О целевых текущих трансфертах областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на реализацию Государственной программы реформирования и развития здравоохранения Республики Казахстан на 2005-2010 годы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер туралы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесi;
Тармақша 2
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бес жасқа дейiнгі балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
Тармақша 4
4) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерулердi жүзеге асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
Тармақша 5
5) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын жергiлiктi деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
Тармақша 6
6) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегi шығыстардың орнын толтыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
Тармақша 7
7) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
Тармақша 2
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасының пайдаланылуы туралы есептер берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1379 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрі - Ереже) мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды: 035 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бес жасқа дейiнгі балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; 037 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергiлiкті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 039 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегі шығыстардың орнын толтыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; 040 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер".
Тармақ 1
1. Аурулар түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ амбулаториялық емдеу кезiндегi ағымдағы нысаналы трансферттердiң есебiнен сатып алынатын дәрiлiк заттардың (құрамында темiр мен йод бар препараттарды қоса алғанда) бiрыңғай номенклатурасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi айқындайды. Дәрілiк заттарды (құрамында темiр мен йод бар препараттарды қоса алғанда) мемлекеттiк сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушылар болып денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары әрекет етедi.
Тармақ 2
2. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медициналық ұйымдары арасында 20-дан 34 жасқа дейiнгi әйелдердi алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға арналған соманы бөлудi осы ұйымдарға бекiтiп берiлген, көрсетілген жастағы әйелдердiң санына сәйкес денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүргізедi.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары мемлекеттiк фельдшерлiк пункттердi, фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi, әйелдер консультацияларын (кабинеттерiн), аудандық ауруханаларды, қалалық, облыстық ауруханаларды, балалар мен босандыру медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру үшiн медициналық жабдық пен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алуды, мемлекеттік ауылдық (отбасылық) дәрiгерлiк амбулаторияларға және жедел шұғыл медициналық жәрдем қызметтерiне санитарлық көлiк сатып алуды, сондай-ақ оларды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медициналық ұйымдары арасында бөлудi жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) медициналық жабдықтың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi айқындайды;
Тармақша 2
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк медициналық ұйымдарды, санитарлық көлiктi қоспағанда, материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу үшiн шарт 2002-2004 жылдар iшiнде осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген медициналық ұйымдарда Денсаулық сақтау ұйымдарын күрделi жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру жөнiндегі өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде 2005 жылы жоспарланатын күрделi жөндеудi жүзеге асыру болып табылады. Денсаулық сақтауды басқаруды жергілікті мемлекеттiк басқару органдары 2005 жылғы 20 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне объектілер бойынша құралдар мен жұмыс түрлерiн көрсете отырып, осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген объектiлердi күрделi жөндеу жөнiндегі ақпаратты ұсынады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы Ереженiң 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетiлген шарттар орындалмаған жағдайда облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң арасында ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
Тармақ 4
4. Орта кәсiптiк бiлiм бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегi шығыстардың орнын толтыруға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары 2005 жылғы 20 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне ұсынатын оқитындардың контингентi туралы ақпараттың негiзiнде бөлiнедi.
Тармақ 5
5. Медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер:
Тармақша 1
1) бiлiктiлiктi арттырудың бiр айлық циклына жiберiлетiн, халыққа тұрақты медициналық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары бас дәрiгерлерiнiң және қайта даярлаудың 10 айлық циклына жiберiлетiн, денсаулық сақтаудың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары басшыларының, басшылардың орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының оқуына және iссапар шығыстарына арналған шығыстардың орнын толтыру;
Тармақша 2
2) бiлiктiлiктi арттырудың бiр айлық курсына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша маманданудан өткен бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрi - БМСК) ұйымдары дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарының және оқуына арналған шығыстарының және қайта даярлаудың 6 айлық курсына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша маманданудан өтпеген БМСК ұйымдары дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарының, оқуына және жұмыс орындарын алмастыруға арналған шығыстарының орнын толтыру үшiн көзделедi.
Тармақ 6
6. Медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары 2005 жылғы 20 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынатын конкурстық рәсiмдердiң қорытындыларын шығару туралы хаттамалардың және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға арналған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен және мерзiмде қажетті есептердi ұсынады.
Басқа 1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге нысаналы ағымдық трансферттердiң сомаларын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1379 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге нысаналы ағымдық трансферттердiң сомаларын бөлу __________________________________________________________________              Атауы                  |    Сомасы, мың теңге __________________________________________________________________ Барлығы: 532285,0 Ақмола облысы                                  21443,0 Ақтөбе облысы                                  18424,0 Алматы облысы                                  32812,0 Атырау облысы                                   8141,0 Шығыс Қазақстан облысы                         42174,0 Жамбыл облысы                                  33557,0 Батыс Қазақстан облысы                         29031,0 Қарағанды облысы                               81588,0 Қостанай облысы                                28301,0 Қызылорда облысы                               15206,0 Маңғыстау облысы                               15805,0 Павлодар облысы                                32618,0 Солтүстік Қазақстан облысы                     19949,0 Оңтүстiк Қазақстан облысы                      56427,0 Астана қаласы                                  33627,0 Алматы қаласы                                  63182,0 __________________________________________________________________
Басқа 2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 20-дан 34 жасқа дейiнгi әйелдердi алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1379 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 20-дан 34 жасқа дейiнгi әйелдердi алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу __________________________________________________________________              Атауы                  |    Сомасы, мың теңге __________________________________________________________________ Барлығы:                                  847844,0 Ақмола облысы                              37223,0 Ақтөбе облысы                              38519,0 Алматы облысы                              85888,0 Атырау облысы                              25489,0 Шығыс Қазақстан облысы                     79744,0 Жамбыл облысы                              56407,0 Батыс Қазақстан облысы                     32075,0 Қарағанды облысы                           74711,0 Қостанай облысы                            48314,0 Қызылорда облысы                           33982,0 Маңғыстау облысы                           19909,0 Павлодар облысы                            42054,0 Солтүстiк Қазақстан облысы                 33974,0 Оңтүстiк Қазақстан облысы                 119248,0 Астана қаласы                              40554,0 Алматы қаласы                              79753,0 __________________________________________________________________
Басқа 3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүкті әйелдердi құрамында темiр мен йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1379 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүкті әйелдердi құрамында темiр мен йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу __________________________________________________________________              Атауы                  |    Сомасы, мың теңге __________________________________________________________________ Барлығы:                                  736794,0 Ақмола облысы                              26309,0 Ақтөбе облысы                              36101,0 Алматы облысы                              70906,0 Атырау облысы                              27422,0 Шығыс Қазақстан облысы                     52938,0 Жамбыл облысы                              49025,0 Батыс Қазақстан облысы                     27385,0 Қарағанды облысы                           51175,0 Қостанай облысы                            30875,0 Қызылорда облысы                           34611,0 Маңғыстау облысы                           23953,0 Павлодар облысы                            28688,0 Солтүстiк Қазақстан облысы                 20973,0 Оңтүстiк Қазақстан облысы                 179159,0 Астана қаласы                              16797,0 Алматы қаласы                              60477,0 __________________________________________________________________
Басқа 4. Жергiлiктi деңгейдегі денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы трансферттердің сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1379 қаулысымен бекiтiлген Жергiлiктi деңгейдегі денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы трансферттердің сомасын бөлу __________________________________________________________________     Атауы       |  Сома, |             соның iшiнде                 |  мың   |________________________________________                 | теңге  |Фельдшер- |Балалар   |Ауылдық   |Аудандық,                 |        |лiк, фель-|мен босан-|(отбасы-  |қалалық                 |        |дшерлiк-  |дыру ұйым-|лық) амбу-|  және                 |        |акушерлiк |дарын ме- |латориялар|облыстық                 |        |пункттер- |дициналық |мен жедел |аурухана-                 |        |дi, әйел- |жабдықпен |және      |ларды ме-                 |        |дер консу-|және меди-|шұғыл ме- |дициналық                 |        |льтацияла-|циналық   |дициналық |жабдықпен                 |        |рын (каби-|мақсаттағы|көмек көр-|және ме-                 |        |неттерiн) |ұйымдармен|сету қыз- |дициналық                 |        |медицина- |жарақтан- |метін са- |мақсат-                 |        |лық жаб-  |дыру      |нитарлық  |тағы ұй-                 |        |дықпен жә-|          |автокөлік-|ымдармен                 |        |не медици-|          |пен қамта-|жарақтан-                 |        |налық мақ-|          |масыз ету |дыру                 |        |саттағы   |          |          |                 |        |ұйымдармен|          |          |                 |        |жарақтан- |          |          |                 |        |дыру      |          |          | __________________________________________________________________ Барлығы          5231000   2991596     491901     505700    1241803 Ақмола облысы     440269    291923      20583      20800     106963 Ақтөбе облысы     266931    123598      20583      32500      90250 Алматы облысы     555555    358087      20583      74100     102785 Атырау облысы     138539     80346      7421       15600      35172 Шығыс Қазақстан облысы            470064    251106      63430      61100      94428 Жамбыл облысы     318560    160006      28004      40300      90250 Батыс Қазақстан облысы            323989    176461      14843      29900     102785 Қарағанды облысы  190362     53061      29685      29900      77716 Қостанай облысы   437090    256885      22264      46800     111141 Қызылорда облысы  151285     64626      22264       7800      56595 Маңғыстау облысы  129044     30380      28004       1300      69360 Павлодар облысы   348996    188220      35426      35100      90250 Солтүстiк Қазақ- стан облысы       477601    330090      20583      32500      94428 Оңтүстiк Қазақ- стан облысы       684254    452293      72533      65000      94428 Астана қаласы      79423     18370      35427      13000      12626 Алматы қаласы     219038    156144      50268          0      12626 __________________________________________________________________
Басқа 5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегі шығыстардың орнын толтыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1379 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегі шығыстардың орнын толтыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу __________________________________________________________________              Атауы                  |    Сомасы, мың теңге __________________________________________________________________ Барлығы:                                 95631,0 Ақмола облысы                             2145,0 Ақтөбе облысы                             5792,0 Алматы облысы                             4819,0 Атырау облысы                             4390,0 Шығыс Қазақстан облысы                    8449,0 Жамбыл облысы                             9406,0 Батыс Қазақстан облысы                    6766,0 Қарағанды облысы                          7409,0 Қостанай облысы                           7261,0 Қызылорда облысы                          4654,0 Маңғыстау облысы                          4373,0 Павлодар облысы                           3878,0 Солтүстiк Қазақстан облысы                2805,0 Оңтүстiк Қазақстан облысы                17724,0 Астана қаласы                             4159,0 Алматы қаласы                             1601,0 __________________________________________________________________
Басқа 6. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1379 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу __________________________________________________________________              Атауы                  |    Сомасы, мың теңге __________________________________________________________________ Барлығы:                                  149771,0 Ақмола облысы                               9216,0 Ақтөбе облысы                               9216,0 Алматы облысы                               9216,0 Атырау облысы                               9120,0 Шығыс Қазақстан облысы                      9216,0 Жамбыл облысы                               9216,0 Батыс Қазақстан облысы                      9216,0 Қарағанды облысы                            9216,0 Қостанай облысы                             9216,0 Қызылорда облысы                            9216,0 Маңғыстау облысы                            9120,0 Павлодар облысы                             9216,0 Солтүстiк Қазақстан облысы                  9216,0 Оңтүстiк Қазақстан облысы                  10290,0 Астана қаласы                              10649,0 Алматы қаласы                               9216,0 __________________________________________________________________