Об утверждении Программы функционирования и развития языков в Акмолинской области на 2005-2006 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1146 "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған шаралар жоспары туралы" Қаулысына сәйкес және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № А-11/308 Қаулысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Бағдарламаның құрылымы
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 30 мамырдағы
№ 3С-12-7 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның құрылымы
Тармақ 1
1. Бағдарлама төлқұжаты - 3
Тармақ 2
2. Кіріспе - 5
Тармақ 3
3. Проблеманың бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау - 6
Тармақ 4
4. Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері - 7
Тармақ 5
5. Тілдік дамудың басым бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері - 9
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері - 11
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер - 11
Тармақ 8. Бағдарлама төлқұжаты
8. Ақмола оллысында тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасын жүзеге асырудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-шараларының жоспары - 12
Бағдарлама төлқұжаты
Атауы
Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімімен құпталған Қазақстан Республикасы тіл саясаты Тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шараларының жоспары туралы" 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1146 Қаулысына сәйкес әзірленді.
Негізгі әзірлеуші
Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы
Бағдарламаның негізгі шараларының тізбесі
Облыс аумағында Тіл Заңының орындалуын қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру, жыл сайын семинарлар, конкурстар өткізу, көрнекі ақпараттарды тіл заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру және тағы басқалары.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Облыс халықтарының тілдерін дамытудың стратегиясы негізгі үш мақсатты айқындайды:
мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;
этникалық топтардың тілдерін дамыту.
Міндеттері
Бағдарлама мақсаттарын іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" ҚР Заңының орындалуын ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадр ресурстарымен қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыру;
Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын, осы мақсатта облыс аумағындағы мемлекеттік басқару органдарында жиналыс, мәжіліс, кеңестердің мемлекеттік тілде өткізілуін, хат-хабар алмасуды, азаматтарды қабылдау, олардың өтініш-тілектерімен жұмысты міндетті түрде екі тілде жүргізуді қамтамасыз ету;
Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін жүзеге асыру арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын іске асыру мақсатында облыс көлемінде жергілікті бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздері есебінен азаматтарға мемлекеттік тілді оқыту жұмысын одан әрі жалғастыру;
Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
Этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкілдерінің ана тілін оқытуға мемлекеттік қолдау көрсету.
Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
Бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар:
Мемлекеттік органдарда тілдерді дамыту проблемасын шешу;
Білім беру саласындағы тілдік даму және тілдерді оқыту;
Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі тетігі болып жыл сайын ағымдағы шаралар жүйесін кезең-кезеңмен орындау болып табылады.
Жүзеге асыру мерзімдері
2005-2006 жылдар
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыруға арналған бюджет қаражатына ең төменгі есептік қажеттілікті жылма-жыл облыс әкімдігінің ұсынысы бойынша облыстық мәслихат анықтайды.
Күтілетін нәтижелер
Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасын іске асыру облыс аумағында қолданылатын тілдердің қажетті функционалдық арақатынасына қол жеткізумен айқындалатын, оңтайлы әлеуметтік-
лингвистикалық кеңістік құруды көздейді.
Бағдарламаның орындалуын бақылауды ұйымдастыру жүйесі
Облыс аумағындағы кәсіпорын, мекеме, ұйымдарда тіл заңнамаларының орындалу барысы туралы осы кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларының есептерін облыстық тіл саясаты және ономастика комиссиясының мәжілістерінде тыңдау;
Аудандық, қалалық әкімдіктердің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімдері, тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма тарапынан тексерістер, рейдтер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына шолу, мониторинг жасау.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2 жылға арналған.
Белгіленіп, ресурстары, жауапты орындаушылары мен мерзімдері тұжырымдалған мақсаттарды, міндеттер мен басымдықтарды жүзеге асырудың нақты іс-әрекеттері Бағдарламаның құрамдас бөлігі ретінде оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары түрінде ұсынылады.
Осы Бағдарламаны әзірлеу облыс аумағында оңтайлы функционалдық-лингвистикалық кеңістік құру үшін мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының нысаналы да жүйелі қызметін жүзеге асырудың бірыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттігінен туындайды.
Тарау 3. 3. Проблеманың бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау
3. Проблеманың бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы, оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары мен іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің кестесі екінші сайланған облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 шілдедегі он сегізінші сессиясында қаралып, №№С-18-4 шешіммен бекітілген болатын.
Бағдарламаның негізгі шараларының тізбесі - облыс аумағында "Тіл туралы" Заңның орындалуын қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру, облыс орталығында мемлекеттік тілді үйрету орталығын ашу, облыс әкімдігінің мәжіліс залын ілеспе аударма құралдарымен жабдықтау, облыс орталығында билборд орнату, жыл сайын семинарлар, конкурстар өткізу, көрнекі ақпараттарды тіл заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру және тағы басқалары болатын. Аталмыш мақсаттар мен шаралар бүгінгі таңда жүзеге асырылды деуге толық негіз бар.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды жүзеге асыруға байланысты мәселе 2001 жылдың қыркүйегінде облыс әкімі жанындағы алқа мәжілісінде қаралды, сондай-ақ аудандық (қалалық) алқа мәжілістерінде - 24, мәслихат сессияларында - 8, үйлестіру кеңестерінде - 17, әкімдердің өзге кеңестері мен мәжілістерінде - 8 рет; облыстық тіл саясаты және ономастика комиссиясының тоқсан сайынғы отырыстарында жүйелі түрде қаралды.
Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған іс-шаралары жоспарына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен "Ақмола облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы" ашылды. Ресми шаралар, мәжілістер мен кеңестер өткізу үшін облыстық әкімдіктің мәжіліс залы ілеспе аударма техникалық құралымен жабдықталды. Аудандық және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның орындалуын қамтамасыз ету, меншік нысанына қарамастан барлық облыстық құрылымдардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі қызметін үйлестіру мақсатында облыс әкімінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №№48 шешімімен облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды, қазір Ақмола облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.
Өткен мерзім ішінде облыстық тіл саясаты және ономастика комиссиясының 8 мәжілісі болып, онда 2 мәрте білім беру саласындағы жұмыс, 4 рет аудандық комиссиялардың жұмысы, 1 рет денсаулық сақтау саласы, 3 рет құқық қорғау органдары, 9 рет басқа құрылымдар жұмысы қаралды.
Ономастика жұмысы облыс көлемінде жақсы жолға қойылуда. 2002-2004 жылдары облыс бойынша 11 нысан (Щучье ауданының Щорс орта мектебіне - Наурызбай, Аршалы ауданының Александровка орта мектебіне - Иманжүсіп Құтпанұлы, Сандықтау ауданының Веселов орта мектебіне - Социалистік Еңбек Ері Байдалы Оразалин аты берілсе, Көкшетау қаласындағы "Зайчик" мектеп балабақшасы - "Ер Төстік" болып өзгерді. Атбасар ауданы Тілекей ауылы - Есенкелді, Тілекей ауылдық округі - Есенкелді ауылдық округі болып қайта аталды және т.б.) өзгертіліп, жаңа атаулар берілді.
Облыстық бағдарлама мен іс-шаралар жоспарының 10-тармағына сәйкес 2002 - 2004 жылдары Қорғалжың, Ерейментау, Целиноград, Еңбекшілдер, Атбасар, Зеренді аудандары іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірді. 2005 жылы Ақкөл, Щучье, Жақсы аудандары көшіретін болады. Ал жалпы облыс көлемінде бұл жұмыс 2010 жылдың аяғына дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Бүгінгі таңда 6 аудан, 90 ауылдық округ, 288 елді мекен іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірді. Мемлекеттік тілде іс жүргізумен штаттағы 131 аудармашы айналысады, 64 адам келісім-шарт негізінде жұмыс істейді, 22 адам оны негізгі қызметімен қоса атқарады.
Ересектерге, әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін үйретуге байланысты облыста біршама жұмыс атқарылуда. 2003 жылдың басында 162 қазақ тілі үйірмесінде 3240 тыңдаушы болса, 2004 жылы үйірме саны 189-ға, ал тыңдаушылар саны 4290-ға жетті.
Тарау 4. 4. Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
4. Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңда көрініс тапқан лингвистикалық өрісті қалыптастырудың функционалдық принциптеріне сәйкес сараланған айқындама негізінде тіл құрылысын үш бағытта:
мемлекеттік тілдің әлеуметтік - коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;
Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту бойынша жҮзеге асыру орынды болмақ.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту мақсатына қол жеткізу өз кезегінде мына міндеттерді шешуді талап етеді:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын, осы мақсатта облыс аумағындағы мемлекеттік басқару органдарында жиналыс, мәжіліс, кеңестердің міндетті түрде мемлекеттік тілде өткізілуін, хат-хабар алмасуды, азаматтарды қабылдау, олардың өтініш-тілектерімен жұмысты екі тілде жүргізуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде меңгеруі жолындағы шараларды жүзеге асыруды одан әрі жалғастыру, мемлекеттік тілді оқыту орталығында оқу бағдарламаларын жетілдіріп, білім беру сапасын арттыру; кәсіпорын, мекеме, ұйымдардағы тіл оқыту үйірмелерінің жұмысына қатаң бақылау жасап, оқу тиімділігін арттыру; аудан орталықтары мен Степногор қаласында кадрларға мемлекеттік тілді оқытып, үйрету;
мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынастың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдарда актілерді әзірлеу мен қабылдауда негізгі тіл ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кестесін жүзеге асыру арқылы барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс жүргізудің негізгі тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізуді Ақкөл, Щучье, Жақсы аудандарында 2005 жылы, Көкшетау қаласы мен Жарқайың ауданында 2006 жылы көшіру.
Тармақша 2
2) Облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау.
Тармақша 3
3) Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік тілде шығарылатын бұқаралық ақпарат құралдарының таралымын көбейтуді қатаң бақылауға алып, осы мақсатта пәрменді шаралар қолдану;
Орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешуге назар аудару қажет:
мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
ғылым мен білім беру саласында орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету;
Этникалық топтардың тілдерін дамыту мақсатына қол жеткізу мына міндеттерді шешуді талап етеді:
этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкілдерінің ана тілін оқуына мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
этникалық қауымдастықтар тілдерінің мәдениет саласында қолданылуына жағдай жасау;
этникалық қауымдастықтар тілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуына жәрдемдесу;
облыстың орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында ұлт тілдері бойынша мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
Ана тілін оқытатын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық - мәдени бірлестіктерді (орталықтарды) бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға тарту.
Тарау 5. 5. Тілдік дамудың негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетіктері
5. Тілдік дамудың негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетіктері
Облыстық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне орай тілдік дамудың басым бағыттары мына тұрғыда қалыптасады:
Тармақша 1
1) Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
Тілдерді дамытуды құқықтық қамтамасыз етудегі басты міндет - Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен ережелерін қоғамдық өмірдің барлық салаларында қатаң сақтау. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 23 - бабы мен тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгеніндей, мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесі заңмен айқындалуға тиіс.
Тармақша 2
2) Тіл - мемлекеттік органдарда
Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту кадрлардың тиісті тіл даярлығын талап етеді. Бұл ретте мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарын жүргізу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актілерін әзірлеу мен қабылдау саласында да қолдану мәселесіне назар аударған жөн.
Тармақша 3
3) Білім беру және тіл оқыту саласында тілдік даму
Балалардың бастапқы тіл даярлығында мектепке дейінгі мекемелер зор рөл атқаруға тиіс. Сондықтан мектеп жасына дейінгі қазақша мекемелер жүйесін кеңейтуге назар аударған жөн.
Тіл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жалпы білім беретін мектептер үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр.
Мемлекеттік тілдің бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі жағдайы одан әрі де жақсартуды талап етеді.
Тілдерді тиімді меңгеру саласында мүмкіндіктерді кеңейту мен тереңдету үшін дәстүрлі оқу орындарындағы оқытумен қатар кейбір басқа әдістер де керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Өз бетімен оқып үйренуге арналған теле- және радиохабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тілі сабақтарын өткізудің түрлі нысандары кеңінен енгізілгені дұрыс.
Алайда, басты бағыт мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған тегін тіл курстарының жүйесін ұйымдастыру мен қолдану болуға тиіс. Мұндай курстар жұмыс орындарында құрылғаны жөн.
Тармақша 4
4) Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
Мәдениет саласында мемлекеттік тілде шығарылатын кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар, жастар журналдары сияқты неғұрлым бұқаралық әрі көріністі нысандарға айрықша назар аудару қажет, мемлекеттік тілде шығарылатын бұқаралық ақпарат құралдарының таралымын көбейтуді қатаң бақылауға алып, осы мақсатта пәрменді шаралар қолдану керек;
Мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін қамтамасыз етудің неғұрлым күрделі учаскелерінің бірі халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Аталған талаптар атқаруға тиіс кәсіби міндеттерінің қажеттігімен сабақтасып жатқан салаларда мемлекеттік тілді меңгеру бөлігінде міндетті талаптарды белгілеу қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлік ұйымдары, банктердің есеп-кассалық бөлімдері жатады.
Тармақша 5
5) Тілдік дамудың басым бағыттары мен жүзеге асыру асыру тетіктері
Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі ағымдағы іс-шаралар жүйесін жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып табылады.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат облыстың сәйкес мекемелер бюджетінде көзделген көлемі шегінде облыстық бюджеттің қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған өзге де көздерден бөлінеді.
2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін 17877 мың теңге, соның ішінде 2005 жылға 8925 мың теңге, 2006 жылға -8952 мың теңге қажет. 2007 және одан кейінгі жылдардағы қаржыландыру мәселесі облыстық әкімдіктің ұсынысы ойынша облыстық мәслихат сессиясында анықталады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасын іске асыру нәтижесінде облыс аумағында қолданылатын тілдердің қажетті функционалдық арақатынасына қол жеткізумен айқындалатын, оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құрылады.
Тарау 8. 8. Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-шараларының ЖОСПАРЫ
8. Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-шараларының ЖОСПАРЫ
№
Шаралар
Аяқталу
нысаны
Орындаушылар
1) Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
1
2
3
4
1
"Қазақстан Республикасында ғы тіл туралы" Заңның іске асырылуын қажетті материалдық-техникалық және кадр ресурстарымен, жергілікті басқару органдарын мемлекеттік тілдегі заңдылықтар туралы деректер қорымен қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыру
Нормативтік-құқықтық акті
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері мен әкімдері
2
Конституция нормалары мен "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң талаптарының, 2001-2010 жылғы мемлекеттік бағдарламаның орындалуын жүйелі тексеру
Облыстық әкімдікке ақпарат, ҚР МАСМ-не есеп
ОТДБ
3
Облыстық тіл саясаты және ономастика комиссиясының мәжілістерінде тілдерді қолдану мен дамыту,тіл туралы заңдылықтардың сақталу, ономастика мәселелерін жүйелі қарау
Комиссия шешімдері
ОТДБ, Тіл саясаты бойынша
облыстық комиссиясы
4
ҚР Премьер-Министрінің мемлекеттік тілде құжаттамалар әзірлейтін әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру туралы 21.09.2000 ж. 117-ө өкімінің орындалуын бақылау
Мекеме, кәсіпорын бойынша бұйрық
облыс әкімінің
аппараты, аудан, қала әкімдері
5
Мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің арақатынасын сақтау тұрғысында БАҚ туралы ҚР заңнамаларының талаптарын орындауды қамтамасыз ету, заңдылықтардың сақталуын қатаң бақылау
Тексеру актісі, редакция бойынша бұйрық
ОТДБ, басшылар және БАҚ
6
Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасын іске асырудың 2007-2008 жылдарға арналған іс-шараларының жоспарын жасау
Іс-шаралар
жоспары
ОТДБ
2) Тілдердің мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылуы
1
Аудандар мен Степногор қаласында кадрларға мемлекеттік тілді оқыту
Нормативтік-құқықтық акті
ОМТОО, аудандық және Степногор қалалық әкімдіктері
Степногор қаласы
Ақкөл
Бұланды
Жақсы ауданы
Еңбекшілдер
Ерейментау
Зеренді
2
Мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі облыстық орталықта лигафон кабинетін жабдықтау
Нормативтік-
құқықтық акті
Мемлекеттік тілді оқыту орталығы
3
Аудандық, қалалық әкімдіктер мен ауылдық округтерде іс-қағаздарының мемлекеттік тілге көшірілуіне бақылау жасауды ұйымдастыру
Нормативтік-құқықтық акті
әкім аппаратының жетекшісі, аппараттың ұйымдастыру-бақылау бөлімі
4
Облыстық басқармалардың, департаменттердің, ведомстволардың, мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік тілді оқыту Орталығында оқытуды одан әрі жалғастыру
Нормативтік-құқықтық акті
Мемлекеттік тілді оқыту Орталығы
5
Аудандық, қалалық әкімдіктері аппаратының аудармашыларымен,іс- қағаздарын жүргізушілерімен дұрыс іс жүргізу жөнінде семинарлар өткізу
Нормативтік-құқықтық акті
Аудан,қала әкімдігі аппаратының жетекшісі
6
Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу:
1)Мемлекеттік қызметшілер арасында
мемлекеттік тіл білуден "Үздік маман" конкурсын өткізу
2)Мемлекеттік мекемелерде үздік қазақ тілі
кабинеттері конкурстарын өткізу
Нормативтік-құқықтық акті
ОТДБ, аудандық, қалалық әкімдіктер
7
"Үздік аудармашы" конкурсын ұйымдастыру және өткізу
Нормативтік-құқық-тық акті
ОТДБ, аудандық, қалалық әкімдіктер
8
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу
Бұйрықтар мен өкімдер
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік органдар (келісім бойынша)
3) Тіл білім беру және тілдерді үйрету саласында
1
Жалпы білім беретін орта мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқыту сағаттарын факультативтік сабақтар есебінен көбейту
Бұйрық
Білім департаменті
2
Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қазақша білім алған мамандар даярлауды одан әрі жалғастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстың оқу орындары
3
Жексенбілік мектептеріне ана тілін үйретуде әдістемелік қолдау жасау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Білім департаменті, ІСД, ОТДБ
4
Балалар үйлерінде, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттар жүйесінде қазақша оқыту көлемін ұлғайту
Облыс әкімдігіне ақпарат
Білім департаменті
5
Білім беру ұйымдарының әртүрлі топтарындағы қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын тестілік жүйелерді кеңінен пайдалануды қамтамасыз ету
Бұйрық
Білім департаменті, кадр біліктілігін жетілдіру институты, ОТДБ
6
Орта білім беру саласында қазақ тілін тереңдете оқыту жүйесін енгізуді жалғастыру
Бұйрық
Білім департаменті
7
Мемлекеттік тіл меңгерген кәсіптік -техникалық мектеп оқушылары арасында "Тіл - достықтың дәнекері" байқаулары мен конкурстарын өткізу
Бұйрық
Білім департаменті
8
КТМ, колледждердің оқушылары арасында қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша облыстық олимпиада өткізу
Бұйрық
Білім департаменті
9
"Облыстың жалпы орта білім
беретін мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытуды дамыту және одан әрі тереңдету жолдары" тақырыбына облыстық конференция өткізу
Бұйрық, нормативтік-құқықтық акті
Білім департаменті, ОТДБ
10
Мектептердің, КТМ, колледждердің үздік қазақ тілі кабинеті конкурсын өткізу
Бұйрық
Білім департаменті
11
Облыстық "Қазақ тілінің үздік оқытушысы" конкурсын өткізіп, жеңімпаздарын республикалық конкурсқа қатысуын қамтамасыз ету
Бұйрықтар
БД, ОТДБ, аудан, қала әкімдіктері
12
Облыстағы қалалар мен аудандарда қоғамдық негізде ұлттық қазақ орталықтарын ұйымдастыру, онда ана тілін,
Қазақстанның тарихы мен мәдениетін үйрету
Нормативтік-құқықтық акті
ОТДБ, Білім департаменті
13
Жыл сайынғы бала бақшалар тәрбиеленушілері арасындағы мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын облыстық "Балғын шақ" байқауын өткізу
Нормативтік-құқықтық акті
ОТДБ, аудандық, қалалық әкімдіктер
4) Ғылыми-лингвистикалық жұмыс
1
Тілдерді дамыту проблемалары бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, облыстағы тілдік ахуал туралы деректер банкісін қалыптастыру
Бұйрық
ОТДБ
5) Тіл-мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету салаларында
1
Облыстың барлық мәдениет және өнер мекемелерінің іс-қағаздарын жүргізуге мемлекеттік тілді енгізуді аяқтау
Облыстық әкімдікке ақпарат
Мәдениет басқармасы
2
ұлттық мәдениетті, салт - дәстүрді насихаттау арқылы тәрбие жұмысын жүргізу мақсатымен қоғамдық негізде жастар мен студенттердің "Мұрагер" клубын ұйымдастыру
Бұйрық
ІСД, облыстық жастар бірлестіктерінің қауымдастығы, мәдениет басқармасы
3
Облыс жұртшылығы арасында қазақ тілін және басқа тілдерді клуб, кітапхана, мұражай жұмысының барлық нысандарымен насихаттау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Мәдениет басқармасы
4
Барлық ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалін өткізу
Нормативтік-құқықтық акті, басқарма бұйрығы
ОТДБ, ҰМО, аудандық, қалалық әкімдіктер
5
Оралхан Бөкей атындағы және облыс ақын-жазушылары мен драматургтарының шығармалары бойынша көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауларын өткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
ОТДБ, аудандық, қалалық әкімдіктер
6
Шахмет Құсайыновтың 100 жылдығына орай "Дөңгелек үстел" өткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
ОТДБ, облыстық қазақ драма театры (келісім бойынша)
7
Жыл сайын облыстық ақындар мүшәйрасын өткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
ОТДБ, облыстық қазақ драма театры (келісім бойынша)
8
Сазгерлер арасында қазақ тілі туралы үздік әндер шығармашылығына облыстық байқау өткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
ОТДБ
9
Облыста мемлекеттік тілді дамыту шараларын ақпараттық -насихаттық қолдау, осы орайдағы байқау, конкурс және басқа шаралардың ережелері мен шарттарын мемлекеттік БАҚ-да тегін жариялау
Облыс әкімдігіне ақпарат
ІСД, облыс БАқ
10
Қазақ тілінде эфирге тартымды жастар телехабарларын шығару
Облыс әкімдігіне ақпарат
ОблТРК
11
"Ана тілімізге - ақ жол" облыстық телемарафонын өткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
ОблТРК, ІСД
12
"Мемлекеттік тіл және БАҚ конкурсын" өткізу
Бұйрықтар
ОТДБ, облыс БАқ
13
Тілдерді дамыту проблемаларына арналған "дөңгелек үстел", семинар, кеңестер және т.б. өткізу
ҚР МАСМ-не ақпарат
ОТДБ
14
Көлік, сауда, денсаулық сақтау және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпарат қызмет салаларында, төтенше қызметтердің кезекші бөлімдері мен диспетчерлік пункттерінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету
Бұйрықтар
Тиісті облыстық басқармалар мен ведомстволар
кестенің жалғасы
мерзімдері
Болжамды шығындар
Қаржыландыру көзі
1) Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
5
6
7
2005-2006 жылдар ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
2005-2006 жылдар ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
Тоқсан сайын 1 рет
2005-2006 жылдар
Қаржыландыру талап етілмейді
2005-2006 жылдар ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
2006 жылдың IV тоқсаны
Қаржыландыру талап етілмейді
2) Тілдердің мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылуы
2005-2006 жылдар
Аудан, қаламен келісім бойынша:
Аудандар мен қала бюджеттерінен, соның ішінде:
2005-2006 жылдар
Көзделген қаржы көлемінде
Жергілікті бюджет
2005-2006 жылдар
Көзделген қаржы көлемінде
Жергілікті бюджет
2005-2006 жылдар
Көзделген қаржы көлемінде
Жергілікті бюджет
2005-2006 жылдар.
Көзделген қаржы көлемінде
Жергілікті бюджет
2006 жылы
Көзделген қаржы көлемінде
Жергілікті бюджет
2005-2006 жылдар
Көзделген қаржы көлемінде
Жергілікті бюджет
2005-2006 жылдар
Көзделген қаржы көлемінде
Жергілікті бюджет
2005 жылы
350 мың теңге
облыстық бюджеттен
2005-2006 жылдар ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
2005-2006 жылдар
2005 жылға - 7623 мың теңге, 2006 жылға - 8080 мың теңге
Облыстық бюджеттен
ұдайы жылына 2 рет
Қаржыландыру талап етілмейді
Жыл сайын қыркүйекте
"Үздік маман" конкурсына 2005 жылға 80 мың теңге, 2006 жылға 80 мың теңге кабинеттер конкурсына жыл сайын 102 мың теңгеден
Облыстық бюджеттен
Жыл сайын қыркүйекте
80 мың теңге
Облыстық бюджеттен
2005 жылғы 3 тоқсан
Қаржыландыру талап етілмейді
3) Тіл білім беру және тілдерді үйрету саласында
Жыл сайын
Қаржыландыру талап етілмейді
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
2005 ж. 3 -тоқсаны
Қаржыландыру талап етілмейді
2005 жылдың 2-ші жартысы
Қаржыландыру талап етілмейді
Жыл сайын
Көзделген қаржы көлемінде
Облыстық бюджеттен
Жыл сайын
Көзделген қаржы көлемінде
Облыстық бюджеттен
2005 жылдың 4-тоқсаны
Қаржыландыру талап етілмейді
Жыл сайын
Көзделген қаржы көлемінде
Облыстық бюджеттен
2005 жылдың 4 тоқсаны
2006 жылдың 4 тоқсаны
Жыл сайын 100 мың теңгеден
Облыстық бюджеттен
2006 жылы
Тартылған қаржы есебінен
2005-2006 жылдар
Жыл сайын қыркүйекте
Жылына 60 мың теңгеден
Облыстық бюджеттен
4) Ғылыми-лингвистикалық жұмыс
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
5) Тіл-мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету салаларында
2005 жылы
Қаржыландыру талап етілмейді
2005 жылдың 4-тоқсаны
Қаржыландыру талап етілмейді
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
Жыл сайын
Қаржыландыру талап етілмейді
Жыл сайын
Жыл сайын 200 мың теңгеден
Облыстық бюджеттен
2006 жылы
Қаржыландыру талап етілмейді
Жыл сайын
Жыл сайын 150 мың теңге
Облыстық бюджеттен
2005 жылы
80 мың теңге
Облыстық бюджеттен
2005-2006 жылдары ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
Жылына 1 рет
Қаржыландыру талап етілмейді
жылына 1 рет
100 мың теңгеден
Облыстық бюджеттен
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
ұдайы
Қаржыландыру талап етілмейді
Қысқартылған сөздер тізбесі
ҚР МАСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі
ОТДБ - облыстық тілдерді дамыту басқармасы
ОМТОО - облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы
ІСД - ішкі саясат департаменті
ОБД - облыстық білім департаменті
ОМБ - облыстық мәдениет басқармасы
МҚАБ - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті
ІІББ - ішкі істер бас басқармасы
ҰҚКД - ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
КМУ - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
КТМ - кәсіптік-техникалық мектеп
БЖИ - мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру қызметкерлерінің білімін жетілдіру институты
ҰМО - ұлттық мәдени орталық
ТРК - телерадиокомпания
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам