Об образовании комиссии по контролю за реализацией Программы жилищного строительства Мамлютского района на 2005-2007 годы Күшін жойған
Басқа 0
2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бакылау жөнінде комиссия құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабы 1 тармағына сәйкес, «205-2007 жылдарға арналған Қазакстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде Мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы №1461 Жарлығы және «2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде комиссия құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 31 каңтардағы №26 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданында тұрғын үй құрылысын дамытудың Бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінді комиссия (ілгеріде -Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген Комиссия туралы ереже;
қосымшаға сәйкес Комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Н.Василенкоға жүктелсін.
Келісілді
Аудандық мәслихаттың хатшысы
А.Нұртаев
Басқа 4
Мамлют ауданы әкімдігінін
2005 жылғы «9» наурыздағы
№185 каулысымен бекітілді
2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй кұрылысы багдарламасын іске асыру үшін бақылау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. 2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін бақылау жөніндегі комиссия (ілгеріде - Комиссия) аудандық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 15 қазандағы №10/2 шешімімен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (ілгеріде-Бағдарлама) іске асырудың тұрақты мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасы заңдарын, мемлекет Елбасшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, баска да нормативтік-құқықтық актілерді, Мамлют ауданы әкімдігінің қаулыларын, аудандык мәслихат шешімдерін, сондай-ак, осы Ережені басшылыкқа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес құрамы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері, функциялары және өкілеттігі
2. Комиссияның міндеттері, функциялары және өкілеттігі
Тармақ 5
5. Комиссияның міндеттеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Бағдарламаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Бағдарламамен айқындалған нәтижелерге кол жеткізу.
Тармақ 6
6. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі тиісті органдарға ұсыныстарды пысықтау және енгізу;
Тармақша 2
2) Бағдарламаны іске асырудың мониторингін өткізу және тиімділігін бағалау.
Тармақ 7
7. Комиссия өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды жергілікті атқарушы органдардан сұратуға;
Тармақша 2
2) өз мәжілістерінде Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде селолық округтер әкімдерінің есептерін тыңдауға;
Тармақша 3
3) ілгеріде Бағдарламаны іске асыру туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) оның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдерді қабылдауға.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілісі қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ кемінде тоқсанына бір рет.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілісі комиссия мүшелерінің жалпы санынан ұштен екісі болғанда, құқылы. Комиссия мүшелері оның мәжілістерінде ауысуға құқысыз қатысады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі мәжіліске қатысып отырған оның мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болғанда, төраганың дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжілісіне Комиссия мүшесі болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін басқарады және оның мәжілістерінде төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған органдарға Комиссияның істелген жұмыстары туралы ақпарат береді.
Тармақ 13
13. Төраға болмағанда, оның міндеттерін төраға орынбасары орындайды.
Тармақ 14
14. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия мүшелеріне мәжілістің уақыты мен орыны туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) Комиссия мәжілістеріне материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілісінің хаттамаларын жүргізеді;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасына оның мүшелерімен дайындалған, қабылданған шешімдердің дер кезінде және сапалы орындалуын бағалаумен бірге істелген жұмыстары туралы есептерді ұсынады;
Тармақша 5
5) Комиссия төрағасының тапсырысы бойынша басқа қызметтерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық бөлімдер Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға көмек көрсетуге міндетті.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмыс органы Мамлют ауданының қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жәш автомобильдік жолдар бөлімі болып табылады.
Басқа 39
Мамлют ауданы әкімдігінің
2005 жылғы « 9 » наурыздағы
№ 185 қаулысына қосымша
2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін бақылау жөніндегі комиссияның кұрамы
Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағанбетұлы - аудан әкімі, төраға
Василенко Нина Николаевна - аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Әмірин Қайсар Өмірбайұлы - аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көл және автомобильдік жолдар бөлімінің сәулетшісі
Белоногова Неела Никодимовна - Воскресенов селолық округінің әкімі
Данияров Жұмабай Ғалижанұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы
Мұстафин Ақсай Семенович – Мамлют қаласы әкімінің орынбасары
Селин Иван Алексеевич - аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)
Сембаев Асқар Сейтахметұлы - аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің бастығының орынбасары
Ушакова Татьяна Халитовна - аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің бас маманы-қүрылысшы