Об образовании комиссии по выполнению областной программы развития жилищного строительства на 2005-2007 годы при акимате Акмолинской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2005-2007 жылдарға арналған облыстық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі облыстық комиссия құру туралы Ақмола облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы № 3С-6-3, Ақмола облысы әділет департаментінде 2004 жылғы 14 шілдеде № 2691 болып тіркелген шешімімен бекітілген Ақмола облысында 2005-2007 жылдарға арналған облыстық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудың тұрақты мониторингін іске асыру мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2005-2007 жылдарға арналған облыстық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын (қосымша 1).
Тармақ 3
3. Облыстық комиссия туралы ереже бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді және жариялануы қажет.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2004 ж.13.11. № A-10/275 қаулысына қосымша 1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2005-2007 жылдарға арналған облыстық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Отаров Қадырхан Махмұтұлы - облыс әкімінің орынбасары, төрағасы Митрофанов Анатолий Филлипович - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының орынбасары, хатшысы Комиссия мүшелері: Әкімов Рашит Қайыржанұлы - Көкшетау қаласының әкімі Савицкий Дмитрий Емельянович - қаржы басқармасының бастығы Күзембаева Маржан Бопайқызы - экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының бастығы Мырзахметов Болат Кәмалиұлы - облыс әкімі аппараты өндірістік салалар бөлімінің меңгерушісі Ыбыраев Зарап Балташұлы - облыс әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Әркенов Шәріп Әркенұлы - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Басқа 6
Облыс әкімдігінің 2004 ж.13.11. № A-10/275 қаулысына қосымша 2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2005-2007 жылдарға арналған облыстық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2005-2007 жылдарға арналған облыстық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік кеңес беру органы болып табылады және өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқада нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Облыстық комиссия төраға мен оның орынбасарынан, хатшысынан және комиссия мүшелерінен құралады.
Тармақ 3
3. Облыстық комиссияның дербес құрамын облыстық мәслихат бекітеді.
Тармақ 4
4. Комиссия шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.
Тарау 2. 2. Облыстық комиссияның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
2. Облыстық комиссияның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 5
5. Облыстық комиссияның міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2005-2007 жылдарға арналған облыстық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеп енгізу;
Тармақша 2
2) облыстық бағдарламаны жүзеге асыру мониторингін жүргізу;
Тармақ 6
6. Облыстық комиссия өз өкілеттігі деңгейінде құқықты:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық әкімдіктерден, облыстық басқармалар мен ведомстволардан (келісімі бойынша) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті мәліметтер, құжаттар, материалдар сұратып алу;
Тарау 3. 3. Облыстық комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Облыстық комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Облыстық комиссияның отырыстары қажет болған кезде өткізіледі, бірақ айына бір реттен кем болмайды.
Тармақ 8
8. Облыстық комиссияның отырысы оған облыстық комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды. Облыстық комиссияның мүшелері оның отырыстарына өздері ғана қатыса алады.
Тармақ 9
9. Облыстық комиссияның шешімі оның отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының жай көп дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші маңызға ие болады.
Тармақ 10
10. Облыстық комиссияның отырыстарына облыстық комиссияның мүшесі емес лауазымды тұлғалар, сол сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Облыстық комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Облыстық комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) Облыстық комиссияның атқарған жұмыстары туралы айына бір рет облыс әкіміне мәлімет тапсырып отырады.
Тармақ 12
12. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 13
13. Облыстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы оның мүшелеріне хабарлайды;
Тармақша 2
2) облыстық комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) облыстық комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді;
Тармақша 4
4) облыстық комиссия төрағасына оның мүшелері дайындаған шешімдері уақытында және сапалы орындалуын бағалау жөнінде істелген жұмыстары туралы есептерін тапсырады;
Тармақша 5
5) облыстық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Облыстық комиссияның жұмысшы органы облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасы болып табылады.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын тоқтату
4. Комиссияның жұмысын тоқтату
Тармақ 15
15. Комиссия өз жұмысын Ақмола облысы Әкімдігінің қаулысы негізінде тоқтатады.