Об итогах проведения отопительного сезона 2005-2006 годов и подготовке объектов жилищно-коммунального хозяйства, предприятий и организаций бюджетной сферы к работе в осенне-зимний период 2006-2007 годов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005-2006 жылдарда от жағу маусымын өткізу қорытындысы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы объектілерін, бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдарды 2006-2007 жыдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау туралы Өткен жылдың от жағу маусымын талдау барысы қалалық, ауылдық әкімдердің, коммуналдық қызмет басшыларының қысқа сапалы дайындалу жөнінде нақты іс-шаралар өткізгенін көрсетті, жылу көздерін, жылу трассаларын, су өткізгіштері мен кәріз жүйелерін жөндеу-қалпына келтіруге байланысты көлемді жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар 2005-2006 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық барысында кейбір ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыстарды атқару кестесінен кешіккені анықталды. Тұрғындардың коммуналдық қызмет үшін төленбеген қарыздарды жинау жұмыстары жеткіліксіз жүргізілген. Тұрғындардан коммуналдық қызмет үшін дебиторлық қарыз 560 мың теңгені кұрады. Қаржының жетіспеуіне және отын қоры жеткіліксіз болуына байланысты Степгеология кентіндегі тұрғын үйлерде жылумен дұрыс қамтамасыз етілмегені байқалды. Бөлінген отын үшін «Сервис ТВК» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қарызы 16,2 миллион теңгені құрады. Макинск қаласындағы тарату желілері қайта жаңартылған соң халықтың сумен қамтамасыз етілуі қала халқының 65 пайызын құрады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдарды алдағы 2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңге дер кезінде және сапалы дайындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері, коммуналдық салада қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлер:
Тармақша 1
1) бюджеттік саладағы коммуналдық шаруашылықтар мен кәсіпорындардың 2005-2006 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысының қорытындысына жан-жақты талдау жасасын. Өткізілген кеңестердің нәтижелері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты іс-шаралардың Кестесін әзірлеп бекітсін. Қысқа дайындық жұмыстарының аяқталу мерзімі 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейін деп белгіленсін;
Тармақша 2
2) жылу көздерін, жылу трассаларын, су құбырлары мен канализация желілерін су алатын жерлерді, тұрғын үй қорын қысқа дайындау жөніндегі бекітілген іс-шаралардың орындалу барысына бақылау жасасын, үйлер мен жылу трассаларына, әкімшілік ғимараттарды жылытуға, жылуды далаға жібермеуге, энергия ресурстары мен қаражатты үнемді пайдалануға баса назар аударсын;
Тармақша 3
3) қыс қарсаңындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бекітілген аудандық іс-шараларға сәйкес уақытында және толық қаржыландыру жүзеге асырылсын;
Тармақша 4
4) электр қуатын, жылу энергиясын, және суды пайдаланғаны үшін пайда болған қарыздарды толық өтеу үшін нақты шаралар қолдансын;
Тармақша 5
5) бюджеттік саладағы мекемелердің бағдарлама әкімшілері 2006 жылғы 20 маусымға дейін қысқы отынды мемлекеттік сатып алу жөнінде тендер өткізсін, жеңімпаздарды анықтап, сатып алатын отынды қаржыландыруды жүзеге асырсын. Қатты және сұйық отынмен өздігінен жабдықтаушыларды іріктеу кезінде объективтілікті қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі (Вахрушева Г.П.) бекітілген іс-шараларға сәйкес барлық дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде және толық қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудандық білім (Шолақов Денсаулық сақтау (Садуақасов Г.Қ.), мәдениет және тілдерді дамыту Аймағамбетова С.Е.), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Есмағамбетова К.Н.), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (Мизамов С.Ж.) бөлімдері:
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейін жылу көздеріндегі барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауды, жылу өтетін барлық желілерді шаюды, тексеруді, жылу жүретін құбырларды қаптауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейін сұйық және қатты отынның екі айлық қорын жасау үшін шара қолдансын, кейін оны қыс аяғына дейін жинауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) мектеп ғимараттарын, балабақшаларды, ауруханаларды, дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, мәдениет үйі мен клубтарды, кітапханаларды және өзге де мекемелер мен әкімшілік ғимараттарды жөндеуді, фасадтарын ағартуды, сырлауды ұйымдастырсын. Жөндеу жұмыстары мен отын дайындауды бақылауға алсын.
Тармақша 4
4) қыс кезінде қызмет көрсететін объектілер мен халықты сумен үзіліссіз Камтамасыз ету үшін барлық шаралар қолданылсын. Су желілері мен су колонкаларына тексеру жүргізіліп, олар жөндеуден өткізілсін. Әрбір сумен қамтамасыз ету объектілеріне жауапты адамдар бекітілсін.
Тармақша 5
5) меншік нысанына қарамастан барлық жылу көздеріндегі қазандықтарды зерттеп, тексеру және паспорттандыру жүргізілсін. Анықталған кемшіліктерді жою үшін іс-шаралар әзірлесін. Мерзімі 2006 жылғы 25 шілдеге дейін;
Тармақша 6
6) техникалық қызметкерлерді қысыммен істейтін қазандықпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелеріне оқыту ұйымдастырылсын, жұмыс орындарында сәйкес құжаттар берілсін. Мерзімі 2006 жылгы 25 тамызға дейін.
Тармақ 4
4. Бұланды электр желілерінің басшылығына (Ячников П.И.) тұрғындарды, жылу көздерін, сумен қамтамасыз ету жүйелері мен өмірлік маңызды объектілерді электр қуатымен үзіліссіз және тұрақты қамтамасыз етсін. Электр қондырғыларын, электр жүйелерін қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау жөнінде кешенді іс-шаралар әзірленсін, электр қуатымен жылу беру обьектілерін тұрғындардан бөлек қамтамасыз етуге баса назар аударсын. Ақы төлеуге қабілетті тұтынушыларды электр қуатынан ажыратуға жол берілмесін.
Тармақ 5
5. Макинка темір жол станциясының басшылығына (Айдынбаев Д.Х.) тұрғызылған шартқа сәйкес ауданға қатты және сұйық отынды бірінші кезекте жеткізіп беру жөнінде ұсыныс жасалсын.
Тармақ 6
6. Жылумен және сумен қамтамасыз ету объектілерінде телефон және басқа байланыстардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге назар аударылсын (Сарманов Қ.С.).
Тармақ 7
7. Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдеріне, ауыл шаруашылық құрылымдары мен жол қызметінің басшылары көпірлерге, су өткізетін құбырлар мен салынған жасанды құрылыстарға ерекше назар аударсын. Жергілікті автожолдарды жөндеу үшін аудандық мехникаландырылған ұтқыр отрядтардың жұмысы жандандырылсын.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдарды 2006-2007 жылдардың қысқы мерзіміне дайындау жөніндегі іс-шаралар және бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен мекемелердің коммуналдық шаруашылықтарын 2006-2007 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығын бақылау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (1- және 2- қосымшалар).
Тармақ 9
9. Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері және бағдарлама әкімшілері әр айдың 25 күніне осы қаулының орындалу барысы туралы аудан әкімінің аппаратына ақпарат берсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.И.Бежинге жүктелсін.
Тармақ 11
11. Бұланды ауданының Әділет басқармасында 24.08.2005 жылда №1-7-9 тіркелген, «Бұланды жаршысы» аудандық газетінің 23.09.2005 жылдағы №40 санында жарияланған Бұланды ауданы әкімдігінің 16.08.2005 жылдағы № а- 8/129 «Бюджеттік саладағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының, кәсіпорындар мен ұйымдардың объектілерін 2005-2006 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 12
12. Қаулы Бұланды ауданының Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиіс.
Басқа 24. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24.05. № а-5/92 қаулысына 1-қосымша Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР № Іс-шаралардың атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар Орындау үшін жауаптылар 1 2 3 4 5 1. Жылу - энергетика объектілері 1 «Степгеология» кентінің қазандық шаруашылығының негізгі 1 технологиялық жабдықтары мен коммуникацияларын қажетті жөндеу 25.08. 2006 ж. дейін «Сервис ТВК» ШЖҚ ЖШС директоры Макинск қаласының әкімі Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 2 Аурухана кешенінің қазандығын жөндеу 01.08. 2006 ж. дейін Аудандық аурухананың бас дәрігері, «Сервис ТВК» ШЖҚ ЖШС директоры Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 3 Аудандағы білім объектілерінің жеке қазандықтарындағы технологиялық қондырғыларды жөндеуден өткізу 25.08. 2006 ж. дейін Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, Макинск қ. әкімі Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 4 Колоколовка орта мектебінің жылу жүйесін күрделі жөндеу 25.08.2005 ж. дейін Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, а/округ әкімі Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 5 Қала мен аудандағы елді мекендердің жылу мен су тарататын магистральдарын, су өткізгіштері мен кәріз жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау 25.08. 2006 ж. дейін Макинск қаласы мен а/округ әкімдері, инженерлік желілерді меншіктенушілер мен жалға алушылар (келісімі бойынша) Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 6 Макинск қаласы мен ауылдық елді мекендердегі жергілікті қазандықтарының технологиялық қондырғыларын жөндеу 25.08. 2006 ж. дейін Мекеме басшылары, жергілікті қазандықты жалға алушылар (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 7 0,4-110 к.В электр желілерін, трансформаторлық постанцияларды, ВЛ-0,4 кВ электр тасымалдау желілерін күрделі және ағамдағы жөндеу. Тіреуіштерді ауыстыру - 991 дана; Сым тарту-55,54 км. 25.10.2006 ж. дейін Бұланды аудандық электр желісінің басшысы (келісімі бойынша) Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 8 Қатты және сұйық отынның екі 8 айлық қорын сатып алу, әкелу және | жинауды қамтамасыз ету 1.09. 2006 ж. дейін Жылумен жабдықтау мекемелерінің басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 9 Қазандықтар энергия жүйесінен ажыратылған жағдайда автономды түрде жабдықтауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету 10.09. 2006 ж. дейін Жылумен жабдықтау мекемелерінің басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 10 Комиссиямен тұрғын үйлерді, әлеуметтік-мәдениет объектілерін, өнеркәсіпті, көлікті, байланысты және сауда орындарын тексеріп, қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығы туралы паспорт беру. 1.09. 2006 ж. дейін Кәсіпорындар, ұйымдар, агрофирма басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көлік объектілері 11 Жылу жүйесінің үй ішіндегі құбырлары мен кәріз жүйесін шаю, жөндеу, жертөлелерді құрғату. Үйлердің төбесін, кіре берісін, есіктер мен жыру трассасын суықтан қымтау және жөндеу 1.09. 2006 ж. дейін Жылумен жабдықтау мекемелердің басшылары (келісімі бойынша) Қала мен ауылдық округ әкімдері 12 Жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдарын жөндеуді, оны қысқа дайындауды қамтамасыз ету, қар тазалайтын техниканы дер кезінде 12 жөндеу, көктайғаққа қарсы қолданатын материалдар мен жағармай қорын жасау; жол белгілері мен көрсеткіштерін тексеру, жаңа белгілерді орнату, ескілерін ішінара ауыстыру. Үнемі «Макинск су» ШЖҚ МКК, шаруашылық субъектілері (кслісімі бойынша) Қала мен ауылдық округ әкімдері 13 Коммуналдық қызмет үшін 12 қарыздар мен жиналмаган қарыздарды жинау үшін шара қолдану Үнемі Үйым басшылары, жергілікті қазандықты жалға алушылар (келісімі бойынша) Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И., Макинск қаласының әкімі 3. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының және ұйымдарының объектілері 14 Жылу көздерін, жылу трассаларын, су кұбыры жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу. Электр-жылу-су жүйелерінің сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. 1.09. 2006 ж. дейін Кәсіпорындар, шаруашылық пен агрофирма басшылары (келісімі бойынша) Макинск қапасы мен ауылдық округ әкімдері 15 Негізгі өндіріс саласындағы барлық дизельдік станцияларды қысқа дайындау және оны сатып алу. 1.09. 2006 ж. дейін Кәсіпорындар, шаруашылық пен агрофирма басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 16 Қатты және сұйық отын алуға шарт жасасу. Отынның екі айлық қорын жинауды қамтамасыз ету. 1.09. 2006 ж. дейін Кәсіпорындар, шаруашылық пен агрофирма басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 17 Шаруашылық ішіндегі автомобиль жолдарын қысқа дайындау және оны қыс кезінде ұстау Қыс бойы Кәсіпорындар, шаруашылық пен агрофирма басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 4. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау объектілері 18 Мектеп және мектепке дейінгі мекеме ғимараттарын, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін, интернат-үйлерін, спорт құрылыстарын ағымдағы және күрделі жөндеу, ғимараттарды суықтан қымтау. Орталықтан немесе жергілікті жылу көздерінен жылу мен су қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. 25.08. 2006 ж. дейін Кәсіпорындар мен Ұйымдардың басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме басшылары 19 Отынды сатып алуды, оны жергілікті жерге жеткізуді қаржыландыру, от жағу маусымы басталғанша отынның екі айлық қорын жасау 1.09. 2006 ж. дейін Бюджеттік сала мекемелерінің басшылары (келісімі бойынша) Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері 20 Аудандық аурухананың бас корпусының төбесін күрделі жөндеуден өткізу 1.09. 2006 ж. дейін Аудандық аурухананың бас дәрігері Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 21 Новобратск орта мектебінің төбесін жөндеу 1.09.2006 ж. дейін Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, ауылдық округ әкімі Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 22 Капитоновка ОДА-н күрделі жөндеу 1.09.2006 ж. дейін Аудандық аурухананың бас дәрігері Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. 23 Никольск ОДА-н күрделі жөндеу 1.09.2006 ж. дейін Аудандық аурухананың бас дәрігері Аудан әкімінің орынбасары Бежин А.И. ШЖҚ МКК - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ОДА - отбасылық дәрігерлік амбулатория
Басқа 25. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындығына байланысты іс-шаралардың орындалуын бақылау жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24.05. № а-5/92 қаулысына 2-қосымша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындығына байланысты іс-шаралардың орындалуын бақылау жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ Бежин Александр Иванович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Потапов Вячеслав Васильевич - Макинск қаласының әкімі, комиссия төрағасының орынбасары Мизамов Серік Жанбатырұлы - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы Камельинов Амангелді Байкенұлы - ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Шолақов Шайдолла Құдайбергенұлы - білім бөлімінің меңгерушісі Садуақасов Ғалым Қайырбекұлы - Бұланды аудандық ауруханасының бас дәрігері (келісімі бойынша) Есмағамбетова Кенжебике Нығметжанқызы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Аймағамбетова Сәулетай Ералықызы - мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Самойлова Капитолина Григорьевна - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Айдымбаев Дулат Хасенұлы - Макинка станциясының бастығы (келісімі бойынша) Ячников Петр Иосифович - Бұланды аудандық электр желісінің бастығы (келісімі бойынша) Үсенов Ерік Айдарханұлы - Бұланды ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Салий Владимир Иванович - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманының м.а.