Об организации и проведении начальной военной подготовки с учащимися допризывного и призывного возрастов в организациях образования Мангистауской области в 2005-2006 учебном году Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының бiлiм беру ұйымдарында әскерге шақырылғанға дейiнгi және әскерге шақыру жасындағы оқушылардың 2005-2006 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығын ұйымдастыру және оны өткiзу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 , "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 08 шiлдедегi N 74 -III Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бастапқы әскери даярлау туралы" 1996 жылғы 01 қарашадағы N 1340 қаулысына сәйкес, ШЕШЕМIН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Маңғыстау облысының оқу орындарында, 2005-2006 оқу жылында бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастырып және оны өткiзудiң" негiзгi iс-шараларының Жоспары (бұдан әрi iс-шаралар Жоспары ) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, бiлiм, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар жөнiндегi (келiсiм бойынша), қорғаныс iстерi жөнiндегi Департаменттерi (келiсiм бойынша) және дене тәрбиесi және спорт басқармасы iс-шаралар жоспарын орындау жөнiнде барлық қажеттi шараларын алсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi Департаментi, осы iс-шаралар жоспары орындалуының барысын оқу жылының қорытындысы бойынша облыс әкiмiне хабарласын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкiмiнiң 2005 жылғы 23 тамыздағы № 6 шешiмiне қосымша Маңғыстау облысының оқу орындарында 2005-2006 оқу жылында бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастырып және оны өткiзудiң негiзгi iс-шараларының ЖОСПАРЫ N Iс-шаралардың атауы Орындау мерзiмi Орындалуына жауаптылар 1 2 3 4 I. Бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасау 1 Оқу жылының қорытындысын шығару, талдау-жүргiзу және БӘД, жастардың әскери-патриоттық және дене шынықтыру даярлығының жай-күйi туралы облыс әкiмiн хабардар ету 2005 жылғы шiлде, тамыз Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм бойынша) 2 Бiрiншi оқу жарты жылдығының қорытындысы бойынша облыстық бiлiм департаментi мен мүдделi ұйымдардың бiрлескен отырысын дайындау және оны өткiзу, онда БӘД, жастар- дың әскери-патриоттық тәрбиесi мен дене шынықтыруын ұйымдастыру және өткiзудi жақсартудың мәселелерiн қарау 2006 жылғы қаңтар Маңғыстау облысының бiлiм департаментi 3 Облыстың оқу орындарын БӘД ұйымдастырушы-оқытушыла- рымен жасақтау жөнiндегi жұмысты жандандыру, ол үшiн келешектiк жасақтау жоспарын қайта қарау, қажетiне қарай толықтыру тұрақты жоспар бойынша Маңғыстау облысының бiлiм департаментi, Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм бойынша) 4 Қарағанды және Талдықорған педагогикалық институттарына және Астана қаласындағы Аграрлық университетi жанындағы бiлiм көтеру курсында БӘД және дене тәрбиесi оқытушыларын даярлау үшiн кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi жұмысты жүргiзу тұрақты жоспар бойынша Маңғыстау облысының бiлiм департаментi, Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм
Тармақша бойынша
бойынша) 5 БӘД, ӘПТ жүргiзу және оқу-материалдық базасын жасау мәселелерi бойынша облыстық бiлiм беру мекемелерiне практикалық көмек көрсетудi жүзеге асыру оқу жылы iшiнде Маңғыстау облысының мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты 6 Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 10 класс, КТМ бітірер алдындағы курстар және АООО-оқушыларымен ұсынылған бағдарлама бойынша 6-күндiк (48
Тармақша сағат
сағат) оқу-дала (лагерлiк) жиындарын ұйымдастыру және оны өткiзу 2006 жылғы мамыр, маусым Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Маңғыстау облысының бiлiм департаментi, Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм
Тармақша бойынша
бойынша) 7 Облыстың оқу орындарында БӘД сабағын өтетiн оқушы жастарды диспансеризациядан өз уақытында өткiзу 2005 жыл қазанға дейiн Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментi, Маңғыстау облысының бiлiм департаментi 8 Облыстың оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтың, әскери-патриоттық және дене тәрбиесiнiң жай-күйiне тексеру жүргiзу кестеге сәйкес Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм
Тармақша бойынша
бойынша),  Маңғыстау облысының бiлiм департаментi, Маңғыстау облысының ТЖ жөнiндегi департаментi (келiсiм бойынша) II. БӘД оқу-материалдық базасын жасау және оны жетiлдiру 9 Бiлiм беру ұйымдары мен басқа да мүдделi ұйымдар БӘД-тың оқу-материалдық базасының барлық элементтерiн жабдықтауға қаражат бөлу мүмкiндiгiн iздестiру, пневматикалық винтовкаларды сатып алу және мектеп тирлерiн құру, қазiргi заманға сай техникалық оқыту құралдарын сатып алу және бөлмелердi жаңарту жыл iшiнде Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Маңғыстау облысының бiлiм департаментi 10 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Бастапқы әскери даярлау туралы" 1996 жылғы 01 қарашадағы N 1340 қаулысының 42-тармағына сәйкес аудан мен қалаларда қорғаныс - спорттық сауықтыру лагерлерiн құру мәселесiн қарау, ол жөнінде облыс әкімиятына ұсыныс енгізу 2006 жылғы мамырға дейiн Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Маңғыстау облысының бiлiм департаментi, Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм бойынша) III. Оқу-әдiстемелiк жұмыс 11 Бiлiм беру ұйымдары, қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармамен  және бөлiмдерiмен бiрлесiп БӘД оқытушы-ұйымдастырушыларын аттестациялауды өткiзу. 2006 жылғы сәуiр, мамыр Аудандық (қалалық) бiлiм және спорт  бөлiмдерi, қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдер (басқарма) (келiсiм бойынша) 12 Қорғаныс iстерi жөнiндегi  басқарма  және бөлiмдерi жанындағы штаттан тыс әдiстемелiк кеңестердiң жұмысын жандандыру. Кеңес мәжiлiстерiнде секция басшыларын тоқсан iшiнде кемiнде  бiр рет тыңдау. кеңестiң жоспары бойынша Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi  (келiсiм бойынша) 13 Оқу орындарында БӘД ұйымдастырушы- оқытушыларының  үш күндiк оқу-әдiстемелiк жиынын ұйымдастыру және оны өткiзу. 2005 жылғы тамыз Аудандық (қалалық) бiлiм және спорт  бөлiмдерi, қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдер (басқарма) (келiсiм бойынша) 14 БӘД ұйымдастырушы- оқытушыларының   ай сайынғы бiр күндiк оқу әдiстемелiк сабақтарының сапасын жақсарту. Оларды қатаң түрде бекiтiлген кесте бойынша өткiзуге, сабақ өткiзуге БӘД оқытушыларын, тәжiрибелi педагогтарды, заңгерлердi және штаттан тыс әдiстемелiк кеңестердiң мүшелерiн тарту кестеге сәйкес тұрақты Аудандық (қалалық) бiлiм және спорт бөлiмдерi, қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдер (басқарма) (келiсiм бойынша) 15 Бастапқы әскери даярлықты өткiзудiң ұнамды тәжiрибесiн зерттеу, қорыту және тарату. жыл iшiнде Маңғыстау облысының мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты, Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм бойынша) 16 МСД оқытушыларының сапалы iрiктелуi мен орналастырылуын қамтамасыз ету және оларға әдiстемелiк көмек көрсету оқу жылы iшiнде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментi 17 Оқу-дала (лагерлiк) жиындар өткiзу кезiнде оқу-әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру 2006 жыл сәуiр,  мамыр Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi  басқарма  мен  бөлiмдерi (келiсiм бойынша) IV. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және дене шынықтыру 18 Әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын жандандыру үшiн "Атамекен" "Тәрбиенiң кешендi бағдарламасын" негiзге ала отырып озық тәжірибе жинақтау және оны оқу орындарына тарату оқу жылы iшiнде Маңғыстау облысының бiлiм департаментi 19 Облыстың оқу орындарында әскери бағыттағы клубтар мен әскери-спорттық секциялардың жұмысын жақсарту және әскери-спорттық мерекелердi өткiзуге қаржы бөлу мәселесiн шешу тұрақты Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, аудандық (қалалық) бiлiм  және спорт бөлiмдерi 20 Әскери-патриоттық тәрбие беру жөнiндегi жұмысты күшейту үшiн мектеп жанындағы мұражайлар мен жауынгерлiк және еңбек даңқы мүйiстерiнiң жұмысын жандандыру, олар болмаған жерде, оны құру туралы мәселе қарау және қаржыландыру тұрақты Аудандық (қалалық) бiлiм  және спорт бөлiмдерi V. Әскери оқу орындарына   кандидаттар iрiктеу жұмысы 21 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2004 жылғы 03 маусымдағы N 237 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және басқа мемлекеттердің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесiн күшіне енгізу туралы" бұйрығына сәйкес әскери оқу орындарына кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi жұмыс жоспарын жасап бекiту  және жоспар бойынша iс-шараларын жүргiзу 2006 жыл ақпан Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм
Тармақша бойынша
бойынша), Маңғыстау облысының бiлiм департаментi 22 Бiлiм ұйымдары және қорғаныс iстерi жөнiндегi мекемелердің қызметкерлерімен әскери оқу орындарына кандидаттарды iрiктеу мәселесi бойынша бiрлескен кеңестер өткiзу 2006 жылғы наурыз Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (келiсiм бойынша), Маңғыстау облысының бiлiм департаментi ЕСКЕРТПЕ: БӘД - Бастапқы әскери даярлық МСД - Медициналық-санитарлық даярлық ӘПТ - Әскери-патриоттық тәрбие КТМ - Кәсiптiк техникалық мектеп АООО - Арнаулы орта оқу орны ТЖ - Төтенше жағдай