Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 111 бабының 1 тармағына және 116 бабына, Қазақстан Рерпубликасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Іле аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Іле ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 6 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-22 нөмірімен тіркелген 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 3 (4111) «Іле таңы» газетінде жарық көрді), 2006 жылдың 23 қаңтардағы № 36-133 шешімімен «Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-24 нөмірімен тіркелген), 2006 жылдың 24 ақпанындағы № 37-136 шешімімен «Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 6 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-25 нөмірімен тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақтағы 1 тармақшасында «Кірістер» деген жол бойынша «7078321» саны «7077490» санына ауыстырылсын; «ресми трансферттердің түсімдері» деген жол бойынша «747498» саны «746667» санына ауыстырылсын; «сумен жабдықтау жүйесін дамытуға нысаналы трансферттер» деген жол бойынша «74380» саны «73549» санына ауыстырылсын; 2 тармақшасында «Шығындар» деген жол бойынша «7128243» саны «7531210» санына ауыстырылсын; 3 тармақшасында «Операциялық сальдо» деген жол бойынша «-49922» саны «-453720» санына ауыстырылсын; 6 тармақшасында «Бюджет тапшылығы (профицит)» деген жол бойынша «-49922» саны «-453720» санына ауыстырылсын; 7 тармақшасында «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицит пайдалану)» деген жол бойынша «49922» саны «453720» санына ауыстырылсын; 3 тармақтағы «қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі органдарына» деген жол бойынша «6450» саны «4200» санына ауыстырылсын; «білім беру мекемелеріне» деген жол бойынша «1282695» саны «1284395» санына ауыстырылсын; «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа» деген жол бойынша «460947» саны «837544» санына ауыстырылсын; «мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке» деген жол бойынша «15877» саны «24677» санына ауыстырылсын; «көлік және коммуникация саласына» деген жол бойынша «17880» саны «36000» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімніц 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін. Келісілген: «Іле аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы _______Қоңырбаев Айтқазы Қанағатұлы