Түпқараған ауданы білім беру ұйымдарында әскери шақырылғанға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы оқушыларды 2005-2006 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығын ұйыдастыру және оны өткізу туралы. Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түпқараған ауданы білім беру ұйымдарында әскери шақырылғанға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы оқушыларды 2005-2006 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығын ұйыдастыру және оны өткізу туралы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару туралы» Заңының 33- бабының 1- тармағының 13- тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бастапқы әскери даярлық туралы 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысын басшылыққа ала отырып шешім етемін.
Тармақ 1
1. 2005-2006 оқу жылында жастардың бастапқы әскери даярлығын ұйымдастыруды және оны өткізуді жақсарту жөніндегі негізгі іш-шараларының жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Село, кент әкімдері, аудандық білім беру және спорт бөлімі (Г.Ибраева), аудандық емхана (Г.Шалабаева), аудандық балалар мен жасөспірімдер бөлімі (Қ.Сүйеубаев) іс-шаралар жоспарын орындарын жөніндегі барлық қажетті шараларын алсын.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға міндеттілсін.