс».
Тармақ 2
2. Осы шешім Кентау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.