Атырау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 25 мамырдағы №129а «Атырау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы қаулысын талқылап, III сайланған облыстық мәслихат VI сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Атырау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы от 25.05.2004 г. № 132-III (Атырау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы)
1. Облыстық әкімият ұсынған Атырау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (тіркелді).
Атырау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Д.Ахметовтың қатысуымен өткен жиналыстың 2004 жылғы 10-сәуірдегі №1171 «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер туралы» хаттамасын орындауда, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін (тіркелді).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Нокинге жүктелсін.
Облыс әкімиятының 2004 жылғы
25 мамыр №129а қаулысына
қосымша
Атырау облысында тұрғын-үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
2004 жыл
Мазмұны
1. Бағдарлама паспорты 3
2. Кіріспе 4
3. Тұрғын-үй құрылысының қазіргі заманғы жай-күйін талдау 5
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 7
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі 7
5.1. Тұрғын үй салу ұсыныстарын ынталандыру 8
5.2. Ипотекалық кредит беру көлемін көбейту 8
5.3. Құрылыс жинақтарының жүйесін енгізу 8
5.4. Жеке тұрғын-үй құрылысын дамыту 8
5.5. Жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй құрылысын салу 9
5.6. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен тұрғын үйлер құрылысын салу 9
5.7. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құрылысының құнын төмендету 9
5.8. Бұзуға жататын, апатты тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үйлер құрылысын салу 10
5.9. Тиімді құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі дамыту және жаңа технологияларды енгізу 10
6. Атырау қаласында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы алаңын таңдау негіздемесі 10
7. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 13
8. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 14
9. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 15
10. Қосымшалар
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы:
Атырау облысында тұрғын-үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама
Әзірлеу үшін негіз
2004 жылғы 19 наурыздағы Президенттің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Қазақстан халқына Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы 2004 жылғы 7 сәуірдегі мәжілістің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер туралы» хаттамалық шешімі
Әзірлеушілер
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, Сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы, Құрылыс кешені басқармасы
Мақсаты
Халықтың басым көпшілігінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді түрде шешу
Міндеттері
Тұрғын үй құрылысын жедел дамытуға жәрдемдесу;
Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың тиімді тетіктерін, оның ішінде ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы дамыту;
Тұрғын үй құрылысын салуға жеке инвестицияларды тарту және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру
Іске асыру мерзімдері
2005-2007 жылдар
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іске асырудағы 3 жыл ішінде бюджеттік қаражат қажеттілігі 29,6 млрд.теңгені, оның ішінде: 2004 жылғы 2005 жылы үшін-2742,0 млн.теңге, 2005 жылы-7184,7 млн.тенгені, 2006 жылы-7057,6 млн.тенгені, 2007 жылы-7364,8 млн.тенгені құрайды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік желіні тартуға 4500 млн.теңге қажет.
Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде үш жыл ішінде жалпы алаңы 1106,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Азаматтардың тұрғын үйде тұру қауіпсіздігі артады; тұрғын үй қорының жайлылығы жақсарады; қалалар мен басқа елді мекендердің сәулеттік бейнесі жақсарады;
тұрғын үйдің алғашқы рыногы одан әрі дами бастайды және инвестициялық процесті жандандыра түседі:
халықтың едәуір бөлігінің тұрғын үй жағдайы жақсарады; құрылыс қызметінен бюджетке түсетін салықтар, жылжымайтын мүлікке салынатын салық, құрылыс саласы қызметкерлерінен түсетін табыс салығы жинау ұлғаяды.
2. Кіріспе
Өңірдегі экономиканың өсу жағдайында халықтың едәуір бөлігінің өз тұрғын үйлерінің жай-күйін жақсартуға ұмтылу үрдісі байқалады, бұл соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуін ынталандыруда.
Тұрғын-үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында жергілікті деңгейде Атырау облысының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленді.
Бағдарламаның негізгі бағыттары тұрғын үйдің құнын арзандату арқылы халықтың басым бөлігі қолы жететін тұрғын үй құрылысының өсу қарқынын қамтамасыз ету, ипотекалық кредит беру және құрылыс жинақтары жүйесін дамыту, халықтың, заңды тұлғалардың, банктердің инвесторлардың қосымша қаржысын тарту және соның негізінде облыста тұрғын үй проблемасын дәйекті шешу болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жай-күйін талдау
3.1. Тұрғын үй құрылысы
Облыста тұрғын үй жалпы алаңы 7,7 млн.шаршы метрді, оның ішінде қалаларда-4,8 млн.шаршы метрді, ауылдық жерлерде-2,9 млн.шаршы метрді құрайды. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің үлесіне тұрғын үй қорының 28 пайызы, жеке тұрғын үйдің үлесіне-72 пайыз тиеді. Негізгі тұрғын үй қоры жеке меншіктің үлесінде.
Облыстың тұрғын үй қоры негізінен аз қабатты және орта қабатты (4-5 қабат) құрылыстардан тұрады. Жоғары қабатты ғимараттар құрылысы тек қана Атырау қаласында. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй қорының 97%-ы бір қабатты құрылыстан тұрады.
Облыстың тұрғын үй қорының абаттандырылуы өте төменгі деңгейде сипатталады. Су құбырларымен жабдықталған жалпы пайдалы алаңның үлесі 55,9%, канализациямен-46%, орталық жылытумен-50,9%, газбен (сұйық газды қоса)-77,6%, ыссы сумен-40,8%. Сонымен бірге облыстың жекелеген аудандарында тұрғын үй қорының абаттандырылу деңгейі орта облыстық көрсеткіштен едәуір төмен.
Ғимараттың құрылымдық элементтеріне, инженерлік желілеріне және құрылғыларға жоғары деңгейдегі ыза суының үдемелі әсері тиеді.
1 тұрғынның тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің әлеуметтік нормасы 18 шаршы метр мөлшерінде, 2003 жылдың аяғында облыста 1 тұрғынға 15,3 шаршы метрден келеді. Жыл сайын облыста тұрғын үй алуды және тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтар саны ұлғаюда.
2002-2003 жылдары тұрғын үй құрылысына 5834,4 млн.теңге инвестиция жұмсалды. Көрсетілген кезеңде жалпы алаңы 330,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, оның ішінде 2002 жылы-139,9 мың шаршы метр, 2003 жылы-190,2 мың шаршы метр.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің құрылымы меншік нысаны және қаржыландыру көздері бойынша өзгерді. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемінің негізгі үлесі жеке меншікке және жеке құрылыс салушыларға тиесілі. 2003 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының 83,0% халықтың қаражаты есебінен салынған.
3.2. Ипотекалық кредит беру
Ипотекалық кредит беру тұрғын үй саласына инвестицияларды тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.
2002-2003 жылдары облыстың екінші деңгейдегі банктерімен ипотекалық кредит беру бағдарламасы бойынша 1683,3 млн.тенге жалпы сомасына 761 кредит берілді, соның ішінде тұрғын үй құрылысына-353,58 млн.тенге, тұрғын үй сатып алуға-1329,7 млн.теңге. Осы қаражат есебінен 32,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
Алайда осы қызмет түрі қазіргі уақытта облыс халқының жеткілікті жоғары деңгейдегі жалақысы бар шамалы санатына ғана қол жеткізілімді.
3.3. Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі
Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қарыз алу мақсатында жеке жинақтардың қорлауына негізделген тұрғын үйлерді қаржыландыру тетігін білдіреді. Ол ипотекалық кредиттер алу кезінде бастапқы жарнаны енгізу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты кірісі бар азаматтардың санаттарына арналған.
3.4. Жеке тұрғын үй құрылысының жай-күйі
Облыс халқының әл-ауқатының жақсаруымен бірге жеке тұрғын үй құрылысының көлемі едәуір ұлғайды. Облыс халқы меншікті тұрғын үй проблемаларын шешуге белсенді қатысуда. 2002-2003 жылдар ішінде халықтың қаражаты есебінен 255,75 мың шаршы метр тұрғын үй салынды немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 77,5 пайызы.
Ресурс үнемдеуші үдерісті технологияны және қазіргі заманғы сәулеті-құрылыс шешімдерін қолдану жеке тұрғын үй құрылысын ілгері қарай дамытуға ықпал етеді.
3.5. Жеке капиталдың инвестицияларын тарту есебінен тұрған үй салу
Соңғы жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуына байланысты тұрғын үй құрылысына ірі кәсіпорындар мен мекемелердің белсенді қатысуы байқалады.
2000-2002 жылдары ішінде кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекеттік емес сектордың меншікті қаржысы есебінен 57,0 мың шаршы метр тұрғын үй немемсе пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының 17,3 пайызы салынды.
2002-2003 жылдары мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындармен және мекемелермен 17,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді немесе пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының 5,2 пайызы.
3.6. Тұрғын үй құнын талдау
Жаппай тұрғын үй құрылысының өсімін кідіртудің негізгі себептерінің бірі тұрғын үйдің жоғарғы құны болып табылады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны (тұрғындар салған жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) 2003 жылы 76,4 мың теңгені құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 16,1 мың теңгеге артық.
Атырау облысының ерекшелігі оның аумағында құрылыс индустриясында инертті материалдар ретінде пайдалануға жарамды құрылыстық тау жынысы кен орындарының жоқтығы болып табылады.
Бұл құрылыс мекемелерінің осы шикізатты Қазақстанның басқа өңірлерінен әкелуге мәжбур етеді, ал ол облыста өндірілетін құрылыс материалдардың айтарлықтай қымбаттауына әкеліп соқтырады. Салынып жатқан тұрғын үйдің 1 шаршы метр құнының жоғарлауына магистралдық және квартал ішілік инженерлік желілерді дамыту жөніндегі шығындарды тұрғын үй салушыларға іс жүзінде жүктеу әсер етеді.
Қолданып жүрген тұрғын үй құрылысының құнын төмендету үшін қазіргі заманғы тиімді және ресурс үнемдеуші сәулеті-құрылыс шешімдеріне көшу қажет.
3.7. Құрылыс материалдарын өндіру саласының жай-күйі
Тұрғын үй құрылысының сапасына қойылатын қазіргі талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын-ала анықтайды.
Облыста кірпіш, тауар бетоны, көбік бетон, асфальт бетон, құрама темір бетон және бетон бұйымдарын өндіру зауыттары бар. Полиэтилен құбырларын, металл жабынқыш, ғаныш картон өндіру зауыттары, пластик терезе, әшекей әйнек, ағаш құрылымдарын дайындау цехтары бар. Барлығы облыста 19 құрылыс индустриясының кәсіпорындары жұмыс істейді. 2004 жылы қосымша қуаты жылына 4 және 7 млн дана 2 кірпіш өндіру зауыты, көбік бетон, тауар бетонын, ұсақ даналы блок өндіру зауыты, құрғақ қоспалар өндіру зауыты іске қосылады. Алайда, облыстың құрылыс материалдар өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажетін шығарылатын өнімнің көлемі бойынша, сондай-ақ оның номенклатурасы бойынша да толық қанағаттандыра алмай отыр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Азаматтардың қауіпсіз және жайлы тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын салу мәселелерін кешенді шешубағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
тұрғын үй құрылысын халықтың сұранысына және қажеттіліктеріне сәйкес техникалық сипатқа келтіріп жыл сайынғы өсу қарқынын қамтамасыз ету;
тұрғын үй құрылысының құнын төмендету арқылы азаматтардың басым бөлігінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
әлеуметтік қорғалатын санаттағы азаматтарды, мемлекеттік қызметшілерді, бюджеттік мекемелер қызметкерлерін мемлекет қаржысы есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету;
тиісті ұйымдастыру шараларын іске асыру арқылы халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту;
тұрғын үй нарқын дамыту;
тиімді құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндірістерді құру үшін инвестиция тарту.
5. Бағдарламаны іске асырудың бағыттары мен тетіктері
Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) тұрғын үй салу ұсыныстарын ынталандыру;
2) ипотекалық кредит беру көлемін арттыру;
3) тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесін енгізу;
4) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
5) жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салу;
6) мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен тұрғын үй салы;
7) тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метірінің құнын төмендету;
8) бұзуға жататын, апатты тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үйлер құрылысын салу;
9) одан әрі тиімді құрылыс материалдарын өндіруді дамыту және жаңа технологияларды енгізу.
5.1. Тұрғын үй салу ұсыныстарын ынталандыру
Бағдарламаны іске асыру мақсатында орта ауқаттылар үшін арзын және қол жетімді (бұдан әрі-қол жетімді тұрғын үй) тұрғын үйлерді салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатын болады.
Қол жетімді тұрғын үйбелгілі бір техникалық және бағалық параметрлеріне сәйкес болуы керек, соның ішінде:
3 бөлмелі пәтердің орташа алаңы-80 шаршы метр, 1 шаршы метрдің құны-450 АҚШ долларынан аспауы.
Қол жетімді тұрғын үй мемлекет қаражаты есебінен салынады. Мұндай тұрғын үйлерді халықтың сатып алуы басым түрде ипотекалық кредит беру немесе ҚР Үкіметі айқындаған тәртіппен тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің кредиті есебінен жүзеге асырылады.
5.2. Ипотекалық кредит беру көлемін арттыру
Ипотекалық кредит беру көлемін арттыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің ипотекалық кредит бойынша сыйақы мөлшерлеме ставкасының көлемін 9-10 пайызға дейін азайту, бастапқы жарна көлемін 10 пайызға дейін, ипотекалық кредит мерзімін 20 жылға дейін ұзарту жөнінде алынған шаралары ықпал етеді. Сондай-ақ, Қазақстанның ипотекалық компаниясы (ҚИК) және Қазақстандық ипотекалық кредит беру кепілдігі қорының (ҚИККҚ) бұдан әрі дамуы.
Осы шаралардың нәтижесінде облыста ипотекалық кредит беру жүйесін 2,5 мыңға жуық адам пайдалана алатын болады.
5.3. Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесін енгізу
Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесін дамытуға Үкіметтің тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі қажетті қорлану көлемін сатып алатын тұрғын үйдің 25 пайызына дейін төмендету, кредит беру мерзімін 25 жылға дейін ұлғайту, мемлекет көтермелейтін салым сомасының көлемін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту жөніндегі алынған шаралары ықпал етеді.
5.4. Жеке тұрғын үй құрылымын дамыту
Жеке тұрғын үй құрылымын одан әрі дамыту үшін мынадай шараларды жүзеге асыру көзделеді:
Тұрғын үй құрылысында сұрыпталымы және номенклатурасы бойынша түрлі халық тобының элиталық тұрғын үйге де, табысы жоғары емес азаматтарға арналған тұрғын үйге де төлем қабілеттік сұранысына жауап беретін үдемелі технологияларды, қазіргі заманғы сәулет-құрылыс және қала құрылысы шешімдерін, экологиялық таза, дизайын бойынша қазіргі заманғы өнімдер мен материалдардың түрлерін пайдалану;
үй салуға жер учаскелерін бөлуді, магистралдық инженерлік желілер маңынан, сондай-ақ құрылыспен және коммуникациялармен қамтылмаған аумақтардан көздеу.
5.5. Жеке капитал инвестициялар тарту есебінен тұрғын үй салу
Алдағы жылдары құрылысшы-компаниялардың меншікті қаржысы есебінен тұрғын үй құрылысына қосымша инвестициялар тарту алға қарай дамытылады.
Бұл ретте мемлекеттік меншікке қарайтын жер учаскелерін аукцион негізінде құрылыс салуға сату тетігі енгізілетін болады, ол бағдарламаны қаржыландыру үшін бюджетке қосымша түсімдердің түсуін қамтамасыз етеді.
2004 жылы жеке капитал инвестициялары есебінен 194,2 мың шаршы көлемінде тұрған үйде пайдалануға беру жоспарлануда. 2005 жылы 286,4 мың шаршы метр, 2006 жылы-378,4 мың шаршы метр осындай тұрғын үй пайдалануға берілетін болды.
5.6. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен тұрғын үй салу
Мемлекеттің міндеттемесі бар, азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына жекешелендіру құқығынсыз коммуналдық тұрған үй берілетін болады. Бұл мақсатқа бағдарламада республикалық бюджеттен 3 жыл бойы жыл сайын 8 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысына 504 млн.теңге бөлу қарастырылуда.
2004 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен 7,9 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй пайдалануға беріледі.
5.7. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құрылысының құнын төмендету
Елдің қалың көпшілігіне салынған тұрғын үйлердің қол жетімділігінің қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының құнын төмендетуге келесі бағытталған іс-шараларды қабылдау көзделуде:
Құрылыс аудандарының толық жоспарлау жобаларын әзірлеуді үнемді тұрғын үйлер құрылысын салу үшін анағұрлым оңтайлы қабаттылықты, өзге де ұтымды көлемді-жоспарлық, конструкторлық және инженерлік шешімдердің әдістерін, сондай-ақ қала құрылысы жүйесіндегі тұрғын үйлердің орналасуын қарастыратын қазіргі заманғы тиімді және ресурс үнемдеуші сәулеті-құрылыс шешімдері қолданылатын болады.
Жаңа құрылыс аудандарында инженерлік коммуникациялар, жолдар, өткелдер мен басқа да инфрақұрылымдар нысандарын салуға кезеңділікпен кемінде 11,5 млрд.теңге бөлу қажет.
Тиімді құрылыс материалдарының өндірісін дамыту және жаңа технологияны енгізу сапасын жақсартумен олардың сұрыпталымының өсуін қамтамасыз етеді.
5.8. Бұзуға жататын апатты тұрғын үйлердегі азаматтарды көшіру үшін тұрғын үй құрылысын салу
Қалада жаппай тұрғын үй құрылысын салуға дайындалған алаңның жоқтығын сондай-ақ апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер санының көптігін ескеріп, бағдарламада кейін оларды құлатып осындай санаттағы тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру нәтижесінде, қала ішінде босаған учаскелерде жалпы алаңы 280,0 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын салып, 2006-2007 жылдары пайдалануға берукөзделуде.
Бұл:
- қаланың сәулеті-құрылыстық келбетін жақсартуға;
- қаланың оң жақ жағалауынан болашақта одан көлікпен жүру мәселесін шешіп, жаңа магистральды көшені қалыптастыруға;
- жол және инженерлік желілер құрылысының шығындарын азайтуға;
- қала орталығына жақын орналасқандықтан салынатын тұрғын үйлердің коммерциялық тартымдылығын қамтаасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұзуға жататын үй иелеріне белгіленген тәртіпте өтемақы төленеді, ол ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылыс жинақтар тетігін пайдаланумен қоса жаңадан салынған тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
5.9. Тиімді құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі дамыту және жаңа технологияларды енгізу
Тиімді құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі дамыту және жаңа технологияларды енгізу үшін келесі шараларды қабылдау қажет:
дербес жылу жүйесін, автоматтық реттеу және есептеу аспаптарын, тасымалдау кезінде жылу тасымалының шығынын төмендетуге мүмкіндік беретін «құбырдағы-құбыр» конструкциясын пайдалану, тұрба құбырлары үшін материалдардың жаңа түрлерін (политэтилен құбырлары) қолдануды кеңейту;
жеке тұрғын үйлер құрылысын салу үшін тиімді материалдарды (қуыс бетон, полистиролбетон, ұсақ даналық бетон) қолдануға көмектесу;
ғимараттың сыртқы түрі, құрылымының ұзақ беріктігі маңызды мәселелерін шешу және қажетті жылу техникалық сипатын қамтамасыз ету үшін қасбеттердің «желдету» жүйесін енгізуге ықпал ету.
6. Атырау қаласында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының алаңын таңдау негіздемесі
6.1. 2004-2005 жылдар кезеңінде тұрғын үй жайлары орналасатын орындар.
Күні бүгін Атырау қаласында бұрынғы ет комбинаты ауданындағы көлемі 9 га алаңнан басқа жаппай көп қабатты тұрғын үйлер салатын бос алаң жоқ. Осы алаңда алдын ала есептеулер бойынша 2004-2005 жылдар кезеңінде 65 мың шаршы метр тұрғын үй, 624 орындық мектеп және 240 орындық бала бақша орналастыруға болады. Басқа әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандарды тұрғын үйдің 1 қабатында орналастыру көзделуде. «Ет комбинаты» ауданында салынатын құрылыстың жобасын әзірлеуге 10 млн.теңге қажет.
6.2. 2005-2007 жылдар кезеңінде тұрғын үй жайлары орналасатын орындар
Қаланын бас жоспарына сәйкес 2015 жылға дейінгі кезеңде құрылысты жеке сектордың тозығы жеткен, сапасыз тұрғын үйлерін бұзу есебімен қала құрылыстары шегінде жүргізу көзделуде.
Күні бүгін қалада егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы деңгейдегі нақты қала құрылысының жоспары жоқ және құрылыстардың ретсіз жүргізілуі байқалуда. Күні бүгін маңызды мәселе болып тұрған қаланың көлік проблемасын шешу және қаланың сәулеті-қала құрылысы келбетін көп қабатты үйлер салу арқылы жақсарту үшін 2005-2007 жылдар кезеңінде қаланың сол жақ жағалаудағы инженерлік желілермен абаттандырылмаған жеке сектордың тұрғын үйлерін бұзу көзделуде. Бұл магистральды көше құруға мүмкіндік береді.
2005 жылы 13.6 га алаңды кварталдарда бұзуды бастау көзделді-онда 95,2 мың шаршы метр тұрғын үй орналасуы көзделді.
-2006 жылы-13,6 га, онда 95,2 мың шаршы метр тұрғын үйді орналастыру көзделді,
-2007 жылы-12,8 га, онда 89,6 мың шаршы метр тұрғын үйді орналастыру көзделді,
-2005 жылы құны шамамен 1033,2 млн.теңге бір үйге есептегенде-6,3 млн.теңге (1 шаршы метр-450 АҚШ долл.) 164 үйді бұзуға тура келеді.
-2006 жылы 137 үйді бұзу қажет, алдын ала есептелген құны 863,1 млн.теңге.
-2007 жылы 191 үйді бұзу қажет, алдын ала есептелген құны 1203,3 млн.теңге.
Барлығы 2005-2007 жылдар кезеңінде бұзуға 3099 млн.теңге қажет.
Инженерлік желілермен қамтамасыз етілуі:
- сумен жабдықталуы-Маяковский көшесі маңындағы аумақта диаметрі 500 мм су құбыры тартылған;
электрмен жабдықталуы-Ет комбинаты ауданында салынатын көп қабатты үйлер үшін 35 Кват қосалқы станса жобаланды;
- канализация–ауданда магистралды канализация желілері бар;
- газбен жабдықталуы-аудан газдандырылған.
Ауданның толық жоспарлау жобасынәзірлеу құны шамамен 40,0 млн.теңге.
Тұрғын үй шағын ауданды инженерлік-коммуникациямен қамтамасыз ету үшін шамамен 3050,0 млн.теңге қаражат қажет, оның:
-871,65 млн.теңгесі-электрмен жабдықтауға;
-86,0 млн.теңгесі-газбен жабдықтауға;
-763,0 млн.теңгесі-жылумен жабдықтауға;
-760,0 млн.теңгесі-сумен жабдықтауға және канализацияға
-119,7 млн.теңгесі-телефондандыруға
-450,0 млн.теңгесі-дренажға
6.3. Атырау қаласында 2004-2007 жылдар кезеңінде жеке тұрғын үй құрылыстары орналасатын орын
2004 жылдан бастап 2005 жылдар кезеңінде қаланың бұрыннан бөлінген алаңдарға жеке тұрғын үйлер салу белгіленді. Атап айтқанда:
Құрылыс салынатын аудандар
Учаске
лердің жалпы саны
2002 жылдан бастап, 2004 жылғы
18 мамыр кезеңінде пайдалануға берілген үйлер
2004 жылдың аяғында пайдалану
ға беріледі деп күтілетін үйлер саны
2005 жылдың аяғында пайдалану
ға беріледі деп күтілетін үйлер саны
2006 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілетін үйлер саны
2007 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтіле
тін үйлер саны
1
Атырау ш/а
750
139
61
70
100
100
2
Лесхоз-1, Лесхоз-2 ш/а
250
19
25
25
25
30
3
Ескі аэропорт
430
10
35
40
40
40
4
Әлиев-Құрманғазы көш.
174
4
10
15
20
20
5
Контейнер көш
220
22
55
25
25
25
6
СМП-136
40
7
10
10
13
-
7
СМП-163
20
2
4
7
9
-
8
Ет комбинаты
137
12
10
15
20
35
9
Геолог с.
1200
52
35
50
50
70
10
Бірлік с.
600
15
15
40
50
50
11
Томарлы с.
100
23
20
10
20
20
12
Талғайран с.
50
8
10
10
15
7
13
Бесікті с.
50
7
13
10
10
10
14
Ақсай с.
60
8
10
10
10
12
15
Ақжар с.
150
18
20
10
10
25
16
Жұмыскер-1, Жұмыскер-2
1600
89
100
70
70
75
17
Еркінқала с.
200
14
20
20
20
25
18
Ракуша с.
100
9
10
10
10
15
19
Дамбы с.
150
9
10
10
10
15
20
Атырау с.
50
3
10
10
10
17
21
Құрманғазы с.
50
12
10
10
10
8
22
Жаңаталап с.
150
15
15
15
15
20
23
Кеңөзек с.
50
1
5
5
7
7
24
Балықшы с.
50
40
10
-
-
-
25
Құрсай с.
100
12
18
15
25
20
26
Көкарна с.
600
8
25
50
70
70
Барлығы:
7331
558
562
562
666
716
Күні бүгінде жоғарыда аталған жеке тұрғын үй құрылыс аудандары инженерлік желілермен қамтамасыз етілмеген, соған байланысты құрылыс аяқталған үйлерді пайдалануға беруде кейбір қиындықтар кездеседі.
-2004 жылы 5 жеке тұрғын үй құрылыс аудандарында электрмен жабдықтау жөнінде жобалау жұмыстары жүргізілуде, жобалау жұмысының жалпы құны 22,5 млн.теңге.
ЖТҚ аудандарында инженерлік коммуникациямен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың құнын анықтау үшін жобалау-іздестіру жұмысын орындауға 150,0 млн.теңге көлемінде қаражат керек.
2004 жылы Атырау қаласы бойынша жалпы алаңы 62,15 мың шаршы метр-565 жеке тұрғын үйдің құрылысын салып пайдалануға беру жоспарлануда.
2005 жылы жалпв алаңы 61,82 мың шаршы метр-562 үй.
2006 жылы жалпы алаңы 73,26 мың шаршы метр-666 үй.
2005 жылы жалпы алаңы 78,76 мың шаршы метр-716 үй.
Барлығы 2005-2007 жылдар кезеңінде жалпы алаңы 213,84 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынып пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген тұрғын жайды инженерлік коммуникациямен қамтамасыз ету үшін шамамен 4500,0 млн.теңге сомасында қаражат керек.
Бас жоспарға сәйкес 2006-2007 жылдар ЖТҚ шағын аудандарын орналастыру үшін Атырау қаласының солтүстігінде орналасқан 200 га көлеміндегі «Тендік-2» алаңы таңдап алынды. Осы учаскеде жалпы алаңы 200 мың шаршы метр 2000 жеке тұрғын үй сал жоспарлануда.
Бұл құрылыс ауданы инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етілмеген. Инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін 2005 млн.теңге сомасында қаржы қарастыру қажет, оның:
- электрмен жабдықтауға-1575,5 млн.теңге.
- жылумен жабдықтау-84,0 млн.теңге.
- телефондандыруға-98,2 млн.теңге.
- сумен құбыры мен канализацияға-150,0 млн.теңге.
- газбен жабдықтауға-100,0 млн.теңге.
Толық жоспарлау жобасын әзірлеу үшін 90,0 млн.теңге қажет етіледі.
7. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Қажетті бюджет қаражаты:
Барлығы: 29,6 млрд.теңге, соның ішінде:
Мемлекеттік бюджет есебінен коммуналдық тұрғын үй құрылысын салуға-1512,0 млн.теңге;
Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік кредит есебінен тұрғын үй құрылысын салуға-13905,0 млн.теңге;
Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу үшін азаматтарға төленетін өтемақы-3099,6 млн.теңге;
Құрылыс салынатын аудандарда инженерлік желілер құрылысын салуға-11100,0 млн.теңге.
8. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2005 жылы-276,8 мың шаршы метрді, 2006 жылы-369,0 мың шаршы метрді, 2007 жылы-461,0 мың шаршы метрді жалпы алаңды құрайды. Осы жылдар ішінде барлық қаржыландыру көздерінен 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
үш жыл ішінде жалпы алаңы 1106,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынады;
азаматтардың тұрғын үйлерде тұру қауіпсіздігі жоғарылайды;
тұрғын үй қоры жайлылығы артады;
қаланың және басқа елді мекендердің сәулет келбеті жақсарады;
тұрғын үйдің бастапқы рыногы одан әрі дамиды және инвестициялық процесс жанданады;
халықтың едәуір бөлігінің тұрғын жай-күйі жақсарады;
халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері 350-ден аса пәтер алады;
құрылыс қызметінен бюджетке түсетін салық, жылжамайтын мүлікке салынатын салық, құрылыс саласы қызметкерлерінен алынатын табыс салық алымдары артады.
Атырау облысының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасынжүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімі
Болжамды шығындар, мың шаршы метр/млн.теңге
Қаржыландыру көзі
2005
2006
2007
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Тұрғын үй сатып алуға, құрылыс салуға немесе күрделі жөндеуге берілетін ипотекалық кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге ықпал ету.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
Ұлттық банк филиалы, Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
2005-2007
Шығындар болжамдалмаған
2
Мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен салынатын тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін алаңды магистралдық инженерлік желіге жақын, сондай-ақ құрылыс және коммуникация жоқ аумақтардан қарастыру
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
Сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы
Қаңтар, шілде, жыл сайын
Шығындар болжамдалмаған
3
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнын төмендету мақсатында бюджет қаржысы есебінен инженерлік желілер, коммуникация, жол, өткел және т.б инфрақұрылымдардың озық құрылысын қамтамасыз ету.
Қабылдау акті
Сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы, Құрылыс кешені басқармасы
2005-2007
/2500
/2500
/2500
Бюджет қаржысы
4
Мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен салынатын тұрғын үй құрылысына сәйкесті отандық өнімдер бар болған жағдайда қымбат импорттық құрылыс материалдарын, бұйымдарды, конструкцияларды, үй жасайтын инженерлік құралдар мен заттарды қолдануға жол бермеу.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
Құрылыс кешені басқармасы, Сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасы
Қаңтар, шілде, жыл сайын
Шығындар болжамдалмаған
5
Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысының құнын төмендету
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, Сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы, Құрылыс кешені басқармасы
2005-2007
Шығындар болжамдалмаған
6
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту
Мемлекеттік акт
Сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы, Қала мен аудан әкімдері
2005-2007
179/930,8
189/982,8
198/1029,6
Тұрғындар қаражаты
7
Жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салу
Қабылдау акті
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, Сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы
2005-2007
189/3/13250
179,3/13100
170,3/12430
Жеке инвестициялау
8
Мемлекеттік инвестиция
лар есебінен немесе олардың қатысуымен тұрғын үйлер салу
Қабылдау акті
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, Облыстық қаржы басқармасы, Құрылыс кешені басқармасы
2005-2007
31,7/
2000
31,7/
2000
31,7/
2000
Бюджет қаржысы
2005-2007
15,9/
1000
15,9/
1000
15,9/
1000
2005-2007
6,3/400
6,3/400
6,3/
400
соның ішінде:
республикалық бюджет
жергілікті бюджет
бюджеттік кредит қаражаты
2005-2007
9,5/600
9,5/600
9,5/600
Атырау облысы бойынша 2003-2007 жылдары тұрғын үйлерді іске қосу кестесі
№
Атауы
тұрғын үйлерді іске қосу, мың м²
2003 ж.
2004 ж.
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.
1
2
3
4
5
6
7
1.
Кредит қаражаты есебінен іске қосылатын тұрғын үйлер
74,6
74,6
74,6
2.
Коммуналдық тұрғын үй
8
8
8
3.
Басқа қаржыландыру көздері бойынша:
соның ішінде:
инвестициялар есебінен тұрғындар қаражаты есебінен
190,27
32,07
158,2
258,6
99,26
159,34
194,2
33,2
161
286,4
125,4
161
378,4
202,4
176
Барлығы:
190,27
258,6
276,8
369
461
Жылдар бойынша тұрғын үй саясатын орындау үшін шамамен қаражат қажеттілігі.
№
Атауы
Барлық шығындар, млн.теңге
Соның ішінде:
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.
1
2
3
4
5
6
1.
Атырау қ.
13725,65
4948,6
4193,9
4583,15
1) толық жоспарлау жобасын әзірлеу
171
40
41
90
2 жобалы-сметалық құжаттамаларын жасауға
53
53
3) тұрғын үй бұзуға
3099,6
1033,2
863,1
1203,3
4) инженерлік желілер құрылысына
9556,05
3822,4
2866,8
2866,85
5) жол құрылысына
846
-
423
423
2.
Аудандар
1756,2
637,4
648,6
470,2
1) Исатай ауданы
243
62,4
71,3
109,3
2) Махамбет ауданы
80
28
32
20
3) Мақат ауданы
510
178,5
204
127,5
4) Индер ауданы
128
44,8
51,2
32
5) Қызылқоға ауданы
99,2
34,7
39,7
24,8
6) Құрманғазы ауданы
166
58
66,4
41,6
7) Жылыой ауданы
460
161
184
115
8) толық жоспарлау жобасын әзірлеу
70,0
70
Барлығы:
15481,85
5586
4842,5
5053,35