Қолданыстағы ред. 24.12.2007

"Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы" 2005 жылғы 21-сәуірдегі № 1380 қаулыға өзгерістер енгізу туралы от 24.12.2007 г. № 100 ("Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы" 2005 жылғы 21-сәуірдегі № 1380 қаулыға өзгерістер енгізу туралы)

0

«Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы» 2005 жылғы 21-сәуірдегі № 1380 қаулыға өзгерістер енгізу туралы
Жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» кодексінің 53-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5, 7, 9-баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы Зайсан аудан әкімдігінің 2005 жылғы 21-сәуірдегі № 1380 қаулысына нормативтік құқықтық акті 5-11-1 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 23-мамырда «Достық» газетінің № 21 санында жарияланды) мынадай өзгертулер енгізілсін:

1

1) аталған қаулының 1-қосымшасындағы 11, 14-тармақтардың,2-қосымшасындағы 10-тармақтың мәтінінде «Еңбек туралы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулының 1, 2 қосымшалардағы «контракт» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «1,2 ең төменгі жалақы» деген сөздер тиісінше «1,5 ең төмеңгі жалақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының 2-қосымшасындағы 12-тармақтың мәтініңде «0,5- тен 1,0-ге дейін» деген сөздер тиісінше «0,8-ден 1,0-ге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының 3-қосымшасындағы:
12 тармақтың 1) тармақшасындағы мәтінінде «айына үш айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздер тиісінше «айына алты айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12 тармақтың 2) тармақшасындағы мәтінінде «екі айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздер тиісінше «алты айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12 тармақтың 3) тармақшасындағы мәтінінде «үш айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер тиісінше «алты айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.