Қолданыстағы ред. 25.08.2005

Күзгі 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті әскери қызметке шақыру туралы от 25.08.2005 г. № 122 (Күзгі 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті әскери қызметке шақыру туралы)

0

Күзгі 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті әсекри қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы » № 1551 жарлығына сәкес 1987-1978 жылы туған азаматтарды, шақыру күніне 18 жасқа толған және 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқы жоқ азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты қаулы етеді:

1

1. 1987-1978 жылы туған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2005 жылдың қазан айының 3-інен желтоқсан айының 30-ы аралығында жүргізілсін.

2

2. Шақыру пункті аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылып, комиссия құрамы бекітілсін ( 1 қосымша).

3

3. Әскерге шақырушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлеріне қарай алдын—ала бөлуді, дәрігерлік куәландыруды сапалы жүргізуді және тізімге алу мақсатындағы комиссия мен аудандық қорғанысы істері жөніндегі бөлімі жанындағы іздестіру тобының құрамы бекітілсін ( 2,3 қосымша).

4

4. Село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
Көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін жұмыстан босатуды, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырушылардың тізімін түсіруді және олардың тиісті құжаттарымен шақыру пунктіне берлгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.

5

5. Аудандық емхананың бас дәрігері А.Оразалиевке (келісім бойынша) аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Байназаровқа (келісім бойынша) және жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері А.Сейтмағанбетовке (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
1987-1978 жылдар аралығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізу комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру :
2005 жылдың 3 қазаннан бастап 30 желтоқсанға дейін әскерге шақырылушы азаматтардың флюрографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету:
Шақыру комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорография, электрокардиограммадан арнаған арналған қағазбен қамтамасыз ету:
Шақыруға жататын азаматтарды дәрігерлік куәландыруды жүзеге асыру үшін тәжірибелі аман дәрігерлерді бөліп , қазан айының 3-29 аралығында флюорографиялық байқаудан, анализден, электрокардиограммадан өткізіп, жаппай егу жұмыстарын жүргізу:
Созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғындардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық катарларын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне осы жылғы қазан айының 3-іне тапсырып,комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.

6

6. Әскерге шақырыландар мен оларды шығарып салушылар арасындағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларын алып жүретін автобустарға полиция жасағы мен жол полициясының автомашиналарын, қажетті сандағы ішкі істер қызметкерлерін бөлу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Ақшауовқа (келісім бойынша) ұсынылсын.

7

7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б.Қуанбаев (келісім бойынша) 2005 жылғы желтоқсан айының 27-не дейін аудан әкімияты қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпарат түсірсін.

8

8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қ.Айтуаровқа жүктелсін.

9. Мүшелері:

Аудан әкімиятының 2005 жылғы 25 тамыздағы
«Күзгі 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында
1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды міндетті
әскери қызметке шақыру туралы» № 122 қаулысына
1 қосымша
Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы
Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы –комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Жонасов Лазым Науырызғалиұлы -комиссия төрағасының орынбасары,
аудан әкімі аппаратының бас-маманы
Мүшелері:
Сұлтанов Білімғали Алиуадинұлы –аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Нұрлыбаева Жанар Сайынқызы –аудандық емхананың дәрігері, медициналық
комиссия төрайымы (келісім бойынша)
Шанытбаева Марал Серікқызы -аудандық емхананың медбикесі, шақыру
комиссисының хатшысы (келісім бойынша)

10

Аудан әкімиятының 2005 жылғы 25 тамыздағы
«Күздегі 2005 жылдың қазан- желтоқсан
1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды
міндетті әскери қызметке шақыру туралы»
№ 122 қаулысына 2 қосымша
Дәрігерлік байқаудан өткізуге (куәлік етуге)тиісті комиссия құрамы
Нұрлыбаева Жанар -аға дәрігері
Ақжанов Жеңіс –дерматолог
Есбергенова Баян -іш құрылысы ауруларының дәрігері
Жармағанбетова Бөбек –құлақ, тамақ аурулары дәрігері
Құсымбаев Байқадам -оташы
Сейтмағанбетова Гүлмира –фтизиатор
Сүйетбаев Қыстаубай -тіс дәрігері
Төлемісова Сәулет -жүйке аурулары дәрігері
Мұқанова Орынгүл -психиатр

11

Аудан әкімиятының 2005 жылғы 25 тамыздағы
«Күздегі 2005 жылдың қазан- желтоқсан
1987-1978 жылдар аралығында туған жастарды
міндетті әскери қызметке шақыру туралы»
№ 122 қаулысына 3 қосымша
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жанындағы іздестіру тобының құрамы
Жұбаниязова Жансұлу –аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім қызметкері
Жыңғылбаева Индира –аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім қызметкері
Қызылғұлова Қанзияш -аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім қызметкері