2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 23-7 Семей қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 116- бабына Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 23-7 Семей қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 25.05.2006 г. № 27-2 (2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 23-7 Семей қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Семей қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 23-7 Семей қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы (тіркеу нөмірі 2005 жылға 30 желтоқсандағы № 5-2-19, Семей таңы және Семипалатинские вести газеттерінде 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 2 санында жарияланған, қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 16 ақпандағы № 24-9, тіркеу нөмірі № 5-2-24, Семей таңы және Семипалатинские вести газеттерінде 2006 жылғы 9 наурыздағы № 10 санында жарияланған, қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 26-4, тіркеу нөмірі № 5-2-36, Семей таңы және Семипалатинские вести газеттерінде 2006 жылғы 4 мамырда № 18 санында жарияланған шешімдерін ескере отырып) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақта:
Бірінші абзацында 11010 деген сан 78148 деген санмен ауыстырлсын;
Үшінші абзацында 10510 деген сан 77648 деген санмен ауыстырылсын;
2) 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Шешім Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласы Әділет басқармасында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Семей қаласының 2006 жылға арналған бюджеті