Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы XXIII - сессиясының «2006 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы» № 23/238 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы XXIII - сессиясының «2006 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы» № 23/238 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы XXIII-сессиясының «2006 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы» №23/238 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміне №8-17-13 болып тіркелген, аудандық «Заман» газетінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы №4 (10048) санында жарияланған) №1 қосымшасына, ара-тұра сипатта кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін қолданылатын бір жолғы талондардың құндарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін және жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2. Ара-тұра сипатта кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін қолданылатын біржолғы талондардың құны
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Толеуқұловқа жүктелсін. Ара-тұра сипатта кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін қолданылатын біржолғы талондардың құны № Бір жолғы талондар қолданылатын кәсіпкерлік қызметтер түрлері Бір күндік біржолғы талонның құны Өлшем бірлігі Абсолюттік сомасы 1 Автомобиль көлігін алып өткізу бойынша қызмет көрсету: жақын шетелден алыс шетелден теңге 1329 2 Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдерді сату теңге 105 3 Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату теңге 41 4 Газет-журналдар сату үшін теңге 72 5 Бақша дақылдарын сату теңге 41 6 Жеке учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері теңге 205 7 Жолаушылар тасымалдау бойынша 7 (жеті) орынға дейінгі автомобиль иелерінің қызмет көрсетулері (лицензиялы тасымалдардан басқасы) теңге 105 8 Жолаушылар тасымалдау бойынша 12 (он екі) орынға дейінгі автомобиль иелерінің қызмет көрсетулері (лицензиялы тасымалдардан басқасы) теңге 155 9 Жолаушылар тасымалдау бойынша 12 (он екі) орыннан жоғарғы автомобиль иелерінің қызмет көрсетулері (лицензиялы тасымалдардан басқасы) теңге 200 10 Жүктерді тасымалдау бойынша жүк автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері (лицензиялы тасымалдардан басқасы) теңге 200