Об итогах проведения отопительного сезона 2005-2006 годов и подготовке объектов жилищно-коммунального хозяйства, предприятий и организаций бюджетной сферы к работе в осенне-зимний период 2006 – 2007 годов Күшін жойған
Басқа 0
2005-2006 жылдары жылу беру кезеңін өткізу қорытындысы мен бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы
2005-2006 ж.ж. жылу беру кезеңін талдау көрсеткендей, селолық округ әкімдері, ауданның атқарушы органдары мен мекемелері, «Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қысқа дайындық шараларын сапалы орындап, жылу беру көздерін, су құбырлары жүйелерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қомақты көлемде іске асырдық 2005-2006 ж.ж. жылу беру кезеңінде бірде-бір қазан тоқтаған жоқ, қазандар бойынша апат болған жоқ, жүйені қатырып алу жіберілген жоқ, барлық мектептер, әкімшілік жайларда бір нормалы жылу кестесі сақталды. Сонымен қатар 2005-2006 ж.ж. жылу беру кезеңінде 9 жылу беру көздеріне сұйық отын дер кезінде жеткізілмей кешіктіру байқалды. Жұмыс барынша кедергісіз атқарылды. Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау барысында білім, мәдениет нысандарында жылу кездерін, қазан шаруашылығын жөндеуде қалып қоюшылық жіберілді. Тексеру барысында №1 Балкашин орта мектебі, Гвардейск, Краснополянск, Белгород, Широков, Новоникольск, Приозернинск, Қызыл-Қазақстан орта мектептерінде қазандар, насостарға жөндеу жүргізу керектігі белгіленді. Каменск орта мектебіндегі жылу жүйесі, жайдың аппатты қабырғалары жөндеуді қажет етеді.
Қысқы жағдайға дайындық селолық клубтар мен Мәдениет үйлерінде, кітапханаларда өте төменгі қарқынмен жүруде. Мәдениет үйінің би залы аппатты жағдайда тұр, жылу жүйесі жөндеуді, аса мықты қазан ауыстыруды қажет етеді. Васильев селолық Мәдениет үйі жедел жөндеуді, жылу жүйесі жөндеуді қажет етеді. Бюджет саласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, кәсіпорындар мен ұйымдарды 2005-2006 ж.ж.күзгі-қысқы кезеңге дер кезінде және сапалы дайындау мақсаттарында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 7, 11 тармақшаларын басшылыққа алып, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005-2006 жылғы жылу беру кезеңінің қортындысын қанағаттанарлық деп, 2006-2007 ж.ж.жылу беру кезеңіне жалпы дайындық жеткіліксіз деп есептелсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімінің орынбасары, аудандық штаб төрағасы В.Г.Горохводацкий:
2006-2007 ж.ж.күзгі-қысқы кезеңге нысандарды дайындау бойынша аудандық штаб жұмысын арттырсын, он күн сайын штаб отырысын өткізсін, бюджет саласындағы кәсіпорындар, ұйымдар, коммуналдық шаруашылық басшыларының, қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы бойынша есебін тыңдауды жиі тәжірибелесін.
Тармақ 3
3. «Сандықтау ауданының білім бөлімі», «Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің, Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің жанындағы «Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (бұдан әрі «Жылу-Су» ШЖҚ МКК) басшыларына, селолық округі әкімдеріне бюджет саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын 2006-2007 жылдары күзгі-қысқы кезендеге жұмысқа дайындығы бойынша төменгі жұмысын көрсетсін.
Тармақ 4
4. «Сандықтау ауданының білім бөлімі», «Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басшылары, нысандардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді, 2006 -2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа уақытында дайындауды 2006 жылдың 20 тамызына дейінгі мерзімде барлық жұмыстарды аяқтаумен жеделдету бойынша қосымша шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Селолық округ әкімдері, бюджет саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер басшылары:
Тармақша 1
1) бюджет саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, коммуналдық шаруашылықтар, «Жылу-Су» ШЖҚ МКК 2005-2006 ж.ж.күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысының нәтижесін жан-жақты талдасын. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кестесі, іс-шаралары әзірленіп, бекітілсін;
Тармақша 2
2) жылу беру көздерін, жылу трассаларын, су құбырлары жүйелерін, су іркуіштерді қысқы кезеңге пайдалануға дайындау бойынша бекітілген іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөнінде селолық округтер әкімдері жанынан комиссиялар құрсын. Объектілердің жылу қуатын қабылдауға дайындығы туралы паспорттар рәсімделуі ерекше бақылауға алынсын. 2006 жылдың 20 шілдесіне дейін жуып тазарту, тұщыландыру, магистралдық және ауыстырушы жылу жүйелерін орындасын акті бойынша қабылдасын;
Тармақша 3
3) бекітілген аудандық іс-шараларға сәйкес барлық қыс алдындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде және толық қаржыландырсын, сондай-ақ тұтынылған электр, жылу қуаты, су үшін жинақталған борышты толық өтеу және жою, 2006 жылдын шілде айында берілген қатты және сұйық отын үшін толық есеп айырысу бойынша нақты шаралар қолдансын;
Тармақша 4
4) 2006 жылдың шілдесі ішінде қыс кезеңіне отынды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер өткізсін, жеңімпаздарын анықтап, отынды сатып алуға қаржы бөлінсін. Қатты және сұйық отын жеткізушілерді таңдау кезінде әділдікті сақтасын.
Тармақ 6
6. Селолық округтер әкімдері, «Сандықтау ауданының білім бөлімі», «Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басшылары:
Тармақша 1
1) 2006 жылдың 20 тамызына дейін барлық жылу көздерін іске қосу- түзету жұмыстарын аяқтау, құбырлардьі қымтап жылылықты өткізбеуді толық қалпына келтіруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 2006 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу көздерінде қатты және сұйық отынның торт айлық қоры болуын және 2006-2007 ж.ж. жылу беру кезеңі аяқталуына дейін одан әрі жинақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Ақмола бөліп таратқыш электр жүйесі компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Есіл ауданаралық электр жүйесі филиалының Сандықтау аудандық электр жүйесі учаскесінің бастығы (келісімі бойынша) жылу көздерін, насоспен қотару станциясын, сумен жабдықтау жүйелерін және басқа да тіршілікке қажетті нысандарды қоса отырып халықтың, экономика саласының энергиямен тұрақты қамтылуын қамтамасыз етсін. Қысқы жағдайлардағы жұмысқа электр жүйесінің энергетикалық жабдықтарының дайындығы жөнінде іс-шаралар кешенін әзірлесін.
Тармақ 8
8. Селолық округтер әкімдері, «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі», «Ақмола-Жолдары» ашық акционерлік қоғамы филиалының Балкашин өндірістік жол учаскесі (келісімі бойынша) мемлекеттік мекемелері жергілікті маңызды автожолдарды сапалы жөндеу, оларды ұстау және орналастыру жөнінде шаралар қолдансын. Әсіресе көпірлер, су жіберуші құбырлар мен басқа да ғимараттар жағдайына көңіл бөлсін. Автожолдардағы ауданаралық билбордтарды жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 9
9. Селолық округтер әкімдері, «Сандықтау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Сандықтау ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2006 жылдың 1 қыркүйегіне дейін су құбырларын және оларды сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жөнінде, суды тұтыну үшін қаражатты толық жинау, тұтынылған электр энергиясы үшін есегі айырысу және су есепшісін белгілеу жөнінде нақты шаралар қолдансын. Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа су шаруашылығы нысандарын дайындау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлесін және іске асырсын.
Тармақ 10
10. Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі іс-шаралар мен бюджеітік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау іс- шараларының орындалуын бақылау жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін (1 және 2 қосымша)
Тармақ 11
11. Селолық округтер әкімдері, бюджет салаларының мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелері басшылары әр айдың 1-ші жұлдызына дейін аудан әкімі аппаратына осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
Тармақ 12
12. Білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, «Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшыларының осы қаулының орындалуы бойынша есебін 2006 жылдың шілдесінде тыңдасын
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуың бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін іске қосылады.
Басқа 21. Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайніндау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 06 №А-118
«2005-2006 жылдары Жылу беру кезеңін
өткізу қорытындысы мен бюджеттік сала
нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық кәсіпорындары мен
ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы
кезеңде жұмыс істеуге дайындау
туралы» қаулысына 1 қосымша
Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайніндау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
№
Іс-шаралар атауы
Орындалу
мерзімі
Орындаушылар
Орындалуына жауаптылар
1. Электржылу энергетикасы нысандары
1
0,4-110 КВ кабельдік электр желілеріне, трансформаторлық подстанцияларға қажетті ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жүргізуді орындау
01.09.2006 жылға дейін жұмыс жоспары бойынша
«Ақмола бөліп таратқыш электр жүйесі компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Есіл ауданаралық электр жүйесі филиалының Сандықтау аудандық электр жүйесі учаскесінің бастығы (келісімі бойынша)
Селолық округтер әкімдері
2
Аудан селолары мен кәсіпорындары, ұйымдарындағы барлық қазандарға ағымдағы, орта, күрделі жөндеу жүргізуді орындау
01.08.2005 жылға дейін жұмыс жоспары бойынша
Кәсіпорындар, мекемелердің басшылары
Селолық округтер әкімдері
3
Аудан орталықтары мен елді мекендердегі барлық қазандықтарға төрт айлық қатты және сұйық отын қоры сатып алынып әкелінуін қамтамасыз ету
Бекітілген кестеге сәйкес
Кәсіпорындар, мекемелердің басшылары
Селолық округтер әкімдері, білім бөлімі, мәдениет және тілдері дамыту бөлімі
4
Магистралдық және таратушы жылу жүйелерін жуып, тазалауды орындау
20.07.2006 ж. дейін жұмыс жоспары бойынша
Кәсіпорындар, мекемелердің басшылары
Селолық округтер әкімдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі
5
Орталық энергия көздерін ағытып тастаған жағдайда қолдану үшін қазандықтарды автономиялық энергиямен қамтамасыз ету көздерінен (резервтік және дизельдік электр станцияларымеи). Автономиялық электрмен қамтамасыз ету көздерін қажетті дизельдік жанар май қорымен қамтамасыз ету
1.08.2006 жылға дейін
Кәсіпорындар, мекемелердің басшылары
Селолық округтер әкімдері
6
Оқу орындары, әкімшілік ғимараттарының комиссия арқылы тексеріліп, оларға жылу жүйелеріне қосылуға дайын екендіктерін растайтын құжаттар берілуін ұйымдастыру
01.09.2005 жылға дейін
Мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің басшылары
Селолық округтер өкімдері
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандары
7.
Тұтынылған жылу, энергиясы үшін, су құбырлары мен канализация қызметі, қоқыс шығарып төгу үшін ақы төленуіне бақылауды жүзеге асыру
Тұрақты
Кәсіпорындар, мекемелердін, «Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшылары
Селолық округтер әкімдері
8.
«Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту, әсіресе қар тазалау техникаларын сатып алу мәселелері бойынша жағдайлар жасау.
Тұрақты
«Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы
Аудан әкімінің орынбасары
3. Кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы ұйымдарының нысандары
9.
Жылу көздері мен жылу құбырларына, су құбырлары жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу. Электр, жылу, сумен қамтамасыз ету нысандарының сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
01.08.2006 жылға дейін
Ауыл шаруашылығын қалыптастырушылары, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары
Селолық округтер әкімдері,
Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы
10.
Шаруашылықтардағы автожолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауды ұйымдастыру және оларды қыс бойы автокөліктің тұрақты жүруімен қамтамасыз ету
Қыс бойы
Ауыл шаруашылығын қалыптастырушылары, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары
Аудан әкімінің орынбасары, селолық округтер әкімдері
11.
Қатты және сұйық отын алуға келісім-шарттар жасау, төрт айлық қорын жинауды қамтамасыз ету
01.09.2006 жылға дейін, кестеге орай
Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары
Селолық округтер әкімдері,
Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы
4. Білім, мәдениет нысандары
12.
Мектеп, мектепке дейінгі мекеме жайларына, мәдениет үйлері, кітапханалар ғимараттарына жөндеу жүргізу, жылыту.
Олардың жылу көздерінен жылу қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету, көрсетілген нысандардың электр энергиясымен, сумен тұрақты жабдықталуын іске асыру. Қажет болған жағдайда отынның төрт айлық қорын құрумен жиі әкелінуін ұйымдастыру.
1.09.2006 жылға дейін
Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары
Аудан әкімінің орынбасары, селолық округтер әкімдері
13
Әлеуметтік сала нысандарының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын және олармен жылыту кезеңінің тұрақты өтуіне бақылау жөнінде селолық округтер әкімдері жанынан арнайы комиссиялар құру
2006 жылғы шілде
Селолық округтер әкімдері
Аудан әкімінің орынбасары
Басқа 22. Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау бойынша іс-шаралар барысын бақылау жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 06 № А-6/118
«2005-2006 жылдары жылу беру кезеңін өткізу
қорытындысы мен бюджеттік сала нысандарын
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007
ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс
істеуге дайындау туралы” қаулысына 2 қосымша
Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау бойынша іс-шаралар барысын бақылау жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Горохводацкий Василий Григорьевич - аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы
Ізбасарова Балым Сабетқызы - аудан әкімінің орынбасары-комиссия төрағасының орынбасары
Деобальд Николай Викторович - «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы
Мурашиди Нина Андреевна - «Сандықтау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Нұрмақова Дина Ибрагимқызы - «Сандықтау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Клюшников Сергей Иванович - «Сандықтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Полякова Тамара Васильевна - Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің Сандықтау аудандық ауруханасы мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (келісімі бойынша)
Чекушкин Александр Николаевич - «Ақмола таратып беруші электр жүйесі компаниясы» ашық акционерлік коғамының Есіл ауданаралық электр жүйесі филиалының Сандықтау аудандық электр жүйесі учаскесінің бастығы (келісімі бойынша)
Жаднов Юрий Дмитриевич - Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің жанындағы «Жылу-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры
Жұманов Даулетбек Қожабекұлы - «Сандықтау ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы
Шевченко Олег Александрович - «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы