Кентау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және қала әкімдігі ұсынған 2006 жылға арналған қалалық бюджеттің нақтыланған жобасын қарай келіп, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кентау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №146 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (әділет басқармасында 2005 жылғы 30 желтоқсанда №14-3-16 тіркелген, 2006 жылғы 7 қаңтарда, 14 қаңтарда, 28 қаңтарда, 4 ақпанда «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған, 2006 жылғы 9 қаңтардағы №153, 2006 жылғы 20 қаңтардағы №158, 2006 жылғы 17 ақпандағы №163, 2006 жылғы 6 наурыздағы №167, 2006 жылғы 12 сәуірдегі №176, 2006 жылғы 28 сәуірдегі №179 шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) төменгідей өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Кентау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.