2005 жылғы 15 ақпандағы № 12-5 «Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» тіркеу № 2872 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 15 ақпандағы № 12-5 «Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» тіркеу № 2872 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабы және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңақала аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы № 12-5 «Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Ережеге (2005 жылдың 25 ақпандағы № 2872 тіркелген, 2005 жылғы 22 наурыздағы «Жаңарған өңір» газетінің № 13 басылған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған ереженің 6 тармағындағы «Байланбаған, еркін жүрген ит иесіз бұралқы деп танылады және ол жойылуға жатады» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім аудандық Әділет Департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.