2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында 1978-1987 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында 1978-1987 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімдегі қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1551 Жарлығын, сондай-ақ «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын, оның құрамы 1-қосымшағажәне облыстық жиын пункті жанындагы облыстық дәрігерліккомиссиясының құрамы 2-қосымшага сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері 2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырудыұйымдастырсын және жүргізсін.
Тармақ 3
3. Қызылорда облысының мәдениет департаменті (Р.Рүстемов) әскериқызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндеріндеәскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылықұжымдардың концертін ұйымдастырсын. Шақыру кезеңінде облыстықжиын пунктінде әскери-патриоттық тақырыптардағы көркем суреттіфильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті(М.Абдуллаев) қажетті мөлшерде маман дәрігерлерді және аяжандардыбөлсін және облыстық жиын пункті жанындағы облыстық дәрігерліккомиссиясын қажетті құралдармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасына (Х.Досқалиев, келісім бойынша),теміржол желілік ішкі істер бөліміне (Т.Сапарбаев, келісім бойынша)көпшілік шоғырланатын орындардарында және шақырылғандардың жүрумаршруттарында қоғамдық тәртіп және ұйымшылдықты қолдау мақсатында Жол полициясы инспекторларының, патрульдік автокөліктердің және милиция нарядтарының қажетті санын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қатынас» ашық акционерлік қоғамына (М. Нұғыманов, келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы кезінде қажетті көлік бөлу мәселесін қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Қызылорда электр тораптық бөлу компаниясы» акционерлік қоғамына (Ж.Көшербаев, келісім бойынша) шақыру кезеңінде электр жарығының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К.Ембергенова ) облыстық жиын пунктіне есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен қоғамдық жұмыс істеуге өз еріктерімен келіскен 10 адам бөлсін.
Тармақ 9
9. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті (С.Тоқманбетов, келісім бойынша), Облыстық ішкі істер басқармасы (X. Досқалиев, келісім бойынша), Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті (М. Абдуллаев ), теміржол желілік ішкі істер белімі (Т.Сапарбаев, келісім бойынша) осы шешімді орындауда атқарылған жұмыстар туралы 2005 жылдың 5 шілдесіне және 2006 жылдың 5 қаңтарына облыс әкіміне ақпарат беретін болсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Есеновке жүктелсін.