Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қорғалжын ауданында орындалуын қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қорғалжын ауданында орындалуын қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес Қорғалжын ауданында білім беру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық білім беру бөлімі (Ахатова Б.Э.):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халқына дәстүрлі жолдауы негізінде 2006-2010 жылдарға дейінгі білім беру жүйесінің Қорғалжын ауданы бойынша стратегиялық даму жоспарының жүзеге асырылуы қамтамасыз етілсін.
Тармақша 2
2) Білім беру ұйымдары сапалы білімге қол жеткізуді камтамасыз етсін, білім беруді басқаруда одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйеде жұмыс істеуінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдірсін.
Тармақша 3
3) Білім беру ұйымдары Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді басым дамытуға, білім беру ұсынымдарына сәйкес 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу арқылы кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта қарап, бәсекеге қабілетті сапасын арттырсын.
Тармақша 4
4) Білім беру процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіп, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдірсін. Білім беру саласындағы инновациялық қызмет жандандырылсын.
Тармақша 5
5) Біріңғай білім беру жүйесін дамытудың мониторингі және оны болжау жүйесі, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін пайдалансын. Осы мақсатта педагог қызметкерлерге мемлекеттік қолдау күшейтіліп, олардың еңбегін ынталандыру тетіктері жетілдірілсін.
Тармақша 6
6) Білім беру жүйесінің жұмысын талдап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру кешенді тестілеу нәтижелері бақылауға алынсын. Білім беру сапасын бағалау «Білім» бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар негізінде жүзеге асырылсын.
Тармақша 7
7) Жыл сайын ауыл мектептерін қазіргі заманға лайық компьютерлендіруді, барлық деңгейдегі білім беру оқытушыларын даярлап және қайта даярлаудан өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақша 8
8) Мектепге дейінгі және орта білім беру жүйесі 12 жылдық орта білім беруге кезең-кезеңмен өту жүзеге асырылсын.
Тармақша 9
9) Жасөспірімдер арасында қылмыс жасаудың алдын алу мақсатымен тәрбие жұмысын нығайтуды, балалардың сабақтан тыс және демалыс уақытын ұйымдастырып өткізуді қадағаласын.
Тармақша 10
10) Аудандық экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімі (Ахметов С.А.) және аудандық қаржы бөлімімен (Рыспаева Б.Қ.) бірлесе 2006-2010 жылдар аралығында білім беру саласын қаржыландырудың жаңа тетіктерін пайдалану қарастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.