Көктемдегі 2005 жылдың сәуір-маусым айларында 1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір –маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 1551 Жарлығына сәкес 1987-1978 жылы туған азаматтары, шақыру күніне 18 жасқа толған және 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқы жоқ азматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты қаулы етеді:
Көктемдегі 2005 жылдың сәуір-маусым айларында 1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті әскери қызметке шақыру туралы от 05.05.2005 г. № 73 (Көктемдегі 2005 жылдың сәуір-маусым айларында 1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті әскери қызметке шақыру туралы)
1. 1987-1978 жылы туған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2005 жылдың сәуір айының 19-нан маусым айының 30-ы аралығында жүргізілсін.
2. Шақыру пункті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылып,комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
3. Әскерге шақырушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлеріне қарай алдын-ала бөлуді, дәрігерлік куәландыруды сапалы жүргізуді және тізімге алу мақсатындағы комиссия мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жанындағы іздестіру тобының құрамы бекітілсін (2,3 қосымшалар).
4. Село әкімдері, меншік нысанына қарамастан мекеме, кәсіпорын, басқа да құрылым басшылары:
Көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін еңбекақысын сақтап, жұмыстан босатуды, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырушылардың тізімін түсіруді және олардың тиісті құжаттармен шақыру пунктіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
5. Аудандық емхананың бас дәрігері А.Оразалиев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Байназаров және жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері А.Сейтмағанбетовке төмендігі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
1987-1978 жылдар аралығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізу комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру:
2005 жылдың 19 сәуірінен бастап 30 маусымға дейін әскерге шақырылушы азаматтардың флюроографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету.
Шақыру комиссисының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюрография, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
Шақыруға жататын азамттарды дәрігерлік куаландыруды жүзеге асыру үшін тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, сәуір айының 19-29 аралығында флюорография байқаудан, анализден, электрокардиограммадан өткізіп, жаппай егу жұмыстарын жүргізу;
Созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғындардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне осы жылғы сәуір айының 19-на тапсырып, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
6. Әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларын алып жүретін автобустарға полиция жасағы мен жол полициясының автомашиналарын, қажетті сандағы ішкі істер қызметкерлерін бөлу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Р.Дұрысбаевқа ұсынылсын.
7. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Б.Қаунбаев (келісім бойынша) 2005 жылғы маусым айының 27-не дейін, аудан әкімияты қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпарат түсірсін.
8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қ.Айтуаровқа жүктелсін.
Аудан әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы
«Көктемдегі 2005 жылдың сәуір-маусым айларында
1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті
әскери қызметке шақыру туралы» № 73 қаулысына
1 қосымша
Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы – комиссия төрағасы, аудан әкімдігі орынбасары
Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
Мүшелері
Айтжанова Жұпархан Терекбайқызы -аудандық емхананың дәрігері,
медициналық комиссия төрайымы
Құсымбаеы Қайыр Алдонғарұлы –аудандық ішкі істір бөлімі
бастығының орынбасары
Шанытбаева Марал Серікқызы -аудандық емхананың медбикесі,
шақыру комиссисының хатшысы
Аудан әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы
«Көктемдегі 2005 жылдың сәуір-маусым айларында
1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті
әскери қызметке шақыру туралы» № 73 қаулысына
2 қосымша
Дәрігерлік байқаудан өткізуге (куәлік етуге)тиісті комиссия құрамы
Айтжанова Жұпархан –аға дәрігері
Ақжанов Жеңіс –дерматолог
Есбергенова Баян -іш құрылысы ауруларының дәрігері
Жармағанбетова Бөбек –құлақ, тамақ аурулары дәрігері
Құсымбаев Байқадам -оташы
Сейтмағанбетова Гүлмира –фтизиатор
Сүйетбаев Қыстаубай -тіс дәрігері
Төлемісова Сәулет -жүйке аурулары дәрігері
Аудан әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы
«Көктемдегі 2005 жылдың сәуір-маусым айларында
1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті
әскери қызметке шақыру туралы» № 73 қаулысына
3 қосымша
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жанындағы іздестіру тобының құрамы
Жұбаниязова Жансұлу -аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім қызметкері
Қызылғұлова Қанзияш -аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім қызметкері
Жыңғылбаева Индира -аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім қызметкері