Қолданыстағы ред. 25.04.2005

Аудан әкімдігінің «2005 жылғы 18 наурыздағы № 89 «Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы» тіркеу № 2915 қаулысымен бекітілген Ережеге толықтырулар енгізу туралы от 25.04.2005 г. № 105 (Аудан әкімдігінің «2005 жылғы 18 наурыздағы № 89 «Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы» тіркеу № 2915 қаулысымен бекітілген Ережеге толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудан әкімдігінің «2005 жылғы 18 наурыздағы № 89 «Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы» тіркеу № 2915 қаулысымен бекітілген Ережеге толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және 2005 жылғы 22 сәуірдегі Жаңақала аудандық Маслихатының кезектен тыс XIV сессиясының «2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 11-1 «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Маслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 14-1 шешімін (тіркеу № 2-7-5) басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің «2005 жылғы 18 наурыздағы № 89 «Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы» (2005 жылдың 31 наурызда тіркелген, тіркеу № 2915, «Жаңарған өңір» газетінде 18 сәуір 2005 жылы № 17 жарияланған) қаулысымен бекітілген Ережеге төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

1

1) 1 бөлімінің 3 тармағы «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне» - деген 6 тармақшасымен және «1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыр аралағында тылда кемінде 6 ай еңбек еткен азаматтарға» - деген 7 тармақшасымен толықтырылсын;

2

2) 2 бөлімінің 5 тармағы «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне» - деген 6 тармақшасымен және «1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында тылда кемінде 6 ай еңбек еткен азаматтарға» - деген 7 тармақшасымен толықтырылсын;

3

3) 3 бөлімінің 8 тармағы «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – 10000 теңге» - деген 6 тармақшасымен және «1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында тылда кемінде 6 ай еңбек еткен азаматтарға – 3000 теңге» - деген тармақшасымен толықтырылсын.