2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 21-2 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 21-2 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының «2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 18 ақпандағы № 25-1 «2006 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 жылдың 24 ақпандағы № 2995 тіркелген) және Жаңақала Мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 21-2 (2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы) шешіміне (2005 жылдың 27 желтоқсандағы № 7-5-17 тіркелген, «Жаңарған өнір» газетінің 2006 жылғы 7 қаңтардағы № 1 басылған) аудандық Мәслихат келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет №1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер – 704537,0 мың теңге.
соның ішінде:
салық түсімдер - 1200,0 мың теңге;
салық емем түсімдер – 114740,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 60,0 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері - 588537,0 мың теңге,
соның ішінде:
ағымды мақсатты трансферттері - 139653,0 мың теңге;
субвенциялар - 448884,0 мың теңге.
Шығындар - 725716,0 мың теңге.
соның ішінде:
Қаржы жылының басындағы бос қалдық - 21179,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Кірістер жағы қосымшаға сәйкес 77239,0 мың теңгеге көбейтілсін;
соның ішінде:
ағымдағы мақсаты - 77239,0 мың теңге.
Тармақ 3
3. Шығыс жағы қосымшаға сәйкес – 98418,0 мың теңгеге көбейтілсін:
соның ішінде
Білім беру жүйесінде аудан бюджетіне 2006 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттер аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 39 санды қаулысына сәйкес жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгі штаттарын ұстауға -13510,0 мың теңге; интернетке қосылуға және трафикті төлеуге - 938,0 мың теңге; балаларды тестілеу пункттеріне тасымалдауды олардың тұруын және тамақтануын ұйымдастыруға - 135,0 мың теңге; кітапхана қорларын жаңарту үшін әдебиеттер сатып алуға және жеткізуге – 2140,0 мың теңге; небарлығы - 16723,0 мың теңге.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында аудан әкімдігінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 48 санды қаулысына сәйкес аудан бюджеті бойынша аз қамтылған жанұялардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдем ақыларды төлеу үшін - 12300,0 мың теңге; мүгедектерді оңалту жеке бағдарламаға сәйкес мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне - 627,0 мың теңге, небарлығы - 12927,0 мың теңге.
Жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамсыз ету бағдарламасына аудан әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 49 санды қаулысына сәйкес-1306,0 мың теңге.
Облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 18 ақпандағы № 25-1 шешіміне сәйкес білім беру жүйесіне химия кабинеттеріне оқу - зертханалық құрал- жабдықтар сатып алуға - 10500,0 мың теңге, селосының Жаңақала орта мектебін күрделі жөндеуге – 4 972, 0 мың теңге, аудандық мәдениет үйінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға - 6591,0 мың теңге, қоғамдық жұмыстарға - 9125,0 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмекке - 6467,0 мың теңге, табысы аз олардың 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар - 428,0 мың теңге, аймақтық жастар саясатын іске асыруға – 800,0 мың теңге, аудандық коммуналдық кәсіпорындар үшін негізгі қорлар сатып алуға - 7400,0 мың теңге, небарлығы - 46283,0 мың теңге.
Жыл басындағы қалған бос қалдық - 21179,0 мың теңгеге көбейтіліп, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасынан - 500,0 мың теңгеге, балалармен жасөспірімдер үшін қосымша білім беру бағдарламасынан - 200,0 мың теңгеге, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасынан – 400,0 мың теңгеге, ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасынан - 600,0 мың теңгеге кемітіліп төмендегі бағдарламаларға бөлінсін:
Аудан Мәслихатының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына – 90,0 мың теңге.
Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына - 1240,0
Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына - 677,0 мың теңге.
Білім беру жалпы білім беру бағдарламасына - 543,0 мың теңге.
Білім беру саласындағы өзгеде қызметтерге білім объектілерін дамытуға -12500,0 мың теңге.
Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бағдарламасына - 195,0 мың теңге.
Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне елді-мекендерде көшелерді жарықтандыруға - 1000,0 мың теңге.
Ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету - бағдарламасына- 1586,0 мың теңге.
Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына - 772,0 мың теңге.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына - 253,0 мың теңге.
Ауданның құрылыс бөлімінің қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына - 351,0 мың теңге.
Ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына - 906,0 мың теңге.
Ауданның кәсіпкерлік бөлімінің қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына - 961,0 мың теңге.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органының резервіне - 855,0 мың теңге.
Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету бағдарламасына -901,0 мың теңге.
нысаналы трансферттерді қайтару - 49,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. 2006 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалар тізбесі № 2 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2006 жылға арналған даму бюджеттік бағдарламалар тізбесі № 3 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2006 жылға арналған аудандық (қалалық) бюджеттерді атқару секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі № 4 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілсін.