О региональной программе функционирования и развития языков на 2005-2006 годы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N№1146 "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" қаулысын орындау мақсатында ІІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты Х сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 9 ақпандағы N 55 қаулысымен ұсынылып отырған "Тілдерді қолдану мен дамытуды 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Б. Өмірбекова) жүктелсін.
Басқа 3
Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 9 ақпандағы N 55 қаулысы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146 "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, тиісті атқарушы органдар басшылары:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі бөліміне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жыл сайын 25 мамыр мен 25 қарашаға ұсынып отырсын.
Тармақ 3
3. Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті 2005 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде осы Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 10
Облыс әкімиятының 2005 жылғы 9 ақпан№N 55 қаулысына қосымша Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы Мазмұны:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жәй-күйін талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асыруды негізгі бағыттары мен тетіктері
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Атауы: Тілдерді қолдану мен дамытуды 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы Әзірлеу үшін негіздеме: "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" және "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының" 2-тармағы Негізгі әзірлеуші: Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі Бағдарламаны іске асыру мерзімі: І-кезең - 2005 жыл ІІ-кезең - 2006 жыл Мақсаттары: Атырау облысын мекен ететін халықтардың тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатты біріктіреді; мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтау, этникалық топтардың тілдерін дамыту Міндеттері: Осы мақсаттарды іске асыру мынадай міндеттерді шешуді көздейді: - мемлекеттік басқару және басқа салаларда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту; - өңірде орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтау; - өзге этникалық қауымдастықтар тілдерін дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету. Қаржыландыру көздері : Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен тыйым салынбаған басқа да көздерден іске асырылады. Күтілетін нәтижелер : Бағдарламаны іске асыру облыс аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының 7,19, 93-баптарына сәйкес оңтайлы лингвистикалық кеңістік құруды көздейді.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146 қаулысымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының" 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жәй-күйін талдау
3. Проблеманың қазіргі жәй-күйін талдау Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру барысында мемлекеттік тілді қолданылу аясын кеңейту, өзге де тілдерді дамыту жөнінде бірсыпыра жұмыстар тындырылды. Мемлекеттік мекемелерде,±ұйымдарда, кәсіпорындарда аудармашылар, оқытушылар штаты енгізілді, азаматтардың мемлекеттік тілді тегін оқып-үйрену, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда 200-ден астам аудармашы жұмыс істейді. 140 үйірмеде 2 мыңға жуық азаматтар мемлекеттік тілді, ұлттық диаспоралар өкілдері ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде өз ана тілдерін оқып, үйренуде. Облыстың көптеген мемлекеттік мекемелерінде компьютерлерге мемлекеттік тілді жедел үйретуді көздейтін "Қазақ тілінде жұмыс істеуді бастаймыз" атты арнаулы бағдарлама енгізілді. Бұл бағыттағы оң тәжірибе "Атырау мұнай өңдеу зауыты" АҚ-да, "Қазақтелеком" ААҚ, "Ембімұнайгаз" ААҚ-ында және басқа да ірі кәсіпорындарда жинақталған. Жергілікті баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары қалыптастырып отырған ақпараттық ортада мемлекеттік тіл басым орын алады. Мысалы, облыстық телерадиокомпанияның хабарларының жалпы көлемінің 60% астамы мемлекеттік тілде таратылуда. Сонымен бірге бірқатар мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізу, мемлекеттік тілді оқыту мәселелері әлі де болса өз шешімін таппай келеді.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Атырау облысы халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына және тілдік заңдылықтар саласындағы басқа нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген үш негізгі мақсатты белгілейді: - мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайту; - орыс тілінің жалпы мәдени функциясын сақтау; - этникалық топтардың тілдерін дамыту; Осы мақсаттарды іске асыру мына міндеттерді шешуді көздейді: - облыс аумағында мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; - мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету; - облыс әкімінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №351 "Атырау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы" шешімінің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; - облыс азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау; - Атырау облысында орыс тілінің жалпы мәдени функциясын сақтауға жәрдемдесу; - өзге этникалық қауымдастықтар тілдерін сақтауға және дамытуға, соның ішінде жәрдемдесу жолымен диаспоралар өкілдерінің ана тілін үйренуіне көмек көрсету арқылы, мемлекеттік қолдау көрсету.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері Бағдарламаның негізгі бағыттары "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" басымдылықтарына сәйкес қалыптастырылды: 1 басымдық: Өңірдегі тіл саясатын іске асыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету Тілдер туралы заңнама талаптарының сақталуына бақылау жасау саласында қадағалау органдарымен қарым-қатынасты күшейту, оның бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту. Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптары бойынша қолданатын мемлекеттік органдар, ±ұйымдар және мекемелер қызметкерлерін материалдық ынталандыру туралы заң актілерін іске асыру мәселелерінде жергілікті және аумақтық атқарушы органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. 2 басымдық: Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару саласындағы іскерлік қатынастар тілі ретінде дамыту Мемлекеттік қызметкерлерге арналған бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламаға негізделген оқу курстарының жұмысын жалғастыру, әр түрлі санаттағы мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде меңгеру дайындығының нақты критериін айқындау. Шетелдік компаниялармен қарым-қатынаста, сыртқы экономикалық қызметте және өңірдегі сыртқы байланыстардың өзге салаларында мемлекеттік тілдің жұмыс тілі ретінде қолданылуы үшін негіз жасау керек. 3 басымдық: Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдерді дамыту Балалардың бастапқы тілдік дайындығында мектепке дейінгі ұйымдар зор роль атқарады. Сондықтан олардың санын көбейту жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі±ұйымдар жүйесін кеңейту назарда болуы тиіс. Басқа тілдегі топтарда, сыныптарда, оқу орындарында қазақ тілі пәнінің оқытылу сапасын көтерудің өзектілігін арттыру. Қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның ішінде білім беру жүйесінде іс жүзінде тұрақты жұмыс жасап отырған орыс тілінің қазіргі мәртебесін сақтауға жәрдем көрсету керек. Өңірдегі±ұлттық қауымдастықтардың ана тілін үйрететін жексенбілік мектептер, курстар және басқа да оқу нысандарын кеңейту шараларын алу. 4 басымдық: Тілдерді дамытудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету Кітапшалар, плакаттар, жаднамалар шығару, тіл саясатының әр түрлі мәселелері бойынша сызбалар, карталар, слайдтар және басқа да материалдар әзірлеу, ономастика және топонимика мәселелері бойынша қажетті ұсыныстар дайындау арқылы тіл саясатын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бағытына мақсатты қызметті жүзеге асыру. 5 басымдық: Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму Мәдениет саласында мемлекеттік тілдің бұқаралық мәдениет, әсіресе жастар тәрбиесі саласында қолданылуына айрықша назар аудару қажет. Мемлекеттік тілдегі телерадиохабарлардың, басылымдардың санының өсуіне, олардың сапасының артуына жәрдемдесу керек. Тұрғындарға қызмет көрсететін салалардағы мемлекеттік тілдің іс жүзінде кеңінен қолданылуына ықпал жасау. Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі - Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) жыл сайын кезең-кезеңімен орындалуы болып табылады.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі
6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға қажетті қаражат жыл сайын облыстық бюджетте қарастырылады. Қалалық, аудандық және салалық бағдарламалар жергілікті бюджеттердің есебінен және тиісті мекемелер мен±ұйымдарға облыстық бюджеттен көзделген қаражат шегінде қаржыландырылады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаның іске асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаның іске асырудан күтілетін нәтижелер Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік Бағдарламасын іске асырудың нәтижелері мыналар болмақ: - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыру, оның заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функцияларын облыс аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыру; - орыс тілінің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген негізгі функцияларын толық көлемде сақтау; - облыс аумағындағы тұратын басқа да халықтарды ±ұлттық тілдерін сақтау мен дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар Ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралары 1 Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу Облыс әкімияты қаулысының жобасы Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 2 Атырау облысындағы тілдерді қолдану мен дамыту бағдар- ламасының іске асырылу барысын әлеуметтік зерттеу Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 3 Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының орындалуы жөнінде мемлекеттік мекемелерді тексеру Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала және аудан әкімияттары, департамент- тер, басқар- малар, бөлімдер басшылары 4 Облыстық ономастикалық комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 5 Облыстық ономастикалық комиссияның жұмысшы тобы мүшелерінің және сарапшылардың облыс елді мекендеріне шығуы Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 6 Конституция қабылдануының 10 жылдығына арналған "дөңгелек үстел" Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 7 Оралхан Бөкеев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің жыл сайынғы республикалық конкурсына облыс өкілдерін қатыстыруды қамтамасыз ету Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 8 Облыстық елді мекендердегі көрнекі ақпараттардың, жарнамалардың, билбордтар- дың тізімін жасап, жәй-күйіне талдау жасап, тиісті ұсыныстар беру Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім кестенің жалғасы Орындалу мерзімі Болжамды шығыстар Қаржыландыру көздері Ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралары 2006 жылғы 4-тоқсан Қаржыландыруды талап етпейді 2005 жылғы 4-тоқсан 300 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 4-тоқсан 300 мың теңге Бекітілген кестеге сәйкес Қаржыландыруды талап етпейді 2005 жылғы 1-4 тоқсан- дар 2006 жылғы 1-4 тоқсан- дар Қаржыландыруды талап етпейді 2005 жылғы 1-4 тоқсан 150 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 1-4 тоқсан 150 мың теңге 2005 жылғы тамыз Қаржыландыруды талап етпейді 2005 жыл 100 мың теңге 2006 жыл 100 мың теңге 2005- 2006 жылдар Қаржыландыруды талап етпейді кестенің жалғасы Білім беру және тілдерге оқыту саласындағы тілдерді дамыту 1 Жоғары және орта кәсіптік оқу орында- рында мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау Облыс әкімиятына ақпарат Білім беру департаменті, оқу орындары басшылары (келісім
Тармақша бойынша
бойынша) 2 Қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту жөніндегі жұмыстар Облыс әкімиятына ақпарат Білім беру департаменті, қала және аудандар әкімияттары 3 Ұлттық диаспоралар өкілдеріне ана тілін оқытатын жексенбілік мектептер, курстар және басқа да оқу түрлерін ұйымдастыру жөнінде±ұлттық-мәдени орталықтармен өзара іс-қимыл жасау Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының хатшылығы, Білім беру департаменті 4 Басқа тілдерде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдері арасында Үздік мұғалім облыстық, қалалық, аудандық сайыстарын ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Білім беру департаменті, Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала және аудандар әкімияттары Әдістемелік-лингивистикалық қамтамасыз ету 1 Облыс мекемелерінің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөніндегі жұмыс тәжірибелерін насихаттайтын әдістемелік әдебиеттер шығару Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 2 Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің, топономиялық объектілердің атауларын түсіндіретін "Атамекен" атаулары анықтамалығын, жаңа ономастикалық атаулар туралы бюллетеньдер, мемлекеттік тілді оқып, үйренушілерге арналған сөздіктер шығару Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала және аудандар әкімияттары, статистика басқармасы, "Атырау- Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім
Тармақша бойынша
бойынша) 3 Облыстағы тіл саясаты жәй-күйін талдау материалдарын дайындау Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 4 Республикалық орталық- тар ғалымдарының, мамандарының қаты- суымен тілдерді дамыту, іс жүргізуді жетілдіру проблема- лары бойынша өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциялар Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 5 "Ұлттық тәрбие және отбасы", "Ана тіл - рухани қазына", "Этнопедагогика және±ұлттық тіл", "Тіл және ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі", "Тіл тағдыры - ел тағдыры", "Мемлекеттік тіл және компьютер", "Мемле- кеттік тілде іс жүргізудің жәй-күйі және оның болашағы", "Қазақ әліпбиі: кириллица, әлде латын?", "Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тіл үйрету мәселелері" деген тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 6 Ұлттық диаспоралар өкілдерінің мемлекеттік тілді білуіне арналған "Тілге құрмет - елге құрмет" конкурстары Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала және аудандар әкімияттары, Мәдениет бөлімі, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ішкі саясат департаменті кестенің жалғасы Білім беру және тілдерге оқыту саласындағы тілдерді дамыту 2005-2006 жылдар Қаржыландыруды талап етпейді 2005- 2006 жылдар Қаржыландыруды талап етпейді 2005-2006 жылдар Қаржыландыруды талап етпейді 2005 жылғы 2-тоқсан 250 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 2-тоқсан 250 мың теңге Әдістемелік-лингивистикалық қамтамасыз ету 2005 жылғы 4 тоқсан 400  мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 4 тоқсан 400  мың теңге 2005 жылғы 4 тоқсан 400 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 4 тоқсан 600 мың теңге 2005 жылғы 2-4 тоқсандар 2006 жылғы 2-4 тоқсандар Қаржыландыруды талап етпейді 2005 жылғы 3 тоқсан 450 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 3 тоқсан 450 мың теңге 2005 жылғы 4 тоқсан 200 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 4 тоқсан 200 мың теңге 2005 жылғы 4 тоқсан 500 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 4 тоқсан 500 мың теңге кестенің жалғасы 7 Славян жазуы күндерін өткізу Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала және аудандар әкімияттары, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының хатшылығы, Мәдениет бөлімі 8 Қазақстан халықтары тілдерінің Күніне арналған облыс халықтары тілдері фестивальдарын өткізу Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, Атырау қаласы әкімияты, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының хатшылығы, Мәдениет бөлімі кестенің жалғасы 2005 жылғы 2 тоқсан 400 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 2 тоқсан 400 мың теңге 2005 жылғы 3 тоқсан 800 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 3 тоқсан 800 мың теңге кестенің жалғасы Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту 1 Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурстар өткізу Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала, аудандар әкімияттары, Мәдениет бөлімі 2 Жастар арасында Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың иегері - Нұралы Әжіғалиевті еске алуға арналған әдеби оқуларды ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала және аудандар әкімияттары, Мәдениет бөлімі, "Атырау-Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім
Тармақша бойынша
бойынша) кестенің жалғасы Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту 2005 жылғы 2 тоқсан 500 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 1 тоқсан 500 мың теңге 2006 жыл 3 тоқсан 500 мың теңге Облыстық бюджет кестенің жалғасы 3 "Үздік аудармашы" облыстық конкурсын өткізу Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, қала және аудандар әкімияттары, тиісті департа- менттер, басқар- малар және бөлімдер, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдар (келісім
Тармақша бойынша
бойынша) 4 Облыстық телерадиоэфирде "Қазақ тілін үйренеміз" хабарларын ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, Атырау универси- теті, Облыстық телерадиокомпания (келісім бойынша) 5 Мемлекеттік тілдің тұрғындарға қызмет көрсету саласында қолданылуын іс жүзінде қамтамасыз ету Облыс әкімиятына ақпарат Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Денсаулық сақтау департаменті, Кәсіп керлік және өнеркәсіп департаменті, қала және аудандар әкімияттары 6 Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік тілді оқып-үйрену жөніндегі курстарды лингвистикалық орталықтар арқылы ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім 7 Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ-да "Мемлекеттік тіл және БАҚ", "Қазіргі баспасөз тілі", "БАҚ-тілдік ортаны қалыптасты- рудың факторы" атты арнаулы тақырыптардағы жарияланымдар мен хабарлар, "Тіл мәдениеті", "Дұрыс сөйлеп, жаза білейік", "Сөз сыры" айдарларын- дағы хабарлар топ- тамасы арқылы насихаттау Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, Атырау-Ақпарат коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, облыстық телерадиокомпания (келісім бойынша) 8 "Қазақ тілінің үздік оқытушысы" облыстық конкурстарын ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Тілдерді дамыту жөніндегі бөлім, Білім беру департаменті 2005 ж. - 7 млн 300 000 тг, 2006 ж. - 8 млн 000 000 тг. Барлығы:  15 300 000 (он бес миллион үш жүз мың теңге) кестенің жалғасы 2005 жылғы 3 тоқсан 300 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 3 тоқсан 300  мың теңге 2005 жылғы 3-4 тоқсан 300 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 1-4 тоқсан 300 мың теңге 2005-2006 жылдар қаржыландыруды талап етпейді 2005 жылғы 3-4 тоқсан 1.800 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 4 тоқсан 1.800 мың теңге 2005 жылғы 3-4 тоқсан қаржыландыруды талап етпейді 2006 жылғы 1-4 тоқсан 2005 жылғы 4 тоқсан 350 мың теңге Облыстық бюджет 2006 жылғы 4 тоқсан 350 мың теңге