О подготовке призывников по военно-техническим срециальностям по Атырауской области в 2005-2006 учебном году Қолданыста
Басқа 0
2005-2006 оқу жылында Атырау облысы бойынша
әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық
мамандықтарға даярлау туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29 – бабына сәйкес және облыста әскери – техникалық мамандарды даярлау мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 005-2006 оқу жылында әскерге шақырылушыларды әскери – техникалық мамандықтарға даярлау «Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігінің әскери – техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Атырау облысы бойынша әскерге шақырылушыларды әскери – техникалық мамандықтарға даярлаудың 2005-2006 оқу жылына арналған жоспары (әрі қарай – Жоспар) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жаттығу взводтарын уақтылы жиынтықтауды және Жоспардың орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) көлік жүргізушілердің жарамдылығын анықтауға арналған комиссияда, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдерінің жанындағы медициналық комиссияларда іріктелген әскерге шақырылушыларды, алатын әскери – техникалық мамандығы бойынша әскери қызметке жарамдылығына дәрігерлік куәландырудан өткізсін;
Тармақша 3
3) бұрыннан сырқат, сотталған және кезекті әскери шақырылуға жатпайтын әскерге шақырылушыларды оқуға жіберу жағдайларын болдырмасын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігінің әскери – техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Атырау филиалының директоры (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жоспардың толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мектептің оқу-материалдық базасын әскерге шақырушыларды әскери – техникалық мамандықтар бойынша даярлау талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелсін.
Басқа 11
Облыс әкімінің
2005 жылғы «27» 09 № 36
шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша әскерге шақырылушыларды әскери – техникалық мамандықтарға даярлаудың 2005-2006 оқу жылына арналған
ЖОСПАРЫ
№ Р/С
Оқу ұйымының атауы мен даярлау саласы
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жүктемесі
Оқыту түрі
Іріктеу мерзімі
Даярлау мерзімі
1
2
3
4
5
6
7
Оқытудың 1-легі
1
«Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігінің әскери – техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалы, «В,С» санатындағы жүргізушілер
барлығы:
Атырау қаласы
Жылыой ауданы
Индер ауданы
Исатай ауданы
Қызылқоға ауданы
Құрманғазы ауданы
Мақат ауданы
Махамбет ауданы
30
8
5
3
2
3
5
2
2
Өндірістен қол үзе отырып
2005 жылдың 1.10.-10.10. аралығында
2005 жылдың 10.10.-2006 жылдың 10.04. аралығында
1
2
3
4
5
6
7
Оқытудың 2-легі
«Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігінің әскери – техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалы, «В,С» санатындағы жүргізушілер
барлығы:
Атырау қаласы
Жылыой ауданы
Индер ауданы
Исатай ауданы
Қызылқоға ауданы
Құрманғазы ауданы
Мақат ауданы
Махамбет ауданы
30
8
5
3
2
3
5
2
2
Өндірістен қол үзе отырып
2006 жылдың 3.01.-20.01. аралығында
2006 жылдың 23.01.-8.05. аралығында
Оқытудың 3-легі
«Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігінің әскери – техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалы, «В,С» санатындағы жүргізушілер
барлығы:
Атырау қаласы
Жылыой ауданы
Индер ауданы
Исатай ауданы
Қызылқоға ауданы
Құрманғазы ауданы
Мақат ауданы
Махамбет ауданы
60
16
10
6
4
6
10
4
4
Өндірістен қол үзе отырып
2006 жылдың 1.05.-14.05. аралығында
2006 жылдың 15.05.-30.08. аралығында