2005-2007 жылға арналған аудан аумағын карантинді жұқпалы аурулардың тасымалдануы мен таралуынан санитарлық қорғау жөнінде эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары туралы.
«Халықтың санитарлық - эпидемиологиалық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы 361-ІІ Заңын басшылыққа алып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
2005-2007 жылға арналған аудан аумағын карантинді жұқпалы аурулардың тасымалдануы мен таралуынан санитарлық қорғау жөнінде эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары туралы от 16.05.2005 г. № 136 (2005-2007 жылға арналған аудан аумағын карантинді жұқпалы аурулардың тасымалдануы мен таралуынан санитарлық қорғау жөнінде эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары туралы)
1. 2005-2007 жылға арналған аудан аумағын карантинді жұқпалы аурулардың тасымалдануы мен таралуынан санитарлық қорғау жөнінде эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілсін.
2. Аудан аумағын карантинді жұқпалы аурулардың тасымалдануы мен таралуынан санитарлық қорғау жөнінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін берілген қосымшаға сәйкес төтенше эпидемияға қарсы комиссия құрылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
«16» мамырдағы № 136 қаулысымен
бекітілген.
2005-2007 жылдағы аудан аймағында карантинді жұқпалы аурулардың тасымалдануы мен таралуын санитарлық қорғау жөнінде эпидемияға қарсы
іс-шаралардың кешенді жоспары.
№
Іс шаралар атауы
Орындау мерзімі
Орындаушылар
1. Даярлық мерзімдегі ұйымдастыру шаралары
1.1
Аудан аумағында карантинді аурулардың алдануы мен таралуын қамкорлық қорғау жөнінде жағдай құрамын құру
2005 жылғы
мамыр айы
Облыстық мемлекеттік қадағалау
департаментінің аудандық бөлімі,
Аудандық орталық аурухана
1.2
Карантиндік инфекцияға байланысты кеңес тобын бекіту
2005 жылғы
мамыр айы
Облыстық мемлекеттік қадағалау
департаментінің аудандық бөлімі,
Аудандық орталық аурухана
1.3
Әр емдеу мекемелерінде карантинді жұқпалы күдікті науқастарды (өлікті) анықталған
кездегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарын
2005 жылғы
2-тоқсан
Аудандық орталық аурухана, емдеу
мекемелері
1.4
«Көкжар» мемлекеттік коммуналдық шаруашылық кәсіпорында, меншік нысанына
қарамастан барлық тамақтану орныдарында, аудандық ішкі істер бөлімінде, байланыс мекемелерінде санитарлық сауықтыру шараларын жүргізу
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік қадағалау
департаментінің аудандық бөлімі,
Мекеме, кәсіпорын басшылары.
1.5
Карантиндік ауруға күдікті анықталған кезде жұмыс жәнедемалыс күндері хабарласу желісін жасау
2005 жылғы
мамыр айы
Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментінің
аудандық бөлімі, Аудандық орталық
аурухана, емдеу мекемелері.
1.6
Аудан әкімдігіне елді мекендердің, санитарлық-гигиеналық айының тексеру қорытындысы және оны жақсарту шаралары жөнінде, халықты сапалы сумен қамтемелеу, лас су қалдықтарын тазарту, залалсыздандыру;
мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға ережелерінің сақталуы жөнінде мәселелер енгізу.
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментінің
аудандық бөлімі, Аудандық орталық
аурухана, емдеу мекемелері.
1.7
Аудандық орталық аурухананың, облыстық Мемлекетік қадағалау департаментінің аудандық бөлімінің КВГЛ, оба, холера ауруларына күдікті анықталған жағдайда жүргізілетін дайындық шараларын санитарлық-эпидемиологиялық кеңесте
Жыл сайын
дәрігерлік кеңестің
санитарлық-
эпидемиологиялық
кеңестің, алқаның
жұмыс жоспары
бойынша
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің аудандық бөлімі,
Орталық аурухана
1.8
Арнайы жұқпалы аурулар жатқызылатын оқшаулау ғимараттарын анықтау және оларға рұқсат құжатын дайындау.
Жұкпалы аурулар жатқызылатын емдеу орындарында дәрігерлердің, орта буын медқызметкерлердің қажетті штат кестесін анықтап, тізімін
2005 жылғы
мамыр айы
2005 жылғы
мамыр айы,
жылына 1 рет
реттестіру
Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, Облыстық мемлекеттік
санэпидқадағалау департаменті аудандық бөлімі, Аудандық орталық
аурухана
1.9
Арнайы жұқпалы аурулар жатқызылатын емдеу орындарын қажетті құрал жабдықтармен, қорғау киіммен мен, бактериологиялық препараттармен, медқұралдармен, дәрі дәрмекпен, реактивтермен қамтамасыз ету
2005 жылғы
мамыр айы
Аудандық орталық аурухана, Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі,
1.10
Карантиндік инфекциялық анықталу дәрежесіне орындарды бейімдеу жасау.
2005 жылғы
мамыр айы
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі,
1.11
Аурулардың карантидік инфекция жағында жұмыс жасайтын құрамалардың тамақтану тәртібін сақтау
2005 жылғы
мамыр айы
Жылына 2 рет
реттестіру
Аудандық орталық аурухана, Облыстық
мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
1.12
Тұрақты емдеу орындарына се орындарына, жедел топқа қызмет ететін тіркеулі көліктердің тізімін жасау
2005 жылғы
мамыр айы
жылына 2 рет реттестіру
Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі, аудандық аурухана
1.13
Төсек - жаймаларды жуатын орындар бөлу, жабдықтау.
2005 жылғы
мамыр айы
жылына 2 рет
реттестіру
Аудандық орталық аурухана
1.14
"Тұрақты емдеу орындарында, негізгі автокөлік жолдарында күзет ұйымдастыруды қамтамасыз ету
2005 жылғы
мамыр-маусым айлары, жылына 2 рет реттестіру
Аудандық ішкі істер бөлімі
1.15
Су құбыры бар елді мекендер бойынша су құбырлары жүйесінің жобасын дайындап, жүйеде болған балық апаттық жағдайды есепке алуды қамтамасыз ету
үнемі
«Көкжар» мемлекеттік коммуналдық
шаруашылық мекемесі, Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
1.16
КВГЛ, оба, холера ауруларынан қайтыс болғандарды жерлеу үшін арнайы топ құру және орын анықтау
2005 жылғы
2 тоқсан
«Көкжар» мемлекеттік коммуналдық
шаруашыылқ мекемесі, Аудандық орталық аурухана, Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
1.17
Медициналық мекемелер арасында қалыпты телефон байланысын қамтамасыз ету.
тұрақты
«Қазақтелеком» ААҚ Ойыл цехы
1.18
Диагностикалық және емдеу-алдын құралдарының антибиотиктердің, дезинфекциялық және тағы басқа медициналық құрал жабдықтармен таусылмайтын қорын жасау.
тұрақты
Аудандық орталық аурухана
2. Санитарлық - гигиеналық және алдын алу шаралары.
2.1
Карантиндік аурулар бойынша қолайсыз аумақтарда тұратын адамдардың басқа елді
мекендермен байланыстарына талдау жасау.
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
2.2
Тұрғындардың жұқпалы аурулармен ауруына талдау
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
2.3
Карантиндік ауруға күдіктілерді айқындауда алғашқы эпидемияға қарсы іс- шараларды жүргізуге медициналық ұйымдардың даярлығын тексеру.
Жылына 2 рет
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің аудандық бәлімі
2.4
Ауруды, оған қатысы бар адамдарды және басқа да тұрғындарға дәргерлік бақылау жасауды, сараптамалық тексеруден өткізуді
қамтамасыз ету.
Бұйрық бойынша,
бекітілген
нұсқаулықтарға
сәйкес.
Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
2.5
Аудан аумағынан тыс жерге шығып бара жатқан азаматтармен қаупсіздік ережерелерін жүргізіп, алдын ала егу пункттерінің жұмысына бақылау жүргізу.
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
2.6
Санитарлық өткізу орнының, залалсыздандыру жабдықтардың, залалсыздандыру камерасының тағы басқа қажетті құралдардың тұрақты дайындығын қамтемесіз
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі,
аудандық орталық аурухана
2.7
Елді мекендердегі мектепке балабақшалардың
санитарлық–гигиеналық жағдайына бақылау жүргізу, сондай-ақ, тұрғындарды сапалы сумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне бақылау
Тұрақты
«Көкжар» мемлекеттік коммуналдық
шаруашылық мекемесі, Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
2.8
Елді мекендердер аумақтарын зиянды қалдықтардан уақытында қамтамасыз ету.
Тұрақты
«Көкжар» мемлекеттік коммуналдық
шаруашылық мекемесі, Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі, кәсіпорын басшылары.
2.9
Тұрғынрдың көп жиналатын орындарды санитарлық-техникалық жабдықтармен
қамтамасыз ету.
Тұрақты
«Көкжар» мемлекеттік коммуналдық
шаруашылық мекемесі, Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің аудандық бөлімі,
кәсіпорын басшылары.
2.10
Ауыз су құбырларындағы су сапалығына бақылау жүргізу.
Тұрақты
«Көкжар» мемлекеттік коммуналдық
шаруашылығы, Облыстық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
2.11
Сауда нүктелерінде сүт және ет өнімдерінің өткізілуіне малдәрігерлік – санитарлық бақылауды қамтамасыз ету.
Тұрақты
Аудандық аумақтық басқарма,
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің аудандық бөлімі
2.12
Медициналық қызметкерлердің қорғау киімін, ауруға (өлік) қажетті малдарды, жедел жеке дәрі-дәрмек, емге қажетті құралдарды жақтап , дайындығын қамтамасыз ету.
Тұрақты
Аудандық орталық аурухана, емдеу
мекемелері, Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
3. Кадр дайындау және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу шаралары.
3.1
Карантиндік инфекциялық ошақта ауру анықталған жағдайда эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге, емдеу алдын алу, эпидемиология, диагностикалық мамандықтарын ескере отырып, медициналық қызметкерлерді дайындықтан өткізу.
әр жыл сайын
Орталық аурухана, облыстық мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің аудандық бөлімі
3.2
Жоспар бойынша арнайы ашылған орындардағы тізімдік құрамдағы медициналық қызметкерлерге функциялық міндеттері бойынша теориялық және іс жүзінде дайындық сабақтарын өткізу.
тұрақты
Орталық аурухана, облыстық мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің аудандық бөлімі
3.3
Санитарлық эпидемияға қарсы мекемелердің, емдеу мекемелерінің қызметшілерімен холера тағы басқа жұқпалы ауруларды ауруын анықтау, емдеу бойынша теориялық оқу сабақтарын жүргізу.
тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
3.4
Емдеу мекемелерінің орта буындағы медициналық қызметкерлерімен холера
ауруынан материал алуға жаттықтыру сабақтарын жүргізу.
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
3.5
Карантиндік инфекцияға күдікті ауру анықталған жағдайына жалпы емдеу мекемелерінің қызметкерлерінің жаттықтыру
сабақтарын жүргізу.
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
4. Карантиндік инфекциялы ауру анықталған уақыттағы эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар.
4.1
Жедел жоспар бойынша жүмыс жасау
Тез арада
Емдеу мекемелері
4.2
Емдеу мекемесінің жоспары бойынша ауруды оқшаулау, сараптамалық талдау, кеңесшілерді шақыру.
Сонымен бірге аурумен байланыста болғандарды анықтау және оқшаулау.
Тез арада
Емдеу мекемелері
4.3
Хабарласу кестесі бойынша карантиндік инфекциямен ауырған аурудың анықталуы жөнінде облыстық денсаулық сақтау департаментіне және аудан әкімдігіне хабарлау.
Аурудың нақтылы
анықталған
уақытында
Емдеу мекемелері
4.4
Эпидемияға қарсы төтенше комиссия отырысын шақырып, жөніндегі мәселелерді енгізу:
аумақты санитарлық қорғау бойынша эпидемияға қарсы аралардың кеңейтілген жоспарын іске қосу;
медициналық штаб бастығын және ауру ошағы бастығын тағайындау;
эпидемиологиялық жағдайға байланысты елді мекендерге эпидемиялық шектеу шараларын анықтау немесе карантин жариялау;
анықталған ошақты оқшаулау және жою жоспарын бекіту, орындалуын бақылау.
Карантиндік
инфекцияның
тіркелген
уақытынан
Аудан әкімдігі, Орталық аурухана, Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі,
4.5
Медициналық штабтың құрамын бекіту, эпидемияға қарсы, емдеу, алдын алу, сараптамалық, карантиндік, әкімшілік шаруашылық жетекшілерін тағайындау.
Ауруды айқындау
барысында
Ауру ошағының бастығы және штаб дәрігері
4.6
Ошақта эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралардың ұйымдастырылуына басшылық
жасау
Ауру анықталған 4-6 сағат ішінде
Ауру ошағының дәрігерлік штабы
4.7
Белгіленген шараларды өткізуі туралы қызмет басшыларын жүйелі тыңдау.
Ауру ошағының
ашылу уақытынан және үнемі
Ауру ошағының дәрігерлік штабы
4.8
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып санитарлық ағарту жұмыстарын кеңінен насихаттауды ұйымдастыру.
Ауру ошағының
ашылу уақытынан бастап және үнемі
Ауру ошағының дәрігерлік штабы
4.9
Өзге аудандардың денсаулық сақтау органдарымен байланыс орнатып, эпидемиологиялық жағдай туралы ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету.
Тұрақты
Ауру ошағының дәрігерлік штабы
4.10
Төтенше жағдайларға қарсы комиссияға күнделікті хабарлама беру.
үнемі
Ауру ошағының дәрігерлік штабы
4.11
Талқылаған мәселер бойынша қабылданған шешімдерін көрсете отырып, штаб отырысын
хаттамалау.
Штаб жұмысының
аяқталуына орай
Ауру ошағының
дәрігерлік штабы
5. Эпидемиологиялық кезеңнен кейінгі шаралар.
5.1
Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің
аудандық бөлімінің ауру ошақтарын жою жөнінде қорытынды құжаттарын дайындау
Ауру ошағының
жойылуына
байланысты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің аудандық бөлімі
5.2
Аурудың шығу, таралу себептерін талдау, және оны жою жөніндегі жүргізілген шаралардың тиімділігін зерттеу
Жасалған
қорытынды
құжаттар
нәтижесінен кейін
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
5.3
Аумақтарды, ғимараттарды, құрал- жабдықтарға қорытынды дезинфекция жүргізу.
Ауру ошақтарын
жою жұмыстары
аяқталғаннан кейін
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
5.4
Карантиндік инфекциямен ауырған адамды диспансерлік бақылауға алу.
Тұрақты
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
5.5
Ауру ошақтарын жою жөніндегі кемшіліктерді ескере отырып, эпидемияға қарсы іс- шаралардың кеңейтілген жоспарын жетілдіру
жөнінде ұсыныс дайындау.
Ауру ошақтарын
жойғаннан кейін
Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
«16» мамырдағы №136 қаулысына
қосымша.
Аудан аумағын карантинді жұқпалы аурулардың тасымалдануы мен таралуынан санитарлық қорғау жөнінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі төтенше эпидемияға қарсы комиссия құрамы.
Комиссия төрағасы: Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы, аудан әкімінің орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары:
Жолдыбаев Ербол Ерекешұлы-аудандық орталық аурухана бас дәрігері
Комиссия хатшысы - Әлжанова Штаттық Бақытжанқызы, облыстық санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімінің бастығы (келісімімен)
Комиссия мүшелері:
Сембі Марал Шымаұлы - Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы
Фролова Райхан Қыдырғалиқызы - облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімінің бастығы (келісімімен)
Өрісбаев Нұрболат - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы(келісімімен)
Сармұханов Қадірғали - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы
Абдуллин Бердіғали Тайбасұлы - «Көжар» мемлекеттік коммуналдық шаруашылық кәсіпорынының бастығы
Жонысов Қонысбай Сәлімгерейұлы - аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы
Қазмұханов Молдашқали Жолдасқалиұлы - аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы
Тамбовцева Наталья Николаевна - «Қазақтелеком» Ойыл цехының бастығы (келісімімен)