О среднесрочной фискальной политике Акмолинской области на 2005-2007 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді фискалдық саясаты туралы 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді фискалдық саясаты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ақмола облысы әкімінің орынбасары О.В.Наймушинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланылуы тиіс.
Басқа 4. Кіріспе
Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 30.11. № а-10/289 қаулысымен бекітілді Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты Кіріспе Ағымдағы жылы қабылданған Бюджет кодексі бюджет процесін жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындады. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын анықтайтын құжат - Орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу шешімі қабылданды. Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты Ақмола облысының орташа мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспары, салалық бағдарламалар негізінде әрі Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын есепке ала отырып әзірленді.
Тарау 1. 1. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық ахуалы
1. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық ахуалы
Тармақ 1. 1. Аймақтық 2003 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және 2004 жылғысына баға беру
1. Аймақтық 2003 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және 2004 жылғысына баға беру Макроэкономикалық көрсеткіштер облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспарына негізделген. Облыстық аймақтық жалпы өнімі 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 17%-ға ұлғайды және 117,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2003 жылы тауар өнімдері (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) 46,1 млрд. теңге көлемінде өндірілді. Тауар өнімдері нақты көлемінің индексі 117%-ы құрады. Тас көмір, доломит, ұсақ тастар, құрамында алтын бар концентраттарды өндіру ұлғайды. 2004 жылдық он айында өнеркәсіп тауарлары 43,5 млрд. теңгеге өндірілді, өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 16%-ға ұлғайды. Жыл ішінде 50,9 млрд. теңге деңгейінде болуы мүмкін. 2003 жылғы деңгеймен салыстырғанда ұлғаюы - 10%. Кен өндіру саласында 4,3 млрд. теңгеге өнім өндіру болжануда, 2003 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25%-ға артық. Өңдеуші өнеркәсіпте тауар өнімдерінің көлемі 34 млрд. теңге деңгейінде күтілуде немесе 2003 жылғы деңгейімен салыстырғанда 111%. Электрэнергиясы, газ және суды өндіру және тарату болжам бойынша 12,6 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды. Ауыл шаруашылығы нақты өнімдерінің көлемі 2003 жылы 64,5 млрд. теңгені құрады немесе 2002 жылғы деңгейімен салыстырғанда 107,3%. Ауыл шаруашылығы нақты өнімдерінің көлемі 2004 жылғы қаңтар-қазан айларында 2003 жылғы салыстырма бағасымен 56,5 млрд.теңгені құрады немесе 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 79,9%. 8,6 ц/га шығымдылығымен 3,1 млн. тоннадан артық бункерлік салмақта астық алынды. 2004 жылғы 10 айда шағын кәсіпкерлік жүйесінде өндірілген өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) 40,0 млрд теңгені құрады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,8 еседен артық өсті. Қызмет көрсету салаларындағы даму қарқындарының басым өсуі күтілуде. 2007 жылы 2004 жылғы деңгейге қарағанда көрсетілетін байланыс қызметтерінің өсу қарқыны 51%-ды , жүк тасымалдаудың - 6,3%-ды, жолаушыларды тасымалдаудың - 3,9%-ды құрайтын болады. 2003 жылы негізгі капиталға түсетін инвестициялар көлемі қайта бақалану есебімен 13,8 млрд. теңгені құрайды немесе 2002 жылғы деңгейге қарағанда 93%-ды. Тұрғындардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың меншікті қаражаттары негізгі капиталға түсетін инвестициялардың негізгі көздері болып табылады - 56%, жалпы көлемнің 1,2%-ы шетелдік инвестициялар үлесіне тиеді. 2004 жылғы 10 айда инвестициялар көлемі 4,6 млрд теңгені құрады, 2003 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсуі 0,4%. 2004 жылғы бағаланылуымен негізгі капитал инвестициялары 14 млрд. теңгені немесе 2003 жылғы деңгейге қарағанда 101,4%. Сыртқы сауда айналымы 2003 жылы 219 млн. АҚШ долларын құрады, 1,5 есе өсті, сонымен қатар шетелге шығару көлемі 2,2 есе , шетелден әкелу түсімдері - 7%-ға артты. 2004 жылғы бағаланылуы бойынша сыртқы сауда айналымы 238 млн. АҚШ долларын сомасында күтілуде. Еңбекақы тұрғындар кірістерінің негізгі көзі болып табылады, 2003 жылы оның орташа айлық мөлшері 14461 теңгені құрады. 2004 жылдың 10 айында орташа айлық еңбек ақы 17984 теңгені құрады және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға және жыл басынан бастап 16,5%-ға өсті.
Тармақ 2. 2. Аймақтың 2005-2007 жылдарда дамуының басым бағыттары
2. Аймақтың 2005-2007 жылдарда дамуының басым бағыттары Орта мерзімді болашаққа бюджеттік шығыстардың басым бағыттары болып анықталды: білім беру мен денсаулық сақтаудың алдағы уақытта дамуы, әлеуметтік қамсыздандыру, индустриялық-инновациялық даму, тұрғын үй және аграрлық саясаттың жүзеге асырылуы. Ол үшін келесі міндеттердің орындалуы қажет: - жалпы білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту, заман талабына сай және тиімді білім беру және кәсіптік біліктілік жүйесін құру; - тұрғындардың кепілді тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз ету, туберкулезбен және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратындардың санын азайту; - тұрғындардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және кедейшілік деңгейін төмендету; - әртараптандыру және өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржы-экономикалық сауықтырылуы. Негізгі күш қайта өңдеуші саланың (ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау, химиялық биотехнологиялық) дамуына бағытталады; - тұрғын үй саясатын жүзеге асыру; - мал және өсімдіктер шаруашылықтарын дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерінің құндылығын арттыру, облыстық және Астана қ. тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың санын көбейту; - аймақтық жалпы өнім құрылымында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілетін өнімдердің үлес салмағын арттыру; - сутоғандарының экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету; - туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, шағын кәсіпкерлікті дамытуға, туризм және қызмет көрсету саласында халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ету; - телекоммуникация және пошта байланысы саласында қазіргі жаңа технологияларды енгізу.
Тармақ 3. 3. Салық саясатын іске асыру және бюджет жүйесін жетілдіру
3. Салық саясатын іске асыру және бюджет жүйесін жетілдіру Жергілікті бюджеттерді әзірлеу, бекіту, нақтылау және атқару процестерін бір жүйеге және қалыпқа келтіру, бюджеттік қаржының жұмсалуын бақылау мақсатында облыстық бюджеттік комиссия құрылып, тұрақты негізде жұмыс істейді, әкімшілердің өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындау жөніндегі қызметтерінің бағаланылуын анықтайтын бюджеттік бағдарламалардың паспорттары енгізілді. Бюджеттік кодекске сәйкес жергілікті бюджеттердің кіріс және шығыс бөлімдерін қалыптастыруда жаңа ұстанымдар іске асырылатын болады. Орта мерзімдік кезеңде бюджеттердің төменгі деңгейлеріне реттелмелі салықтарды аударудың тұрақты нормативтері, абсолюттік тұлғалануда жылдарға бөлінген жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі белгіленетін болады, ал бұл болса салық әлуетін арттыруда, жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлаудың айқындығын жергілікті атқарушы органдардың қызығушылығын қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің шығындары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және даму бюджеттік бағдарламаларға бөлінетіндігі ескеріле отырып, есептеледі. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың көлемі бюджеттік қамтамасыз етілуді, белгіленген заттай мөлшерлерін есепке ала отырып және шығыстардың бюджет деңгейлері бойынша таратылуының негізінде анықталады. Даму бюджетінің көлемі ағымдағы бюджетпен пайыздың ара қатынасына қарай анықталады.
Тарау 2. 2. 2005-2007 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері
2. 2005-2007 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 4. 4. Фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері
4. Фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері Тұрақты экономикалық даму және барлық өңірлердегі азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы, бюджеттік қаржының жұмсалуын бақылау және атқару, жоспарлау процестерінің тиімділігі, бюджет деңгейлері ара қатынасының тұрақтылығы мен айқындығы, салық салынатын базаны ұлғайту және салық әкімшілдігін жақсарту орта мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың негізгі мақсаты болып табылады. Фискалдық саясаттың мақсатына қол жеткізуге келесі міндеттерді шешу: - орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру; - инфрақұрылымды және адами капиталды дамыту; - мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру; - ауыл шаруашылығында қаржы лизингін дамыту.
Тармақ 5. 5. Орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру
5. Орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру Әлеуметтік-экономикалық басымдықтардың бюджеттік мүмкіндіктермен толық сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру, ағымдағы кезеңде, сонымен бірге болашақта да бюджеттік қаржыны өте тиімді, мақсатты және үнемді пайдалану орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар: - Президент жолдауында, мемлекеттік, салалық, және аймақтық бағдарламаларда қалыптасқан даму басымдықтары орта мерзімді жоспарларда түрлендіріледі; - бюджет ресурстары орта мерзімді жоспар көрсеткіштерінің негізінде анықталады; - бюджеттік бағдарламалар – жоспарланатын бюджеттік кезеңде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген нақты іс-шаралар болып табылады.
Тарау 3. 3. Кірістер саясаты
3. Кірістер саясаты
Тармақ 6. 6. Салық саясаты
6. Салық саясаты Орта мерзімді кезеңге облыс бюджеті кірістерін болжау Қазақстан Республикасының «Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне , Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексіне және 2005-2007 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына сәйкес іске асырылады. Кірістер түсімі болжамының негізгі мақсаттары мен принциптері болып табылады: өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін есепке ала отырып, орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттарының сақталуымен бюджеттің жоспарлануы; нормативтік-құқықтық актілер негізінде бюджет кірістерін жоспарлау; әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша болжалды көрсеткіштер есептерінің қалыптасуына бірыңғай тәсіл; бюджет кірістерін болжаудың әдістемелерін енгізу; салықтың және салықтық емес түсімдерді болжау салық базасының көлемдік көрсеткіштеріне негізделуі тиіс, ал бұл болса аумақтағы салық әлуетінің барынша нақты көрінісіне жол ашады. Көлемдік көрсеткіштері жоқ салықтың және салықтық емес түсімдер бойынша болжам жасау бірнеше жылдағы түсім серпінінің негізінде жүзеге асырылады. 2005 жылдан бастап азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір нысаны ретінде, құқықтық, экономикалық, және ұйымдастырушылық негіздерді белгілейтін міндетті әлеуметтік сақтандыру институты енгізіледі.
Тармақ 7. 7. 2005-2007 жылдарға арналған облыс бюджетінің кірістері
7. 2005-2007 жылдарға арналған облыс бюджетінің кірістері Облыс бюджетінің кірістері салықтық заңнамалардың, Ақмола облысының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негізінде анықталады. Негізгі капиталдан түсетін түсімдердің және салықтың, салықтық емес түсімдердің 2005 жылға қарағанда 2006 жылы 12%-ға, 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 16,2%-ға өсетіндігі болжануда. Осы заңның жобасына сәйкес бюджеттік субвенциялардың келесі көлемдері республикалық бюджеттен облыс бюджетіне тапсырылады: 2005 жыл - 13864,4 млн.теңге, 2006 жыл - 15958,7 млн.теңге, 2007 жыл - 19616,6 млн.теңге.
Тарау 4. 4. Шығындар саясаты
4. Шығындар саясаты Фискалдық саясаттың міндеттері мен мақсаттарына жету үшін бюджет шығындары мемлекеттік басқару атқарушы органының қызметтік міндеттерінің тиімді және толық көлемде орындалуына бағытталады. Бюджеттік ресурстар ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындай отырып, тиімді стратегиялық міндеттерді кешенді шешуге шоғырландырылған. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек, сумен жабдықтау және тұрғын үй құрылысы басым бағыттар болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бюджеттік қаржының нақты қажеттілігіне қарай тиімді бөлінуін қамтамасыз ету үшін орындалуы жөнінде мониторинг тұрақты өткізіліп мақсатты трансферттердің аударылуы мен жұмсалуына, шығыстардың нәтижелілігі және сапалылығы, уақытылылығы мен тиімділігінің өлшемдеріне байланысты ағымдағы ахуалға талдау жасалып, тиісті салаларда жағдай өзгертілетін болады, облыстық қолданыстағы салалық бағдарламалары іске асырылып, қаржымен қамтылмаған салалық бағдарламалардың қабылдануы алынып тасталады.
Тармақ 8. 8. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету
8. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету Орта мерзімді кезеңде «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» атқарымдық тобы бойынша шығыстардың 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 5,9%-ға, 2006 жылы - 10,7%-ға, 2007 жылы - 15,9%-ға өсетіндігі шамалануда. Мемлекеттік басқару функцияларын орталықсыздандыруға байланысты жаңа үлгі құрылымы енгізілетін болады, мемлекеттік кадр саясатын жетілдірудің жаңа міндеттері даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай стандарттарын енгізу және материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы аймақтық деңгейде шешілетін болады. Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдарды кезең-кезеңімен компьютерлендіру, электрондық поштаға қосу болжануда.
Тармақ 9. 9. Қорғаныс
9. Қорғаныс Атқарымдық «Қорғаныс» тобы бойынша шығыстар әскери қызметке тіркеу және шақыру, жергілікті деңгейде жаппай жұмылдыру, судан құтқару қызметін атқару, төтенше жағдайлардың алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді дүлей апаттардан, авария мен опаттардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мемлекеттің ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың басым салаларының бірі болып болып табылады.
Тармақ 10. 10. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
10. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік Орта мерзімді кезеңде аталған атқарымдық топ бойынша шығыстарды 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 7%-ға , 2006 жылы - 10,7%-ға, 2007 жылы - 16,5%-ға арттыру көзделуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі 411 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес Бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақмола облысы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесімен күрес жүргізуші арнайы бөлімшелерін материалдық-техникалық нығайту жұмыстары жалғастырылатын болады.
Тармақ 11. 11. Білім беру
11. Білім беру Орта мерзімді кезеңде аталған атқарымдық топ бойынша шығыстар 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 11,4%-ға , 2006 жылы - 11%-ға, 2007 жылы - 20,1%-ға өсетіндігі көзделуде. Мемлекеттік орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылуда. Компьютерлендірумен қатар мектептерді «Интернет» ғаламдық жүйесіне кезең-кезеңмен қосу процесі жүзеге асырылуда. 2005-2007 жылдары облыс мектептерінің 100%-ын қосу көзделуде. Білім объектілерін кезең-кезеңмен күрделі жөндеуден өткізу және білім беру жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау институтының, колледждің, орта білім беретін және кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту жоспарлануда. Лингафондық кабинеттерді, оқулықтарды сатып алуға, білім объектілері құрылысын салуға және қайта жаңартуға мақсатты трансферттер қарастырылуда.
Тармақ 12. 12. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
12. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік Орта мерзімді кезеңде «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттың кеңістік» атқарымдық тобы бойынша шығыстарды объектілерді ұстау үшін 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 609%-ға, 2006 жылы - 16,2%-ға, 2007 жылы - 20,1%-ға өсіру қарастырылатындығы болжануда. Осы атқарымдық топ бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары: мәдениет пен өнерді қолдау саясатын біртұтастықта, жүйелі түрде жүргізу. қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр алуан туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы туристік кешен құруға жәрдемдесу; халықтық дене шынықтырумен және спортпен айналысуына жағдай жасау, әсіресе ауылда; спорттық және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерін дамыту; спорт резервін және халықаралық сынып спортшыларын даярлау; облыстық құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету; бірыңғай ақпараттық кеңістікті нығайту, теңгерімді тілдік және әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын нығайту болып табылады; Президенттің Жолдауын іске асыруға байланысты тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінетін болады. 2004-2007 жылдарға арналған аймақтық «Мәдени мұрағат» Бағдарламасы әзірленіп, бекітілсін. 2005-2007 жылдарға арналған Щучье-Бурабай шипажайлы аймағын (ЩБША) дамыту Бағдарламасы әзірленіп, бекітілсін.
Тармақ 13. 13. Денсаулық сақтау
13. Денсаулық сақтау Орта мерзімдік кезеңде атқарымдық топтың шығыстарын денсаулық сақтау объектілерін ұстау үшін 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 12,8%-ға, 2006 жылы - 16,7%-ға, 2007 жылы - 20,9%-ға өсіру көзделуде. 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау бойынша шоғырландырылған бюджет қарастырылуда, бұл болса халыққа медициналық көмек көрсетудің бірыңғай деңгейін қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтық салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын жоғарылатуға, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) деңгейінде денсаулықты нығайтуға, халық денсаулығын азаматтардың сапалы медициналық және дәрілік көмекке қол жетімділігін арттыру жолымен жақсартуға бағытталады. Осы мақсаттарға қол жеткізуге Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Ақмола облысында туберкулезге қарсы күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» бағытталған. Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес 2005 жылдан бастап бастапқы медициналық-санитарлық көмекке нақты көшуге, стационарлықтан амбулаторлық емделуге ауысу мәселесіне баса назар аударылып, оны іске асыру, төсек-орынға бағдарлануды тоқтату қажет. 2005 жылдан бастап амбулаторлық-емханалық және стационарлық деңгейлерде емдеу диагностикасының мерзімді медициналық-экономикалық хаттамаларын енгізу арқылы БМСК деңгейіндегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және ауруханаға негізсіз жатқызуды болдырмауға қол жеткізіледі. 2005-2007 жылдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмекке бөлінетін қаржының үлесін ұлғайту, денсаулық сақтау мекемелерінде қосымша штаттық бірліктер енгізу қажет. Республикалық бюджеттен денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына, сондай-ақ Мемлекеттік Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары денсаулық сақтауды реформалау және дамыту бағдарламасының аясында амбулаториялық деңгейде емделіп жатқан 5 жасқа дейінгі балаларды тегін дәрілік заттармен, жүкті әйелдерді құрамында темір және йод бар препараттармен тегін қамтамасыз ету үшін мақсатты трансферттер бөлу қарастырылуда. Республикалық бюджеттен дамуға бөлінетін мақсатты трансферттер есебінен қаржыландырылатын денсаулық сақтау объектілерін салу да жоспарланып отыр. Қаржы бірінші кезекте туберкулезге қарсы ауруханаларды салуға және жөндеуге бөлінеді.
Тармақ 14. 14. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек
14. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек «Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек» атқарымдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы 2004 жылғы деңгейден 23,1%-ға азайту, 2006 жылы - 16,6%-ға, 2007 жылы - 20,1%-ға өсіру көзделуде. Аз қамтылған отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй және үйде оқытылатын, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру төлемдері төленеді. Облыстық «Ақмола облысы бойынша 2003-2005 жылдарда кедейшілікті азайту» бағдарламасы аз қамтылған азаматтар санын 20,5 мың. адамға немесе 28%-ға азайтуды көздейді. Облыста «2003-2005 жылдарда мүгедектерді оңалту» бағдарламасы қолданыста, осыған сәйкес мүгедектерді әлеуметтік, кәсіптік және медициналық оңалту жөнінде іс-шаралар жүргізілуде. 2005 жылы республикалық бюджеттен келесі бағдарламалар жергілікті бюджеттерге ауыстырылады: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету жөнінде медициналық қызмет көрсету», «Сурдожабдықтармен және сурдокөмекпен қамтамасыз ету», «Мүгедектерді тифложабдықтармен қамтамасыз ету». Білікті мамандарды тарту үшін, әсіресе медицина қызметкерлерін, 2005 жылы елді мекендерді дамыту Бағдарламасына сәйкес Малотимофеевка ауылында және Купчановка ауылында ведомстволық тұрғын үйлер салу жоспарлануда. Республикалық бюджетте әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифінің жоғарылауына өтемақыға мақсатты трансферттер көзделетін болады.
Тармақ 15. 15. Көлік және байланыс
15. Көлік және байланыс Орта мерзімдік кезеңде «Көлік және байланыс» атқарымдық тобының шығыстары аймақтық бағдарламаның болмауының салдарынан 2005 жылы 2004 жылғы деңгейге қарағанда 44,2%-ға азайтылды, 2006 жылы - 16%-ға, 2007 жылы - 20,7%-ға өседі. Аймақтық Ақмола облысының жергілікті автомобиль жолдарын дамыту, салу, жөндеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін. Осы бағдарламаның жобасына сәйкес орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы облыста 95 шақырымдық автожолды жөндеу жоспарланып отыр, ал күрделі жөндеумен - 51,3 шақырым. Орта мерзімді жоспардың негізгі мақсаты - жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын 2007 жылға қарай тұрақтандыру. Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік тудырады: - жергілікті жүйедегі автожолдарын тұрақтандыруға беталыс жасау және облыстық барлық елді мекендеріне қай маусымда болмасын жетуге мүмкіндік тудыру; - жол-жөндеу және құрылыс салу базасын дамыту; - облыстық жергілікті жүйедегі жолдарын кезең-кезеңмен қалпына келтіру.
Тармақ 16. 16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты халықтық тұрмыстық жағдайын жақсарту. Тұрғын үй құрылысын дамытудың негізгі міндеттері болып тұрғын үй құрылысын салу қарқынын өсіру, тұрғын үй құрылысын салуға жеке меншік инвестицияларды тарту, елді мекендердің сыртқы сәулетін жақсарту, құрылысиндустриясының кәсіпорындарын дамыту. Бекітілген тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына сәйкес Ақмола облысында 2005-2007 жылдары жергілікті бюджеттен тұрғын үй объектілерінің сыртқы желілерін салуға қаржы бөлу көзделуде. 2005-2007 жылдарда Ақмола облысында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 347,4 мың шаршы метрлік тұрғын үй пайдалануға берілмек, ескірген және апатты жағдайдағы 99,4 мың шаршы метрлік тұрғын үйлерді сыру көзделуде, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 59,8 мың шаршы метр.
Тармақ 17. 17. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
17. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау Осы атқарымдық топ бойынша шығыстарды 2005 жылы 4,8%-ға, 2006 жылы - 16,9%-ға, 2007 жылы - 20,2%-ға өсіру ескерілді. Осы атқарымдық топ бойынша 2005-2007 жылдары әр жыл сайын 105%-ға өсіру көзделуде. Ағаштардың кеңінен тамыр жайып, көбейіп таралуы және ағаш егу, өсіру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, облыста орман алқабын ұлғайту мақсатында көшеттіктерді көбейту және кесілген, күйген ағаштардың орнын шаруашылыққа қажетті бағалы тұқымды ағаштармен толықтырып, ормандарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды өткізу жұмыстары жалғастырылатын болады. Орта мерзімді кезеңде 1050 га алаңда ормандарды жаңғырту және ағаштарды егу, өсіру жұмыстары жүргізілетін болады. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде шешуші және тиімді шаралар қабылдау мақсатында қолданыстағы заңнамалар аясында қоршаған табиғи ортаны қорғаудың аймақтық Бағдарламасын әзірлеу қажет. Бағдарламаның негізгі міндеттері болып анықталуы тиіс: әуе бассейнінің, жер ресурстарының, флора мен фаунаның тиісті дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету, өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдалану үшін, экологиялық ағарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау.
Тарау 5. 5. Бюджеттік кредит беру
5. Бюджеттік кредит беру Бюджеттік кредит берудің мақсаттарының бірі шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік кредит берудің негізгі бағыттарының бірі болып, экономика салаларын әртараптандыру арқылы облыстық тұрақты түрде дамуына қол жеткізуге бағытталған, шикізаттың бағыттардан алыстауға бейімдейтін жергілікті инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру, экономиканың басым секторларына инвестиция түсімін көбейту, аймақтық инвестициялық ахуалын жақсарту болып табылады. 2005-2007 ж.ж. кезеңінде әр жыл сайын шағын бизнес субъектілеріне бюджеттік кредит беру қарастырылуда. Төмен тұрған бюджеттерге кассалық алшақтықты жабу үшін кредиттік қаржы ескерілуде.
Тарау 6. 6. Қаржы активтерімен операциялар
6. Қаржы активтерімен операциялар Қазақстан Республикасының жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару Тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру мақсатында Ақмола облысы бойынша 2003-2005 жылдарға арналған коммуналдық меншікті жекешелендіру және басқару бағдарламасы әзірленіп, Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 14 желтоқсандағы № а-12/176 қаулысымен бекітілді. Мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланудан бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді арттыру мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Тарау 7. 7. Бюджетаралық қатынастар
7. Бюджетаралық қатынастар Орта мерзімді кезеңде бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне бекітіліп берілген мемлекеттік қызметтерді толық көрсетуі және өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оларды жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету, басқарудың әр деңгейінің дербестігін нығайту, бюджет саясатының тиімді өткізілуін ынталандыру болып табылады. Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында, сондай-ақ кірістерді бөлу нормативтерімен реттелетін болады. Бюджеттік қатынастарды реттеу нысандарын айқындау кезінде әрбір бюджет деңгейінің салықтық әлуеті, нормативтік құқықтық актілер негізіндегі аймақтардың объективті бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескерілетін болады. Бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың көлемі абсолюттік көріністе орта мерзімде (үш жылдық) кезеңге арналып бекітіледі және әр жыл сайын нақтылануы тиіс. Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың тиісті қаржы қаражатынсыз жүктелуіне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады. Облыс бюджетінің дамуына арналған мақсатты трансферттер аймақтық бағдарламалармен қамтылған жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бөлінеді. Қорытынды Соңғы жылдары облыс бюджеті көлемінің әр жыл сайын ұлғайғандығы байқалуда. Ұлғаюына республикалық бюджет субвенцияларының есебінен, сонымен бірге меншікті кірістердің есебінен қол жеткізілді. Осы жылдарда бюджеттің атқарылуының тиімділігі мен айтарлықтай тұрақтылығына қол жеткізілді. Қабылданған Бюджет кодексі орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестірудегі бюджет саясатын айқындайды. Осыған байланысты орта мерзімді фискалдық саясат мемлекеттік органдар үшін облыстық стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарын іске асырудағы бағдар болып табылады.
Басқа 29
Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» 2004 жылғы «30».11 № а-10/289 қаулысына 1 қосымша Орта мерзімді кезеңге бюджет кірістерінің болжамы (млрд. теңге) 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл Кірістер 11,6 13 15,1 Субвенциялар 13,9 16 19,7
Басқа 30
Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» 2004 жылғы «30». 11 № а-10/289 қаулысына 2 қосымша Ақмола облысы бойынша 2005-2007 ж.ж. арналған жергілікті бюджет кірістері туралы мәліметтер (млн. теңге) 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл Кірістер: 11643,2 13021,1 15132,8 I. Салықтық түсімдер 11154,6 12554,1 14643,4 үлес салмағы (%) 95,8 96,4 96,8 II. Салықтық емес түсімдер 131 138,2 144,8 үлес салмағы (%) 1,1 1,1 0,9 III. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 275,2 290,3 304,3 үлес салмағы (%) 2,4 2,2 2,0 IV. Басқа да түсімдер 82,4 38,5 40,3 үлес салмағы (%) 0,7 0,3 0,3
Басқа 31
Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» 2004 жылғы «30».11 № а-10/289 қаулысына 3 қосымша Облыс бюджеті шығындарының 2005-2007 жылдарға арналған құрылымы Ата­у­ла­ры Об­лы­стың 2004 ж. бе­кі­тіл. бюд­же­т­ін­де­гі үлес 2005ж. бо­лжа­мын­да­ғы үлес. 2004ж. қа­ра­ған­да 2005ж. % өсі­мі 2006ж. бо­лжа­мын­да­ғы үлес. 2005ж. қа­ра­ған­да 2006ж. % өсі­мі 2007ж. бо­лжа­мын­да­ғы үлес. 2006ж. қа­ра­ған­да 2007ж. % өсі­мі Шығындар 100 100 6,6 100 13,6 100 19,9 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 5,5 5,5 5,9 5,3 10,7 5,2 15,9 Қорғаныс 2 0,3 -84,5 0,3 5,1 0,3 12,9 Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 5,5 5,5 7 5,4 10,7 5,2 16,5 Білім 36,7 38,3 11,4 37,4 11 37,5 20,1 Денсаулық сақтау 26 27,5 12,8 28,2 16,7 28,5 20,9 Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 8,6 6,2 -23,1 6,3 16,6 6,4 20,1 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 1,9 4 2 рет 4,1 16,5 4,1 20,2 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 4,9 4,9 6,9 5 16,2 5 20,1 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 2,1 2,1 4,8 2,2 16,9 2,2 20,2 Көлік және байланыс 3,3 1,7 -44,2 1,7 16 1,8 20,7 Басқалары 3,6 4 18,4 4 12,5 4 20,4