2005 жылғы 20 желтоқсан айының № 149 «Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 20 желтоқсан айының № 149 «Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-11-21) Қамысты ауданы маслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсан айындағы № 149 «Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер орнатылсын:
Тармақша 1
1) Кәмелеттік жасқа толмаған қайтыс болған балаларды жерлеуге, осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған он еселік айлық көрсеткіштен аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 2
2) Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге, осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған он еселік айлық көрсеткіштен аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 3
3) Қайтыс болған адамдарды, Совет одағының батыры атағына лайық болғандарды, Социалистік еңбек ері, үшінші дәрежедегі Даңқ орденімен марапатталғандарды, «Алтын Қыран», «Отан», «Даңқ», «Халық қаһарманы» атағына лайық болғандарды, Қазақстан Республикасы немесе Қазақтық Советтік Социалистік Республикасының атағына лайық болғандарды, Қамысты ауданының құрметті азаматтарын (бұдан әрі-қайтыс болған марапатталған адамдарды жерлеуге әлеуметтік көмек) осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған отыз еселік айлық көрсеткіштен аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 4
4) Мүгедек балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне сәйкес шығының толтыратын әлеуметгік көмек, есептеу құжатына байланысты тексерілудін құнынан жүз пайыз мөлшерде болу керек;
Тармақша 5
5) Қамысты ауданы үшін жоғарғы білімді мамандарды дайындау үшін шартқа келісімді Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқуына байланысты оқу құнының жүз пайыздық шығынын өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) Осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған, туберкулезбен ауыратын азаматтарға, осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған, бес еселік айлық көрсеткішке дейін әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 7
7) Қамысты ауданының әкіміне жазбаша өтінішпен қаралған аз қамтамасыз етілген азаматтарға, осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған жүз еселік айлық көрсеткішке дейін бір жолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) Үйде оқытылып және тәрбиеленіп жатырған мүгедек балаларға осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған, ай сайын төрт еселік айлық көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 9
9) «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» есепте тұрған кедей және жұмыссыздардың санындағы азаматтарды (отбасыларды) құжаттандыруға (жеке куәлік), мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеуге, отын сатып алуға және жеке шаруашылықты дамытуға осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған, елу еселік айлық көрсеткішке дейін (әлеуметтік көмек көрсетудің түріне байланысты) әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 10
10) Мемлекеттік мейрамдарға және бұқаралық аудандық шараларға осы жылға Республикалық бюджет туралы заңымен орнатылған, он еселік айлық көрсеткішке дейін (ерекше жағдайларда аудан әкімінің өкімі бойынша) әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 11
11) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына ай сайын 230 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. 1-тармақтың 10, 11) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмектің түрлері ақшалай және заттай беріледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау бойынша Уәкілетті орган болып «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі-уәкілетті орган) анықталсын.
Тармақ 4
4. 1) Құжаттарды тапсыру күнінен бастап он күн ішінде уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды;
Тармақша 2
2) Кәмелеттік жасқа толмаған қайтыс болған балаларды жерлерде, ата-аналарының немесе заңды түлғалардың біреуіне, егерде жұмыс істемейтін әкесі (бала асырап алушы, қыз асырап алушы) бала қайтыс болған кезінде уәкілетті органдарда жұмыспен қамту сұрағы бойынша жұмыссыз ретінде тіркелсе әлеуметтік көмек тағайындалады, шешесінің жұмыссыз ретінде тіркелгені міндетті емес;
Тармақша 3
3) Егерде ресми түрде уәкілетті органдарда жұмыспен қамту сұрағы бойынша жұмыссыз ретінде тіркелсе, қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады.
Тармақша 4
4) Қайтыс болған жұмыссыз, жұмыс істеген және марапатталған адамдарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болған кезінде бірге болған отбасы мүшелеріне немесе жерлеп көмген адамдарға төленеді. Жерлеу үшін әлеуметтік көмек сұрау мерзімі алты айдан аспау керек.
Тармақша 5
5) Мүгедек - балалардың компьютерлік томографта тексерілгеніне сәйкес шығынын өтеуге әлеуметтік көмек ата-аналарына немесе мүгедек-баланың басқа да заңды тұлғасына, отбасының табысына қарамастан тағайындалады және төленеді.
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқуына байланысты шығынын өтеуге, білім беру саласындағы орталық атқару органдарымен орнатылған бірыңғай ұлттық тестілеуде аз санынан кем емес балл алған және мемлекеттік білім грантына ие болмаған орташа мамандандырылған білім беру мен жалпы орта білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек: Орташа айлық табыстары Қостанай облысы бойынша орнатылған кедейшілік сызықтан төмен аз қамсыздандырылған отбасыларға; Ата-анасының біреуінен қамқорсыз қалғандарға, соның ішінде жетім-балалар; Көп балалы отбасыларға (төрт баласы бар отбасылардың балаларына және кәмелеттік жасқа толмаған балалармен бірге тұрып жатырған отбасыларға); Ата-аналарының біреуінде бағылып жатырғандарға (шешесімен, әкесімен); 1, 2, 3 топтағы балалық кезінен мүгедек болғандарға.
Тармақша 7
7) Өтініш берген адамдарға туберкулезден емделуге (балалар ауырған кезде) орташа айлық табыстары Қостанай облысы бойынша орнатылған кедейшілік сызықтан төмен ата-аналарына немесе басқа да заңды тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
Тармақша 8
8) Аудан әкімінің резолюциясы бар есеп кәртішкесіне байланысты, аудан әкімінің аппаратына қаралған азаматтардың мұқтаж санаттарына отбасының табысына қарамастан біржолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек балаларға әлеуметтік көмек оның ата-аналарына немесе басқа да тұлғаларға отбасының табысына қарамастан төленеді;
Тармақша 10
10) Өткен тоқсанда орнатылған табысы кедейшілік сызықтан төмен уәкілетті органда есепте тұрған кедей және жұмыссыздардың санындағы аз қамтылған азаматтарды (отбасыларды) құжаттандыруға (жеке күәлік), мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеуге, отын сатып алуға және жеке шаруашылықты дамытуға әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңелген адамдарға, аз қамсыздандырылған азаматтарға мемлекеттік мейрамы және бұқаралық аудандық шаралар күніне әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді.
Тармақша 12
12) Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банкілер арқылы немесе банкілік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы уәкілетті органдары ұсынған тізімге келісімді жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органдар қажетті құжаттардың тізімін бекітсін.
Тармақ 5
5. «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» беретін бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмек жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Қамысты ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 01 маусымдағы № 155 (2005 жылғы 30 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-11-21, 2006 жылғы 27 қаңтардағы «Новый путь-Бозторғай») Қамысты ауданы маслихатының (кезекті сессиясының үшінші шақырылымындағы) 2005 жылғы 20 желтоқсан айының № 149 «Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовқа жүктелсін.