Об утверждении Региональной программы по праворазъяснительной работе, формированию правовой культуры, правовому обучению и воспитанию населения на 2005-2007 годы Күшін жойған
Басқа 0
Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықты құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1382 «Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қаулысына сәйкес және облыс әкімдігінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № А-5/147 қаулысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықты құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (Қоса берілді).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. МАЗМҰНЫ:
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 30 мамырдағы
№ 3С-12-6 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқу және халықты тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА
МАЗМҰНЫ:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетіктері
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы:
Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықты құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама.
Бағдарламаның әзірленуіне негіз:
Қазақстан Республикасының Конституциясы «Жалпыға бірдей құқықтық білім беруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы №№2347 Жарлығы; Президенттің «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауы; «Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқу және азаматтарды тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1382 Қаулысы.
Әзірлеуші:
Ақмола облысының әкімінің аппараты, Ақмола облысының Әділет департаменті.
Мақсаты:
Ақмола облысы халқының, әсіресе ауылдық жердегі, құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті деңгейін көтеру; құқықтық нигилизмді жою; облыстың барлық азаматтарына құқықтық тәрбие беру.
Міндеттері:
Тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу; азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын, жастарына, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып барлық түрлердегі оқу орындарында жаңа оқу жоспарлары мен құқықтық оқу бағдарламаларын әзірлеу; мемлекеттік қызметкерлер құқықтық дайындығын, кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, БАҚ, құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізуде бүкіләлемдік «ИНТЕРНЕТ» жүйесін енгізе отырып, жаңа ақпараттық технология мүмкіншіліктерін кеңінен қолдану.
Осы бағдарламаны қаржыландыру көздері облыстық бюджет болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру азаматтардың құқықтық мәдениеті деңгейін, құқықтық ақпараттандыруды жетілдіруге, құқықтық тәртіп орнатуға және заңды сыйлатуға, мемлекеттік органдардың, БАҚ-тардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың әртүрлі санаттары арасында құқықтық түсінік жұмыстарын, құқықтық білім және құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету жолындағы күштерін үйлестіруге мүмкіндік береді.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықты құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін жетілдіру мақсаттарында «Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1382 Қаулысы қабылданды, ол өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №9049 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
Құқықтық түсінік жұмыстары, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықты құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама құқықтық санамен азаматтардың мәдениетін арттыру деңгейін, сонымен қатар оны жүзеге асыру бағыттары мен тетіктерінің мақсаттары мен міндеттерін белгілейді.
Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік мекемелердің құқықтық білім беруді және облыс халқын тәрбиелеуді жетілдіру, жастардың жоғары құқықтық санасын қалыптастыру, оларды заңды сыйлауға тәрбиелеу, мемлекеттік аппарат, өкілетті органдар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру, олардың қызметінің тиімділігін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен іс-әрекеттері мемлекет және оның жалпы құрылымдары тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің даму үдерісі қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, өйткені ол азаматтық келісіммен қоғамдағы құқықтық тәртіптің нығаюына, оның ынтымақтасуына ықпал етіп, заңды және оларда қабылданған қағидалардың сыйлануына кепілдік береді.
Бағдарламаны жүзеге асырудың басты басылымдылығы қоғамның құқықтық ақпараттандырылуына қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
Біздің қоғамымызды бұдан әрі демократияландыру құқықтық мемлекет құруды, республикамызда жүргізіліп жатқан құқықтық реформамен қатар толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыруды талап етеді. Құқықтық білім берудің басты міндеті құқықтық тәрбие беру кешенін жоғары құқықтық санамен заңды сыйлау дәстүрін қалыптастыруға жұмылдыру болып табылады.
Проблеманың қазіргі жағдайын талдау заңнаманы жетілдіру аясында жаңа тенденцияларды есепке алу және әлеуметтік экономикалық жағдайлар қажеттігі пісіп жетілгендігін көрсетеді. Біздің алдымызда құқық қолдану практикасын күшейту міндеті тұр. Өйткені заңды нақты орындау, сот шешімдерін орындау, қабылданған шешімдердің әділдігі, адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау мүмкіндігі ғана атқарушы органдар арқылы қоғам мүшелері мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынас түрлері дұрыс таңдалғандығының айғағы бола алады.
Түсіндіру жұмыстарында жалпы қамту қағидасы туралы қате түсініктен арылуымыз қажет. Тыңдаушылардың құрамын, олардың білім деңгейін айналысатын қызмет түрлерінің салалық бағыттарын анықтау кезінде теңдікке қол жеткізу қажет. Ақпараттар ағымы тұрақты түрде көбейе берсе соның ішінде құқықтық та, оның жүйесі сипаты бәрін теңестіреді, тыңдаушы қабылдамайды. Сондықтан ең маңызды, өзекті проблемаларды бөліп қарап, оларды сабақтастыра жариялай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып түсінік берген дұрыс, проблемалық семинарлар, конференциялар біліктілігін жетілдіру курстарын және т.б. өткізу.
Республикамызда қалыптасқан әлеуметтік жағдайларда, жұмыссыздық және баға өсуі халықтың өмір сүру деңгейін белгілеп, облыс халқының құқықтық ақпараттандырылуына кері әсер етті және халықтың құқықтық ағарту деңгейін арттыруға бағытталған барлық мүдделі органдардың бірлескен шұғыл шараларын қолдануды қажет етеді.
Осыған байланысты ұсынылатын ақпараттық материалдардың қолжетімділігі басты проблемалардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда ақпараттың шығу көзіне емес, оның мазмұнына басты назар аударған дұрыс. «Бәрі бәрі үшін» қағидасымен құқықтық оқу жүргізу қазіргі жағдайда қолайсыз. Мемлекеттік органдардың маңызын күшейту қажеттігі туындап отыр. Әрбір мемлекеттік қызметшінің, кәсіби заңгердің, құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізудегі маңызы артып отыр, олардың біліктілігінен, тыңдаушыға қажетті материалды жеткізе білуінен осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр.
«Әділет органдары туралы»«Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы №304 Заңымен Әділет министрлігіне және оның аумақтық органдарына ведомствоаралық құқықтық насихат жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету, заңнаманы түсіндіруге қатысу жөніндегі жұмыстар бойынша жауапкершілік жүктелген.
Облыстың әділет органдары, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының күштері олардың құқықтық насихатты ұйымдастыру және облыс халқына заңгерлік көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуін жұмылдыруға, оқушы жастар арасында жоғары құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталады.
Барлық мемлекеттік құрылымдар жоғарыда аталған ұйымдастыру және практикалық іс-шаралары кешенін жүзеге асыруы облыс аумағында құқықтық білім беруді ұйымдастыру арқылы халықтың құқықтық білім деңгейін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Заң жағдайы, құқық бұзушылық деңгейі өз кезегінде құқықтық тәрбиенің жеткіліксіздігін, азаматтардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайындағы кемшіліктерді көрсетеді.
Мысалы, сот статистикасы облыста сотталғандардың әрбір төртіншісі алдында өтелмеген екі не одан да көп сотталуы болғандығын және қайта қылмыс жасағандарын көрсетті. Осындай тұлғалардың үлес салмағы 3,5 есе өсті. Бұрын сотталған, бұрынғы кесімдері алынып тасталмаған немесе өтелмегендердің саны 3 есе өсті.
Сотталғандардың көпшілігі, жалпы санының 77,7 пайызы еңбекке жарамдылар, бірақ қылмыс жасалу сәтінде жұмыс істемеген немесе оқымаған. Сотталған әйелдердің, жасы толмағандардың, сонымен қатар топтасқан қылмыстардың саны өсіп келеді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан жазаларын өтеп шыққан және тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мәселелері толық шешілген жоқ.
Сотталғандардың жартысына жуығы қылмысты мас күйлерінде жасаған. Соттарда экономикалық құқық бұзушылыққа байланысты даулар көп, соның ішінде мемлекеттік органдардың қатысуымен де.
Нашақорлыққа қарсы күрес бойынша жалпы халықтың, қоғамның әлеуметтік белсенділігі жоғары емес. Мұның ең басты себептерінің бірі облыс халқын құқықтық ақпараттандыру деңгейі төмендігінде. Осының бәрі барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың құқықтық ағарту саласында және халықпен бірлесіп қимылдауда үйлесіп және бірлесіп қызмет етуін жетілдіруді талап етеді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік биліктің, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының халықты құқықтық ағарту жөніндегі жұмыстары шашыранды, жүйесіз сипатта. Радио, телебағдарламалар, газеттер мен журналдар елді мекендердің көпшілігіне жетпеуі азаматтардың құқықтық көзқарастарын қалыптастыруға кері әсер етеді, сөйтіп әсіресе елді мекендердегі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жояды. Облыста заң мәселелерін жариялап отыратын мерзімдік беделді баспасөз құралы жоқ.
Ақмола облысының аумағында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелерді құқықтық ағарту жөніндегі жұмыстарды оларды ынтымақтандыру және жұмылдыру арқылы, соның ішінде халықтың құқықтық ақпараттандырылу деңгейін көтеру мақсаттарында, алдағы уақытта құқықтық тәрбие беру үдерісінде орын алатын проблемалар мен міндеттерді белгілеп, оларды шешу бойынша шаралар қолдану, осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.
Облыс халқына заңгерлік қызмет көрсету қанағаттанарлық деңгейде емес. Мысалы, Ақмола облысының аумағында тұратын 747,633 мың адамға небары 145 адвокат, 58 жеке немесе нотариус қызмет көрсетеді. Сонда бір адвокатқа - 5156, бір нотариусқа - 2890 адамнан келеді.
Облыстың аудан, қала әкімдіктері жанында жалпыға бірдей құқықтық білім беру жөніндегі 19 үйлестіру әдістемелік кеңес, 58 құқықтық білім беру мектебі, 328 мемлекеттік органдардың жанындағы құқықтық білім беру мектебі жұмыс істейді, оларда 19586 адам оқиды.
Кең тараған қылмыс түрлері болып есірткі заттарын заңсыз сақтау, сатып алу, өткізу, оларды қолдану үшін притондар ұстау қалып отыр, үстіміздегі жылы ғана барлық сотталғандардың 12,4 пайызы осы түрлер бойынша сотталды. Сонымен қатар, жүргізілген сараптама жоғары, арнайы және орта білім беру оқу орындарының жастар арасында есірткі заттарын тарату мен қолдану көбейіп келе жатқандығын көрсетті. Мысалы 2004 жылдың он екі айында құқық қорғау органдары жасы толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды заңсыз қолдануының 15 фактісін анықтады. Профилактикалық есепте 1478 адам тіркелген, соның 1189 мектеп оқушылары және 1406 ата-аналар, қоғамға қарсы бағыттағы топтар 286, олардың ішінде 653 жасөспірімдер. Екі қылмыстық іс қозғалып олар бойынша орта арнайы оқу орындарының оқушыларына кінә тағылды.
Жұмыссыздар саны өсіп келеді, олардың негізгі бөлігі жастар, сонымен қатар, жұмыс істей білмеумен бірге жұмыс істегісі келмейтіндер көптеп саналады, қылмыстық жолдармен пайда табуға (ұрлық, тонау, есірткі бизнесі және т.б,) жақын тұратындар сандары көбеюде. Облыста жұмысшы мамандықтарын дайындау өте аз, қолда бар оқу орындары оқу үдерістерін еңбек нарқына қажетті кадрлар дайындау бағытына қарай өзгерту жұмыстарын жүргізбейді.
Мемлекеттік органдарда ақпараттық қолдау нашар болғандықтан, сонымен қатар халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілмеуі азаматтардың заңның күшіне және биліктің әділдігіне деген сенімін жоғалтады.
Жоғары және орта оқу орындарында заңгерлік кадрлар дайындау өте нашар жүргізілуде, оқыту сапасына бақылау қажетті деңгейде емес, оқыту сапасы, әдістемесі төмен, жалпы білім беретін мектептерде оқу бағдарламалары жетілдірілмейді. Құқықтық тәрбие беру және оқыту саласында үздіксіздік қағидасы сақталынбайды. Бұл жұмыстың жағдайына түсінікті түрде жазылған ғылыми танымдық, оқу-әдістемелік әдебиеттердің жоқтығы кері әсер етеді. Осыған байланысты құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, құқықтық білім берудің бағыттарының бірі ретінде әртүрлі әдебиеттер шығару, соның ішінде мектеп жасына арналғандарын басып шығару мәселелерін қарастыру қажет.
Мемлекет пен қоғамның басты проблемаларымен күресті тиімділендіру мақсатында Ақмола облысының құқық қорғау, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерінің, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының облыс халқына құқықтық білім беру саласындағы жұмыстарын үйлестіруге негізделген кешенді іс-шараларды жүзеге асыру қажет.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Әділет органдарының құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының халықты құқықтық ақпараттандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін тиімді ұйымдастыру мына мақсаттарда жүзеге асырылуға тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру, оларда анықталған кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;
мемлекеттік қызметшілердің құқықтық дайындығы, кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру;
облыс халқын құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру;
оқушы жастар арасында заңды сыйлау рухындағы жоғары құқықтық сананы қалыптастыру;
мемлекеттік аппараттың, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің заңгерлік білімді насихаттау саласындағы құқықтық мәдениетін көтеру;
құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізуде бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мыналар қажет:
барлық құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің бірлесіп жұмыс жүргізуі;
мемлекеттік емес мекемелермен және құқық қорғау органдарымен тығыз қатынаста жұмыс жүргізу;
бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жұмыс істейтін заңнаманы және құқық қолдану практикасын түсіндіру жөніндегі облыстың құқық қорғау және қадағалау органдары өкілдерінің қатысуымен айдарлар ашу;
электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдары мен кепілдік берілген өз құқықтарын пайдалану туралы жан-жақты ақпараттар енгізу;
құқықтық білім беру проблемалары бойынша оқытушылардың аймақтық конференцияларын, семинарларын өткізу;
оқу орындарының құқықтық пәндері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру және жүйелі түрде қайта дайындауды мақсатты түрде жүзеге асыру;
құқықтық көмек және ұйымдастыру әдістемелік қолдау көрсету;
әдістемелік құралдар, плакаттар, буклеттер, көрнекі үгіт материалдарын дайындау жөніндегі шаралар қолдану;
кадрлар құрамын жоғары білікті мамандармен нығайту;
салауатты өмір салты, жоғары құқықтық сана және заңды сыйлау дәстүрлерін қалыптастыру жөніндегі жарнамалар, плакаттар, стендтер, жарықты таблолар және жалпы қолданыстағы автожолдар мен елді мекендерде басқа да тұрақты жарнамалық қондырғылар орнатуды жүзеге асыру;
бірлескен іс-шаралар жүргізу жоспарын жүзеге асыру, атқару тәртібінің деңгейін көтеру, құқықтық насихат жүргізуге бағытталған жұмысты жандандыру жөніндегі нақты іс-шаралар қабылдау;
азаматтардың жас, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін, әлеуметтік экономикалық жағдайдың өзгеруін, оқу үдерісінің үздіксіздігін ескере отырып барлық оқу орындарында құқықтық оқыту және тәрбиелеудің жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;
білім мекемелерінде құқықтық оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін әдістемелік ұсыныстар, кешенді оқу-әдістемелік үдерісін қамтамасыз ету материалдарын дайындау.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері
6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері
Осы бағдарламаның негізгі ережелерін қаржыландыру облыстық бюджетте халықты құқықтық ағарту ісіне бөлінген қаржы есебінен жүргізіледі.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны және оны жүзеге асыру жоспарын қабылдау:
құқықтық тәртіп пен заңды сыйлауға нақты жағдай жасауға;
мемлекеттік, құқық қорғау және құқықты қолдану органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктерінің құқықтық түсінік беру, құқықтық оқыту және азаматтардың әртүрлі санаттарына құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету жөніндегі күштерін үйлестіруге;
халықтың құқықтық ақпараттандырылуын жақсартуға;
бизнес жүргізу үшін ашық құқықтық мәліметтер алу арқылы шағын және орта бизнес саласының жұмысын оңтайлыландыруға;
заңды сыйлау сонымен қатар, отансүйгіштік рухында облыс халқының жоғары құқықтық санасын қалыптастыру;
заңгерлік сауаттылық деңгейін көтеру үшін халықтың құқықтық ақпараттандырылу потенциалын кеңінен қолдануға;
құқықтық тәрбие беру үдерісінде орын алатын проблемалар мен міндеттерді анықтап, оларды шешу үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Тарау 8. 8. Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықты құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
8. Құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықты құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№
Іс-шаралар
Аяқталу түрі
Орындалуына
жауаптылар
Орындалу
мерзімі
Болжанған
шығын
Қаржыландыру
көздері
1
2
3
4
5
6
7
1
Жыл сайын құқықтық ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру,құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жоспарын, лекциялық құқықтық насихат жоспарын жыл сайын әзірлеп отыру
БАҚ және облыс әкімі аппаратына ақпарат
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі, аудандар мен қалалардың әкімдіктері, ІСД, ЖҮД, ӘД (келісім бойынша), БД, ДД, ІІББ (келісім бойынша), ЭҚД (келісім бойынша),
МҚБ (келісім бойынша), ЕМ және ӘҚД (келісім бойынша)
жылына бір рет
Қажет емес
2
Халыққа құқықтық білім беру үшін әдістемелік ұсыныстар дайындау және тиісті көрнекі материалдар шығаруды қамтамасыз ету
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі, К және ӨД, ІСД, ӘД (келісім бойынша)
2006 ж. ІІІ-ІV тоқсаны
510 000 теңге
Облыстық бюджет
3
Облыстық ғылыми кітапханамен бірлесе отырып қолданыстағы «Бизнес орталық» базасында құқықтық насихатты, құқықтық ақпараттандыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізуді ұсыну
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, МБ, К және ӨД, облыстық ғылыми кітапхана
Жыл сайын
Қажет емес
4
Аудан, қала әкімдері аппараттарын, облыстық атқарушы органдарды ҚР Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпараттандыру орталығы арқылы «Заң» деректер базасымен қамтамасыз ету
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, облыстық атқару органдары
2005 ж. ІІІ тоқсан
Қарастырылған қаржы көлемінде
Облыстық және қалалық бюджет
5
Облыстың кітапханалық қорын қажетті заңгерлік әдебиеттермен жаңарту (мектеп кітапханалары)
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі, БД, аудандар мен қалалардың әкімдіктері, МБ, оқу
орындарының басшылары (келісім бойынша)
2005-2007 ж.ж.
Қарастырылған қаржы көлемінде
Облыстық бюджет
6
Облыстық ғылыми кітапхананың жанынан тұрақты жұмыс істейтін дәріснама ұйымдастыру
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
ӘД (келісім бойынша); облыстық ғылыми кітапхана
Тоқсан сайын
Қажет емес
7
Қандай меншік түріне жататынына қарамастан облыстық газеттер мен теледидарға тұрақты жұмыс істейтін құқықтық тақырып айдарларын ұйымдастыруды ұсыну
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
БАҚ басшылары (келісім бойынша), облыстық атқару органдары мен ведомстволар (келісім бойынша)
Жыл сайын
Қажет емес
8
Облыс халқына заңгерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, ӘД (келісім бойынша); облыстық адвокаттар коллегиясы (келісім бойынша); нотариалдық палата (келісім бойынша)
Үнемі
Қажет емес
9
Жұмысқа орналасу және мамандық алу үшін оқу мәселелері бойынша тұлғаларға құқықтық түсінік беру жұмыстарын жүргізу
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, ӘД (келісім бойынша); ЖҮД, ЕМ және ӘҚД (келісім бойынша)
Үнемі
Қажет емес
10
Аудан, қала әкімдері аппараттарының мемлекеттік құқықтық жұмыстар саласындағы лауазымды тұлғаларды тұрақты оқыту мен тағылымнамадан өткізуді жүргізу
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі, аудандар мен қалалардың әкімдіктері
Арнайы жоспар бойынша
Қажет емес
11
Құқықтық мәденитті қалыптастыруға, халықты құқықтық оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған құқықтық ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізу (дөңгелек столдар, семинарлар)
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, облыстық атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары (келісім бойынша)
Тоқсан сайын
Қажет емес
12
Ай сайын құқық қорғау, фискальдық,сот және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын міндетті түрде қатыстыра отырып «Құқықтық ақпараттандыру күндерін» өткізіп отыру
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, облыстық атқарушы органдар, ІСД
Ай сайын
Қажет емес
13
Тиісті әдебиеттермен және көрнекі құралдармен қамтамасыз ете отырып, орташа арнайы және жалпы білім беретін оқу орындарында құқықтық білім беру кабинеттерін ұйымдастыру
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
БД және ЖОО басшылары (келісім бойынша)
2005ж. ІV тоқсан
Қарастырылған қаржы көлемінде
Облыстық бюджет
14
Жыл сайын құқықтық білім бойынша облыстық олимпиадалар өткізуді ұйымдастыру
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
БД, ІСД, ӘД (келісімі бойынша)
жылдың ІІ-ІІІ тоқсаны (2005ж.-37000 теңге, 2006 ж. -37000 теңге, 2007 ж.-37000 теңге)
111000 т.
Облыстық бюджет
15
Жалпы білім беретін мектептерде жалпыға бірдей құқықтық білім беруге байланысты жұмыстар жүргізу, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және басқа да ЖОО-лар жанынан оқытушы заңгерлерден құралған дәріс оқу топтарын құру
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
БД, ӘД (келісім бойынша), ЖОО басшылары (келісім бойынша)
Тоқсан сайын
Қажет емес
16
Темекі өнімдерін және ішімдіктерді жасы толмағандарға сату, рұқсатсыз аудио, видео өнімдер, әсіресе порнографиялық мазмұнды және қатыгездікті насихаттайтын өнімдерді сатуға тыйым салатын заңнаманың орындалуы бойынша тұрақты тексерістер ұйымдастыру
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
ІІББ (келісім бойынша), ӘД (келісім бойынша)
Жыл сайын
Қажет емес
17
Облыс әкімі аппаратының WEB сайтында нормативті құқықтық актілер саласында сараптамалық жұмыстардың мәтіндерін жариялау
БАҚ ақпарат
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі
Жылына екі рет
Қарастырылған қаржы көлемінде
Облыстық бюджет
18
Халықтың, соның ішінде студенттер мен оқушылардың құқықтық білім деңгейін анықтау мақсаттарында жыл сайын әлеуметтік сауалнама жүргізу
Облыс әкімі аппаратына ақпарат, БАҚ жариялау
ІСД, БД, ЖОО басылары (келісім бойынша), бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары (келісім бойынша)
Жыл сайын
Қажет емес
Қысқартылған сөздер:
ІСД - Ақмола облыстық ішкі саясат департаменті
ЖҮД - Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті
ӘД - Ақмола облыстық Әділет департаменті
БД - Ақмола облыстық білім департаменті
ДД - Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаменті
ЭҚД - Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаменті
МҚБ - Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігі басқармасы
ЕМ және ӘҚД - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті
К және ӨД - Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
МБ - Ақмола облыстық мәдениет басқармасы