Қызылорда облысының 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасын бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысының 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экалогиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына , Қазақстан Республикасы Президентінің , қатысуымен өткен Қазақстан республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2тамыздағы №01-7.5 кеңейтілген отырысы хаттамасының және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысының 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасы бекітілсін.
Басқа 1
Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 23 маусымдағы XVI сессиясының №185 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Қызылорда облысының 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасы Қызылорда, 2005 жыл М А 3 М Ұ Н Ы 1.Бағдарламаның төлқүжаты 3 2.Кіріспе 6 3.Қоршаған ортаның жағдайы 7 4.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 16 5.Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетігі 17 6.Бағдарламаны қаржыландыру көздері 23 7.Бағдарламаны жүзеге асырғанда күтілетін нәтижелер 23 8.Бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары 25
Тармақ 9
9.
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Бағдарлама төлқүжаты
1. Бағдарлама төлқүжаты Бағдарламаның атауы Қызылорда облысының 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасы Бағдарламаны әзірлеудің негіздемелері Қазақстанның 2030 жылдарға дейін даму стратегиясы, Қазақстан Ресиубликасының 2003 жылғы 3желтоқсандағы №1241 "2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігінің Тұжырымдамасы" және Үкіметтің 2004 жылғы 2 тамыздағы №01-7.5 Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырысының хаттамалық шешімі Жауапты әзірлеуші Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Бағдарламаның мақсаты Өңірде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шаруашылық және өзге де іс-қимылдың табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны сауықтыру Бағдарламаның міндеттері Қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғат қорғау жөніндегі заңнаманың, нормативтік- құқықтық актілердің талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды күшейту; Қоршаған ортаның: атмосфералық ауаның, су қорларының және жер қорларының ластану деңгейін төмендету; Орман қорларын, жануарлар дүниесін және балық қорларын қорғау және молайту; ресурстық- экологиялық тепе-теңдікті сақтау; өнірдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін су шаруашылығы құрылыстарын және гидротехникалық жүйені тиімді басқару; өңірлік трансшекаралық - экологиялық мәселелерді шешу; Арал өңірінің экологиялық жағдайын сауықтыру; қоршаған ортаның және тұрғындар денсаулығының қорғалуына мониторинг жүргізу; қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық әдістерін оңтайландыру және жақсарту; қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ұйымдармен байланыстарды жақсарту; мұнай, газ және жер қойнауы мен қазба байлықтарын өндіру орындарында өндірістік процестер кезінде . қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерді азайту; табиғат қорғау саласында экологиялық білімді және ақпарат тарату жүйесін дамыту; Арал өңірі мәселелерін шешу жөніндегі кешенді ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру, қоршаған . ортаның жағдайына ғылыми техникалық зерттеулер жүргізу. Қаржыландыру көздері Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылары, халықаралық қаржы ұйымдарының гранттары, . . несиелері, шаруашылық субъектілерінің өз қаржылары. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижесінде: Өңірдің экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі; Шаруашылық және өзге де іс-қимылдың облыстағы табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерінің азаюы қамтамасыз етіледі; Қоршаған ортаны ластау деңгейінің төмендеуі және сауықтыруы қамтамасыз етіледі, қоршаған ортаны қорғау үздіксіз жүргізіледі; Шөлейттенуге қарсы күрес шаралары атқарылады; Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондар қалпына келтіріледі, оның ішінде Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыт салынады; Елді мекендердегі бей-берекет күл-қоқыс төгіліп, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстары атқарылады; Пестицидтерден, гербицидтен және басқа да улы химикаттардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру қамтамасыз етіледі; Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және биологиялық алуан түрлілікті сақтау қамтамасыз етіледі; Балық шабақтарын қорғау және молайту, жыртқыш аңдардың санын азайту, жануарлар әлеміне экологиялық мониторинг және жануарлардың санын көбейту жұмыстары жүргізіледі; Мемлекеттік орман қоры көбейтіледі; Елді мекендерде қорғанышты жасыл белдеулер жасалады; Қызылорда қаласындағы сарқынды суларды биологиялық тазарту стансасының құрылысы аяқталады; Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы жүзеге асырылады; Магистральдық каналдарды қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары атқарылады; Қоршаған ортаны қорғау саласында, құрғаған Арал теңізі ұлтанындағы жаңа ландшафттың қалыптасуы және жұтаған жайылымдарды қалпына келтіру жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Іске асыру мерзімдері 2005-2007 жылдар
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және еліміздің интеграциялық процестердегі мүдделері мен басымдылықтарының басты негіздерінің бірі болып табылады. Шаруашылық өндірістік процестер кезінде табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді, оның сапасының төмендеуіне алып келеді, сондай-ақ экологиялық тоқырау жағдайына тап болудың негізгі себебі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясаттың негізі Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі шешімімен мақүлданған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасында қаланып, онда өтпелі кезеңдегі экологиялық басымдықтар қаралған. Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғат ресурстарын пайдалануға деген көзқарасты өзгертуге, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жүзеге асыруда қоршаған ортаны сақтауды есепке алуға негіз болды. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды күшейту және экологиялық сараптамадан өткізуді міндетті түрде енгізу нәтижесінде республикада қоршаған ортаның ластану деңгейі 90 жылдардың басымен салыстырғанда едәуір азайды. Дегенмен, республикада, әсіресе Арал өңірінде, көптеген экологиялық мәселелер: Арал теңізінің құрғауы, топырақ эрозиясы, жердің шөлейттенуі және жұтаңдануы, топырақта және суда минеральдық тұздардың мөлшерден тыс көбеюі, су қорларының азаюы және ластануы, тағы басқалары шешімін таппай отыр. Осы айтылған барлық мәселелерді шешу бірыңғай кешенді көзқарасты қажет етеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламасын әзірлеу өте көкейтесті мәселе болып отыр. Аталған бағдарлама еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық басымдықтарын қамтамасыз етудегі 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасында бекітілген стратегиялық басымдықтарға, "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі бағыттарына", сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бағыттарға сәйкес әзірленген. Осы бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасының 2004-2007 жылдарға арналған I кезеңіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған және Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасының II, III кезеңдеріндегі жоспарлы іс-шараларын жүзеге асырудың алғашқы қадамдары болып табылады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Қоршаған ортаның жағдайы
3. Қоршаған ортаның жағдайы Ауа атмосферасының жағдайы Ауа атмосферасы қоршаған ортаның басты және ерекше орын алатын табиғи компоненттерінің бірі ретінде: қоршаған ортаға, адам денсаулығына, өңірдің климаттық жағдайына және жер биосферасына өзінің сапалық құрамы арқылы әсер ететіні белгілі. Соңғы деректер бойынша Арал теңізінің кепкен табанында 107-114 млрд. тонна тұз жатыр. Осы аймақтан атмосфералық ауа ағынымен үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тонна тұз аралас шаң-тозаң егістік, шабындық, жайылымдық жерлердің тұздануына әкеліп отыр. Сондай-ақ, облыс өңірінде мұнай өндірісі саласының дамуы, оны игеру кезіндегі ілеспе газды қоса игеру тетіктерінің кемшін тұстары мен кешеуілдеуі атмосфералық ауаның сапасына кері әсерін тигізуде. Тек, 2003 жылдың өзінде Өңірдің мұнай кен орындарында 785 млн.текше метр газ жағылған, ал мұнайшылардың өздерінің өндірістік қажеттіліктеріне 104,5 млн. текше метр немесе барлық ілеспе газ көлемінің 11,7 пайызы ғана пайдаланылған. 2003 жылы «Айдан-Мұнай» ААҚ газдың 52 пайызы, ал «КазГерМұнай» БК ЖШС 2,3 пайызы ғана залалсыздандырылған. Қазіргі кезде, облыстағы тұрақты стационарлық көздерден ауа бассейініне 32,8 мың тонна әртүрлі ластағыш заттар, оның ішінде, 18 пайызы жылу-энергетикалық саланың кәсіпорындарынан, 73 пайызы мұнай өндірісі саласынан, 9 пайызы ауыл шаруашылығы және басқа өнеркәсіптік кәсіпорындардан жіберілуде. Сонымен қатар, автокөліктер санының көбеюіне байланысты жылжымалы көздерден шығарылатын ластанған заттар үлесінің өсу тенденциясы орын алып отыр. Әсіресе, ескі автокөліктерді пайдалану ерекше кері әсерін тигізуде, себебі олардан шығарылатын қалдық газдарда ластағыш заттардың, оның ішінде көмір сутекті оксидтердің мәлшері жаңа модельді автокөліктерге қарағанда анағүрлым көп. Дегенмен де, қоршаған ортаға және ауа кеңістігіне кері ықпал ететін зардаптардың мөлшерін азайту мақсатында табиғатты пайдаланушы кәсіпорындар ауа кеңістігін ластаушы заттардың мөлшерін шектеу шараларын жүргізуде. Облыс орталығындағы ауа кеңістігіне ерекше ықпал ететін жылу-энергетика орталығы өз өндірісі процесі кезіндегі пайдаланатын түйірлі отынды сұйық отынға ауыстыру арқылы ластағыш заттардың көлемін 512 мың тоннаға азайтып отыр. "Құмкөл" кеніші орынында ілеспе газды кешенді пайдалану жобасы жүзеге асырыла басталды. Су қорларының жағдайы Қазақстан Республикасының өзендері мен су қоймаларының өндірістік және шаруашылық процестер әсерінен сапалық құрамы өзгерістерге ұшырады. Осыған байланысты Сырдария өзенінің де өзін-өзі табиғи тазалау жағдайларының төмендегені соншалық, экологиялық қауіпті жағдайға жетті. Облыстың тыныс тіршілігінде ерекше орын алатын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуына бірден-бір негіз болатын Сырдария өзені оңтүстіктен солтүстікке қарай 1281 шақырымды алып жатыр. Өзеннің жылдық су тасымалдау мөлшері 12,0-20,0 текше км. Өзен суы ағымының 40 пайызы климаттық жағдайға сәйкес көктемгі су тасқыны кезіндегі мерзімде ағып өтеді. 1960 жылдары облыс көлемінде балық шаруашылығында маңызы бар 3000-дай көл болса, қазіргі күні олардың 154-і ғана қалды. Бұл көлдердің экологиялық жағдайын тұрақтандыру үшін жыл сайын 800 млн. текше м су қажет. Облыстың халық шаруашылығына 2003 жылы Сырдария өзенінен 5974,4 млн. текше метр су, яғни су қорының 29 пайызы алынды. Оның ішінде өндірістік мақсаттарға 10,56 млн.текше метр (0,05 %); шаруашылық тұрмысқа 25,26 млн.текше метр (0,12 %); ауыл шаруашылығын суландыруға 2788,34 млн. текше метр (46,7 %); шабындықтар мен балық шаруашылығы көлдерін суландыруға 49,3 млн. текше метр (0,24 %) бөлінді. Қазіргі таңда, суды тиімді пайдалану, өндіріске пайдаланған суды қайта пайдалану, пайдаланған суды қайта тазарту, прогрессивті технологияны ендіру шаралары ең томенгі дәрежеде қалып, күнделікті тыныс-тіршілікке енгізілмеген. Жаңа технология процестері тек қана мұнай өнеркәсібі саласында өмірге енгізілуде. Күні бүгінге дейін өндірістің барлық салаларында суды биологиялық тазартудың озық технологиялары енгізілмеген, су ресурстарын тиімді және бірлесіп пайдаланудың тетігі жолға қойылмаған. Облыстың шаруашылықаралық суландыру-қашыртқы желісінің жалпы ұзындығы 907,6 км, ал су өткізу қабілеті секундына 15-тен 50-ге дейін текше м құрайды. Егер 1994 жылы қашыртқы сулардың көлемі 230 млн. текше метрге дейін өссе, соңғы жылдары оның көлемі 70-80 млн. текше метр көлемінде бір қалыпты деңгейде тұрақтануда. Суландыру-қашыртқы желілерінің пайдалы әсер коэффициентінің төмендігі жер аумақтардың көлемдерінің тұздануы мен батпақтануына әкеліп соғуда. Алайда, осы уақытқа дейін әрбір қашыртқыға шектік жіберілетін су тастау нормативтері жасалмаған. Осы ретте қашыртқы сулардың құрамында ластаушы заттардың өте мол екендігі байқалуда. Атап айтқанда кермектілігі (жесткость) шектеулі мөлшерден - 2 есеге дейін, азот аммоний - 1,88, магний - 2,2, сульфат - 1,3 есеге дейін асуда. Арал теңізінің құрғауы аймақтың экологиялық жағдайына ерекше әсер етті. Зерттеулер қорытындылары Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқ екендігін көрсетуде. Сондықтан, экологиялық тепе-теңдікті жақсарту үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсеткендей, Көкарал бөгетін салу арқылы кіші Арал қалпына келтіріліп, судың деңгейі бұрынғы межесіне дейін көтерілетін болады. Осыған байланысты Арал теңізін құтқару мақсатында Көкарал бөгетін салу жұмыстары басталып, оны 2005 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Кіші Аралды толтыру су теңізге құярлық аймақтағы көлдерді қалпына келтіруде өзінің табиғи рөлін атқарып, биологиялық алуан түрліліктің сақталуына және көбеюіне себепкер болады деп күтілуде. Сонымен бірге, Республиканың оңтүстік аймақтарынан су тастаудың көбеюі соңғы жылдары қыс маусымында төтенше жағдайлардың тууына және ауылшаруашылық жерлерді су басып кетуіне әкеліп соқтыруда. Арал теңізінің жағдайы —Өлшем— бірлігі 1960 1998 2000 2001 20134- Арал теңізі бетінің деңгейі 144 21,0 17,78 17,78 17,7 Арал теңізі суының тұздылығы г/л 11,1 29,6 33,0 33.0 33.9 Облыста жерасты сулары қаланы, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, өндірісті және тағы басқа нысандарды суландыруда кең көлемде пайдалануда. Қолдағы мәліметтерге сәйкес, облыс көлеміндегі жерасты сулары біркелкі орналаспағаны байқалуда. Облыста жалпы су қоры тәулігіне 1376,03 мың текше м су алынатын 25 жер асты су қоры анықталған. Оның ішінде: тұрмыстық және ауыз суға пайдалануға жарамды тәулігіне 1074,1 мың текше м су бөле алатын 15 жерасты су кеніші, егіс суаруға жарамды тәулігіне 208,3 мың текше м су қоры бар 5 кеніш, техникалық қажеттілікке пайдалануға болатын тәулігіне 91,9 мың текше м су қоры бар 4 кеніш және емдік қасиеті бар тәулігіне 1,73 мың м3 су шығара алатын 1 жерасты суының кеніштері бар. Осыған қарамастан, көптеген елді мекендер судан тапшылық көріп, елді мекеннің 3,9 пайызы суды тасымалдап пайдалануда. Кейбір елді мекен тұрғындары санитарлық талапқа сәйкес келмейтін жер беті су кездерін ауыз су және тұрмыстық қажетіне пайдалануды жалғастыруда. Жер қорларының жағдайы Облыс жер көлемі жөнінен Республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналып, еліміздің аумағының сегізден бір бөлігіне орналасқан. Облыстың жер көлемі 22,6 млн. гектарды құрайды. Сонымен бірге, облысқа ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге 2205,4 мың гектар жайылымдық жер алынып пайдалануда. 2003 жылғы есеп бойынша облыс аумағының 131,6 мың гектарын суармалы жерлер, 2,8 мың гектарын көп жылдық екпелі ағаштар, 66,8 мың гектарын тыңайған жерлер, 116,9 мың гектарын шабындық және 10546,0 мың гектарын жайылымдық құрайды. Сонымен бірге, облыстың жер көлемінің 18,8 мың гектарын бақша, 5011,2 мың гектарын орман-тоғайлар, 12,6 мың гектарын батпақты жерлер, су астындағы жерлер 2357,0 мың гектарын алып жатыр. Суармалы егіншілікті дамыту кезеңінде 1990 жылы Қызылорда облысы бойынша егіс көлемі 286 мың гектарға жетті. Бірақ та Сырдария өзендегі судың азаюына байланысты суармалы егістің көлемі азайған. Қазіргі кезде инженерлік жүйемен дайындалған суармалы жердің көлемі 172,5 мың гектар алқапты алуда. Суармалы жерлер көлемінің кемуінің негізгі себептері инженерлік жүйеге келтірілген жерлердегі гидротехникалық құрылыстар мен каналдардың дер кезінде жөнделіп тазаланбауы, қашыртқыларды қайтадан жаңғыртпау салдарынан болуда. Осы себептерден тұздануына байланысты 2003 жылы 670 гектар, қашыртқы каналдардың тиімді жұмыс істемеуіне байланысты 1674 гектар суармалы жерлер ауылшаруашылық айналымынан шығып қалып отыр. Суармалы жерлердің нақтылы жағдайын анықтау үшін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Осы түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша облыс әкімиятының 2002 жылғы 24 сәуірдегі №223 қаулысымен 62,8 мың га суармалы егістік жерлер суарылмайтын алқаптарға ауыстырылды. Соңғы жылдары суландыру-қашыртқы жүйелерін және каналдарды механикалық тазарту шаралары жүргізілуде. Жалағаш ауданындағы «Аққүм» шаруашылығында 1069 га суармалы жерлер күрделі жөндеуден өткізілді. Алайда, мүндай іс-шараларды жүргізу үлкен қаржы салуды қажет етеді, ал ондай қаржы ауыл шаруашылығы құрылымдарында жоқ. Бұдан басқа, жыл сайын облыста қазбаларды игеру, жол және байланыс жерлер құрылысын салу, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жүздеген гектар жерлер қазылып, топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесін зиянды әсерін тигізуде. Сонымен бірге, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмеуде, мәселен, 2004 жылдың басында облыстағы барлық бүлінген жерлер 1700 гектар болса, оның тек 400 гектарында ғана қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру жағдайы. Облыста 2003 жылы 200 мың тоннаға жуық өндіріс және тұрмыс қалдықтары, оның ішінде, тұрмыс қалдықтары 143,0 мың тн, мұнай өндірісінің бұрғылау шламы 22,6 мың тонна шығарылды. Осы уақытқа дейін Байқоңыр ғарыш айлағындағы радиоактивті қалдықтарды сақтау, алаңдағы қалдықтарды сақтау және залалсыздандыру мәселесі өз шешімін таппауда. Өндіріс және тұрмыс қалдықтары көлемінің өзгеру динамикасы Р/с Қалдық түрлері өлшем бірлігі 1999 2000 2001 2002 2003 1 Қатты тұрмыс қалдықтары Мың тн 149,0 152,0 144,0 142,0 143,0 2 Көмір күлі Мың тн, 230,0 189,0 202,0 6,1 7,2 3 Ауылшаруашылығы өнімдері қалдықтары -II- 28,5 25,0 23,8 22,0 23,1 4 Бұрғылау қалдығы -II- 5,9 8,0 10,0 15,0 22,6 5 Әлсіз радиоактивтік қалдықтар -II- 0,15 0,4 0,15 0,9 1,0 6 Сынықтары -II- 3,9 3,6 4,0 2,0 1,8 7 Люминиценттік шырақтар дана 1018 1956 2141 2023 4380 Өндіріс және тұрмыс қалдықтарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай сақталмауы және орналастырылмауы кейбір жағдайларда адамдардың денсаулығына зиянын тигізіп, табиғи ресурстардың ластануына әкеліп соғуда. Қазіргі күні қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және орналастыру жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерге шығарылуда. Соңғы жылдары аудан орталықтарындағы барлық қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигондар қалпына келтіріліп, жөндеуден өткізілді. Полигондар қоршалып, қызмет үйлері, зарарсыздандыру тосқауылы салынып, қалдықтар тастайтын шұңқырлар қазылғанымен, қалдықтарды залалсыздандыруға, сұрыптауға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға сәйкестірілген қажетті жабдықтар болмауда. Бүгінгі күнге дейін облыстың бір де бір елді мекенінде типтік жобадағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигондар жоқ. Сонымен бірге, облыстың өндірістік көсіпорындары өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға өз дәрежесінде назар аудармауда. Мәселен, Қызылорда қаласындағы жылу орталығы мазут отынына көшуге байланысты, өз аумағындағы бұрынғы көмір күлін тастайтын полигонды назардан тыс қалдырды. Осы күнге дейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Аудандарда жұмыстарды жақсарту тенденциясы байқалмайды, аудандардағы коммуналдық қызмет мекемелері тарапынан да осы жүмыстарды өз дәрежесінде атқару қолға алынбай отыр. Бірақ та, Қызылорда қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2004 жылы облыстық бюджеттен өндіріс жоне тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру және сорттау үшін завод құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 8,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Радиациялық қауіпсіздік жағдайы Өңірдегі табиғи радиациялық ахуал нормаға сәйкес жагдайда және теңіз деңгейінен жердің биіктігіне, сонымен қатар жер бедеріне шығып жатқан негізгі тау жыныстарына байланысты аз мөлшерде өзгеріп отырады. Облыстағы сыртқы ортаның радиоактивтік заттармен ластануын қатаң бақылау мақсатында Арал, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған және Қызылорда қаласында тұрақты 5 нүкте белгіленіп, бақылау жүргізілуде. Ауаның орташа сынамасының көрсетуі бойынша бета радиоактивтік және радионуклидтер шоғырлануының қосындысы облыс тұрғындарына қауіпті жағдай тудырмайды. Аймақта "Қазатомпром" ҮАК-на қарасты №6 кен басқармасы 1983 жылдан бастап жер астына сілті ерітіндісін айдау арқылы уран өндірумен айналысуда. Бұл уран өндіру әдісі жер астына 1 пайыздық сілті реагентін айдау (ерітінді айдау және сорып алу), яғни зиянды қалдықтар шығармайтын жабық цикл бойынша жүргізілуде. Уран өндірісінің қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін 1986 жылдан бастап тұрақты гидрологиялық бақылау жүмыстары үйымдастырылып, әр тоқсан сайын жер асты суларындағы уранның құрамы анықталып, химиялық талдау жасалынып келеді. Кеніштердегі жер асты суларының жағдайына бақылау жасау үшін түрлі белдеу деңгейіне ұңгымалар орналасқан. Кен басқармасы пайдаланып отырған әдістің табиғатқа және адам денсаулығына әсерін анықтау үшін бірнеше рет жан-жақты зерттеулер жүргізілді. 1998-1999 жылдары сілтілендіру әдісінің қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін жүргізілген тексерулер және зерттеулер барысында ластанған сулардың таралу ауқымы тау кен бөлісі шегінде жатқаны анықталды. Соңғы зерттеу жұмыстары Солтүстік Қарамұрын және Қанжуған кеніш орындарында жүргізілген. "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" ААҚ үстіміздегі жылы өндіріс процесі кезінде 230,2 тн әлсіз радиоактивтік қалдықтар шығарып, арнаулы жерге жинауда. Қазіргі кезде, кәсіпорында радиоактивтік қалдық сақтайтын типтік жобадағы полигонның жобасы жасалып, құрылыс жұмыстарын жақын арада жүргізу көзделуде. Қызылорда облысы нысандарындағы иондық сәулелену көздері туралы мәліметтер Министрліктің және мекеменің аты Радиоизотоптың түрі Иондалған сәуле Иондалған сәуле көздерінің күштілігі, БК/н/сек Көмілуге жататын иондалған сәуле көздері, дана 1 №6 кен басқармасы Шиелі кенті "Қазатомпром" ҮАҚ Радий-226 Талии-204 7,4*10БК 9,6*10БК 1,2777мгр.экв 2 2 "Қызылорда промгеофизика" АҚ Мұнай өндіру саласы Цезий-137 ПЛ-берил-238 5,4*10БК 9,6*10 БК 5 3 "Қазпромгео физика" АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы Цезий-137 Пл-берил-238 Радий-226 2,4*10БК 2,98* ЮБК 0,096 мгр.экв 4 '"Сомпания ГИС" ЖАҚ Пл-берил-238 141*10МК 5 Облыстық Кобальт-60 141*10МБк онкологаялық диспансер, Денсаулық сақтау Министрлігі 6 ПМК-66 "Қызылордагеология" АҚ Радий-226 1,0213 мкр.экв 2 7 Жеңіл өнеркәсіп Өрт хабарлағыш қүралдар 19,6 ГБк 275 8 Сауда -II- 7,0 ГБк 150 9 Жиһаз -II- 1,4 Гбк 75 10 Басқа салалар -II- 14,0 Гбк 100 Облыс көлемінде радиоактивтік төтенше жағдайлардың орын алу деректері кездескен. Мәселен, 22.06.2002 жылы Қызылорда қаласы Қайнарбаев көшесінде иесіз радиоактивтік сәуле көзі бар 1,45 маркалы аспап табылып (аспаптың сәуле күші 97-130 микро/рентген) транспортпен тиісті орынға жіберілген. 1.10.2002 жылы Арал қаласында "Жіңішкеқүм-10" мұнай құбырында құрамында цезий-137 бар аспап 1320 тереңдікте тросс үзілу себебінен қалып қойып, 03.10.2002 жылы қайта тартып алынған. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жағдайы Облыстың жер көлемі 24 млн. га-дан астам, оның 6,5 млн. гектары мемлекеттік орман қоры, оның ішінде 3,06 млн. гектары орман жамылғысы болып табылады. Облыс аумағында көлемі 16 мың га "Барсакелмес" мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан. Облыста көлемі 31 мың га ерекше қорғалатын "Қарғалы" және "Тораңғылсай" екі табиғи қорғалым жұмыс істейді. Табиғи қорғалым аумағында 250-ден астам жануарлар мен өсімдік түрлері өсіп өнуде. Осы аумақтағы флора және фаунаның сақталуы, қорғалуы, өсуіне жағдай жасау тиісінше Шиелі және Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелеріне жүктелген. Мұнымен қатар, облыста 11 жерде жалпы көлемі 350 мың га "Сыр бойы орманы" коммуналдық кәсіпорынға қарайтын аңшылық алқаптары қызмет атқаруда. Мемлекеттік орман қорын есепке алу жұмыстары жүргізілуде, 2001 жылы мемлекеттік ормандарында орман орналастыру жұмыстары жүргізілген. Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Қазақ орман орналастыру мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырған. Орман орналастыру жобасы 15 жылға жасалған және барлық орман қорғау мекемелеріне жеткізілген. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау қорынан 7,9 млн. теңге қаржы бөлінген. Соңғы жылдары жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде табиғи орман қорының 700 мың гектарға жуық ұлғайғаны, бұрынғы мал жайылымдарында бұталы өсімдіктердің өсу жағдайының жақсарғандығы анықталды. Жыл сайын мемлекеттік орман қоры жеріне 3500 гектарға орман екпе ағаштар тұқымы себіледі және 10-12 гектарға көшеттер отырғызылады. Соңғы жылдары облыс көлемінде 14,7 мың га сексеуіл егілді, 5 ауданда көшет дайындайтын тұқымбақтар ұйымдастырылды. Шөлейттенуге қарсы күрес жұмыстары жүргізілуде, мысалы 2004 жылы егілген 3,5 мың га сексеуілдің 2 мың гектары Арал теңізінің құрғаған табанына егілген. Сонымен қатар Германия-Қазақстан жобасы негізінде "Арал аймағында шөлейттенуге қарсы күрес бағдарламасы" бойынша Аралдың құрғаған ұлтанына 200 га жерге тәжірибе есебінде сексеуіл көшеттері отырылғызған. 2004 жылы табиғат қорғау қорынан бөлінген 3,9 млн. теңгеге 272 га жерге сексеуіл және сарсазан көшеттері отырғызылып, ал 100 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілді. "Барсакелмес" мемлекеттік қорығының жағдайын кешенді және масштабты зерттеу, одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматының мамандандырылған "Экопроект" институтының ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жыл сайын балық қорын молайту үшін жұмыстар жүргізілуде, мәселен Қамыстыбас балық питомнигіне жылдық шабақ өсірудің мемлекеттік тапсырысы 3,5 млн-нан 12 млн. данаға жетіп, облыс көлеміндегі 14 көл мен су қоймаларына жіберілді. 34,9 га шабақ өсіретін тоғандар күрделі жөндеуден өтіп, 180 тонна балық жемі, 40 тонна минералды тыңайтқыш алынып, қажетті жанар маймен қамтамасыз етілді. Бүдан басқа күріш алқаптарынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілуде. Соңғы екі жылда 20 млн-нан астам шабақ күріш алқаптарынан құтқарылып, көлдер мен су қоймаларына жіберілді. МАШАВ багдарламасына (Израиль) сәйкес шабақ өсіретін инкубатор цехы, тоңазытқыш және тұрақты электр қондырғылары, барлығы 21 млн. теңгенің жабдықтары алынды. Сонымен қатар, облыста жыртқыш аңдардың санын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын осы іс-шараны жүргізуге 1,0 млн. теңге қаржы бөлінуде. Өткен жылы 264 қасқыр, 6 қасқыр бөлтірігі, 502 шибөрі ауланды. Табиғи байлықтарды заңсыз иемденуге қарсы пәрменді шаралар атқарылуда. Орман және жануарлар әлемін қорғау органдарының тарапынан 2004 жылы жасалынған рейдтер нәтижесінде 100 рет заңсыз аң аулау және 469 рет заңсыз орман кесу фактілері анықталған. Заң бұзушыларға 632 мың теңге айыппұл салынып, 624,9 мың теңге келтірілген зиян өндіріліп алынды, 93 дана мылтық тәркіленді. Сонымен бірге, аталған көрсеткіш облыстағы қаскерлікпен күресудің толық жағдайын көрсетпейді. Орман мекемелеріндегі штат санының аздығы, материалдық-техникалық жабдықтаудың томендігі, барлық заң бұзушыларды ұстауға негізгі кедергілердің бірі болып табылады Экологиялық үгіт-насихат және білім беру Экологиялық ақпараттандыру, үгіт-насихат және экологиялық тәрбие мен білім беруді жетілдіру бағытында біршама шаралар атқарылып келеді. Атап айтқанда, облыста "Табиғат дауысы" экологиялық газетін шығару және тарату ұйымдастырылған. Жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылар арасында экологиялық мәселелер жөнінде пікірсайыстар өткізіледі, оқушылардың экология жөніндегі үздік шығармалары "Табиғат сыйы" кітабында басылып шығарылуда. Жыл сайын оқушылардың ғылыми конференциясы, "Табиғат сыйы", "Алтын күз" атты іс-шаралар өткізіледі. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай №7 кәсіптік мектепте "Экотәрбие" қоғамдық бірлестігімен біріге отырып мектеп оқушылары арасында суретшілер көрмесі өткізіліп, жеңімпаздар бағалы жүлделер және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жергілікті атқарушы органдармен, орман және жануарлар қорғау мекемелерімен бірге жылдың өрт қауіптілігі мен оның алдындағы кезеңдерде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты іс-шаралар жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты - аймақта экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және сауықтыру. Бағдарламаның мақсатына жету мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады: қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау заңдылықтарының, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындауда мемлекеттік бақылауды күшейту; қоршаған ортаның: атмосфералық ауаның, су және жер ресурстарының ластану деңгейін төмендету; орман ресурстары, жануарлар дүниесін және балық ресурстарын қорғау және молайту; ресурстық-экологиялық тепе-теңдікті сақтау; өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында су шаруашылығы құрылыстарын және гидротехникалық жүйелерді тиімді пайдалану; өңірдің трансшекаралық экологиялық мәселелерін шешу; Арал өңірінің экологиялық жағдайын сауықтыру; қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығын қорғауға мониторинг жүргізу; қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық әдістерін оңтайландыру және жақсарту; қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық үйымдармен байланысты жақсарту; мүнай, газ және қазба байлықтарын өндіру орындарында өндірістік процестер кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту; табиғат қорғау саласында экологиялық білімді және ақпарат тарату жүйесін дамыту; қоршаған ортаның жағдайына ғылыми- техникалық зерттеулер жүргізу, Арал мәселелерін шешуде кешенді гылыми- техникалық бағдарламаны жүзеге асыру.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетігі Бағдарламада қойылған мақсат пен міндеттерді шешуге қол жеткізу -ауа бассейніне тасталатын шығарындылар мен су көздеріне тасталатын төгінділерді тұрақтандыруға, өндірістік, тұрмыстық қалдықтар шоғырлануын азайтуға табиғи ресурстарды ( жануарлар дүниесі, балық, орман және су қорлары) қорғауға және молайтуға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыру жолымен орындалатын болады. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мынадай басым бағыттар анықталған: 1.Қоршаған ортаның мониторинг жүйесін дамыту. 2.Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету. 3.Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды әсерін азайту. 4.Жердің шөлейттенуіне және жұтаңдануына қарсы күрес. 5.Аймақтың биологиялық алуан түрлілігін сақтау. 6.Су ресурстарын тиімді басқару, жер бетіндегі су ресурстарының сарқылуына қарсы күрес. 7.Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ұйымдармен байланысты кеңейту. 8.Қоғамды экологияландыру: экологиялық насихат, тәрбие және білім беру.
Тармақ 9
9. Табиғат сипатындағы төтенше жағдайларды болдырмау. Қоршаган ортаның мониторинг жүйесін дамыту. Қоршаған ортаның мониторингін жасау мақсатында, оны әрі қарай дамытуда көрілетін шаралар: мемлекеттік орман қорының есебін жүргізу, табиғат ресурстарының кадастры мен мемлекеттік есебін жүргізуге қатысу; ауыл шаруашылығының техногендік бүлінген жерлеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу; табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану үшін ұсыныстар енгізу. Қоршаган ортаны қоргауды гылыми тұргыдан қамтамасыз ету. Табиғатты қорғау шараларын тиімді жүзеге асыру, қоршаған ортаның одан әрі тоқырауын тоқтату мақсатында жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстары: аймақтарды экологиялық аудандастыру; тоқырауға ұшыраған жайылымдарды қалпына келтіру; суармалы жерлердің экологиялық-мелиоративтік жағдайына Сырдария озенінің тигізетін әсері; Арал теңізінің құрғаған ұлтанында және Құмкөл кенішінде мұнаймен ластанған, тұзданған жерлердің өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін биологиялық қайта әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеу. Қоршаган ортаға шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды әсерін азайту. Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды әсерін азайту мақсатында экологиялық нормативтерді сақтау, ауа бассейнінің, су ресурстарының радиоактивтік және химиялық ластану, өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануына бақылау жүргізу. Экологиялық нормативтерді сақтау мақсатында мына шаралар көрілетін болады: қоршаған ортаны ластаудың лимиттері мен квоталарын жыл сайын анықтау (Қызылорда қаласы және аудандар бойынша); меншіктік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамай нысандарға экологиялық сараптамалар жүргізу; өте ерекше экологиялық қауіпті объектілерге қоғамдық тыңдау ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау саласында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына бақылау жасау; экологиялық сараптаманың дұрыс қорытындысын алмаған, экологиялық талаптарды бұзу арқылы пайдаланылып жатқан нысандарды, шаруашылық және өзге де қызметтерді тоқтату. Ауа бассейнінің одан әрі ластануын азайту мақсатында көрілетін шаралар: атмосфералық ауаға жіберілетін зиянды заттардың шығарындыларына шектік мөлшерді әзірлеу және белгілеу; шектік жіберілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Қызылорда қаласында және аудан орталықтарында көлік қозғалысын реттеу; автокөліктерден шығарылатын газдардың нақты нормативтерге сәйкес келетін-келмейтіндігіне диагностикалық бақылау; Қызылорда қаласында қоғамдық жолаушылар көліктерін сұйытылған газды шығаруды кезең-кезеңімен өткізу; жылу-энергия көздерін ілеспе газды пайдалануға өткізуді аяқтау; Жер үсті су ресурстарының ластануын азайту мақсатында көрілетін шаралар: дренаж-қашыртқыларға зиянды заттар шығарындыларының мөлшерлерін әзірлеу және белгілеу; шығарындылардың белгіленген нормативтерін шаруашылық субъектілердің сақтауына бақылаулар жүргізу; Жердің батпақтануы және ластануы, ауыл шаруашылығы алқаптарының одан әрі жұтаңдануына жол бермеу мақсатында көрілетін шаралар: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тарапынан ауыл шаруашылығы дақылдарының алмасуын, ғылыми негізделген ауыспалы егістіктің сақталуын қамтамасыз етуі; аяқ су тастау үшін суландыру-қашыртқылар жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу; Облыс түрғындарының радиоактивтік ластанудан экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрілетін шаралар: радиоактивті қауіпті объектілерге дозаметрлік бақылаулар жүргізу және талдаулар жасау; радиоактивті көздерді сақтау үшін "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлік қоғамы мен КБ-6 кен басқармаларында радиоактивті заттар қоймаларының барлық мүмкіндіктерін пайдалану ; "Қор" акционерлік қоғамында радиоактивті қалдықтар сақтайтын полигон құрылысын салу. Химиялық ластануға ұшыраған аумақтардың жағдайын жақсарту мақсатында көрілетін шаралар: химиялық ластануға ұшыраған аумақтарды анықтау, бағалау және қайта құнарландыру; құрамында сынабы бар жабдықтар мен приборларды қайта пайдалану жұмыстарын жүргізу; бұрынғы целлюлоза-картон зауыты аумағын қалпына келтіру және осы аймақтағы егесіз қалған сілті қышқылының көлемін есептеп шығару; пестицидтерден, гербицидтерден және өзге улы химикаттардан босаған ыдыстарды көму мақсатында көмбе құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын дайындау және көмбе құрылысын салу мәселесін пысықтау; улы химикаттардан босаған ыдыстарды тұрмыстық мақсатқа пайдалануға жол бермеу. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз түрде жинау, сақтау, қайта өңдеу және пайдалану процестерін тәртіпке келтіру мақсатында көрілетін шаралар: облыстың елді мекендерінде бей-берекет жиналып қалған тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы полигондарға шығару; аудан орталықтарындағы, типтік кенттердегі полигондарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; Қызылорда қаласында сұрыптаушы желісі бар тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигон құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу; бұрынғы күл үйіндісі полигонын қалпына келтіру; өндірістік қалдықтарды тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізу және өндірістік, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласына инвестициялар тарту. Жердің шөлейттенуіне және жұтаңдануына қарсы күрес. Аймақта жердің одан әрі шөлейттенуін және жұтаңдануын тоқтату мақсатында көрілетін шаралар: Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жыл сайын сексеуіл, сарсазан көшеттерін отырғызу және тұқымнан егу жұмыстарын ұйымдастыру; облыстың елді мекендерінде қорғанышты жасыл белдеулер жасау жұмыстарын жүргізу, оның ішінде Қызылорда қаласынан әуежайға дейінгі жолдың жағасына қорғанышты жасыл белдеулер егу; аймақтың елді мекендерінде жасыл-желек отырғызу жұмыстарын жүргізу үшін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында каналдарға қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарын жүргізу; инженерлік тегістелген жерлерді қайта жаңғырту мәселелерін пысықтау; елді мекендердегі батпақтанған және тұздалған жерлерді (көлдерді) қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Аймақтың биологиялық алуан түрлілігін сақтау. Таяу жылдарда облыстың биологиялық алуан түрлілігін сақтаудың негізгі шаралары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, орман қорын, жануарлар және құстар әлемін, балық қорларын қорғау және молайту болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау үшін жүргізілетін жұмыстардың шаралары: ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарын күшейту; "Қарғалы", "Тораңғылсай" қорғалымдарының флорасы мен фаунасын сақтау және молайту; жануарлар мен құстардың қыстау, төлдеу, жұмыртқалау және балапандау орындарында және негізгі қайту-келу жолдарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу, онда әртүрлі қорғау тәртіптемелерін белгілеу. Орманды үздіксіз, таусылмайтын ретте пайдалануды қамтамасыз ету, орманның бағалы екпе ағаштарының құрамын және сапасын жақсарту, орманның ылғал сақтау, қорғау және өзге де пайдалы қасиеттерін күшейту орман қорын қорғау және молайту ең басты шаралардың бірі болып табылады. Сексеуіл ағаштарының халық шаруашылығында және табиғат қорғауда маңызы жоғары болуы, табиғи жолмен ұзақ уақытта қалпына келуі, сексеуіл алқаптарын қолмен жасауды қажет етеді. Осыған байланысты облыста көрілетін шаралар: ормандардың табиғи жолмен көбеюіне қолайлы жағдайлар жасау; мемлекеттік орман қоры алқаптарына көшеттер (сеппе көшеттер) отырғызу, тұқымның қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету және отырғызу материалдарын өсіру, питомниктер жасау; облыс аумағында көркейту және көгалдандыру іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, оның ішінде мемлекеттік орман қорынан тыс көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, екпе ағаштар паркін жасау, питомник, бульварлар жасау және т.б.; орманға санитарлық зерттеулер жөне санитарлық кесу, орман зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарын жүргізу; өртке қарсы алдын-ала ескертулер жасау, анықтау және оны бастапқы кезеңінде жою, өртке қарсы минералды жолақтар, аралықтар жасау; орманды заңсыз кесуге бақылауды күшейту және орман заңнамаларының ережелері мен нормаларын сақтау, мемлекеттік орман қоры аумағында орманды санитарлық кесудің нормалары мен ережелерін сақтау; орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нормативке жеткізу үшін кезең-кезеңімен арнаулы техникалар алу; орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің штаттық бірліктерін көбейту және нормативке жеткізу жөнінде ұсыныстар дайындау. Жануарлар және құстар дүниесін қорғау, молайту мақсатында жүргізілетін шаралар: жануарлар мен құстарға астаулар ұйымдастыру, қоршау және аншлагтар орнату жолымен биотехникалық шаралар жүргізу; жыртқыш аңдарды атып алуға сыйақы төлеу арқылы олардың санын реттеу; мемлекеттік орман қоры аумағында тіршілік ететін жануарлар мен құстардың есебін жүргізу; жануарлар мен құстарды заңсыз аулауға бақылауды күшейту. Балық қорын қорғау, молайту, балық санын көбейту мақсатында облыста жүргізілетін шаралар: балық қорларын қорғауды күшейту, балық аулау ережелерін сақтау, балық шаруашылығы ұйымдары және жеке кәсіпкерлердің балық қорларын молайтуы; бекіре тұқымдас балықтардың көбеюіне және өсуіне қолайлы жағдай туғызу, көл суқоймаларын балықтандыру жұмыстарын жүргізу; күріш алқаптарынан жас балықтар мен шабақтарды құтқару; жаңа балық питомниктерін жасау жұмыстарын жүргізу; Кіші Аралдағы Көкарал бөгетінің құрылысы біткеннен кейін Арал ауданында ірі балық шаруашылығы ұйымдарын құру үшін инвесторлар тарту. Су ресурстарын тиімді басқару, жер үсті су ресурстарының таусылуына қарсы күрес. Аймақтың ең негізгі мәселелерінің бірі аяқ сумен қамтамасыз ету болып табылады, өйткені өсімдіктерді дамыту, елді мекендерді көгалдандыру, аймақта экологиялық тепе-теңдікті сақтау бір-бірімен тікелей байланысты. Сондықтан, су ресурстарын тиімді басқару мақсатында жүргізілетін шаралар: су шаруашылығы құрылыстары және гидротехникалық жүйелерді қайта жаңғырту және жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу; республикалық бюджет есебінен магистральдық және шаруашылықаралық каналдарды, қашыртқыларды қайта жаңғырту мәселелерін пысықтау; коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстары мен гидротехникалық жүйелердің жұмыс істеуін және ұсталуын қамтамасыз ету; облыстық бюджет есебінен су шаруашылығы каналдарын, гидротехникалық құрылыстарды тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізу; су қорғау аймақтары мен жолақтарын белгілеу бағытында жүмыс жүргізу; бұрынғы өзендерді қалпына келтіру және балық шаруашылығы, су қоймаларын суландыру жұмыстарын жүргізу. Қоршаган ортаны қоргау саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін бірігуді күшейту мақсатында жүргізілетін шаралар: аймақтағы экологиялық хал-ахуалды жақсарту бағдарламасын жүзеге асыру үшін Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың қаржысын тарту; Арал өңірінің экологиялық мәселелерін кешенді шешу мақсатында халықаралық ұйымдарды тарту; "Орта Азиядағы құрғаған Арал теңізі ұлтанында орман мелиорациясы" жобасын жүзеге асыру мәселелерін Германия техникалық ынтымақтастық қоғамымен бірге пысықтау; Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыт құрылысын салу үшін шетел инвесторларын тарту. Қогамды экологияландыру: экологиялық насихат, тәрбие және білім беру. Қоғамды экологияландыру, аймақ түрғындарын патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында жүргізілетін шаралар: "Табиғат дауысы" облыстың экологиялық газетін шығару жоне тарату; аймақ тұрғындары арасында өртке қарсы насихат жүргізу: аншлагтар, паннолар орнату, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар ұйымдастыру; орман ресурстарына және жануарлар дүниесіне ұқыптылықпен қарауға үгіт жұмыстарын жүргізу; аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, ауылдық округтер әкімдерінің арасында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту және экологиялық тепе-теңдікті сақтау, елді мекендерді көгалдандыру бойынша облыстық конкурс өткізу; жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында экологиялық мәселелер бойынша пікірсайыстар, ғылыми конференциялар, "Мен және Табигат мінезінің төтенше жагдайлары. Қазіргі таңда, аймақта бірден-бір табиғат мінезінің төтенше жағдай төндіретін қаупі жыл сайын қыс кезеңінде Сырдария өзеніне Шардара су қоймасынан мол судың жіберілуіне байланысты болып отыр. Сондықтан, облыста төтенше жағдайдың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар: қыс кезеңінде су тасу мәселелерін шешуге қатысу; аймақтың көлдер жүйесін қалпына келтіру және балық шаруашылығына маңызды суқоймаларын суландыру үшін тасқын суды тиімді пайдалану туралы ұсыныстар дайындау; табиғаттың және техногендік мінездерден туындаган төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін облыс әкімі және аудан әкімдерінің резервтерінен қаржы шығаруға қол жеткізу; Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізі жобасын жүзеге асыру аясында Қызылорда каласындағы қорғаныштық су бөгеттерін шегендеу туралы ұсыныстар енгізу.
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері Бағдарламаны жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, халықаралық ұйымдар және кәсіпорындар мен мекемелер бөлген қаржылар шегінде болады. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2005-2007 жылдары барлығы 15,1 миллиард теңге қаржының шаралары іске асырылады, оның ішінде 2005 жылы -10,9 млрд., 2006 жылы 3,2 млрд., 2007 жылы 1,0 млрд. теңге. Оның ішінде: республикалық бюджет қаржысы есебінен 10150,09 млн. теңге жергілікті бюджет қаржысы есебінен 1635,85 млн. теңге халықаралық қор қаржысы есебінен 7,01млн. теңге кэсіпорындар мен мекемелердің өз қаржысы есебінен 3280,2 млн. теңге. Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатын бағдарламаларды және осы бағдарламаның іс-жоспарында қаралған шараларды қаржыландыру тиісті бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырғанда күтілетін нәтижелер Осы бағдарламаны жүзеге асыру қоршаған ортаның жұтаңдану қарқынын төмендетеді, аймақта биологиялық алуан түрліліктің сақталуын қамтамасыз етеді, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғатқа, экологиялық жүйелерге зиянды әсерін барынша төмендетеді, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде мыналар орындалады: аймақтың экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі; шаруашылық және өзге де қызметтің облыстың экологиялық жүйесіне зиянды әсерін азайту қамтамасыз етіледі; шаруашылық және өзге де қызметтің облыстың экологиялық жүйесіне зиянды өсерін азайту қамтамасыз етіледі; қоршаған ортаны қорғау үздіксіз жүргізіледі, қоршаған ортаның ластану деңгейінің азаюы және сауықтырылуы қамтамасыз етіледі; барлық аудан орталықтарында және қала типтес кенттерде тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигондарды қалпына келтіру аяқталады; елді мекендердегі бей-берекет жиналған күл-қоқыстарды шығарып, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүргізіледі; пестицидтерден, гербицидтерден және өзге улы химикаттардан босаған ыдыстарды көму қамтамасыз етіледі; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және биологиялық алуан түрлілікті сақтау қамтамасыз етіледі; мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан ормандық жердің көлемі 10,5 мың гектарға ұлғаяды; жердің шөлейттенуіне қарсы күрес шаралары жүргізіледі, 6,0 мың гектар жерге сексеуіл егіледі; елді мекендерде қорғанышты жасыл белдеулер жасалып, үш жылда 60 гектарға көбейеді; жас балықтар мен шабақтарды қорғау мен молайту, жыртқыш аңдардың санын азайту, жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізу, жануарлардың санын көбейту жұмыстары жүргізіледі; ілеспе газды кешенді қайта пайдалану жобасын жүзеге асыру аясында жылу-энергия көздерін ілеспе газға өткізу жұмыстары аяқталады; Қызылорда қаласындағы қоғамдық жолаушылар көліктерінің зиянды қалдық шығарындылары азайып, көлік ағынын реттеу шаралары жүзеге асырылады; Қызылорда қаласындағы сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясының құрылысы аяқталады; Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы жүзеге асырылады; магистральдық каналдарды, қашыртқыларды қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстары жүргізіледі; коммуналдық су шарушылығы құрылыстарын паспорттау жұмысы жүргізіледі; жануарлар дүниесі мен ұсанының көбеюіне қолайлы жағдай туғызу үшін облыстағы көлдер жүйесін қалпына келтіру туралы ұсыныстар әзірленеді; қоршаған ортаны қорғау саласында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына жаңа ландшафттың қалыптасуы, жұтауға айналған жайылымдарды қалпына келтіру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі; қоршаған ортаны қорғау туралы үгіт-насихат жұмыстары, табиғи ресурстарды, жануарлар дүниесін қорғау және молайту жұмыстары күшейтіледі; балалар өлімі темендейді, туберкулез, анемия, онкологиялық және жұқпалы аурулар азаяды. Жалпы халықтың денсаулығының жақсаруына оң әсерін тигізеді.
Тармақ 8. «Қызылорда облысынын 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасын бскіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 23 маусымдағы XVI сессиясының
8. Қызылорда облысының 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық экологиялық Бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар ЖОСПАРЫ Р/с Іс-шаралар мазмұны Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орында- лу мерзімі Болжамды шығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру көзі 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Қоршаған ортаның мониторинг жүйесін дамьгг г_ 1 Шаруашылық қызметте экологиялық қауіп төндіретін кәсіпорындар қызметіне экологиялық өндірістік мониторинг жүргізу жүйесін енгізу Облыс әкімиятына ақпарат Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) 2005-2007 жж. жыл сайын Қаржыны қажет етпейді 2 Ауыл шаруашылығы алқаптарына түгендеу жұмыстарын жүргізу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы (келісім бойынша) 2005-2007 жж. жыл сайын 4,0 4,5 4,5 Республикалық бюджет 3 Жер мониторингі жүйесін қалыптастыру Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы (келісім бойынша) 2005-2007 жж. жыл сайын 1,5 2,0 2,0 Республикалық бюджет 4 Топырақтың құнарлылығына мониторинг жүргізу және химиялық құрамын анықтау Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы (келісім бойынша) 2005-2007 жж. жыл сайын 17,0 20,0 20,0 Республикалық бюджет 12 Облыстағы су қашыртқыларына жіберілетін шектік су көлемі нормативтерінің жобасын әзірлеу Шектік жіберілетін су тастау нормативтері Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005 ж. IV тоқсан 3,55 Облыстық бюджет 13 Құрылысы салынып жатқан, шаруашылық және өзге де қызметтегі пайдаланылатын нысандарды, жобалау және жобалау алдында тұрған құжаттарды экологиялық сараптамадан өткізу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005-2007 жж. жыл сайын Қаржыны қажет етпейді 14 Қоршаған ортаға зиянды заттары бар төгінділер мен шығарындылардың шегін сақтауға бақылау ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005-2007 жж. жыл сайын Қаржыны қажет етпейді 15 Жылу-энергия көздерін және тұрғын үйлерді ілеспе газды пайдалануға өткізу жобасының жүзеге асырылуын аяқтау Облыс әкімиятына ақпарат Қала құрылысы жоне құрылыс департаменті, Қызылорда қаласының әкімі 2005 жж. IV тоқсан 3506 991 Рсспубликалық бюджет Облыстық бюджет 16 "Арысқүм", "Қызылорда" мұнай кеніштеріндегі ілеспе газды қайтадан кен қабатына айдау жобасын жүзеге асыру Облыс әкімиятына ақпарат «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-ы (келісім бойынша), Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) 2005 ж. IV тоқсан 290,0 Кәсіпорын қаржысы 17 Қоғамдық көлікті сұйытылған газға отын ретінде пайдалануға көшіруді ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының жолаушылар көліктері және автомобиль жолдары басқармасы, Қызылорда қаласының әкімі 2006 ж. IV тоқсан Қаржыны қажет етпейді 18 "Арысқүм" мұнай кенішіндегі ілеспе газды пайдалану мақсатында газ сұйыту станциясының құрылысын жүргізу Облыс әкімиятына ақпарат "Айдан Мұнай" АҚ-ы (келісім бойынша), Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) 2005 ж. IV тоқсан 1397 Кәсіпорын қаржысы 19 "Бектас" мұнай кеншіндегі ілеспе газды электр қуатын өндіруге пайдалану мақсатында 250 квт-тық электр генераторын орнату Облыс әкімиятына ақпарат "Қуат Амлон Мұнай" БК-ны (келісім бойынша), Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) 2005-2006 жж. жыл сайын 13,2 13,2 Кәсіпорын қаржысы 20 "Қоныс-Ақшабұлақ" газ құбыры құрылысын жүргізу және оны "Ақшабүлақ-Қызылорда" газ құбырына қосу Облыс әкімиятына ақпарат "Қуат Амлон Мұнай" БК-ны (келісім бойынша), Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) 2005-2007 жж. жыл сайын 19,8 726,0 726,0 Кәсіпорын қаржысы 21 Экология мәселелері бойынша "Байқоңыр" ғарыш кешенін пайдалану туралы халықаралық келісімді кайта қарауға ұсыныс енгізу Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны корғау министрлігіне ұсыныс Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005 ж. III токсан Қаржыны қажет етпейді 22 Ауыл шаруашылығы құрылымдарында дақылдардың ғылыми негізделген алмасуы мен ауыспалы егістің сақталуын қамтамасыз ету Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаменті, Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы (келісім бойынша), аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері Жыл сайын Қаржыны қажет етпейді 28 Әлсіз радиоактивтік қалдықтарды сақтайтын полигон (могильник) салу Облыс әкімиятына ақпарат №6-КБ (келісім бойынша), Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) 2005-2007 жж. жыл сайын 12,0 22,0 32,0 Кәсіпорын қаржысы 29 Қоршаған ортаның радиоактивтік қауіпті нысандарында дозиметрлік бақылау жүргізу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) Жыл сайын Қаржыны қажет етпейді 30 Облыстың елді мекендеріндегі бей-берекет жиналған өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигондарға шығару Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, аудандардың және Қызылорда қаласының әкімдері 2005-2007 жж. жыл сайын 5,55 5,7 6,0 Облыстық бюджет 31 Облыс елді мекендеріндегі өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигондарды жөндеу, қайта жаңғырту, қалпына келтіру Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті,аудандар дың және Қызылорда қаласының әкімдері 2005-2007 жж. жыл сайын 2,8 3,0 3,0 Облыстық бюджет 32 Қызылорла қаласында өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыратын, сорттайтын полигонның құрылысын салуға ұсыныс енгізу Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсыныс Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, Қызылора қаласының әкімі 2005 ж. Iтоқсан Қаржыны қажет етпейді 33 "Қоныс" мұнай кенішінде өндіріс қалдықтарын сақтайтын полигон салу Облыс әкімиятына ақпарат "КАМ" біріккен кәсіпорыны (келісімі бойынша) ,облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) 2005 ж. IV тоқсан 3,3 Кәсінорын қаржысы 34 Бұрынғы "Целлюлоза картон зауыты" АҚ аумағындағы егесіз қалған сілті қышқылын шығару, бүлінген жерлерді қалпына келтіру Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, Қызылорда қаласының әкімі 2005ж. IV тоқсан 1,8 Облыстық бюджет 35 Жылу-энергетикалық орталығының бұрынғы күл үйіндісін қалпына келтіру үшін жобалық қүжаттар дайындау Жобалық сметалық құжаттама Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды ретгеу департаменті, Қызылорда қаласының әкімі 2006 ж. IV тоқсан 5,4 Облыстық бюджет 4. Жердің шөлейттенуіне және жұтаңдануына қарсы күрес 36 Арал теңізінің қүрғаған ұлтанына сексеуіл және сарсазан егуді ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Жыл сайын 3,0 3,0 3,0 Облыстық бюджет 37 Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман мелиорациясы жұмыстарын жүргізу Облыс әкімиятына ақпарат Аралды құтқару халықаралық қорының атқарушы дирекциясы (келісім бойынша) 2005 ж. IV тоқсан 1,5 Арал құтқару халықаралық қорының қаржысы 38 Облыстың елді мекендерінде қорғанышты жасыл белдеулер, оның ішінде 2005 жылы Қызылорда-Әуежай автотрасасының жолына жасау Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері Жыл сайын 11,5 12,0 12,0 Облыстық бюджет 39 Облыстың елді мекендерінде көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу Облыс оәімиятына ақпарат Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері Жыл сайын Тиісті бюджетте қаралған қаржы шегінде 5. Аймақта биологиялық алуан түрлілікті сақтау 44 Мемлекеттік орман қорын қорғау және молайту жұмыстарын жүргізу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Жыл сайын 70,2 73,7 77,4 Облыстық бюджет 45 Елді мекендерді ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005-2007 жж. Жыл сайын 5,5 6,0 6,0 Облыстық бюджет 46 Орманды пайдалану, балық және жануарларды аулау, қаскерліктің алдын алу үшін заңнама талаптарын сақтауға бақылауды күшейту Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Жыл сайын Қаржыны қажет етпейді 47 Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлерінің штаттық бірліктерін белгіленген нормативке дейін көбейту туралы ұсыныс енгізу Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005 ж. II Тоқсан Қаржыны қажет етпейді 48 Жануарлардың түрлері мен санын анықтау үшін мониторинг жүргізу және жануарларға астаулар ұйымдастырып, биотехникалық шаралар жүргізу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рсттеу департаменті Жыл сайын 0,62 0,7 1,0 Облыстық бюджет 49 Жыртқыш аңдарды аулағаны үшін сыйақы төлеу арқылы олардың санын реттеу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005-2007 жж. жыл сайын 0,5 0,7 0,7 Облыстық бюджет 50 Арал теңізі бассейнінде сирек кездесетін аса құнды балықтардың шабақтарын өсіруді ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005-2007 жж. жыл сайын 4,0 5,0 6,0 Облыстық бюджет 51 Күріш алқаптарынан жас балықтар мсн шабақтарды құтқару жұмыстарын ұйымдастыру Облыс әкімиятына ақпарат Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменттері Жыл сайын Қаржыны қажет етпейді 52 Орман және жануарлар дүниесі мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар жоне табиғат пайдалануды реттеу департаменті Жыл сайын 4,6 4,8 5,0 Облыстық бюджет, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің ақылы қызметтен түскен қаржылары 57 Сол жаға магистралдық каналын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Облыс әкімиятына ақпарат "Арал" СКБД (келісім бойынша) 2005-2006 жж. 24,35 135,84 Республикалық бюджет 58 Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы кұрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Ауданаралық каналдар жүйесі" еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Жыл сайын 20,2 21,2 21,6 Облыстық бюджет 59 Су шаруашылығы құрылыстарына және гидротехникалық жүйелерге паспорттау жүргізу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Қызылордасушаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2005-2007 жж. жыл сайын 4,0 4,2 5,0 Облыстық бюджет 68 Орманды өрттен қорғау, орман ресурстары мен жануарлар дүниесін пайдалану ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық үгіт-насихат жүргізу Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Жыл сайын Тиісінше бюджетте қаралған қаржы шегінде 69 "Табиғат дауысы" экологиялық газетін шығару және тарату Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Жыл сайын 1,0 1,0 1,0 Облыстық бюджет 70 Қызылорда қаласы, аудандар мен ауыл округтері арасында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсартудағы үлгілі жұмыстары үшін облыстық конкурс өткізу Облыс әкімиятына ақпарат Қызылорда облысыныц табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Жыл сайын 8,3 8,3 8,3 Облыстық бюджет 71 "Мен және табиғат" суретшілер көрмесін ұйымдастыру, оқушылар арасында ғылыми конференция және экология мәселелері жөнінде пікір-сайыстар өткізу Облыс әкімиятына ақпарат Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері, Қызылорда облысының білім беру департаменті, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005-2007 жж. жыл сайын 0,5 0,5 Облыстық бюджет V7 ) 1 ) ААҚ - ашық акционерлік қоғам ЖШС — жауапкершілігі шектеулі серіктестік КМК - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ҰАК — ұлттық атом компаниясы КБ-6 - № 6 кен басқармасы БК — біріккен кәсіпорын АҚ - акционерлік қоғам СКБД — салынып жатқан кәсіпорындардың біріккен директорлығы БАҚ - бұқаралық акпарат құралдары ПК — пикет СМК - солжаға магистралды каналы ЖСҚ - жобалау- сметалық қүжаттар ПҚҚР - Петро Қазақстан Қүмкөл Ресорсиз - Қуат Амлон Мүнай «Қызылорда облысынын 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасын бскіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 23 маусымдағы XVI сессиясының №185 шешіміне негіздеме-анықтама № Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның акпараты 1. Нормативтік кұкықтық актінің атауы Қызылорда облысынын 2005-2007 жылдарға арналган өңірлік экологиялық бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 23 маусымдағы XVI сессиясының №185 шсшімі 2. Нормативтік кұқықтық актіні нормативтік құкықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, қабылдау қажеттілігі (органның кұзыреті) Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен бекітілген «Қазакстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялык қауіпсіздігі тұжырымдамасына», Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен откен Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы №01-7.5 кеңейтілген отырысы Хаттамасының шешіміне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармагының 1-тармақшасына сәйкес 3. Нормативтік кұкықтық актінің қабылдау қажеттілігінің нсгіздері (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) Осы саланы жегілдіруге байланысты. 4. Осы мәселс бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік кұқықтық актінің қабылдауға байланысты олардың өзгергені иемесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтср Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған шешім жоқ 5. Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік кұқықтык актілср туралы мәліметтер Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған шешім жоқ 6. Мемлекттік бюджеттің (республикалык, жергілікті) шығыстарын көбсйтуді немесе кірістерін қысқартуды мына нормативтік құқықгық акт карастырады ма Облыстық бюджеттің шыгыстарын көбейтуді немесе кірістерін қысқартуды мына шсшім карастырмайды 7. Жобада көрсетілген мүдделі кұзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысы қолының болмауының себебі Облтыстық Мәслихат хатшысы мен XIV сессия төрағасының қолдары бар Облыстық Мәслихат аппаратының бас маман-заңгсрі Н.Айғараев 467003, Қызылорда каласы, Ы.Жақаев көшесі, 76 467003, г.Кызылорда, ул. И.Жахаева, 76 тел: 7-46-03, 7-60-76 (факс) 2005 жылғы 27 маусым Қызылорда облыстық Әділет Департаментінің бастығы Б.Ерғалиевқа Қызылорда облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы XVI сессиясында қабылданған, әрқайсысы үш данадан дайындалған №185, 187 шешімдерін, оған қоса жазылған негіздеме-анықтамаларды облыстық Әділет Департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдаймын. Қосымша: бет Облыстық Мәслихат хатшысы