Қолданыстағы ред. 30.03.2012

Текелі қаласының әкімдігінің 2005 жылғы 15 маусымдағы N 95 "Әлеуметтік көмек туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 27.01.2010 г. № 4 (Текелі қаласының әкімдігінің 2005 жылғы 15 маусымдағы N 95 "Әлеуметтік көмек туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы)

0

Текелі қаласының әкімдігінің 2005 жылғы 15 маусымдағы N 95 "Әлеуметтік көмек туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Текелі қаласының әкімдігінің "Әлеуметтік көмек туралы" 2005 жыл 15 маусымдағы N 95 (Текелі қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 24 маусымдағы 2-3-4 нөмірімен тіркелген қалалық "Текелийский рабочий" газетінің 2005 жылғы 1 шілдедегі 26 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1

1) "Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар үшін әлеуметтік көмек туралы" 3 қосымшасының 1 тармағындағы 5 санын 8 санына ауыстырылсын.

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.