Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 «Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы Қолданыста
Басқа 0
Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 «Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 1-1), 14) тармақшаларына, Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 «Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-25, шешіміне сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға компьютерлік томографта тексеруден өтуге байланысты шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) бірінші және екінші топтағы көз ауруы мүгедектеріне облыс аумағында жүру үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) қайтыс болған облысқа және ауданға еңбегі сіңген зейнеткерлерді жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; көп балалы отбасылардың балалары және азаматтардың заңмен айқындалатын өзге де санаттарынан шыққан ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарындағы оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) оқу жоспары бойынша үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінде ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) өтініштері бойынша мұқтаж азаматтарға бір рет берілетін көмек.
Тармақ 2
2. "Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып ұйғарылсын (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Мыналар ұйғарылсын:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту жөніндегі шешім құжаттар қабылданған күннен бастап уәкілетті органмен он күн ішінде қабылданады;
Тармақша 2
2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға компьютерлік томографта тексеруден өтуге байланысты шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек тексерілуге төленген соманың мөлшерінде жүргізіледі;
Тармақша 3
3) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін әлеуметтік комек, еңбекке жарамды әкесі (асырап алушы) бала қайтыс болған күнге жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда тағайындалады;
Тармақша 4
4) қайтыс болған сәтте жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек қайтыс болған күнге онымен бірге тұрған отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
Тармақша 5
5) қайтыс болған облысқа және ауданға еңбегі сіңген зейнеткерлерді жерлеу үшін әлеуметтік көмек тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда, қайтыс болған күнге онымен бірге тұрған отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
Тармақша 6
6) туберкулезбен ауыратындарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік деңгейінен төмен болған жағдайда төленеді. Әлеуметтік көмек алу құқығын емдеу курсының тәртібін бұзбаған және емделу кезеңінде себепсіз ұзақ үзіліс жасамаған ауру адам пайдаланады;
Тармақша 7
7) оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жалпы орта білім беретін мектептер түлектеріне жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі.
Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жылына бір рет оқудың нақты төлем ақысы мөлшерінде жоғары немесе орта кәсіби білімі туралы диплом алғанша көрсетіледі.
Уәкілетті орган жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарымен білім беру қызметіне келсім шарттар жасайды;
Тармақша 8
8) оқу жоспары бойынша үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек «Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесінің жанындағы облыстық психологтық-медициналық-педагогтық комиссияның үйде тәрбиелеп, оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысына және «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) үсынған тізіміне сәйкес жүргізіледі;
Тармақша 9
9) әлеуметтік көмекті төлеу белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған, тиісті банкалық операциялар түріне Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің лицензиясы бар екінші дәрежелі банкілер немесе ұйымдар арқылы уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес, алушылардың жеке шоттарына ақшалай аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган (келісім бойынша) мақсатты тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттардың тізімін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің "Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 «Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы 2006 жылғы 23 ақпандағы № 64 және "Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 64 «Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 «Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 100 қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсін.