Қолданыстағы ред. 05.07.2005

Күршім ауданы әкімдігінің 2005 жылдың 2-маусымындағы № 1111 “Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы” каулысына өзгеріс енгізу туралы от 05.07.2005 г. № 1156 (Күршім ауданы әкімдігінің 2005 жылдың 2-маусымындағы № 1111 “Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы” каулысына өзгеріс енгізу туралы)

0

Күршім ауданы әкімдігінің 2005 жылдың 2- маусымындағы № 1111 “Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы” каулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20- сәуірдегі № 377 “Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы” Жарлығына, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2005 жылғы 9 - наурыздағы № 107 “Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыкқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы” жаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 - бабының 1 - тармағының 17 - тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының “Нормативтік қүқықтық актілер туралы” Заңының 38 - бабы негізінде мемлекеттік тіркеуден өткізілмегендіктен аудан әкімдігінің 2005 жылдың 2 - маусымындағы № 1111 «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кенесі туралы” қаулысынның 2 - тармағы алынып тасталсын.

2

2. Қаулы Күршім аудандық Әділет басқармасына тіркеуден өткізуге жіберілсін.

3

3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аппарат басшысы М.Қалеловқа тапсырылсын.