О внесении изменений в Региональную программу «Культурное наследие» на 2005-2007 годы, утвержденной решением областного маслихата № 3С-9-10 от 10 декабря 2004 года Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 3С-9-10 «2005-2007 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53 бабына сәйкес және облыс әкімдігінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № А-1/26 «Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы мұражай ғимаратының апаттық жағдайы туралы» қаулысына байланысты және бағдарламаны 2005 жылға бекітілген бюджетпен сәйкестікке келтіру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылдың 28 желтоқсанында № 2955 тіркелген облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 3С-9-10 «2005-2007 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» шешіміме өзгертулер енгізілсін (Қоса берілді).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 8 сәуір
№ 3С-11-8 шешіміне
қосымша
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 3С-9-10 шешімімен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасына енгізілген өзгерістер
Тармақша 1
1) «1. Бағдарламаның төлқұжаты» бөлімінде:
«қаржыландыру мөлшерлері» жолындағы:
«546 562 000» цифрлары «536 582 000» цифрларына өзгертілсін;
«аудандық бюджеттер есебінен 47 238 000 теңге» сөздер алынып тасталсын;
«15 664 000» цифрлары «5 684 000» цифрларына өзгертілсін;
«550 000» цифрлары «47 778 000» цифрларына өзгертілсін.
Тармақша 2
2) «6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» бөліміндегі:
«546562,0» цифрлары «536582,0» цифрларына өзгертілсін;
«29052,0» цифрлары «19072,0» цифрларына өзгертілсін.
Тармақша 3
3) «8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары» бөлімінде:
1) Тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерді құру, сақтау тармақшасындағы:
1, 2, 3, 4, 13 жолдарында «қаржыландыру көзі» бағанындағы «аудандық бюджет және» деген сөздер алынып тасталсын;
5-ші жол «Көкшетау қаласындағы Совет Одағының Батыры, жазушы, академик М.Ғабдуллиннің 90 жылдығына байланысты музей ғимаратын қайта салу» біржола алынып тасталсын.
«Барлығы» жолындағы «546562,0» цифрлары «536582,0» цифрларына өзгертілсін.