О начальной военной подготовке допризывной и призывной молодежи Восточно-Казахстанской области в 2005-2006 учебном году Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастардың 2005-2006 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығы туралы
Бастапқы әскери даярлық, әскери-отансүйгіштік және дене шынықтыруды, жастардың әскери қызметке моральдік-психологиялық дайындығын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жақсарту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн жас ұрпақпен сапалы толықтыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағын, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын және 10-бабының 2-тармағын, "Бастапқы әскери даярлық туралы" Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 қаулысын басшылыққа ала отырып Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткiзудi жақсарту жөнiндегi 2005-2006 оқу жылына арналған iс-шаралардың қоса беріліп отырған жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Шығыс Қазақстан облысының әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастарының 2004-2005 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығы туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 98, тіркеу N 1946 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсiн.
Басқа 4. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери
даярлықты ұйымдастыру мен өткiзудi жақсарту жөнiндегi
2005-2006 оқу жылына арналған iс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгінiң
2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 304 қаулысымен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери
даярлықты ұйымдастыру мен өткiзудi жақсарту жөнiндегi
2005-2006 оқу жылына арналған iс-шаралар
ЖОСПАРЫ
N
Iс-шаралардың атаулары
Орындау
мерзiмдерi
Жауаптылар
1
2
3
4
1
Бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларымен, оқу пункттерінің және сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлерiмен 3 күндiк оқу-әдiстемелiк жиындарды ұйымдастыру және өткiзу.
2005 жылғы тамыз
Қорғаныс істері жөніндегі департамент, (келісім бойынша ұсынылды), облыстық білім департаменті
2
Оқу-әдiстемелiк жұмысты жақсарту және бастапқы әскери даярлық, тiршiлiк қауiпсiздiгiнің негіздері, медициналық-санитарлық даярлық, әскери-отансүйгіштік тәрбиесі мен дене шынықтыру жөнiндегi тақырыптарды үйрену мақсатында бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларымен ай сайынғы бiр күндiк әдiстемелiк сабақтар ұйымдастыру және өткiзу.
Ай сайын, айдың 2-шi сәрсенбiсi
Қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды), облыстық білім департаменті, облыстық денсаулық сақтау департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша ұсынылды), облыстың спорт және туризм басқармасы
3
Облыстық қалалары мен аудандарының қорғаныс істері жөнiндегi басқармалары мен бөлімдері жанында штаттан тыс әдістемелік кеңестер құру. Бастапқы әскери даярлық бойынша штаттан тыс аудандық, қалалық әдістемелік кеңестердің отырысын өткізу.
Тоқсанына бiр рет
Қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
4
Жалпы білім беретін мектептерде 10-11 сынып оқушы жастарды, кәсіби - техникалық мектептердің 1-3 курстарын, арнаулы орта білім беретін оқу орындарының 1-3 курстарын бастапқы әскери дайындықты және басшылықты, әскери- отансүйгіштікке тәрбиелеуге штатты оқытушы-ұйымдастырушылармен қамтамасыз ету.
Оқу жылы бойында
Қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды), облыстық білім департаменті
5
Бастапқы әскери даярлық және оқу-материалдық базасын құру мәселелерi бойынша оқу орындарының директорларына көмек көрсетудi және бақылауды жүзеге асыру.
Оқу жылы бойында
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
6
Оқу орындарындағы, оқу пункттерінде, қорғаныс- спорт сауықтыру лагерьлерінде жастардың дене шынықтыру жағдайын бақылау. Әскери-спорт бағытындағы әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастар ұйымдарының, үйірмелер мен бірлестіктерінің жүйесі бойынша шаралар қабылдау.
Оқу жылы бойында
Облыстың спорт және туризм басқармасы
7
Оқу орындарындағы, қорғаныс - спорт сауықтыру лагерьлеріндегі БӘД оқу-материалдық базасын, мүлiгiн тұрақты жетiлдiру және жаңарту. Бастапқы әскери даярлықтың таңдаулы оқу-материалдық базасына, әскери-отансүйгіштік тәрбиесi мен дене шынықтыруға байқау-конкурс өткiзу.
Оқу жылы бойында
Қала және аудан әкiмдері, облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
8
Медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларының жұмысына бақылау жасауды және іріктеу дайындауды қамтамасыз ету. Оқу орындарына емдеу мекемелерін бекіту, бозбалалардың лагерьлік (оқу-алаңдық) жинақтауды өту кезеңінде медициналық мекемелерде қыздардың тәжірибе өтуін қарастыру. Жинақтау өткізу кезеңінде қорғаныс-спорттық лагерьлерде медициналық пункттерді жабдықтау және олардың жұмысын қамтамасыз ету.
Оқу жылы бойында
Облыстық денсаулық сақтау департаменті
9
Жастардың әскери-отансүйгіштік тәрбиесiнiң рөлiн арттыру. Ол үшiн: сарбаздар әндерiнiң байқау-конкурстарын, ерлiк сабақтарын, әскерге шақырылатындар күнiн, әскери қызметшiлермен, ауған соғысы жауынгерлерiмен, ЎОС ардагерлерiмен кездесулер өткiзу.
Жыл бойында тұрақты
Облыстық бiлiм департаментi
10
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыруды жақсарту мен жүргiзу мәселелерi бойынша мүдделi тараптардың бiрлескен кеңесiн әзiрлеу және өткiзу.
2006 жылғы наурыз
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
11
Бастапқы әскери даярлықты жүргiзудiң оң тәжiрибесiн қорытындылау және тарату.
2006 жылғы сәуір-мамыр
Қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
12
Жаппай-қорғаныс жұмысының айлығын өткізу.
2006 ж. 9.04.-10.05.
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
13
Әскери бөлiмдер базасында әскери техниканы, қару көрсетумен және әскери қызметшiлердiң өмiрi мен тұрмысын таныстырумен "Әскерге шақырылатындар күнiн" ұйымдастыру және өткiзу.
2006 жылғы сәуiр-мамыр
Қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды), облыстық бiлiм департаментi
14
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерьлерінде 10 сынып жастарымен, кәсіби-техникалық мектептерінің оқу бітіретін курстарында және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында 2006 жылдың мамыр- маусымында аудандық білім бөлімдері және қалалық басқармаларға 6-күндік лагерьлік (оқу-алаңдық) жинақтарын ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету. Қорғаныс- спорттық сауықтыру лагерьлерін қажетті мүліктермен және жабдықтармен, осы мақсатқа бөлінетін атқарушы органдардың қаражаты есебінен жабдықтау. Қорғаныс- спорттық сауықтыру лагерьлерінің оқу-тәрбиелік, шаруашылық және қаражаттылық қызметіне басшылықты қамтамасыз ету.
мамыр-маусым 2006- ж
Қала және аудан әкiмдері, облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсыныс)
15
2005-2006 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлықты қорытындылау. Ґткен оқу жылындағы бастапқы әскери даярлықтың жағдайы туралы жоғары тұрған органдарға қорытынды баяндаманы ұсыну.
2006 жылғы маусым
Қала және аудан әкiмдері, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсыныс), облыстық төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша ұсынылды), облыстық спорт және туризм басқармасы, облыстық бiлiм департаментi, облыстық денсаулық сақтау департаменті
16
Әрбiр оқу орнында, қорғаныс істері жөнiндегi басқармалар мен бөлімдерде бастапқы әскери даярлық, азаматтық қорғаныс, тіршілік қауіпсіздік қызметі жөнiндегi басшылық және анықтамалық құжаттардың, есеп жүргiзу және беру құжаттарының бар болуы. Бастапқы әскери даярлық, азаматтық қорғаныс, тіршілік қауіпсіздік қызметі жөнiндегi көкейкестi, қазiргi заманғы көрнекi үгiттi безендiру.
Тұрақты
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
17
Облыстың оқу орындарында, оқу пункттерінде қорғаныс - спорт сауықтыру лагерінде бастапқы әскери даярлықты жүргiзуді, жастардың әскери-отансүйгіштік тәрбиесiн және дене шынықтыруын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау
Оқу жылы бойында
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша ұсынылды)
Шығыс Қазақстан облысының
қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы