Мақат аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 2 желтоқсандағы
№222-III «2006 жылға арналған
аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Аудан әкімиятының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы №178 «Аудан әкімиятының «2005 жылғы 1 желтоқсандағы №178 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» қаулысын нақтылау туралы» қаулысын талқылап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
Мақат аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 222-III «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 11.12.2006 г. № 288-III (Мақат аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 222-III «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудандық Мәслихаттың ХХІІ сессиясының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 222-ІІІ «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 14 желтоқсанында № 4-7-28 санды реестрінде енгізілген, 2006 жылғы 27 қаңтарда аудандық қоғамдық - саяси «Мақат тынысы» газетінің № 5 санында жарияланған), (2006 жылғы 3 ақпанда №229-ІІІ, 2006 жылғы 24 наурызда №239-ІІІ, 2006 жылғы 21 сәуірде №246-ІІІ, 2006 жылғы 26 шілдеде №263-ІІІ, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі №274-ІІІ, 2006 жылғы 30 қазандағы №280-ІІІ шешімдерімен өзгерістер енгізілген) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін.
1) 1 қосымшасындағы
Табыстары бойынша:
1 санаттағы 397087 саны 412087 санымен ауыстырылсын;
4 санаттағы 318755 саны 317180 санымен ауыстырылсын;
Шығыстары бойынша:
1 функционалдық топтағы 75139 саны 89492 санымен ауыстырылсын;
4 функционалдық топтағы 476901 саны 475286 санымен ауыстырылсын;
6 функционалдық топтағы 100076 саны 100616 санымен ауыстырылсын;
7 функционалдық топтағы 44531саны 46431 санымен ауыстырылсын;
8 функционалдық топтағы 24015 саны 24060 санымен ауыстырылсын;
11 функционалдық топтағы 3404 саны 3464 санымен ауыстырылсын;
213 функционалдық топтағы 13046 саны 11188 санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Боқаев) жүктелсін.