Об образовании комиссии по контролю за реализацией Программы жилищного строительства в городе Петропавловске на 2005-2007 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005-2007 жылдарға арналған Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде комиссия кұру туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 ның 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы» 2004 жылғы 21 қазандағы № 1461 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының тұргын үй құрылысын дамыту бағдарламасын асыруды бақылау жөнінде комиссия кұру туралы» 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 26 қаулысы негізінде (СҚО Әділет департаментінде 2005 жылғы 11 ақпандағы №1481 мемлекеттік тіркеу) қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. № 1 қосымшаға сәйкес, 2005-2007 жылдарға арналған Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. № 2 қосымшаға сәйкес, 2005-2007 жылдарға арналған Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруды бақылау жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П.И. Гловаға жүктелсін. Келісілді: «Солтүстік Қазақстан облысы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығы «11» сәуірде 2005 ж. Назмутдинов М.Я.
Басқа 4
№ 1 қосымша Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 ж. 14 наурыз № 185 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарга арналған Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруды бақылау жөніндегі комиссияның құрамы Никандров Владимир Петрович - қала әкімі, комиссия төрағасы Глова Павел Ильич - қала әкімінің орынбасары, - төрағасының орынбасары Жүсіпов Асқар Зарыпұлы - «Петропавл қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндеттерін атқарушы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Бәшірова Шынар Жүсіпқызы -«Петропавл қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастыгы Боқанов Қайыргельді Ысқақұлы - «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндеттерін атқарушы Дорофеева Галина Ивановна - «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастыгы Казанцев Александр Васильевич -Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Пересыпкин Иван Петрович - «Солтүстік Қазақстан облысының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің» бөлім бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 5
№ 2 қосымша Петропав қаласы әкімдігінің 2005ж. «14» наурыз Қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруды бақылау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. 2005-2007 жылдарға арналған Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысы дамыту бағдарламасын іске асыруды бақылау жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалалық мәслихаттың кезектен тыс 7 сессиясының 2004 жылғы 14 шелдедегі № 2 шешімімен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырудын тұрақты мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасы , заңдарын, басқа да нормативтік-кұқықтық актілерді, Солтүстік Қазақстан облысы мен қалалық әкімдіктің қаулыларын, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімдерін, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес құрамы Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Комиссиясының міндеттері, функциялары және өкілеттігі
2. Комиссиясының міндеттері, функциялары және өкілеттігі
Тармақ 5
5. Комиссияның міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) Багдарламаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Бағдарламамен айқындалған нәтижелерге қол жеткізу. 6.Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тиісті органдарға Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды пысықтау және енгізу;
Тармақша 2
2) Бағдарламаны іске асырудың мониторингін және тиімділігін бағалауды өткізу.
Тармақ 7
7. Комиссия өз құзыры шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелерден өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұратүға;
Тармақша 2
2) өз мәжілістерінде уәкілетті органның қала халқына ипотекалық тұрғын өткізу жөнінде Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде қаланың бөлімдері мен кәсіпорындары басшыларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 3
3) Бағдарламаны одан әрі іске асыру туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) оның құзырына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға.
Тарау 2. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ кемінде тоқсанына бір рет.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілісі комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісі болғанда кұқылы. Комиссия мүшелері оның мәжілістерінде ауысу құқығынсыз қатысады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі мәжіліске қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының дауыспенының көпшілігімен қабылданады. Комиссия мүшелерінің даусы тең болғанда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжілісіне Комиссия мүшесі болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін басқарады және оның мәжілістерінде төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) жоғары органдарға Комиссияның істелген жұмыстары туралы ақпарат береді.
Тармақ 13
13. Төраға болмағанда, оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 14
14. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия мүшелеріне мәжілістің уақыты мен орыны туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) Комиссия мәжілістеріне материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілісінің хаттамаларын жүргізеді;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасына оның мүшелерімен дайындалған қабылданған шешімдердің дер кезінде және сапалы орындалуын бағалаумен бірге, істелген жұмыстары туралы есептерді ұсынады;
Тармақша 5
5) Комиссия төрағасының тапсырысы бойынша басқа қызметтерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Жергілікті атқарушы орган Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға көмек көрсетуге міндетті.
Тармақ 16
16. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.