2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысының денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысының денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін 2005-2010 жылдарғс арналған реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағынын 1 -тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысының денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Басқа 1
Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 19 наурыздағы XIV сессиясының № 155 шешімімен БЕКІТІЛГЕН 2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМА Мазмұны беті 1.Бағдарламаның төлқұжаты 2 2.Кіріспе 4 3.Облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау жағдайына талдау 4 4.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 6 5.Бағдарламаны іске асырудың басым бағыттары мен тетіктері 6 6.Қаржыландыруға қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 7 7.Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8 8.Бағдарламаны орындауға арналған іс-шаралар жоспары 9
Тарау 1. 1. Бағдарламаның төлқұжаты
1. Бағдарламаның төлқұжаты Бағдарламаның атауы 2005-2007 жылдарға арналған облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі бағдарлама. Бағдарламаны дайындауға негіздеме Бағдарламаның жауапты әзірлеушісі Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның міндеттері Бағдарламаның іске асырылу мерзімі "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйек-тегі №1438 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысының 2004 жылғы 2 тамыздағы №01-7.5 хаттамасы. Облыстың денсаулық сақтау департаменті Сапалы және толық медициналық қызмет көрсету жағдайларын жасау мақсатында денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және медициналық мекемелерге күрделі жөндеу өткізу. Облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау 2005-2007 жылдар Бағдарламаны Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджеттің қаржыландыруға қажетті ресурстар қаржысы есебінен жүзеге асырылады мен қаржылан дыру көздері Күтілетін Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: нәтижелер медициналық көмек көрсетуде түрғындардың қажет- тілігін қанағаттандыратын үйлесімді жүйе құрылады; облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасы жақсарады, денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік беретін казіргі заман талабына сай технологиялар енгізіледі; науқастардың емделуі мен медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартатын денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі; жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде облыста ана мен баланың денсаулығын қорғауда репродуктивтік жастағы әйелдер денсаулығының индексі өседі, ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендейді.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Ел Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты Жолдауында негізгі басымдықтардың бірі болып азаматтардың жағдайларын жақсарту мен денсаулық қорғау бағыттары анықталған. Осыған байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 2005-2007 жылдарға арналған облыстың денсау-лық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама өңірдің денсаулық сақтау ісінің басымдығын және маңызды мәселелерді ескере отырып, тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған, олардың негізгілеріне: ана мен баланың денсаулығын қорғау; облыста медициналық қызметтің сапасын жақсарту жатады. Бағдарлама облыстың нақты экономикалық және әлеуметтік жағдайының кешенді бағалауына негізделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында бар басты ережелерді ескере отырып жасалған. 3. Облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау жағдайына талдау Қызылорда облысының тұрғындарына 129 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Облыс тұрғындарына 58 дербес амбулаторлық-емханалық ұйымдар және 34 отбасылық дәрігерлік амбулатория, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай - БМСК) көрсетеді, оның ішінде -біреуі жеке меншік түрінде. Стационарлық көмекті 66 ауруханалық мекеме мен 12 диспансер көрсетеді. Сонымен қатар, облыста денсаулық сақтау жүйесінде облыс орталығында және Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында жедел медициналық көмек көрсету стансалары, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық апат, ЖҚТБ-мен күресу және оның алдын алу, қан орталықтары, арнайы сәбилер үйі, мамандандырылған балалар үйі, патологиялық-анатомиялық бюро мен арнайы медициналық жабдықтау базасы жұмыс істейді. Облыстағы 30 ауылдық аурухананың 6-ы, немесе 20.0 пайызы типтік ғимараттарда, 34 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның 22-сі немесе 64.7 пайызы бейімделген ғимараттарда орналасқан. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы бекітілген ең төменгі нормативтерге толық сәйкес келмейді, іс жүзінде БМСК көрсету мекемелерінің барлық объектілері қажетті медициналық бұйымдармен жеткілікті жабдықталмаған. Медициналық ұйымдардың жабдықталуына жүргізілген мониторинг көрсеткендей, моральдық және техникалық жағынан ескірген жабдықтар пайдаланылады, оның 50 пайызының пайдалану мерзімі 15 жылдан асып кеткен. Ауылдық елді мекендердегі 167 денсаулық сақтау объектісінің тек 16-сында орталық су құбырлары, 2-не кәріз жүйесі жүргізілген, олар тиісінше 8.9 және 1.1 пайыз құрайды. Тек 2 объекті ғана орталықтандырылған жылу қондырғыларына қосылған, 22-сінде жылу жергілікті автономиялық шағын бу қазандықтарынан, ал қалған 143 объекті пеш арқылы жылытылады. Облыс бойынша ауылдық ауруханалардың медициналық құрал-жабдықтармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуы 44.3 пайыз құрайды. Тозуын ескергенде жабдықталу 13.2, тозуын ескермегенде - 8.1 пайыз құрайды. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жабдықталуы 35.6 пайыз кұрайды, тозуын ескергендегі жабдықталу деңгейі 6.5, тозуын ескермегенде - 4.2 пайыз құрайды, фельдшерлік-акушерлік пункттер - 26.4, фельдшерлік пункттер - 29.8 пайызға жабдықталған. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджет есебінен 2002 жылы 138.0 млн. теңгеге, 2003 жылы - 139.6 млн. теңгеге, ал 2004 жылы - 135.8 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатылып алынды. Қалалық және облыстық медициналық ұйымдар үшін 2002 жылы - 92, 2003 жылы - 43, 2004 жылы - 32 бірлік медициналық құрал-жабдықтар алынған. Сонымен қатар, жаңа қымбат медициналық жабдықтар: плазмофорез жасау аппараты облыстық балалар ауруханасы мен облыстық медициналық орталыққа, "Терегам" аппараты облыстық онкологиялық орталыққа, 5 медициналық ұйымға биохимиялық газ анализаторлары, ультрадыбыс зерттеу аппараттары, тексеру мен емдеуге арналған рентгендік қондырғылар мен басқа да аспаптар алынды. Ауылдық медициналық ұйымдарды жабдықтау үшін 2002 жылы 88 бірлік, 2003 жылы - 16 және 2004 жылы - 37 бірлік медициналық жабдықтар алынды. Ол қалалық және облыстық медициналық ұйымдармен салыстырғанда, сәйкесінше 48.8, 31 және 53.6 пайызды құрайды. Облыс бойынша денсаулық сақтау объектілерінің бекітілген нормативтерге сәйкес санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілуі 85 пайыз құрайды. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда 29 бірлік автокөлік құралы бар. Оның ішінде санитарлық автокөлік - 19 бірлік, қамтамасыз етілуі - 68.2 пайыз. Ауылдық ауруханаларда барлығы 105 бірлік автокөлік бар, оның ішінде санитарлық автокөлік 40 бірлік, қамтамасыз етілуі 73.4 пайыз құрайды. Санитарлық көлікпен ең томенгі деңгейде қамтамасыз етілу Шиелі ауданында, ол отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда 40, ал аудандық ауруханаларда 50 пайыз құрайды. Облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету тиімді болу үшін 2002 жылы 35 бірлік санитарлық автокөлік, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 15 бірлік, 2003 жылы - жалпы сомасы 19.9 млн. теңгеге 25 бірлік санитарлық автокөлік, жергілікті бюджет есебінен 2004 жылы - 18.4 млн. теңгеге 17 санитарлық автокөлік алынды. Облыста соңғы жылдары денсаулық сақтау объектілерінде күрделі жөндеу жүргізуге зор көңіл бөлініп отыр. Сонымен, 2003 жылы 112.7 млн. теңгеге 37 объектіге толық және жартылай күрделі жөндеу, ал 2004 жылы 144.4 млн. теңгеге 38 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге, денсаулық сақтау объектілеріне толық күрделі жөндеу жүргізу үшін шамамен 1 млрд. теңге қажет. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нормаға толық сәйкес келмейді. Аудандардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлығы (Қазалы ауданын қоспағанда) типтік емес, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ғимараттары орталықтандырылған су құбырымен, ауыстырмалы желдеткіш жүйемен және газбен түгел қамтамасыз етілмеген. Ол сапалы әрі уақытылы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге қиындықтар туғызады. Осыған байланысты тозғандарын ауыстыру, қымбат жаңа жабдықтар сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Бекітілген нормативтерге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілуі 80 пайыз құрайды. Қазіргі кездегі барлық автокөліктің 34-і (38.2 пайыз) 1990 жылға дейін алынған және пайдалану мерзіміне байланысты есептен шығарылуға жатады. Қолда бар арнайы автокөліктердің, яғни дезинфекциялық камералардың, жылжымалы автозертханалардың, виброшулардың, зертханалық зерттеулерге қажетті камералық өңдеу жүргізуге арналған автокөліктердің әбден тозығы жеткен, олардың жетіспеуі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен камералық өңдеу жүргізуге толық мүмкіндік бермейді. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты сапалы және толық медициналық көмек көрсету жағдайларын жасау үшін облыстың медициналық мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізу және базаның материалдық-техникалық жағдайын жақсарту болып табылады. Бағдарламаның негізгі міндеттеріне: облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерін материалдық-техникалық жабдықтау; күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады. Бағдарлама аясында белгіленген міндеттер жергілікті және республикалық бюджеттердің мүмкіндіктеріне қарай 2005-2007 жылдар аралығында шешіледі. 5. Бағдарламаны іске асырудың басым бағыттары мен тетіктері 2005-2007 жылдары ауылдық және қалалық мемлекеттік медициналық ұйымдарды қазіргі заманғы озық емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтармен, медициналық бағыттағы бұйымдармен және бекітілген нормативтерге сәйкес санитарлық автокөліктермен жабдықтау жоспарланып отыр. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің материалдық-техникалық базасы қажетті зерттеулерді қысқа мерзімде әрі жоғары сапалы деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа зертханалық бұйымдармен жабдықтау жолымен нығайтылады. 2005-2007 жылдары облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен объектілерінде күрделі жөндеуді кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланып отыр. 2005 жылы фельдшерлік пункттерге, фельдшерлік-акушерлік пункттерге, отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға, облыс орталығындағы медициналық мекемелерге және ауылдық елді мекендердегі басқа да БМСК көрсету объектілеріне жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. 2006-2007 жылдары отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға, ауылдық ауруханаларға, емханаларға, облыс орталығындағы емдеу-профилактикалық мекемелеріне, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бағдарлама белгіленген іс-шаралар жоспарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы арқылы орындалады. Іс-шаралар жоспарында денсаулық сақтау объектілері мен мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтаудың және күрделі жөндеу жүргізудің сапалық ерекшеліктері сипатталған. Онда нақты орындаушылар мен іске асыру мерзімі, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру көздері мен көлемі белгіленген. Іс-шаралардың кешенділігі облыстың денсаулық сақтау объектілері мен мекемелерін жабдықтаудың барлық бағыттарын келісілген іс-әрекеттер бойынша қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктерін шоғырландыруға және қызметін толығымен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының орындалу барысын және межеленген көрсеткіштеріне жетуді бақылау арқылы бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалау және тұрақты мониторингін жүргізу облыстың денсаулық сақтау департаменті тарапынан жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаның орындалуы барлық деңгейдегі басқару органдарының ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қажет етеді. Бағдарламаның іске асырылуы жөнінде аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері облыстың денсаулық сақтау департаментіне есептік кезеңнің келесі айының 2 жұлдызынан кешіктірмей жарты жылда 1 рет мәлімет береді. Облыстың денсаулық сақтау департаменті Бағдарламаның үйлестірушісі ретінде есептік кезеңнің келесі айының 5-ші жұлдызына дейін жарты жылда 1 рет облыс әкімиятына бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп отырады. 6. Қаржыландыруға қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері Бағдарламаның қаржыландырылуы жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Медициналық ұйымдар объектілері мен мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға және күрделі жөндеу жүргізуге мынадай шығындар көлемі қаралып отыр: 2005ж - 470.0 млн. теңге; 2006ж - 537.0 млн. теңге; 2007ж -647.0 млн. теңге; 2005-2007 жылдары Бағдарламаны іске асыруға қажетті бюджеттік қаржының көлемі жыл сайын келесі қаржы жылының бюджетін құру кезінде белгіленеді. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламаны орындау жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыты ретінде салааралық ынтымақтастық пен барлық деңгейдегі әрекеттің үйлесімділігі негізінде облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 2005-2006жж. ФП-терді, ФАП-терді, АДА-лар-ды, 2007ж. АА-ларды, ОАА-ларды және босануға жәрдем көрсететін объекті-лерді медициналық қүрал-жабдықтармен 100 пайызға дейін қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтік деңгейіне жеткізу, облыс тұрғындарының мүгедектікке шығуы мен өлім-жітімге ұшырауын төмендетуге, емдеу тәсілін дұрыс таңдау мен ауруды уақытылы анықтауды жақсартады. 2007 жылы БМСК көрсету объектілерін санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету деңгейі 100 пайызға жетеді. Күрделі жөндеу 2005-2006жж. барлық ФП-терге, ФАП-терге, ОДА-ға, 2007ж. - АА мен ОАА-ға өткізіледі. Ол денсаулық сақтау объектілерін санитарлық нормаға сәйкестендіруге әкеледі және көрсетіліп отырған медициналық қызметтің сапасын арттырады. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін жақсартуға жағдайлар жасалынады. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялык қадағалау мен сараптама объектілерінің жағдайы жақсарады. Бүл өз кезегінде облыстың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына бақылауды жақсартады. 8. Бағдарламаны орындауға арналған іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Аяқталу түрі Жауапты орындау-шылар Орындалу мерзімі Шығын көлемі (млн.теңге) Қаржыландыру көзі 1 2 3 4 5 6 7 1. Денсаулық сақтау объектілері мен мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету 1 Қымбат бағалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету Облыс әкімиятына мәлімет одсд,окд 2005-2007жж 2005ж-88,9 2006ж - 98,2 2007ж- 134,1 Жергілікті бюджет 2 Қызылорда қаласының және аудандардың мемлекеттік медицина ұйымдарын (жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек көрсету) нормативке сай санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету, оның ішінде: Облыс әкимиятына мәлімет одсд,окд 2005-2007жж 2005ж-21,0 2006ж- 27,1 2007ж- 22,4 Жергілікті бюджет Арал ауданы 2005 ж 2,374 Жергілікті бюджет 2006 ж 2,6 Жергілікті бюджет 2007 ж 2,6 Жергілікті бюджет Қазалы ауданы 2005 ж 5,08 Жергілікті бюджет Қармақшы ауданы 2005 ж 2,374 Жергілікті бюджет 2006 ж 3,75 Жергілікті бюджет Жалағаш ауданы 2005 ж 2,374 Жергілікті бюджет 2006 ж 2,49 Жергілікті бюджет Сырдария ауданы 2006 ж 2,56 Жергілікті бюджет 2007 ж 1,26 Жергілікті бюджет Шиелі ауданы 2006 ж 1,19 Жергілікті бюджет 2007 ж 1,3 Жергілікті бюджет Жаңақорған ауданы ( 2005 ж 3,561 Жергілікті бюджет 2006 ж 1,26 Жергілікті бюджет 2007 ж 3,9 Жергілікті бюджет Қызылорда қаласы 2005 ж 4,337 Жергілікті бюджет 2006 ж 7,56 Жергілікті бюджет 2007 ж 4,6 Жергілікті бюджет Облыстық мекемелер 2005 ж 0,9 Жергілікті бюджет 2006 ж 5,71 Жергілікті бюджет 2007 ж 8,76 Жергілікті бюджет 3 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын автокөліктермен, зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Облыстық, қалалық, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын автокөліктермен қамтамасыз ету, онын ішінде: Облыс әкімиятына мәлімет ОДСД, ОКД 2005-2007 жж 2005ж-23,2 2006ж-26,0 2007ж-27,3 Облыстық бюджет ОСЭСО Арал филиалы 2005-2006 жж Облыстық бюджет ОСЭСО Қазалы филиалы 2005-2007 жж Облыстық бюджет ОСЭСО Қармақшы филиалы 2006-2007 жж Облыстық бюджет ОСЭСО Жалағаш филиалы 2006-2007 жж Облыстық бюджет ОСЭСО Сырдария филиалы 2005-2007 жж Облыстық бюджет ОСЭСО Шиели филиалы 2005-2006 жж Облыстық бюджет ОСЭСО Жаңақорған филиалы 2005-2006 жж Облыстық бюджет ОСЭСО Қызылорда қалалық филиалы 2006-2007 жж Облыстық бюджет ОСЭСО облыстық филиалы 2005-2007 жж Облыстық бюджет 4 Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментін автокөліктермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оның ішінде: Облыс әкімиятына мәлімет ОДСД,ОҚД 2005-2007 жж 2005ж- 7,8 2006ж- 9,7 2007ж- 10,2 Облыстық бюджет ОСЭКД 2005-2007 жж 2005ж-2,3 2006ж -3,7 2007ж -3,2 Облыстық бюджет Арал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2005-2007 жж 2005ж- 0,5 2006ж- 1,0 2007ж-0,5 Облыстық бюджет Қазалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2005,2007 жж 2005ж- 0,5 2007ж- 1,0 Облыстық бюджет Қармақшы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2006-2007 жж 2006ж-1,5 2007ж- 0,5 Облыстық бюджет Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2006-2007 жж 2006ж-1,5 2007ж- 0,5 Облыстық бюджет Сырдария аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2006-2007 жж 2006ж- 1,5 2007ж- 0,5 Облыстық бюджет Шиелі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2005-2006 жж 2005ж-1,5 2006ж- 0,5 Облыстық бюджет Жаңақорған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2005, 2007 жж 2005ж-1,5 2007ж- 0,5 Облыстық бюджет Қызылорда қалалық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2005, 2007 жж 2005ж-1,5 2007ж - 3,5 Облыстық бюджет 2. Денсаулық сақтау объектілері мен мекемелерін күрделі жөндеу 5 Емдеу - профилактикалық ұйымдарды күрделі жөндеуден өткізу Облыс әкімиятына мәлімет ОДСД.ОКД 2005-2007жж желтоқсан 2005ж -309,886 2006ж- 350,578 2007ж- 423,9 Облыстық бюджет Арал ауданы: 2005 ж 21,067 Облыстық бюджет 2006 ж 43,2 Облыстық бюджет 2007 ж 47,5 Облыстық бюджет Қазалы ауданы: 2005 ж 15,2 Облыстық бюджет 2006 ж 30,2 Облыстық бюджет 2007 ж 32,5 Облыстық бюджет Қармақшы ауданы: 2005 ж 11,345 Облыстық бюджет 2006 ж 13,2 Облыстық бюджет 2007 ж 17,0 Облыстық бюджет Жалағаш ауданы: 2005 ж 13,505 Облыстық бюджет 2006 ж 29,7 Облыстық бюджет 2007 ж 24,5 Облыстық бюджет Сырдария ауданы: 2005 ж 16,744 Облыстық бюджет 2006 ж 17,2 Облыстық бюджет 2007 ж 21,5 Облыстық бюджет Шиелі ауданы: 2005 ж 25,125 Облыстық бюджет 2006 ж 34,7 Облыстық бюджет 2007 ж 15,0 Облыстық бюджет Жаңақорған ауданы: 2005 ж 34,8 Облыстық бюджет 2006 ж 41,7 Облыстық бюджет 2007 ж 21,5 Облыстық бюджет Қызылорда қаласы: 2005 ж 63,45 Облыстық бюджет 2006 ж 36,2 Облыстық бюджет 2007 ж 47,0 Облыстық бюджет Облыстық мекемелер: 2005 ж 108,622 Облыстық бюджет 2006 ж 89,192 Облыстық бюджет 2007 ж 183,113 Облыстық бюджет 6 Денсаулық сақтау объектілері мен мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі жобалау-құндылық құжаттарын жасау 2005-2007 жж желтоқсан 2006 ж- 15,3 2007 ж- 14,4 Облыстық бюджет 7 Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің объектілерін күрделі жөндеуден өткізу, оның ішінде: Облыс әкімиятына мәлімет ОСЭҚЦ, ОКД 2005-2007 жж 2005ж -5,9 2006 ж- 8,3 2007 ж- 8,7 Облыстық бюджет ОСЭҚЦ 2005 ж 5,9 Облыстық бюджет Арал аудандық санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2006 ж 2,0 Облыстық бюджет Қазалы аудандық санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2007 ж 2,0 Облыстық бюджет Қармақшы аудандық санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2006 ж 2,3 Облыстық бюджет Жалағаш аудандық санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2006 ж 2,0 Облыстық бюджет Сырдария аудандық санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2006 ж 2,0 Облыстық бюджет Жаңақорған аудандық санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2007 ж 2,0 Облыстық бюджет Қызылорда қалалық санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 2007 ж 4,7 Облыстық бюджет 8 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының зертханаларын күрделі жөндеуден өткізу Облыс әкімиятына мәлімет ОСЭКД,ОКД 2005-2007 жж 2005 ж-13,2 2006 ж-17,0 2007 ж-20,0 Облыстық бюджет ОСЭСО 2005-2007 жж 2005ж -5,0 2006ж -6,0 2007ж -3,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Қызылорда қалалық филиалы 2005, 2007 жж 2005ж -3,0 2007ж -2,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Арал филиалы 2007 ж 5,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Қазалы филиалы 2007 ж 5,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Қармақшы филиалы 2007 ж 5,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Жалағаш филиалы 2006 ж 4,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Сырдария филиалы 2006 ж 4,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Шиелі филиалы 2005 ж 3,0 Облыстық бюджет ОСЭСО Жаңақорған филиалы 2005-2006 жж 2005ж -2,2 Облыстық 2006ж -3,0 бюджет Ескертү: Әріптер аббревиатурасының шешуі ОМО - облыстық медициналық орталық ОМТО - облыстық медициналық тәуелділік орталығы ОТЖАД - облыстық тері жіңішке аурулары диспансері ОКБДО - облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы ОАА - орталық аудандық аурухана АА - ауылдық аурухана ОДА - отбасылық дәрігерлік амбулатория АЕ - ауылдық емхана ФАП - фельдшерлік -акушерлік пункт ФП - фельдшерлік пункт КБДЕ - кеңес беру диагностикалық емхана одсд - облыстың денсаулық сақтау департаменті окд - Облыстың қаржы департаменті ОСЭСО - Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ОСЭКД - Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті