О состоянии готовности объектов жизнеобеспечения к устойчивому функционированию в осенне-зимний период 2005-2006 годов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005-2006 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде тұрақты іс-әрекет етуге тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің әзірлігінің жай-күйі туралы Облыс тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты іс-әрекет етуін, 2005-2006 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде облыс жолдарында көліктің үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 12), 13) тармақшаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты іс-әрекет етуі, 2005-2006 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде жолдарды жүретіндей жағдайда ұстау және жолдарда зардап шеккендерді көшіру үшін жауапкершілік қалалар мен аудандардың әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасына, Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасына қалалардың, аудандардың аумақтарында мемлекеттік автомобиль жолдарында жүру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне және тұрғындардың өміріне қауіп төнген жағдайларда көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде дереу жергілікті атқарушы органдар мен Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментіне хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) өшірілуі адамдардың өліміне, опаттық, экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға соқтыруы мүмкін тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің және үздіксіз электрмен жабдықтау объектілерінің тұрақты іс-әрекет етуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 2005 жылғы 20 қарашадан бастап кезекшілік кестесіне сәйкес аудан (қала) деңгейінде министрліктер мен ведомстволардың аумақтық органдарының басшыларымен келісе отырып қалалардың, аудандардың әкімдері аппараттарының жауапты лауазымды тұлғаларының тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің, энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілерінің жұмысы, қала, аудан аумағындағы жолдардың жағдайы туралы күн сайын сағат 8-де, егер тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде, энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілерінде жұмыс тоқтатылса және жолдардың жағдайы нашарласа дереу мәліметтер берсін;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлар пайда болғанда жолдарды тазалауға меншік түріне қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің қар тазалайтын техникасы тартылсын. Бұл техниканы пайдаланумен байланысты шығыстардың орнын қалалық және аудандық бюджеттерде жолдарды ұстау және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қаражаттардың есебінен толтырсын;
Тармақша 5
5) жылытылатын "Кунгом" орнатылған жүрімділігі жоғары 2 бірлік техникасы бар көшіру-көлік тобы құрылсын, жолдарда зардап шеккендерді орналастыру, зардап шеккендері жылыту мен және тамақтанумен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 6
6) қалалық және аудандық бюджеттерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қаражаттардың есебінен 10 тонна қысқы дизельдік отын (-350), 15 тонна автомобиль бензині, 1 тонна мотор майы мөлшерінде жанар-жағар май материалдарының қорын жасасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасына (М.Т. Мыңбаев) (келісім бойынша), қалалар мен аудандардың әкімдеріне: облыстың автомобиль жолдарын қыс кезеңінде тиісінше ұстауды қамтамасыз ету, бұл үшін 2005 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) жол құламалары мен жиектерін өсімдіктерден тазартып, қауіпті учаскелерге ағаштар мен қажетті жол белгілерін орнату;
Тармақша 2
2) жол ұйымдарын жанар-жағар май материалдарымен толық көлемде қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жолдардың қауіпті учаскелеріне себетін материалды жеткізу;
Тармақша 4
4) жол ұйымдарын шарттар бойынша уақытында қаржыландыруды жүргізу;
Тармақша 5
5) қар тазалау техникасы резервінің жинақы жасақтарын құру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Көкпекті және Күршім аудандарының әкімдері Казнаковка паром өткелінің жұмысы тоқтатылғаннан кейін мұз өткелі жасалғанша Бұқтырма су қоймасы арқылы техниканың, ат-көліктің және тұрғындардың қозғалысына тыйым салатын уақытша тәулік бойғы постылар орнатсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бастығы (В.П. Коншу):
Тармақша 1
1) зардап шеккендерді, науқастарды көшіру және төтенше жағдайлар орнына азық-түлік жеткізу үшін ақаусыз тікұшақтарды тұрақты әзірлікте ұстасын;
Тармақша 2
2) жанар-жағар май материалдарының қоры болсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің директоры (А.К. Кажибаев) қысқы кезеңде төтенше жағдайлар пайда болған кезде халықты хабарландыру сызбасын анықтасын.
Тармақ 8
8. Қоса беріліп отырған "Қолайсыз ауа райы және облыс жолдарындағы төтенше жағдайлар кезінде ішкі істер департаментінің, жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің және жол ұйымдары бөлімшелерінің жеке құрамының іс-қимыл жоспары" бекітілсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Э.В. Огайға жүктелсін.
Басқа 23. Қолайсыз ауа райы және облыс жолдарындағы төтенше жағдайлар кезінде ішкі істер департаментінің, жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің және жол ұйымдары бөлімшелерінің жеке құрамының іс-қимыл ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қарашадағы N 378 қаулысымен бекітілген Қолайсыз ауа райы және облыс жолдарындағы төтенше жағдайлар кезінде ішкі істер департаментінің, жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің және жол ұйымдары бөлімшелерінің жеке құрамының іс-қимыл ЖОСПАРЫ
Тармақ 1
Қолайсыз ауа райы және төтенше жағдайлар кезінде облыс жолдарында көліктің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету. Қар алып қалу мен көшкін түсудің зардаптарын уақытында жою, облыс жолдарына қызмет көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлескен әрекетті қамтамасыз ету.
Тармақ 2
Автомобиль жолдарының учаскелеріне жауапты адамдар көлік құралдарының жүргізушілерін сұрау және тікелей зерттеу жолымен жол жағдайлары туралы ақпаратты жинау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Алынған ақпараттың негізінде ішкі істердің аумақтық бөлімінің басшысы, немесе жол полициясы бөлімшесінің бастығы аумақтық жол органдарымен бірлесіп, бекітілген жол учаскесінде қозғалысты шектеу немесе тыйым салу туралы шешім қабылдап, бұл туралы 42-60-05 телефоны бойынша жол полициясы басқармасының кезекші бөліміне және 26-28-08, 24-08-98 телефоны бойынша "Қазавтомобильжолдары" РМК филиалының диспетчеріне дереу хабарлайды. Қауіпсіз қозғалысқа кедергі жасайтын себептерді жоюға қажетті шаралар қолданады. Жол қозғалысын ашу учаскедегі жол жағдайлары туралы нақты ақпарат алынған соң жүргізіледі, бұл туралы аталған инстанцияларға хабарланады. Жол полициясының басқармасы бойынша кезекші автомобиль жолдарында қозғалыстың шектелгені немесе қозғалысқа тыйым салынғаны туралы хабарды алған кезде ішкі істер департаментінің кезекшісіне, облыстың жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне хабарлайды және орналасуына сәйкес постылардың қойылуын қадағалайды. Облыстың жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі автомобиль жолдарындағы ауа райы жағдайлары және күтпеген нәубеттердің зардаптарын жою үшін қар күрейтін және басқа техниканы жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
Тармақша 1
1) "Өскемен-Тарғын-Самар" автомобиль жолы, Самар ауылындағы "Ертіс-2000" ЖШС қызмет көрсететін 83-89-122 шақырымдағы учаске (бастығы А.В. Ашаргин, жұмыс телефоны 8-233-2-10-32, үйінің телефоны 8-233-2-10-46). Қолда 8 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Тарғын ауылы, жауапты Ұлан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі К.С. Кумаргажин, кезекші 8-238-27-6-02, бастық 8-238-27-3-37. N 2 пост - "Самар" бақылау постысы, жауапты Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің Самар полиция бөлімінің бастығы полиция майоры К.К. Сураужанов. телефоны 8-233-21-3-30.
Тармақша 2
2) "Өскемен-Сажаевка-Зырян" автомобиль жолы, 31-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 0 ден 97 шақырымға дейінгі учаске (бастығы З.А. Катпенов, жұмыс телефоны 23-06-83). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Степное ауылы, жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Д.К. Нурсултанов, телефон 42-70-81, 42-63-96. N 2 пост - "Осинов асуы", жауапты Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.К. Уалиев, кезекші 8-235-4-10-88, бастық 8-235-4-03-93.
Тармақша 3
3) "Омбы-Майқапшағай" автомобиль жолы, 26-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 587-ден 733-шы шақырымға дейінгі учаске (бастығы Г.Т. Рахымбаев, жұмыс телефоны 8-322-2-35-61-20, үйінің телефоны 8-322-2-67-23-91, бас маман В.И. Коновалов). N 1 пост - Семей қаласынан Павлодарға шығаберіс, жауапты жол полициясы жеке ротасының командирі полиция подполковнигі В.А. Попов, телефон 8-322-2-56-58-82. 26-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 756-дан 860-шы шақырымға дейінгі учаске, Семей қаласы (бастығы Г.Т. Рахимбаев, жұмыс телефоны 8-322-2-35-61-20, үйінің телефоны 8-322-2-67-23-91). Қолда 4 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 28-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 860-тан 966-шы шақырымға дейінгі учаске, Георгиевка ауылы (бастығы И.Ж. Атабаев, жұмыс телефоны 8-247-6-12-07, үйінің телефоны 8-247-6-18-03). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 2 пост - Георгиевка ауылы, жауапты Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Ш. Шаймарданов, кезекші 8-247-6-16-84, бастық 8-247-6-10-88. 29-шы жол-пайдалау учаскесі қызмет көрсететін 966-дан 1087-ші шақырымға дейінгі учаске, Көкпекті ауылы (бастығы К. Нургалиев, жұмыс телефоны 8-248-2-18-96, үйінің телефоны 8-248-2-10-49). Қолда 7 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 3 пост - Көкпекті ауылы, жауапты Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі С.А. Курымбаев, кезекші 8-248-2-17-94, бастық 8-248-2-11-55.
Тармақша 4
4) "Алматы-Өскемен" автомобиль жолы, 24-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 615-тен 722-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы О.М. Цемкин, жұмыс телефоны 8-322-30-2-24-66). Таскескен ауылы (мастер М.А. Абдрахманов, жұмыс телефоны 8-322-30-2-17-32, үйінің телефоны 8-322-30-6-17-06). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 27-ші жол-пайдалау учаскесі қызмет көрсететін 722-ден 768-ші шақырымға дейінгі учаске, Аягөз қаласы (бастығы Р.Ф. Манафов, жұмыс телефоны 8-32-237-3-51-27, үйінің телефоны 8-32-237-2-44-93). Қолда 6 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 71-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 778-ден 863-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы Н.С. Жумадилов, жұмыс телефоны 8-322-37-3-22-81, үйінің телефоны 8-322-37-3-54-15). 28-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 863-тен 1019 шақырымға дейінгі учаске, Георгиевка ауылы (бастығы И.Ж. Атабаев, жұмыс телефоны 8-247-6-12-07, үйінің телефоны 8-247-6-18-03). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 30-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 1019-дан 1079-шы шақырымға дейінгі учаске, Өскемен қаласы (бастығы А.А. Сосновский, жұмыс телефоны 20-77-26, үй телефоны 27-29-47). Қолда 8 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Таскескен ауылы, жауапты Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі У.М. Шарипов, кезекші 8-322-302-10-02, бастық 8-322-30-2-21-50. N 2 пост - "Аягөз" жол полициясының тұрақты бақылау пункті, жауапты Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Т. Турлыбаев, кезекші 8-322-37-2-44-88, бастық 8-322-37-2-67-47. N 1 пост - Георгиевка ауылы, жауапты Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Ш. Шаймарданов, кезекші 8-247-6-16-84, бастық 8-247-6-10-88. N 1 пост - Молодежный ауылы, жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Д.К. Нурсултанов, кезекші 42-70-81, бастық 42-63-96.
Тармақша 5
5) "Семей-Новоалтайск" автомобиль жолы, 25-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 2-ден 113-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы Т.С. Бергенев, жұмыс телефоны 8-322-2-53-75-26, үйінің телефоны 8-322-2-45-83-80). Қолда 4 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост Семей қаласынан Бородулихаға шығаберіс, жауапты жол полициясы жеке ротасының командирі полиция подполковнигі В.А. Попов, кезекші 8-322-2-56-53-82, бастық 8-322-2-66-30-97.
Тармақша 6
6) "Өскемен-Риддер" автомобиль жолы, 30-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 0-ден 74-ке дейінгі шақырымға дейінгі учаске (бастығы А.А. Сосновский, жұмыс телефоны 20-77-26). Қолда 4 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар, 74 тен 1-5 км., учаскесі қызмет көрсететін ДЭРСУ Риддер қаласы (бастығы А.А. Сафонов, жұмыс телефоны 8-236-3-03-94). Қолда 3 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - "Защита", жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Д.К. Нурсултанов. N 2 пост - Риддер қаласынан шығаберіс, жауапты Риддер аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.В. Храпов, кезекші 8-236-2-22-50, бастық 8-236-2-24-24.
Тармақша 7
7) "Өскемен-Предгорное-Шемонаиха" автомобиль жолы, 31-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 0-ден 52-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы З.А. Катпенов, жұмыс телефоны 23-06-83). Қолда 6 бірлік қар күрейтін техникасы бар. Шемонаиха жол-пайдалану пункті қызмет көрсететін 52-ден 102-ші шақырымға, 105-тен 123-шақырымға дейінгі учаске (мастері В.А. Иванов, жұмыс телефоны 8-232-2-10-08). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - "Шемонаиха" тұрақты бақылау пункті, жауапты Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі С.Х. Кайпеков, кезекші 8-232-9-10-21, бастық 8-232- 9-25-05.
Тармақша 8
8) "Өскемен-Таврия-Семей" автомобиль жолы, 0-ден 45-ші шақырымға дейінгі, 48-ден 119-шы шақырымға дейінгі учаскелер (бастығы А.А. Сосновский, жұмыс телефоны 20-77-26). Қолда 4 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Таврия ауылы, жауапты Ұлан ауданы Таврия полиция бөлімінің бастығы полиция майоры А.К. Ахметжанов, кезекші 8-238-21-1-85. Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаменті директорының міндетін атқарушы