"2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамыту" аймақтық бағдарламасын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
"2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамыту" аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын жүзеге асыру жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі №І1-7/И-368 тапсырмасын жүзеге асыра отырып, облыс халқын құны бойынша қол жететіндей тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
"2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамыту" аймақтық бағдарламасы (қоса берілді) бекітілсін.
Басқа 1. АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыстық мәслихаттың
2004 жылғы «25» маусымдағы
IX сессиясының №89 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда қ., 2004 жыл
МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Облыстың тұрғын үй құрылысының қазіргі жай-күйін талдау
Тұрғын үй құрылысы
Жеке тұрғын үй құрылысының жай-күйі
Жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үйлер
салу
Тұрғын үй құның талдау
Құрылыс материалдарын өндіру саласының жай-күйі
Ипотекалық кредит беру
Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетігі
Тұрғын үй құрылысын салу ұсыныстарын ынталандыру. Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысының құның төмендету. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
Жекеше капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салу.
Коммуналдық тұрғын үй салу.
Мемлекет қаражаты есебінен қолжетімді тұрғын үй салу. Халыққа қолжетімді тұрғын үйлерді сату Төлемге қабілетті сұранысты ынталандыру. Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру. Бағдарламаны жүзеге асыру тетігі.
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Тармақ 8
8. Іс-шара жоспары Қосымшалар
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз
Әзірлеуші
Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекелестік қабілеті бар Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге кабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінде «Тұрғын үй құрылысын дамыту туралы» 2004 жылғы 12 наурыздағы жиналыстын №11-7/007-78 хаттамасы;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде 2004 жылғы 16 наурызда болған жиналыстын №11-7/007-81 хаттамасы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінде 2004 жылғы 10 сәуірде болған жиналыстың №11-7/И-368 хаттамасы; "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі №478 қаулысы;
"Қазақстан Республикасыңда тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы №1388 Жарлығы
Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы басқармасы.
Бағдарламаның
әкімшісі
Қызылорда қаласы және аудандар әкімдері
Іске асыру мерзімі 2005-2007 жылдар
Бағдарламаның мақсаты
Халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешеңді түрде шешу
Бағдарламаның
міндеті
Тұрғын үй құрылысының жылдам дамуына ықпал ету; ипотекалық кредит қолдану және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту жолымен тұрғын үй құрылысын каржылаңдырудың тиімді тетігін дамыту;
құрылыс индустриясының тиімді рыногын қалыптастыру; бекітілген заңдылықтар шеңберінде халықтың жекелеген санаттарына ұсынуға арналған мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салу; жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үй салуға жекеше инвестицияларды тарту.
Қаржыландыру көздері
Ипотекалық кредит.
Тұрғын үй құрылысы жинақ қаржылары.
Бюджеттік қаржылар.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың қаржылары.
Күтілетін нәтижелер
Халықтың басым бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз ету;
тұрғын үй қорының жайлылығын жақсарту;
қалалармен баска да елді мекендердің сәулеттік бейнесін жақсарту;
жергілікті құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын шығару өндірісін және құрылыс индустриясын дамыту;
жаңа және қосымша жұмыс орындарын құру.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Бұл, Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекелестік қабілеті бар Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінде «Тұрғын үй құрылысын дамыту туралы» 2004 жылғы 12 наурыздағы болған жиналыстың №11-7/007-78 хаттамасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде 2004 жылғы 16 наурызда болған жиналыстың №11-7/007-81 хаттамасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінде 2004 жылғы 10 сәуірде болғаң жиналыстың №11-7/И-368 хаттамасына, "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі №478 қаулысына және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудын 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы №1388 Жарлығына сәйкес әзірленді.
Тұрғын үй құрылысы жағдайы елдің экономикалық деңгейі мен ондағы азаматтардың әл-ауқатына байланысты болады. Халықты құны мен сапасы жағынан қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету облыс халқының өмір сүру деңгейін арттырудың және халықтың әл-ауқатын жақсартудың ең басты факторы екендігін еске ала отырып, осы Бағдарлама әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты - халыктың басым бөлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесін кешенді шешу.
Жаңа үйлер салу өз кезегінде құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен жергілікті құрылыс компанияларын жұмыс көлемімен қамтамасыз етеді және жергілікті құрылыс материалдарын шығару өндірісін жолға қоюға көмегін тигізіп, құрылыс саласын дамытуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді.
Осы Бағдарлама 2005-2007 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысын дамыту саласында бірегей аймақтық саясатты қалыптастыруға және жүргізуге, аймақ халқын салыстырмалы түрде сапасы мен құны жағынан қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталады.
Тарау 3. 3. Облыстың тұрғын үй құрылысының қазіргі жай-күйін талдау
3. Облыстың тұрғын үй құрылысының қазіргі жай-күйін талдау
Кейінгі жылдары жаңа құрылыс материалдарын, технологияларды және ақпараттық-анықтама мен нормативтік құжаттарды қолдана отырып сәулет, құрылыс және қалақұрылысы саласы белсенді қарқынмен дамуда. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, құрылыс және қалақұрылысы істері жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Құрылыс істері жөніндегі комитетінің қаулылары мен өкімдерін жүзеге асыру үшін негізгі алғы шарттар жасалынды.
Тұрғын үй қоры тізілімінің деректері бойынша 2004 жылғы 1 қаңтарға Қызылорда облысының тұрғын үй қорының жалпы алаңы 9 992 806 шаршы метрді, соның ішінде Қызылорда қаласында - 3 316 600 шаршы метр және ауылдық жерлерде - 6676 206 шаршы метрді құрады. Көп қабатты тұрғын үйлердің үлесіне 1 636 176 шаршы метр немесе 16,5 пайыз, жеке тұрғын үйлердің үлесіне - 8 346 630 шаршы метр немесе 83,5 пайыз келеді.
Кейінгі жылдары облыста тұрғын үй құрылысы жандана түсті. 2000-2003 жылдар кезеңінде жалпы алаңы 208 600 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың ішінде 2002 жылы іске қосылған тұрғын үйлер - 42 200 шаршы метр; 2001 жылы - 48 800 шаршы метр; 2002 жылы - 45700 шаршы метр және 2003 жылы - 74007 шаршы метр.
Өткен 2003 жылы Қызылорда облысы бойынша жалпы алаңы 74 007 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді (2002 жылмең салыстырғанда 161,9 %), оның ішінде мемлекеттік қаржы есебінен салынған тұрғын үй құрылысы - 18 014 шаршы метр, халықтың қаржысы есебінен салынған тұрғын үйлер - 56 184 шаршы метрді құрайды (2002 жылмен салыстырғанда 123%).
Ауыл аумақтарын дамыту аймақтық бағдарламасы шеңберінде Қызылорда облысында 2003-2005 жылдар кезеңінде жас мамандар үшін 1000 үй пайдалануға беру қарастырылуда, оның ішінде 2003 жылы - 330 үй, 2004 жылы - 330 үй және 2005 жылы 340 үй (немесе 27,2 мың шаршы метр).
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жартысынан астамы Қызылорда қаласына тиесілі. 2003 жылы Қызылорда қаласы бойынша 37 717 шаршы метр (пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемдегі үлесі 52,4 %) тұрғын үй енгізіліп, 2002 жылға қарағанда 168,9 % құрады. Соған қарамастан тұрғын үй мәселесі қазіргі таңда ең күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
2004 жылдың 1 сәуіріндегі Қызылорда облысының тұрғын үй құрылысы жағдайы туралы мәлімет 1 Қосымшада көрсетіледі.
Қызылорда қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы негізінен 1962 және 1993 жылдар аралығында жүргізіліп, 1993-1996 жылдар аралығында жалғастырылды, яғни, Қызылорда қаласының тұрғын үй қоры сапалық және техникалық жағынан тозығы жетті. Берілген тұрғын үйлер қазіргі заманғы пайдалану және техникалық талаптарына толығымен сай келмейді.
Бұл үйлерге Қызылорда қаласындағы ірі панелді (КПД), ірі блокты үйлердің және жаппай құрылыс салынған жылдардағы облыстың аудан орталықтарындағы ірі блокты үйлер жатады. Ірі панелді үйлердің бірінші сериясының конструкциялары техникалық жағдайды, яғни дәнекерлеуші бұрыштарды дат басудан қорғауды толығымен қамтамасыз ете алмады. Құрылыс конструкцияларының, бұйымдарының және инженерлік коммуникациялардың жүктеме мүмкіндіктері олардың туындауының бастапқы кезеңінде жеткіліксіз қамтамасыз етілуі себептеріне сай тұрғын үйлерге зерттеу жүргізу тәжірибесі олардың нақты жағдайда көтергіш қабілеттілігі жойылғанда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі мүмкін емес екенін анықтады. Нәтижесінде мұндай жағдай жаппай құрылыс салу кезеңінің алғашқы жылдары салынған құрылыстардың қауіпсіз пайдалану деңгейін бірден құлдыратып жіберді.
Бұл үйлердің көп бөлігі жекешелендіру кезеңінде жеке меншікке күрделі жөндеу жүргізусіз беріліп кеткен. Осыдан кейін тұрғын үйлерге күрделі жөндеу тіпті жүргізілмеді десе де болады. Бұл онда тұрған азаматтардың өмірі үшін қауіп төндіре отырып, тұрғын үйлердің одан әрі тозуына әкеліп соқтыруда.
2004 жылдың 1 сәуірінде қалалық және аудандық әкімияттарда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 1031 отбасы тіркелді.
Соңғы жылдары халықтың аз қорғалған бөлігі, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдар жүмысшылары тұрғын үймен толық деңгейде қамтамасыз етілмей отыр.
Халықтың басым бөлігінің төлем қабілеттілігінің төмен болуы себебінен жаңадан салынған тұрғын үй алуға мүмкіндігі жоқ. Дайын тұрған үйді алу үшін ұзақ мерзімді несиелерді алу жөніндегі барлық мәселелер жеткілікті деңгейде шешілмеген.
Соңғы жылдары пайдалануға берілген тұрғын үйлердің басым бөлігі жеке тұрғын үй салушылардың есебінен салынды.
Қолда бар мәліметтер бойынша салынып жатқан және қолда бар тұрғын үйлердің сапасы аймақтың қажеттілігіне толық деңгейде сәйкес келмей отыр. Стандартты тұрғын үйлерге сұраныстың артуынан тұрғын үйлердің бағасы артуда. Тұрғын үй рыногында бағаны тұрақтандыру жаңа тұрғын үй құрылысының өсуіне елеулі әсер етуі мүмкін.
Кейінгі жылдарға жасалған талдау аймақтағы жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру деңгейі қолда бар, бірақ ескірген тұрғын үй қорын ұстау және халықтың тұрғын үйге деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екендігін көрсетті.
Тұрғын үй құрылысындағы жағымсыз жағдайлардың бірі тұрғын үй құрылысы жинақ қорларының дамымағандығы болып отыр.
Осылардың барлығы жергілікті құрылыс компаниялары мен фирмаларын тарта отырып, негізінен жергілікті құрылыс материалдарын қолданып, қолы жете алатындай жаңа тұрғын үй құрылысы бойынша мәселелерді тез арада шешуді талап етеді.
Жеке тұрғын үй құрылысының жай-күйі
Облыс тұрғындары жеке тұрғын үй проблемаларын шешуге белсенді қатыса бастады. Кейінгі жылдары пайдалануға берілген тұрғын үйлердің басым бөлігі жеке тұрғын үй салушылардың қаражаттары есебінен салынды.
2000-2003 жылдары халықтың қаражаты есебінен 184,057 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, немесе пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 91%-і.
Жеке тұрғын үй құрылысының көлемі соңғы 4 жылда 40 %-ке өсті.
Жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үйлер салу
Соңғы жылдары аймақта кәсіпорындардың және мемлекеттік емес ұйымдардың жеке қаражаты есебінен тұрғын үй салынған жоқ.
Тұрғын үй құнын талдау
Жаппай тұрғын үй құрылысы өсуінің тежелеуіне негізгі себептердің бірі тұрғын үйдің құнының қымбаттығы болып табылады.
Құрылыс істері жөніндегі Комитеттің мәліметтері бойынша әртүрлі типті (мың теңге) тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа базалық құны құрайды:
Құрылыс материалдарын өндіру саласының жай-күйі
Облыста тұрғын үй құрылысын дамыту, сонымен қатар құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығару бойынша жеткілікті өндірістік-материалдық база бар, мысалға "Дәнекер ҚК" ЖШС, "Промстройсервис-Е" ЖШС, "Құрылыс" АҚ, "Интегрострой" ЖШС және басқа да тұрғын үй қүрылысы саласында үлкен жұмыс тәжірибесі мен өндірістік және кадр әлеуеті жоғары бірқатар құрылыс фирмалары бар.
"Құрылыс" АҚ тұрғын үйлерді және басқа да ғимараттар мен қондырғыларды салуда қолданылатын темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын шығарады.
Кейбір жеке инвесторлардың қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығаруға, сонымен қатар бастапқы кезеңде өздерінің қаржылары есебінен әртүрлі деңгейдегі тұрғын үй құрылысын жүргізуге қызығушылық танытып отырғанын атап өту керек.
Жергілікті материалардарды қолданып құрылыс конструкциялары мен бұйымдары өндірісін дамыту, жергілікті мердігер құрылыс ұйымдары мен фирмаларын тарту, сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы саласында осы Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жаңа материалдар қолдану мен жаңа технологияларды ендіру жағдайында тұрғын үй құрылысының құны біршама төмендейді.
Жеке секторда тұрғын үй құрылысының көлемін арттыруға байланысты және тұрғын үй құрылысы үшін несие ресурстарын арттырумен қатар құрылыс индустриясын қоса дамыту керек.
Одан әрі күтілетіні:
Тармақ 1
1. Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған
аудандарында күйдірілген кірпіш шығаратын зауыттар салу;
Тармақ 2
2. Өндіріс көлемін арттыру мақсатында Қазалы ауданындағы
темірбетон бұйымдарын және кірпіш шығаратын зауытты толығымен қайта
техникалық жарақтандыру;
Тармақ 3
3. Облыстың және Қызылорда қаласының қажеттілігін толығымен өтеу
үшін «Еңбек-Қызылорда» МК техникалық қайта жарақтау;
Тармақ 4
4. Облыс қажеттілігі үшін «Еңбек» АҚ құрылыс материалдарын
шығаруға қайта жарақтауды жүргізуге бағыттау (қазіргі таңда су
шаруашылығы үшін темір бетонды бұйымдарды шығаруда);
Тармақ 5
5. Жүзеге асыруы 2004-2010 жылдарға жоспарланып отырған құрылыс
материалдарын шығару жөніндегі Қызылорда облысының инвестициялық
жобалары мен жоспарлы жұмыстарды жүргізу.
Тұрғын үй құрылысы үшін облыста бірқатар құрылыс материалдарын қолдану мүмкіндігі, оның ішінде саз, құм, қиыршықтас, әк және т.б. қорлары жеткілікті деңгейде бар. Бірқатар мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда темір бетон бұйымдары және конструкциялары, силикат кірпіш, күйдірілген кірпіш және күйдірілмеген кірпіш, әртүрлі диаметрдегі полимерлі құбырлар және т.б. құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығаратын бірқатар мемлекеттік және жеке кәсіпорындар жұмыс істейді.
Облыста ағаш және металлопластикалық есік, терезелер шығаратын өндіріс бар. Жұмыс істеп тұрған құрылыс индустриясы кәсіпорындарының базасында аталған өндірісті арттыру мен жолға қоюға толығымен мүмкіндік бар.
Ипотекалық кредит
2001-2004 жылдар кезеңінде екінші деңгейдегі банктер аймаққа тұрғын үй алу үшін 345,0 млн. теңге мөлшерінде кредит қаржыларын бөліп, 518 кредит берді.
Ипотекалық кредит беру - тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ипотека халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, банктердің - тиімді және пайдалы жұмыс істеуіне, құрылыс кешенінің - өндірістік ырғақты жұмыспен жүктелуіне мүмкіндік береді.
Азаматтарға ипотекалық кредит беруді 1998 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырып келеді. Бастапқы кезеңде ипотекалық несие бойынша сыйақы мөлшері жылдық 20 пайыз мөлшерін құрады, бастапқы төлем мөлшері шамамен 40-50 пайызды құрап, кредит 5-10 жылдан артық емес мерзімге берілді.
Ипотекалық кредитті дамытумен елімізде ипотекалық кредиттің негізгі критерийлерінің азаюы жағына өзгерістер пайда болды. Яғни, 2003 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктерде сыйақы мөлшері шамамен жылдық 12-15 пайызды құрады, бастапқы төлем мөлшері 15-20 пайызға дейін төмендеді, кредит мерзімі орташа 10-15 жылды құрады.
Қазіргі кезде ипотекалық кредитке Қазақстан Республикасы азаматтарының шағын ғана бөлігінің қолы жетеді. Негізгі себептерінің бірі алғашқы жарнапұлды және үстеме төлемдерді төлеу үшін халықтың жеткілікті қаржыларының болмауы. Осыған байланысты «Қазақстандық ипотекалық компания» ЖАҚ (одан әрі - ҚИК) құрылды.
ҚИК мақсаты екінші деңгейдегі банктерге ипотекалық несиелерді беру көлемін арттыру үшін ипотекалық несие бойынша талаптар құқығын алу жолымен екінші деңгейдегі банктер қаржыларын қайта қаржыландыру болып табылады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аймақта ҚИК тәжірибесін пайдалану керек және облыс халқын ипотекалық компанияға қатысуға тарту керек.
Тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі
Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі - осы жүйе қатысушылар болып, тұрғын үй құрылысы жинақтау банктері салымдары бойынша төлемдер төлеуші, сыйақы төлеуді жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ банктері, банктердің салымшылары және мемлекет саналады. Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін енгізу үшін 2002 жылы «Тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс Жинақ банкі" АҚ кұрылды.
Қазіргі уақытта болашақтағы даму мүмкіндіктерін қарастыра отырып, халықтың тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы қаржыларды алу бойынша мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізу қажет.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты халыктың қалың жігіне тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрьлысын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып саналады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға елеулі әсер ететін факторларды талдау келесі міндеттерді шешуді көздейді:
Тармақша 1
1)ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңестірілген тұрғын үй рыногын жасау;
Тармақша 2
2)құрылыс индустриясының тиімді рыногын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) ипотекалық кредитті және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдану және тарту
арқылы тұрғын үй құның төмендету;
Тармақша 4
4)тұрғын үй құрылысының мәселесін бастапқы кезеңде шешу үшін инвестиция тарту тетігін қалыптастыру мен құру және қаржыландыру көздерін анықтау;
Тармақша 5
5)жаңа технологиялар, құрылыс материалдары мен бұйымдарын пайдалана отырып, тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру;
Тармақша 6
6)бекітілген заңдылықтар шеңберіңде халықтың жекелеген санаттарына ұсынуға арналған мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй құрылысын салу;
Тармақша 7
7)жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту;
Тармақша 8
8) апатты үйлерді анықтау мақсатында тұрғын үй ғимараттарының
техникалық және пайдаланыстағы жағдайына уақытылы зерттеу жүргізу;
Тармақша 9
9) апатты үйлерді бүзғаннан кейінгі босаған жер телімдерін жаңа тұрғын
үй құрылысы үшін пайдалану.
2004 жылғы тұрғын үй құрылысын дамыту міндеттерін жүзеге асыру мақсатыңда әзірленген жұмыстардың жоспарын орындау үшін қажетті қосымша қаржы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетке берілді.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетігі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетігі
Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақ 1
1. тұрғын үй салу ұсынысын ынталандыру:
Жалпы сипаттағы жүйелік шаралар
тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің құнын төмендету;
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
жекеше капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салу;
тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі дамыту
және жаңа технологиялар енгізу.
Орта топ пен халықтың әлеуметтік қорғалған жігі үшін тұрғын үй салуды ынталандыруға бағытталған шаралар, коммуналдық тұрғын үй салу;
мемлекеттік қаражат есебінен қолжетімді тұрғын үй салу.
Тармақ 2. Тұрғын үй салу ұсынысын ынталандыру:
2. төлем қабілеті бар сұранысты ынталандыру:
ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру;
құрылыс жинақтарының жүйесін дамыту.
Тұрғын үй салу ұсынысын ынталандыру:
Жалпы сипаттағы жүйелік шаралар
Тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің құнын төмендету
Халықтың неғұрлым қалың жігіне арналып салынған тұрғын үйлерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының құнын төмендетуге бағытталған шаралар көзделеді.
Облыста қазіргі заманғы тиімді және энергия үнемдейтін сәулет-құрылыстық шешімдерге өту қажет. Осыған байланысты үнемді тұрғын үйлерді салу үшін неғұрлым оңтайлы қабаттылықты, өзге де ұтымды көлемдік-жоспарлық, конструкторлық және инженерлік шешімдердің әдістерін, сондай-ақ қала құрылысы жүйесіндегі тұрғын үй орамдарының (үйлерінің) орналасу орнын айқындау қажет.
Магистралдық және квартал ішілік инженерлік желілер, өзге де инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылым объектілерін дамыту мен жайластыруға кететін шығыстарды жергілікті атқарушы органдарға жүктей отырып, қалалық қуат көздерін дамытуға үлестік қатысумен байланысты тұрғын үй салушылардың шығындарын (қосылатын қуат үшін ақы төлеу) болдырмау керек.
Тиімді құрылыс материалдары өндірісін дамыту және жаңа технологиялар енгізу олардың сапасын жақсарта отырып, түр-түрін ұлғайтуға, сондай-ақ импорттың көлемін төмендетуге және құрылыс материалдары, қуат, еңбек сыйымдылығын азайтуға әкеп соқтырады.
Құрылыс ұйымдарының арасында бәсекелестікті дамыту тұрғын үй құрылысының құнын төмендету жөніндегі жұмыстардың бірі болып табылады. Коммуналдық тұрғын үйді салуға арналған тапсырыстарды орналастыру және ипотека мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалана отырып, азаматтардың белгілі бір санатына кейіннен тұрғын үй сатумен құрылыс салушыларға кредит беру кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың тендерлер өткізуі тұрғын үй құрылысындағы бәсекелестік ортаны дамытудың негізгі тетігі болып табылады.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту
Жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту үшін мына шараларды:
Тармақша 1
1)тұрғын үй құрылысында халықтың әртүрлі жігінің элиталық тұрғын үйге де, табысы жоғары емес азаматтарға арналған тұрғын үйлерге де төлем қабілеті бар сұраныстың түр-түрі мен номенклатурасы бойынша жауап беретін үдемелі технологияларды, сәулет-құрылыс және қала құрылыс шешімдерін, экологиялық таза, дизайны бойынша қазіргі заманғы өнімдер мен материалдардың түрлерін пайдалану;
Тармақша 2
2)магистралдық инженерлік желілер маңынан, сондай-ақ құрылыспен және коммуникациялармен қамтылған аумақтарда үй салуға жер учаскелерін бөлу жүзеге асыру көзделеді.
Ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің қолайлы шарттарын қолдану, тиімді қуат-ресурс үнемдеуші жүйелерге көшу де жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша және соның ішінде тұрғын үй құнының сметалық құнын төмендетуге, оның сапасы мен жайлылығын арттыруға, тиімділігі бойынша, тұрғын үйлерді енгізу мерзімін азайту бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізу керек.
Облыс орталығында алуан типтегі және көп қабатты тұрғын үйлердің жобасын жасауды жүзеге асыратын жобалаушы фирмалар қызмет жасауда.
Осы жобалаушы фирмалардың күшімен тұрғын үй құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттар әзірленді және мынадай жобалар:
Тармақша 1
1)Қызылорда облысының ауылдық елді мекендері үшін 2, 3 және 4-пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлер;
Тармақша 2
2)Қызылорда қаласындағы жеке құрылыс салушылар үшін 2 және 3 қабатты тұрғын үйлер;
Тармақша 3. Жекеше капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салу
3)Қызылорда қаласындағы 3 және 4 қабатты тұрғын үйлер және басқа да жобалар жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласы үшін тұрғын үйлер жобаларының бірнеше нұсқалары әзірленді.
Жекеше капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салу
Алдағы жылдары қымбат емес тұрғын үй құрылысына қосымша инвестициялар тарту одан әрі дамытылатын болады.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін құрылыс салуға міндетті түрде беру (сату) Бағдарламаны қаржыландыру үшін жергілікті бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге тиіс аукциондық негізде ғана беруді енгізу қажет. Бұл ретте жер учаскелерінің белгілі бір бөлігі ерекше, кейін мұндай учаскелерде халыққа сатылатын қолжетімді тұрғын үй салу-шартымен аукционға қойылуға тиіс.
Құрылыс салушы компаниялар арасында және еңбек рыногында бәсекелестікті күшейту қажет.
Орта топ халықтың әлеуметтік қорғалатынжігі үшін тұрғын үй салуды ынталандыруға бағытталған шаралар.
Коммуналдық тұрғын үй салу.
Мемлекет оларды белгілі бір міндеттемелер алған азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй проблемасын шешу жергілікті атқарушы органдардың айрықша құзыреті болып табылады. Осының негізінде әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жекешелендіру құқығынсыз мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй беру жүзеге асырылады.
Азаматтардың қалған санаттары нарықтық тетіктерді пайдалана отырып, тұрғын үйді меншікке сатып алады.
Мемлекеттік қаражат есебінен қолжетімді тұрғын үй салу.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекет орта топ үшін 1 шаршы метрінің құны 350 АҚШ долларынан аспайтын арзан және қолжетімді тұрғын үйлерді салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайтын болады.
Қолжетімді тұрғын үй Индустрия және сауда министрлігімен келісілген жобалар бойынша салынады және белгілі бір техникалық және бағалық параметрлері болады, соның ішінде:
3 бөлмелі пәтердің орташа алаңы - 80 шаршы метр; 1 шаршы метрдің құны - республика бойынша орта есеппен 350 АҚШ долларынан аспайды.
Көрсетілген тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының құнын төмендетуге бағытталған шаралар әзірленетін болады. .
Халыққа қолжетімді тұрғын үйлерді сату.
Жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй құрылысы үшін белгіленген тәртіппен 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2811,0 млрд. теңге сомасында сыйақының нөлдік ставкасы бойынша кредит бөлінеді.
Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй құрылысы үшін кредит беру ережесі мен тұрғын үйді халыққа сату ережесін әзірлейтін болады.
Қолжетімді тұрғын үйді халыққа сату кезінде оны сатып алуға мыналарға:
Тармақша 1
1)балалары бар жас отбасыларына;
Тармақша 2
2)мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне;
Тармақша 3. Төлемге қабілетті сұранысты ынталандыру
3)әлеуметтік саланың мемлекеттік кәсіпорындары қызметкерлеріне басым құқық берілетін болады.
Бағдарлама шеңберінде қолжетімді тұрғын үй сатып алған азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ заңды тұлғалар мен резидент еместердің қолжетімді үйді сатып алуына жол берілмейді.
Рәсімдердің ашықтығын және жер учаскелерінің бөлінуіне, мердігерлік ұйымдарды таңдауға, құрылыс барысы мен тұрғын үйді бөлуге бақылауды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыс әкімінің басшылық етуімен комиссия құрады.
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдар комиссиясы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі басшылық жасайтын Мемлекеттік комиссия алдында есеп береді.
Бұл шаралар кейін қайта сату үшін тұрғын үйлерді салыну кезеңінде сатып алатын риэлторлардың жаңадан салынып жатқан арзан үйлермен алып-сатарлықты азайтуға мүмкіндік береді. Қолжетімді тұрғын үй алып-сатарлық үшін емес, онда тұру үшін салынуы тиіс.
Төлемге қабілетті сұранысты ынталандыру
Халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру халық үшін ипотекалық кредит беру мен тұрғыи үй құрылыс жинақтары жүйесінің кредиттерін арзандату жолымен де қамтамасыз етіледі.
Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру
тұрғын үй құрылысы проблемасын жүзеге асыру мақсатында 2005 жылдан бастап ипотекалық кредит беруді әлеуетті заемщиктер үшін тартымды және халықтың қалың жігі үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда:
ипотекалық кредит беру мерзімін 20 жылға дейін ұзарту;
жылдық сыйақы мөлшерін 10 пайызға дейін төмендету;
тұрғын үй құнына байланысты кредит алушының бастапқы төлемақысын 10 пайызға дейін азайту.
Тұрғын үй құрылыс жинақтарына байланысты атқарылу қажет шаралар:
бастапқы жарнапұлды 25 пайызға дейін азайту; қалған суммадағы кредитті қайтару мерзімін 25 жылға дейін ұзарту. Осы аталған іс-шаралардың барлығы да тұрғын үй құнының арзандауын қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны іске асыру тетіктері
Бағдарламаны орындау осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылатын болады.
2004-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін мынадай жер бөліктері бөлінді:
Тармақ 1
1. Бірінші жер бөлігі - жалпы алаңы шамамен 12 га, оның ішінде 6 га -бұзусыз (1 кезек - 2004-2005 жж.) Қызылорда қаласының Сырдария өзені жағалауында орналасқан.
Тармақ 2
2. Жалпы алаңы шамамен 22 га болатын екінші жер бөлігі Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір маңындағы жерлерде; оның ішінде:
Бірінші кезек - алаңы 5,4 га аумақ (2005-2006 жылдар); Екінші кезек - алаңы 3,8 га аумақ (2006-2007 жылдар); Үшінші кезек - алаңы 13,0 га аумақ (2007-2008 жылдар);
Тармақ 3
3. Үшінші жер бөлігі алаңы 1,5 га болатын Қызылорда қаласының орталығында орналасқан (инвесторлардың элиталық тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін);
Тармақ 4
4. Төртінші жер бөлігі Қызылорда қаласының «Сырдария» шағын ауданында (жеке тұрғын үй құрылысы үшін);
Тармақ 5
5. Бесінші жер бөлігі - Қызылорда қаласындағы «Мерей», «Шұғыла» және «Сәулет» шағын аудандарындағы бос жер бөліктері.
Қызылорда қаласындағы жоғарыда таңдалып алынған бос жер бөліктерінде (бас жоспарға сәйкес) қалақұрылысы құжаттарын толық келісуімен және құрылыс үлгісін әзірлеумен тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.
Осымен қоса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес барлық сыртқы инженерлік коммуникация құрылысын қаржыландыру және жүргізу жергілікті атқарушы органдардың қаржысы есебінен жүргізілетінін атап айту керек.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Осы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржыландырудың негізгі көзі коммуналдық тұрғын үй құрылысына (қайтарусыз негізде) және нөлдік сыйақы мөлшерінде ипотекалық кредит бойынша тұрғын үй құрылысына (қайтарулы негізде) республикалық бюджет қаржысы.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі Комитеті 2005-2007 жылдары жалпы сомасы 1181,5 млн. теңге тұратың 24,3 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйлерді іске қосу жоспарлануда, соның ішінде, 2005 жылы - 8,1 мың шаршы метр, 2006 жылы -8,1 мың шаршы метр және 2007 жылы -8,1 мың шаршы метр.
Ипотекалық кредит беру бағытында 2005-2007 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 2811,0 млн. теңге болатын 57,9 мың шаршы метр тұрғын үйлерді іске қосу жоспарлануда, оның ішінде, 2005 жыл - 19,3 мың шаршы метр, 2006 жыл - 19,3 мың шаршы метр және 2007 жылы - 19,3 мың шаршы метр.
Республикалық бюджеттен қайтарусыз (коммуналдық тұрғын үй) және қайтарулы негізде бөлінетін қаржы жыл сайын нақтылады және Бюджеттік бағдарламаларды бекіткенде анықталатын болады.
Сыртқы инженерлік жүйелерді дамытуға облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы жыл сайын нақтыланады және бюджеттік бағдарламалардың Паспорттарын бекіту барысында нақты анықталады.
Жергілікті атқарушы органдардың қаржылары есебінен ауыл аумақтарын дамыту аймақтық бағдарламасы шеңберінде Қызылорда облысында 2003-2005 жылдар кезеңінде жас мамандар үшін 1000 үй пайдалануға беру қарастырылуда, оның ішінде 2003 жылы - 330 үй, 2004 жылы - 330 үй және 2005 жылы 340 үй (немесе 27,2 мың шаршы метр).
Бұл мақсаттарға 2004 жылы облыстық бюджеттен 93,0 млн. теңге және қала мен аудандар бюджеттерінен 93,0 млн. теңге бөлу қарастырылуда.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үйлерді іске қосу 338,6 мың шаршы метр болады деп қарастырылуда, оның ішінде:
2005жылы - 82,5 мың шаршы метр;
2006жылы - 112,6 мың шаршы метр;
2007жылы - 143,5 мың шаршы метр;
2005-2007 жылдар кезеңінде 930 отбасын коммуналдық тұрғын үйлермен және ипотекалық кредит есебінен қамтамасыз ету күтіліп отыр.
Бағдарламаны жүзеге асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1.Халыктың калың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың тұрғын үй жағдайын жақсарту;
2.Тұрғын үйдің жайлылығын арттыру;
3.Облыстың елді мекендерін, оның ішінде Қызылорда қаласының сәулеттік бейнесін жақсарту;
4.Өз кезегіңде құрылыс индустриясын толығымен дамытуға, жергілікті құрылыс материалдарың конструкцияларың және бұйымдарын өндіруді жолға қоюға және дамытуға әсер ететін тұрғын үй құрылысын арттыру.
5.Жаңа және қосымша жұмыс орындарын құру;
6.Ипотекалық кредит және тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесін дамыта отырып, тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың тиімді әдістерін қарастыру.
Осы арқылы, аймактың тұрғын үй құрылысын дамыту болып саналатын Бағдарламаның негізгі мақсатына қол жеткізіледі.
Бағдарламаны басқа бағдарламалармен кешенді жүзеге асыру тұрғын үй құрылысы және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін елеулі түрде арттыруға әсер етеді.
Тарау 8. 8. Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
8. Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
№ р/с
Іс-шара
Аяқталу түрі
Орындауға жауаптылар
Орындалу мерзімі
Қаржыландыру көзі
1
Қызылорда қаласының бас жоспарын белгіленген тәртіпте бекіту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қызылорда қаласының әкімі
2004 жыл Маусым-шілде
Жергілікті бюджет
2
Бекітілген тәртіпте құрылыс жүргізу үшін Қызылорда қаласындағы екі-үш тұрғын үй аудандарының кешенді құрылысының жоспарын әзірлеу
Құрылыс үлгісін және техникалық-экономи-калық есептерді әзірлеу
Бағдарламаның әкімшісі
2004 ж. маусым
Жергілікті бюджет
3
Екі шағын ауданының бас жоспарын және олардың макеттерін әзірлеу.
Бас жоспарды және макеттерді әзірлеу
Бағдарламаның әкімшісі
2004 ж. маусым-шілде
Жергілікті бюджет
4
Инженерлік коммуникацияға жақын жаңа шағын аудандардың құрылысына жер телімдерін беру
Қала әкімиятының актісі
Қызылорда қаласының әкімі
2004 ж. мамыр -маусым
5
Құрылыс кезектілігін анықтаумен қатар Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауындағы тұрғын үй құрылысы жоспарланған аудандардағы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу
Жобалау-іздестіру
жұмыстарына қаржы бөлу және мемлекеттік сатып алуды жүргізу
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, облыстық қаржы басқармасы
2004 ж. шілде-тамыз
Жергілікті бюджет
6
Қызылорда қаласындағы "Мерей", "Сәулет", "Шұғыла" шағын аудандарындағы бос жер учаскелерін пайдалану
Қалалық әкімияттың актісі
Қызылорда қаласының әкімі
2004 жылдың шілде-тамыз
7
Құрылыс кезектілігі бойынша Сырдария өзенінің жағалауындағы тұрғын кварталдарының сыртқы инженерлік коммуникациясының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу
Жобалау-іздестіру
жұмыстарына қаржы бөлу және мемлекеттік сатып алуды жүргізу
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылдың шілде-тамыз
Жергілікті бюджет
8
Жылдар бойынша кредит-қаржы жүйесінде ықтимал отбасы-қатысушылардың санын анықтау
Тиісті құжаттарды толтыру
Бағдарламаның әкімшісі, 2-ші деңгейдегі банктер (келісім бойынша)
2004 жылдың шілде-тамыз
9
Бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталып бөлінетін кредит қаржыларының мақсатты қолданылуына бақылау орнату және кредиттерді беру
Кредит келісім-шарттарына отыру
Арнайы құрылған комиссия
2005-2007 жж. тоқсан сайын
Республикалық бюджет
жыл сайын
10
Жылдар бойынша коммуналдық тұрғын үйді қаржыландыру және беру көлемін анықтау
Ақпарат
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, облыстық қаржы басқармасы
Тоқсан сайын маусым- шілде
Азаматтар мен заңды тұлғалардың қаржылары, инвестициялары
11
Прогрессивті құрылыс материалдары
өндірісін одан әрі дамыту үшін инвестициялық қорлар қаржыларын тарту мәселесін зерттеу
Құрылыс индустриясындағы әрбір кәсіпорынның даму жоспары
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
2005-2007 жж.
Инвестициялар, әртүрлі деңгейдегі бюджеттер
12
Ипотекалық кредит және тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы дайын тұрғын үйлерді сату
Арнайы бағдарлама бойынша
Бағдарламаның әкімшісі, 2-ші деңгейдегі банктер (келісім бойынша)
2005-2007 жж., үнемі
13
Тұрғын үйлердің құрылысына берілген қаржы кредит ресурстарын уақытылы қайтару (коммуналдық тұрғын үйден басқа)
Арнайы бағдарлама бойынша
Бағдарламаның әкімшісі, 2-ші деңгейдегі банктер (келісім бойынша)
2005-2007 жж., үнемі
14
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізу
Арнайы бағдарлама бойынша
Қызылорда қаласының және аудан әкімдері
2005-2007 жылдар, үнемі
2004 жылдың 1 сәуірінде Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысының жағдайы туралы
аймақтың атауы
2004 жылдың 1 сәуірінде қолда бар тұрғын үй қоры
2003 жылы енгізілген тұрғын үй
барлық тұрғын үй (мың ш.м.)
оның ішінде:
тұрғын үй қорында бары
барлығы (мың ш.м./млн. теңге)
оның ішінде:
көшіруге жататындар (мың ш.м.)
күрделі жөндеуді талап ететіндер (мың ш.м.)
көп қабатты тұрғын үйлер
жеке тұрғын үйлер
көпқабатты (мың ш.м./млн.теңге)
жеке (мың ш.м./млн.теңге)
бюджет қаржысы есебінен (мың ш.м./млн.теңге)
басқа қаржы көздері есебінен (мың ш.м./млн.теңге)
қалалық жерлерде (мың ш.м.)
ауылдық жерлерде (мың ш.м.)
қалалық жерлерде (мың ш.м.)
ауылдық жерлерде (мың ш.м.)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Қызылорда қ.
3316,6
153,46
756,4
1239,3
156,07
1267,100
654,13
39,759 244,792
2,042 56,207
37,717 188,585
2,042 56,207
37,717 188,585
Арал
1068,39
3,13
1,828
55,0
5,37
541,48
466,54
9,086 31,12
9,086 31,12
3,689 15,0
5,397 16,12
Қазалы
1136,5
0,99
425,6
63,2
711,2
362,1
5,232 20,71
5,232 20,71
3,128 14,4
2,104 6,31
Қармақшы
762,2
4,0
6,0
31,2
318,8
412,2
3,537 8,491
3,537 8,491
3,537 8,491
Жалағаш
794,0
19,7
12,05
1,6
0,4
297,0
495,0
2,675 10,217
2,675 10,217
2,307 9,594
0,368 0,623
Сырдария
774,25
0,55
2,63
7,5
10,5
139,06
617,19
5,276 22,705
5,276 22,705
2,594 16,0
2,682 6,705
Шиелі
1165,5
3,22
28,47
34,54
418,46
712,5
6,319 43,969
6,319 43,969
3,54 36,945
2,779 7,024
Жаңақорған
965,37
3,25
12,0
31,5
466,9
466,97
2,123 21,56
2,123 21,56
0,523 11,96
1,6
9,6
Барлығы
9982,81
188,29
1245,0
1463,836
172,34
4160
4186,63
74,007 403,564
2,042 56,207
71,965 347,357
17,823 160,106
56,184 243,458
Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сыртқы инженерлік коммуникация, тұрғын үй құрылысы және жоба-
1 ш.м. кұны. - 350 АҚШ долл.сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржылар қажеттілігі
№
Атауы
өлшем бірлігі
2004-2007
Оның ішінде:
жылдары
2004 ж.
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.
барлығы
1
Тұрғын үй құрылысы, оның ішінде:
мың ш.м.
82,2
27,4
27,4
27,4
1)комуналдық тұрғын үй
алаңы;
мың ш.м.
24,3
-
8,1
8,1
8,1
үйлер саны;
5
-
1
1
1
пәтерлер саны
300
-
100
100
100
2) ипотекалық несие
алаңы;
мың ш.м.
57,9
19,3
19,3
19,3
үйлер саны;
6
2
2
2
пәтерлер саны
570
190
190
190
2
1) Коммуналдық тұрғын үй қаржысы
млн. теңге
1181,5
393,75
393,75
393,75
-
2) Ипотекалық кредит қаржысы
млн.тенге
2811,0
241,0
937,0
937,0
596,0
3
Қажет:
жергілікті бюджеттен тұрғын үй құрылысы
бойынша, инженерлік коммуникацияны қоса
жобалау жұмыстарына
млн.тенге
300,0
120,0
180,0
сыртқы нженерлік коммуникация құрылысына
Барлығы жергілікті бюджет қаржысы есебінен
млн.тенге
307,0
35,0
88,0
123,0
61,0
БАРЛЫҒЫ
млн.тенге
607,0
155,0
268,0
123,0
61,0
2 - қосымшаның жалғасы
Атауы
өлшем бірлігі
2004-2007 жылдары барлығы
Оның ішінде:
2004 ж.
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.
Сонымен қатар:
"Ауыл" бағдарламасы 1000 үй - облыстық бюджет
млн. теңге
93,0
93,0
қалалық және аудандық бюджеттер
млн. теңге
93,0
93,0
аудан
мың шаршы метр
23,2
27,2
үйлер саны
бірлік
330
340
* Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен бөлінетін қаржы жыл сайын республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастырғанда нақтыланады
З –Қосымша
Қызылорда облысында 2005-2007 жылдар кезеңінде пайдалануға беру
(мың шаршы метр)
Аудандар
2003 нақты
2004 баға
Бағдарламаны жүзеге асыру болжамы
2005-2007 жыл бойынша барлығы
2005 ж
2006 ж
2007 ж
Қызылорда қаласы
39,759
34,1
42,5
66,0
87,5
196,0
Арал
9,086
10,12
10,6
11,5
13,5
35,6
Жалағаш
2,675
2,971
3,1
4,0
5,0
12,1
Жаңақорған
2,123
2,369
2,5
3,2
4,0
9,7
Қазалы
5,232
5,838
6,1
7,1
8,5
21,7
Қармақшы
3,537
3,943
4Д
5,1
6,5
15,7
Сырдария
5,276
5,886
6,15
7,0
8,5
21,7
Шиелі
6,319
7,096
7,45
8,7
10,0
26,2
БАРЛЫҒЫ
74,007
72,323
82,5
112,6
143,5
338,6
4-Қосымша
Қызылорда облысында 2005-2007 жылдар кезеңінде барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру
Районы
2003 нақты(мың шаршы метр)
2004 баға
Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша болжам
2005 ж
2006 ж
болжам (мың
шаршы метр)
оның ішінде есебінен қаржыландыру (мың ш.м.):
барлығы (мың шаршы метр)
оның ішінде есебінен қаржыландыру (мың ш.м.):
барлығы (мың шаршы метр)
оның ішінде есебінен қаржыландыру (мың ш.м.):
РБ
ЖБ
халық қаражаты
РБ
ЖБ
халық қаражаты
РБ
ЖБ
халық қаражаты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Қызылорда қаласы
39,759
34,1
4,6
29,5
42,5
27,4
7,7
7,4
66,0
27,4
38,6
Арал
9,086
10,1
3,7
6,5
10,6
4,0
6,6
11,5
11,5
Жалағаш
2,675
3,0
2,5
0,5
3,1
2,5
0,6
4,0
4,0
Жаңақорған
2,123
2,4
1,6
0,8
2,5
1,6
0,9
3,2
3,2
Қазалы
5,232
5,8
2,9
2,9
6,1
3,1
3,0
7,1
7,1
Қармақшы
3,537
3,9
2,6
1,3
4,1
2,7
1,4
5,1
5,1
Сырдария
5,276
5,9
2,0
3,9
6,15
2,1
4,1
7,0
7,0
Шиелі
6,319
7,1
3,3
3,8
7,45
3,5
4,0
8,7
8,7
БАРЛЫҒЫ
74,007
72,323
23,2
49,2
82,5
27,4
27,2
27,9
112,6
27,4
85,2
4-Қосымша (жалғасы)
Районы
2005-2007жылдар бойынша барлығы
2007 ж.
Барлығы (мың шаршы метр)
оның ішінде есебінен қаржыландыру (мың ш.м.):
Барлығы (мың шаршы метр)
оның ішінде есебінен қаржыландыру (мың ш.м.):
РБ
ЖБ
халықтың қаржысы
РБ
ЖБ
халықтың қаржысы
15
16
17
18
19
20
21
22
Қызылорда қаласы
87,5
27,4
60,1
196,0
82,2
7,7
106,1
Арал
13,5
13,5
35,6
4,0
31,6
Жалағаш
5,0
5,0
12,1
2,5
9,6
Жаңақорған
4,0
4,0
9,7
1,6
8,1
Қазалы
8,5
8,5
21,7
3,1
18,6
Қармақшы
6,5
6,5
15,7
2,7
13,0
Сырдария
8,5
8,5
21,7
2,1
19,6
Шиелі
10,0
10,0
26,2
3,5
22,7
БАРЛЫҒЫ
143,5
27,4
116,1
338,6
82,2
27,2
229,2
Тармақ 2
2. 2005-2007 жылдар кезенінде республикалық бюджет қаржысы есебінен коммуналдық тұрғын үйлер (жыл сайын 8,1 мың шаршы метр) және ипотекалық кредит желісімен (жыл сайын 19,3 мың шаршы метр) тұрғын үй іске қосылады.