Об утверждении Правил назначения и выплаты социальной помощи инвалидам с детства и детям-инвалидам в возрасте до шестнадцати лет, проживающим на территориях прилегающих к полигонам «Капустин Яр» и «Азгир» на 2005-2007 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005-2007 жылдарға арналған «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын сауықтыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-11 шешімін іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2005-2007 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті тиісті әлеуметтік көмектердің дер кезінде тағайындалуын және төленуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталовка және Қаратөбе аудандарының әкімдері әлеуметтік көмектердің төленуіне көмектер көрсетсін және осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.
Басқа 5. 2005-2007 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесі
Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 88 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдарына, сондай-ақ "Әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын сауықтыру, жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес әзірленді және ол "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындаудың және төлеудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталовка, Қаратөбе аудандарының аумағында тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай 2 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек бала кезінен мүгедектерге немесе олардың қамқоршыларына, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалардың ата-аналарының біріне немесе оларды ауыстырушыларға (бұдан әрі-Алушы) төленеді.
Тармақ 4
4. Бала кезінен мүгедектер және он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар мемлекеттің толық қамқорлығында болған жағдайда оларға әлеуметтік көмек тағайындалмайды және төленбейді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек отбасының жалпы табысына және басқа да табыстарға қарамастан беріледі.
Тармақ 6
6. Аталған әлеуметтік көмек 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалады және төленеді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындаудың тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындаудың тәртібі
Тармақ 7
7. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтар, бала кезінен мүгедектер және он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына арыз береді.
Тармақ 8
8. Арызға төмендегідей құжаттар тіркеледі
Тармақша 1
1) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) алушының жеке куәлігі;
Тармақша 3
3) алушының салық төлеудегі тіркеу нөмірі;
Тармақша 4
4) қамқоршылыққа алу фактілері болған жағдайда, қамқорлыққа алу туралы шешім (қамқоршылықты белгілеу туралы тиісті орган шешімінің көшірмесі);
Тармақша 5
5) түпкілікті тұрағы бойынша уәкілетті орган берген тіркеу туралы құжаты;
Тармақша 6
6) мүгедектік тобын белгілеу туралы дәрігерлік-әлеуметтік сараптаманың (ДӘС) куәландыру актісінің белгіленген үлгідегі көшірмесі.
Тармақ 9
9. Тапсырылған құжаттар негізінде уәкілетті орган 10 күн мерзім ішінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 12
12. Даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қаралады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті төлеу
3. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті төлеу белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес тендерде жеңіп алған, тиісті банктік операция түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы іске асырылады.
Тармақ 14
14. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері әлеуметтік көмекті төлеуді жүзеге асыратын ұйымдардың бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға төленген әлеуметтік көмектің сомаларын тоқсан сайын тексеріп отыруды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру көздері
4. Қаржыландыру көздері
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті бюджеті болып табылады.