2005 жылғы 15 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 32-131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылғы 15 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 32-131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 111-бабының 1,2 тармағына және 116-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаратал аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы «Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 32-131 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-20 нөмірімен тіркелген, «2005 жылғы 15 желтоксандағы «Қаратал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 32-131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-26, 2-12-27 нөмірлерімен тіркелген) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6 тармақшада
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» деген жол бойынша «75958» саны «77561» санына ауыстырылсын
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» деген жол бойынша «63350» саны «61747» санына ауыстырылсын
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: