Об образовании комиссии по контролю за реализацией Программы жилищного строительства Северо-Казахстанской области на 2005-2007 годы Күшін жойған
Басқа 0
2005-2005 жылдарға Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде комиссия құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабы, 1 тармағына сәйкес "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды бақылау жөнiнде Мемлекеттiк комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы № 1461 Жарлығы негiзiнде облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2005-2007 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды бақылау жөнiнде комиссия (iлгерiде - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiлген комиссия туралы ереже;
қосымшаға сәйкес комиссия құрамы бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Аудан және Петропавл қаласының әкiмдерi ұқсас комиссиялар құрсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В.Развинге жүктелсiн.
КЕЛІСІЛДІ:
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік құрылыстық бас инспектор
С.Қ. Құтышев
Экономика, бюджет, салық және қаржы
саласы мәселелері жөніндегі облыстық
мәслихаттың тұрақты комиссияның
төрағасы
С.Д. Чепурко
Басқа 5
Облыс әкiмдiгiнiң
2005 ж. «31» қаңтардағы
№ 26 қаулысымен бекiтiлдi
2005-2007 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан Облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыру үшiн бақылау жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. 2005-2007 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыру үшiн бақылау жөнiндегi комиссия (iлгерiде - комиссия) облыстыє мәслихат сессиясының 2004 жылғы 8 шiлдедегi № 8/2 шешiмiмен бекiтiлген 2005-2007 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (iлгерiде - Бағдарлама) iске асырудың тұрақты мониторингiн және тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасы заңдарын, мемлекет Елбасшысының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыстық мәслихат шешiмдерiн, сондай-ақ, осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес құрамы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары және өкiлеттiгi
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары және өкiлеттiгi
Тармақ 5
5. Комиссияның мiндеттерiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Бағдарламаның iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Бағдарламамен айқындалған нәтижелерге қол жеткiзу.
Тармақ 6
6. Комиссия келесi функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi тиiстi органдарға ұсыныстарды пысықтау және енгiзу;
Тармақша 2
2) Бағдарламаны iске асырудың мониторингiн өткiзу және тиiмдiлiгiн бағалау;
Тармақша 3
3) бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiнде қалалық және аудандық комиссиялардың есептерiн қарау;
Тармақ 7
7. Комиссия өз құзыретi шегiнде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпараттарды,
құжаттарды және материалдарды жергiлiктi атқарушы органдардан, қалалық және аудандық комиссиялардан құратуға;
Тармақша 2
2) өз мәжiлiстерiнде Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiнде қалалық және аудандық комиссиялардың, облыстық департамент және кәсiпорын басшыларының есептерiн тыңдауға;
Тармақша 3
3) iлгерiде Бағдарламаны iске асыру туралы тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 4
4) оның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде шешiмдердi қабылдауға.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжiлiсi комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан үштен екiсi болғанда, құқылы. Комиссия мүшелерi оның мәжiлiстерiнде ауысуға құқысыз қатысады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешiмi мәжiлiске қатысып отырған оның мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерiнiң дауысы тең болғанда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжiлiсiне Комиссия мүшесi болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметiн басқарады және оның мәжiлiстерiнде төрағалық етедi;
Тармақша 2
2) жоғары органдарға Комиссияның iстелген жұмыстары туралы ақпарат бередi.
Тармақ 13
13. Төраға болмағанда, оның мiндеттерiн төраға орынбасары орындайды.
Тармақ 14
14. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия мүшелерiне мәжiлiстiң уақыты мен орыны туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) Комиссия мәжiлiстерiне материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамаларын жүргiзедi;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасына оның мүшелерiмен дайындалған қабылданған шешiмдердiң дер кезiнде және сапалы орындалуын бағалаумен бiрге, iстелген жұмыстары туралы есептердi ұсынады;
Тармақша 5
5) Комиссия төрағасының тапсырысы бойынша басқа қызметтердi жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Облыстық және қаланың жергiлiктi атқарушы органдары Комиссияға жүктелген мiндеттердi орындауға көмек көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмыс органы Солтүстiк Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi болып табылады.
Басқа 41
Облыс әкiмдiгiнiң
2005 ж. «31» қаңтардағы
№ 26 қаулысымен бекiтiлдi
2005-2007 жылдарға арналған
Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы
бағдарламасын iске асыру үшiн бақылау жөнiндегi комиссияның
құрамы
Мансұров
Тайыр Аймұхаметұлы
Облыс әкiмi, төраға
Развин
Сергей Владимирович
Облыс әкiмiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары
Затай
Валерий Анатольевич
Облыстың бас сәулетшiсi, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Никандров
Владимир Петрович
Петропавл қаласының әкiмi
Бiләлов
Серiк Сұлтанғазыұлы
Қызылжар ауданының әкiмi
Назмутдинов
Мәлiк Ягофарұлы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментiнiң бастығы
Перепечина
Ольга Валентиновна
Қаржы департаментiнiң бастығы
Рыскелдинов
Сағатбек Бектiлеуұлы
Экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң бастығы
Чжен
Александр Моисеевич
Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк сәулеттiк-құрылыс бақылау басқармасының бастығы
Құтышев
Сермағамбет Құтышұлы
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк құрылыстық бас инспектор (келiсiм бойынша)
Чепурко
Сергей Дмитриевич
Экономика, бюджет, салық және қаржы саласы мәселелерi жөнiндегi облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша)